Суббота , 5 июля 2025

ҰЛТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҮЛГІСІ академик Өмірбек Жолдасбеков еді

Тура елу жыл бұры­нғы оқиға есі­ме түсіп отыр. Осы ФБ-те менің Кәкен Хам­за, Мыр­зан Кен­же­бай секіл­ді бір кур­ста оқы­ған доста­рым отыр. Жалған айтқызбас. 

Онда да қыс айы. Стек­ло­ва деген про­фес­сор, еврей әйелі сабақ бер­ді. Бір­де сол про­фес­сор «Сен­дер, қаза­қтар…» деп, стол­ды соққа­ны. Кур­ста елу бала оқи­мыз. Ол кез­де Қаза­қстан­дағы жалғыз уни­вер­си­тет­тің жур­на­ли­сти­ка және заң факуль­тет­теріне екі жыл­дық еңбек өтілі­мен қабыл­дай­ды. Бірер жігіт Вьет­нам­да оқ-дәрінің иісін алып кел­ген. Бір сөз­бен айт­сам, аздап өмір тәжіри­бе­міз бар. Бүкіл курс орны­мы­здан тік тұрып, ауди­то­ри­ядан шығып кет­тік. Стек­ло­ва­ның екін­ші сабағы­нан да, ол ауди­то­ри­яға кір­ген­де, түгел­дей кетіп қалдық.

Бұл ол тұста көз көріп, құлақ есті­ме­ген сұм­дық! Стек­ло­ва бізді жаман­дап, дека­ны­мыз Тау­ман Аман­до­со­вқа барып­ты. Тау­ман аға кур­сты жина­ды. Дауыс шығар­май, бай­ып­пен, жағ­дай­ды сұра­ды. Тау­кеңнің түсі аса суық еді. Осы жолы іші сон­дай жылы екенін ұқтық. Оқиға бары­сын алмай-қос­пай айтып бердік.

– Расы­мен осы­лай ма? – деген дека­ны­мыз кіжініп қал­ды, қаза­қ­шы­лы­ғы бетіне теп­ті. – Оңбаған! Мен рек­торға баян­дай­мын. Сен­дер Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков жол­даспен кез­дескен­ше, ол қатын­ның сабағы­на бармаңдар!

Бұл енді ерлік еді. Ком­пар­тия дүріл­деп тұрған­да, қаза­қтың сөзін сөй­леу Тау­ман аға­мы­здың қыз­метіне зала­лын тигі­зуі мүм­кін. Аға­мыз ұрма­ды да. Екі-үш күн­де кез­де­су­ге рек­тор­дың өзі – Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков кел­ді. Болған жайт­ты жан-жақты сұра­ды. Аңғар­дық – ыза­дан жары­лай­ын деп отыр. Орны­нан тұрып:

– Мен өз ұлтым­ды қор­ла­тып, көрін­ген­ді үргізіп қой­май­мын! Сөзім осы. Сен­дер өте дұрыс істе­ген­сің­дер. Ұлт­ты мазақ еткіз­бе­ген­деріңе мың рах­мет! – деді де, қошта­сып шығып кетті. 

Совет үкі­метінің тұсын­да СССР-дің ғылы­мы, мәде­ни­еті, өнері, әде­би­еті еврей­лер­дің қолын­да бола­тын. Стек­ло­ва­ны жаза­лау – сол еврей­лер­ге тас ату, Өмір­бек аға­ның өз басы­на қауіп­ті екенін ол кез­де қай­дан білей­ік? Қазір ғой түсін­гені­міз. Сон­да да Стек­ло­ва­ны айдап шықты. Орны­на Сага­ло­вич деген келін­шек кел­ді. Келе жылы ұшы­ра­ды. Басын­да біз­ден сес­кеніп, осын­дай мінез таны­та ма деп ойлай­тын­быз. Келе-келе, жоқ, өте жақ­сы адам екеніне көз жетті.

Өмір­бек аға­мы­здың осы ерлі­гі, СССР тұсын­да еврей про­фес­сор­ды қаза­қтың, қазақ бала­ла­ры­ның алды­на жығып беруі – бол­май­тын оқиға еді. Өме­кең жаса­ды соны. Батыр екен марқұм!

