Суббота , 14 марта 2026

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

Қызы­лор­да­да V Ұлт­тық құры­л­тай аясын­да «Әле­умет­тік-мәде­ни даму» сек­ци­я­сы­ның оты­ры­сы өтті. Оты­рыс жұмысы­на ҚР Пре­мьер-Мини­стрінің орын­ба­са­ры – Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва төраға­лық етті. Талқы­ла­у­ға Пар­ла­мент депу­тат­та­ры, шығар­ма­шы­лық зия­лы қауым өкіл­дері және қоғам қай­рат­кер­лері қатысты.

Жиын­ды ашқан Аида Бала­е­ва Ұлт­тық құры­л­тай­дың қоғам үшін маңы­зы зор, тұрақты әрі жүй­елі диа­лог алаңы­на айналға­нын атап өтіп, онда ел дамуы­ның ұза­қ­мерзім­ді бағыт-бағ­да­ры айқын­да­лып, өзек­ті әле­умет­тік мәсе­ле­лер кеңі­нен талқы­ла­на­ты­нын жеткізді.

«Ұлт­тық құры­л­тай аясын­да айты­лған бар­лық ұсы­ныс пен пікір Мем­ле­кет бас­шы­сы мен мем­ле­кет­тік орган­дар­дың ерекше бақы­ла­у­ын­да. Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі құры­л­тай мүше­лері ұсы­нған баста­ма­лар­ды іске асы­ру жос­па­ры­ның орын­да­луы­на тұрақты түр­де мони­то­ринг жүр­гізіп келеді. Алды­ңғы төрт оты­ры­ста аса маңы­зды мәсе­ле­лер көтеріліп, ауқым­ды жұмыс атқа­рыл­ды. Атап айтқан­да, заң­на­ма­ны жетіл­ді­ру мақ­са­тын­да 26 заң қабыл­дан­ды. Соны­мен қатар 10 заң жоба­сы­на, сон­дай-ақ Пре­зи­дент жар­лы­қта­ры мен кешен­ді даму жос­пар­ла­ры­на өзгерістер енгі­зу бой­ын­ша жұмыстар жүр­гізілу­де», – деді Пре­мьер-Мини­стр­дің орынбасары.

Сек­ция оты­ры­сы­на қаты­су­шы­лар өз ұсы­ны­ста­ры мен баста­ма­ла­рын ортаға сал­ды. Талқы­ла­удың негіз­гі өзе­гін мәде­ни­ет­ті дамы­ту, кре­а­тив­ті инду­стри­я­лар­ды дамы­ту, әле­умет­тік сала­ны жақ­сар­ту және отба­сы құн­ды­лы­қта­рын нығай­ту мәсе­ле­лері құрады.

Сон­дай-ақ бала­лар кон­тен­тін дамы­ту және ани­ма­ция инду­стри­я­сын өркен­де­ту тақы­ры­бы көтеріл­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты Аида Бала­е­ва мульт­фильм өндірісіне арнайы тоқта­лып, бұл бағыт­тың маңы­зды­лы­ғын ерекше атап өтті.

«Пре­зи­дент Жол­да­уын­да беріл­ген тап­сыр­маға сәй­кес, мини­стр­лік жаны­нан Кре­а­тив­ті инду­стри­я­лар­ды қол­дау қоры құрыл­ды. Қазір­гі уақыт­та оның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сы қалып­та­сты­ры­лу­да, әрі Қор құры­лы­мын­да ани­ма­ци­яға арналған жеке бағыт қарас­ты­ры­ла­ды. Менің ойым­ша, мұн­да сан­нан бұрын сапаға мән беру маңы­зды. Кон­тент­тің бала пси­хо­ло­ги­я­сы­на ықпа­лын, жас ерекшелік­терін және тәр­би­елік әсерін мін­дет­ті түр­де еске­ру қажет. Қор­дың толы­ққан­ды жұмысы басталған­нан кей­ін ани­ма­ция инду­стри­я­сы тың сер­пін алып, қарқын­ды дами түседі деп сене­мін», – деп атап өтті Мәде­ни­ет және ақпа­рат министрі.

Басқа да мәсе­ле­лер­ді талқы­лау бары­сын­да қаты­су­шы­лар мен сарап­шы­лар ұлт­тық дәстүр­ді сақтау және «кітап оқи­тын ұлт» қалып­та­сты­ру – қаза­қстан­дық қоғам­ды жаңғыр­ту­дың маңы­зды құрам­дас бөлі­гі екенін баса айт­ты. Осы­ған орай Аида Бала­е­ва ауда­руға және басып шыға­руға ұсы­ны­ла­тын кітап­тар тіз­бесін айқын­дай­тын арнайы комис­сия құру­ды ұсын­ды. Соны­мен бір­ге зама­на­уи жас автор­лар­дың шығар­ма­ла­рын ел кіта­п­ха­на­ла­ры­ның қоры­на жүй­елі түр­де енгі­зу қажет­ті­гіне назар аударды.

Бүгін Қызы­лор­да­да «Білім және ғылым», «Аза­мат­тық қоғам» және «Эко­но­ми­ка­лық даму» бағыт­та­ры бой­ын­ша тағы үш сек­ци­яда талқы­ла­у­лар өтіп жатыр. Екі күн бойы мем­ле­кет­тік сая­сат­тың өзек­ті мәсе­ле­лері талқы­ла­на­тын болады.

Ертең, 20 қаңтар­да, Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның қаты­суы­мен V Ұлт­тық құры­л­тай­дың пле­нар­лық оты­ры­сы өте­ді. Іс-шараға Қаза­қстан­ның бар­лық өңірі­нен деле­гат ретін­де кел­ген Ұлт­тық құры­л­тай­дың 110 мүше­сі қатысады.

ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн