Четверг , 4 сентября 2025

ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ

Димаш… Қазақ үшін осы есім ерекше ыстық. Бала кезім­де әкем­нің «Диме­кең, Димаш Ахметұ­лы» деп айтып оты­рға­ны­на талай куә болғам… Бүгін­де Дін­мұ­ха­мед Қона­ев, Қаза­қтың Дима­шы тарих төрі­нен, елінің жүре­гі­нен орын алған ұлы перзенті.

Кезін­де қаза­қтың тағы бір бала­сы Мұста­фа Өзтүрік­пен Димаш аға­мы­здың үйін­де болып, қолы­нан дәм тату мен үшін зор мәр­те­бе болға­ны рас. ХХ ғасыр­да қазақ үлкен Дима­шы­мен мақтан­са, ХХІ ғасыр­да кіші Дима­шы­мен шат­та­на­тын бол­ды. Жал­пы, кез кел­ген мем­ле­кет өзінің өні­мі­мен, өмірімен,табиғатымен, табиғи бай­лы­ғы­мен, оқу-білі­мі­мен, ғылы­мы­м­ен, қаруы­мен, қары­мы­м­ен мақта­на­ды. Ол заң­ды­лық. Сон­ды­қтан да әр аме­ри­кан­дық, бол­ма­са фран­цуз­дар өз Ота­ны­ның ұл-қызы болға­ны­на дән риза.

Әрине, біз де сол көш­тен қалғы­мыз жоқ. Онсыз да май­да- шүй­де­ге мақтанғыш біз­дер кеуде соғып қуанғы­мыз келеді. Алай­да «қысқа жіп күр­ме­у­ге кел­мей­ді». Мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­сы, ел-жұрт­тың еңсесі әлі көтеріл­мей жүр­ген осын­дай өтпе­лі кезең­де біз­ге Құдай Дима­шты берді.

Димаш – қазір бренд. Қанат пен Све­та­ның бала­сы бүгін­де халқы­ның сүй­ік­ті Ұлы бол­ды. «Ұлы» деген сөздің бұрын ескер­ме­ген, еле­ме­ген өңірін өзі­ме енді ашып отыр­мын. «Ұлы» сөзі – бала­сы, ер бала­сы, ұрпағы, жалға­сы, ертең­гі шаңы­рақ иесі, ұрпақ жалға­сы деген ұғым­ды біл­дір­се, екін­ші пай­ым­да­уда ҰЛЫ – қай­та­лан­бас дарын­ды, талан­ты, өзге­лер­ден көш ілгері, елінің қамқор­шы­сы, жоқта­у­шы­сы, жана­шы­ры, мақта­ны­шы деген­ге сая­ды. Көбін­де бір үйдің, бір шаңы­рақтың, бір ата-ана­ның ұлы болу бар да, елінің, ұлты­ның Ұлы болу кез кел­ген­нің маң­дай­ы­на жазбаған.

Міне, біздің Димаш – сол елінің сүй­ік­ті Ұлы бол­ды. Бүгін­де үш жүз жыл отар­шыл­дық пен отыз жылғы опық жеуден соң қазақ елін әлем­ге таны­тып жүр­ген бір­ден-бір тұлға – Димаш. Дима­штың арқа­сын­да төрт­күл дүни­е­де­гі қыз-жігіт қаза­қ­ша ән сал­ды… Қаза­қстан деген мем­ле­кет­ті тани баста­ды. Өз көше­сі­нен басқа­ны біл­мей­тін мил­ли­он­даған жан­күй­ер қауым Аста­на мен Ақтө­бені кар­та­дан іздеп, шарқ ұрды… Димаш кон­церт беретін қала­лар мен шаһар­ларға билет тап­пай, ұшаққа орын бол­ма­ды… Біздің Ұлдың суретін қолы­на ұстаған ару­лар­да есеп жоқ… Дима­шты айт­са, олар­да ес бол­май­ды… Сон­ды­қтан да әлем­де үлкен фан­клуб бар. Ол жай ғана фан­клуб емес, жан­клуб… Әншінің жан­күй­ер­лері… Олар­дың санын ешкім біл­мей­ді. Өйт­кені олар да Дима­штан басқа­сын біл­гісі жоқ…