Ал бүгін ше? Мая­тас, Моло­вод­ное, Шең­гел­ді оқиға­ла­ры кезін­де, кеше­гі Қарағанды­да қазақ қанға бөк­кен­де, бүгін­гі билік­тен Өмір­бек аға­ның айтқа­нын қай­та­лаған бір адам шықты ма? Жоқ. Бар күш қолы­мы­зда тұрған­да біре­уі ошаң етпе­ді. Қараған­ды­ның депу­тат­та­ры аузын буған қап­тай болып отыр. Сон­да…
Біз кім­ге арқа сүй­еп жүрміз?


Өме­кеңнің ерлі­гі көп еді. Соның бірі ойға орал­ды. 1970 жылы Қаз­МУ-де «Қызғал­дақ» атты ұлт-аспап­тар оркест­рі құрыл­ды. Рек­то­рат тара­пы­нан Сар­мур­зи­на апай бас­шы­лық жаса­ды. Оркестр­ге өз сту­ден­ті­міз, кере­мет дом­бы­ра­шы Тіле­умұрат Қожа­бе­ков жетек­шілік етті. Әншілер және көр­кем­дік жағы­на сол тұстағы жас ком­по­зи­тор, әнші Ескен­дір Хасанға­ли­ев жау­ап­ты бол­ды. Өме­кең оркестр­ге қаты­са­тын сту­дент­тер­ге бар­лық жағ­дай­ды жаса­ды. Өзі бәрі­мізді қабыл­дап, мерей­і­мізді тасы­тып отыр­ды. Мен оркестр­дің дың­дай әншісі­мін. Бірер облы­сқа кон­церт қой­ып қайттық. 

Өстіп жүріп, Алма­ты­дағы Абай атын­дағы Опе­ра және балет теат­рын­да есеп­ті кон­церт беретін бол­дық. Жат­пай-тұр­май дай­ын­да­лу­да­мыз. Кон­церт күні жақын­даған­да, соңғы дай­ын­ды­ққа Өме­кеңді алды­ға салып, Сар­мур­зи­на апа­мыз, орыс-қаза­ғы ара­лас оншақты адам кел­ді. Өме­кең бола­шақ кон­церт­тің бас-аяғын бар ынта­сы­мен тың­да­ды, сөз алып, аса риза­шы­лы­ғын біл­дір­ді. Сонан соң келіп оты­рған­дар­дың ақыл қосуын сұра­ды. Қазір аты-жөні есім­де жоқ, ақ шашты орыс аза­ма­ты: «Дұрыс екен. Бірақ бөліп-жар­май, орыс оркест­рін де құру керек еді. Бір кем­шілік осы сияқты» деген мағы­на­да пікір біл­дір­ді. Оған екі-үш орыс-қазақ қосылды.

«Орыс» деген сөз, оры­стың мүд­десі шық­са, ығы­на жығы­ла кететін кез еді ғой. Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков өйт­пе­ді, Тіле­умұрат­тың дом­бы­рас­ын сұрап алып, өз дауы­сы­на құлақ күй­ін кел­тіріп алды да, «Балқа­ди­ша» әнін бәсең­деу дауы­спен айтып шықты. Бәрі­міз кеу-кеулеп, қоше­мет­теп жатыр­мыз. Өме­кең осы­дан соң оры­старға қарап:

– Осы оты­рған оры­стар­дың ара­сын­да бала­лай­ка тар­та­тын­да­рың бар ма? – деп, ұрып жыққан сұрақ қойды.

Жаңағы орыс-қаза­ғы:

– Жоқ, жоқ! – деп сасқа­лақтап қалды.

– Енде­ше бос сөзді қозға­маң­дар! – деп, өктем сөй­ле­ген Өме­кең шорт кесті.

Ол кез­де жасты­қ­пен баға­сын біл­меп­піз: уақы­ты­нан озып туған Ұлы Адам екен ғой Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков ұстазымыз.

Камал ӘБДІРАХМАН

Республиканский еженедельник онлайн