 Бұл – өнер­дің құдіреті. Дима­штың еңбе­гі. Еңбек екінің бірін­де бар шығар… Әркім өз ісінің шебері болғанға не жет­сін! Дима­шта тек еңбек емес, ол жасты­ғы­на қара­май ақыл­ды. Жал­пы, ақыл Алла­ның ада­мға бер­ген ерекше сыйы болар… Осын­дай­да Асқар Тоқ­па­нов айтқан әңгі­ме еске түседі. Бір­де дей­ді Асекең…

 Үлкен бір оты­ры­ста бұлбұл әнші Роза Бағла­но­ва Бауы­р­жан Момышұлына:

 – Бау­ке, айты­ңыз­шы, ең мықты, ең атақты әнші болу үшін не керек дей­сіз? Дауыс па, сұлулық па, репер­ту­ар ма, бол­ма­са таныс- тамыр ма? – деген­де… Бау­кең дауы­сы гүріл­деп, көзі ала­рып гүр-р‑р еткен күйі: «Слу­шай, алды­мен мынау – деп маң­дай­ын, сосын сол кеудесін, соңын­да ғана тамағын көр­сет­кен екен… Аңыз бол­сын, ақиқат бол­сын, осы естелік­те үлкен пәл­са­па жатыр. Қай жер­де де, қай­да да ада­мға ең кере­гі ақыл. Ал біздің Дима­шқа Алла ақыл бер­ген… Өйт­кені ол – ата­сы­ның баласы.

Дима­штың ата­сы Құдай­бер­ген Айт­ба­ев – Мұғал­жар­дың пер­зен­ті. Маман­ды­ғы инже­нер бол­са да, өнер деген­де ішкен асын жер­ге қоя­тын, оқы­ға­ны да, тоқы­ға­ны да мол, өте қара­пай­ым және зерек кісі болған. Қашан көр­сең, ізеті мен сыпай­ы­лы­ғы­нан айны­маған, кісілі­гіне кішілі­гі жарасқан қара­пай­ым кісі-тын. Назым Хик­мет айт­пақ­шы, «аз да бол­са айбат­ты, қораш та бол­са қай­рат­ты» еді. Құдай­бер­ген ақсақал­дың ең үлкен еңбе­гі – Қанат пен Све­та­ның өнер­де көге­руіне, көк­те­уіне барын да, нарын да бер­ді. Сон­ды­қтан бала Димаш ес біл­гелі дом­бы­ра­ның үні­мен есей­іп, ерте­гі­ге елтіп өсті. «Ерте­гі­ге сен­бе­ген бала­дан роман­тик шық­пай­ды» демек­ші, Дима­штың ән-күй­ге ынта­сы осы ата-әженің тәр­би­есі­нен бастау алады.

Дима­шқа дей­ін біздің әншілер­дің біра­зы, әсіре­се орыс­ша оқы­ған­дар қаза­қ­ша ән айту­дан ұяла­тын, қым­сы­на­тын, қор­ла­на­тын… Орыс­ша ән салып, ағы­л­шын­ша жыр­лаған­да, өнер биі­гіне шықтым дей­тін-ді… Дима­штың бір еңбе­гі осы – «өтірік ком­плекстің тас-талқа­нын шығар­ды. Қазір дүниенің түк­пір-түк­пірін­де қаза­қ­ша ән айтып, дом­бы­ра тар­та­тын­дар жет­кілік­ті. Ол аз десеңіз, аты-жөнін, ныспы­сын Димаш, Құдай­бер­ген деген­дер де бар­шы­лық. Өнер ада­мы­на ана тілін­де ән салу­дан артық бақыт жоқ екенін Димаш осы­лай дәлел­деп берді.

…Самал тау, қай­ран елім, шалқар көлім,

Не болар сол­дат болып, айнам, көр­ген күнім-ай!

Есі­ме қай­та-қай­та түсе бердің,

Кір жуып, кін­дік кес­кен, айнам, қай­ран елім!..

Әннің авто­ры әлі күн­ге бел­гісіз, толық зерт­тел­ме­ген. Әзір­ге халық әні боп жүр­ген шығар­ма Дима­штың орын­да­уын­да біз­бен қай­та қауы­шты… Алы­стан, тым жырақтан естіл­ген қасқыр­дың ұлуы­на жылаған сәбидің дауы­сы қосы­лған­дай… Дүние аппақ… қар басқан төбе­лер, жаяу жал­пы­лап кетіп бара жатқан жігіт­тер­мен қошта­суға жүзі шыда­май үнсіз қалған… мел­ши­ген мола төбе­лер. Аяқ-қолы кісен­сіз болған­мен, «еркек тоқты – құр­бан­дық» деп бей­мәлім ел, бел­гісіз жер­ге ауып бара жатқан қаза­қтың оғлан­да­ры. 1916 жылы Ресей импе­ри­а­ли­стік соғы­сқа ара­ла­сты. Қазақ елі тек азық-түлік қана емес, адам күші­мен де ақ пат­шаға көмек­те­су керек-ті… Онсыз да шұрай­лы жер­дің бәріне «қара шек­пен­ділер» қоны­станға­ны­на әзер шыдаған халық мына жар­лы­ққа шарт сын­ды. Ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете қал­ды. Бұл ән-зар сол кезең­де туған. Халық тра­ге­ди­я­сы­ның бір көрінісі. Әлі күн­ге толық зерт­тел­ме­ген, қазақ халқы­ның ерлі­гі мен өрлі­гін біздің бола­шақ тарих­шы­ла­ры­мыз бен жазу­шы­ла­ры­мыз жаза­ры хақ.

ХХ ғасыр адам­за­тқа, әсіре­се қаза­ққа оңай болған жоқ… Қан­ша­ма боздақтар жат жер­де шей­іт бол­ды… Қан­ша­ма көз жас сай­ын дала­ны сарғайтты…

Таңғы сәт­те дүниені қара бұлт басқан мезет­те соо­на­а­уу көк­тен үн естіл­ген… Бұл әуен­де әлде зар, әлде ышқы­нған боздақтың көзін­де­гі мұзға айналған жасын ері­тер­дей тыл­сым күш бар.

Есі­ме қай­та-қай­та түсе бердің.

Кір жуып, кін­дік кес­кен, айнам, туған жерім!..

Міне, жас жігіт­тің арма­ны, мұңы, сары ала сағы­ны­шы, сарға­юы. Қара шаңы­раққа, туған жер­ге деген қима­стық. Әлгі дауыс боз аспан­ды тесіп өтіп, бір­те-бір­те маңай­ды, жо-жоқ, мынау аппақ дүниені ағар­та бер­ген… Әлде алы­стан еміс-еміс естіл­ген, сосын маңай­ы­на нұрын шашқан қаси­ет­ті құран­ның мақа­мын­дай ма?!. Неме­се бота­сын жоғал­тқан боз інген­нің бозда­уы ма?! Жо-жоқ, бұл ер аза­мат­тың аһ ұрға­ны… Өзі айда­уда, қолы бай­ла­уда, басы­нан бағы тай­ған батыр­дың бастырылуы…

 «Қара­та­удың басы­нан көш келеді» зары­нан кей­ін­гі аза­на­ма… Халы­қтың көз жасы… Біздің әнші әлем­ге бел­гісіз елінің мұңын, халқы­ның зарын осы­лай тірілт­кен. Бұны көз жасы көл болған ана­лар мен ару­лар­дың, кем­сең­де­ген ақ сақал­ды қария мен шырыл­даған сәби­лер­дің… айдалған, тозған, тоз-тоз боп тары­дай шашы­лған Ала­штың рек­ви­е­мі дер­сің… Моцарт­тың, Бет­хо­вен­нің емес… Қаза­қтың қаза­на­ма­сы… рек­ви­е­мі… Бұл евро­па­лық сим­фо­ни­я­лық оркестр емес, Дима­штың дауысы… 

Ия, бір Димаш – бір оркестр… Біздің ұлан өткен өкіні­шті осы­лай әнмен өрнектеген.

…Баяғы­да Рига­дағы Дом­ский собо­рын­да тың­даған кон­церт есі­ме түседі. Орган үні сон­да мені басқа бір дүни­е­ге жете­леп алып кет­кен-ді… Бір сәт органға скрип­ка­лар жамы­рай қосы­лып, боздай жөнел­ген­де, жады­ма туған ауы­лым кел­ген… Неге екені бел­гісіз, сол кон­церт­тен жылап шықтым. Көз жасым­ды таны­май­тын жан­дарға көр­се­ту­ден ұялып, қонақ үйге жаяу тар­тқам. Қазір де Дима­штың әні, әуезі сол кезді еріксіз еске түсір­ген… Жаса, Димаш! Аман жүр, алтын бала! Сен кеше­гі ата­ла­рың – Димаш пен Бауы­р­жан­ның, Ахмет пен Нұрғи­са­ның көзісің… Сен – Сырым мен Махам­бет­тің жалға­сы, Мұқаға­ли мен Қадыр­дың мұңысың…

 …Тарих­шы­лар үнсіз қалған, әде­би­ет «әдеп­ті тақы­рып­ты» ғана жазған кез­де, дұры­сы қан жылаған қасірет­ті жаз­баған кез­де… халы­қтың жадын­дағы аһ ұрған жалын­ды осы­лай елің­мен табыст­ы­рған өзің – Димаш!!!

Қанат пен Све­та­ның бала­сы жай­лы жазу қиын екен… Өйт­кені ол дарын­ды бала… Құдай бер­ген Ұл… «Дима­штың құпи­я­сы неде?» – деген сұрақ әлі музы­ка тарихын­да талай зерт­те­леді. Оның дауы­сын­да, үнін­де ешкім­де бол­маған диа­по­зон жай­лы талай­лар дис­сер­та­ция қорғай­тын бола­ды. Мұн­дай фено­мен­нің қаза­қтан шыққа­ны­на қимай қызға­на­тын­дар да, қызы­ға­тын­дар да бола­ды. Оған гәп жоқ. Дей тұрған­мен, менің ұққа­ным – Дима­штың әні адам жаны­на нұр құя­ты­ны… Өзіңнің пен­де емес, адам екеніңе, сенің де жаның, лүпіл­де­ген жүре­гің, сан түр­лі ойға жете­лей­тін миың, жүй­кең, селт етер сезі­мің барын, сенің де жер басқан жігіт екен­ді­гіңді, бол­ма­са «Кез кел­ген­нің уысы­на түс­пей­тін, кез кел­ген­нің бақ­ша­сын­да піс­пей­тін сұлу да сылқым екеніңді еске сала­ды. Солай, солай… Жақ­сы ән – жан­ның раха­ты. Димаш өлең айтқан­да, сені осы­лай жете­леп кете­ді… Иә, солай, оның салған әні Алла­ның нұрын­дай… Жаны­ң­ды тер­бей­ді. Құд­ды ана­ның құшағы­на бөлен­ген сәбидің күл­ген сәтін­дей… мамы­ра­жай, мәң­гілік бей­ма­рал күй­ге беленесің…

 Өткен ғасыр қып-қызыл соғы­стар мен қан төгу­лер­ден және іздерін тарих­та алтын әріп­пен шеге­ле­ген тұлға­лар­дан тұра­ды. Давид Бен Гури­он, Уин­стон Чер­чилль, Махат­ма Ган­ди, Нель­сон Ман­де­ла, Кемал Ата Түрік, Аль­берт Эйн­штейн, Чар­ли Чап­лин, Феде­ри­ко Фел­ли­ни, Инг­мар Берг­ман, Саль­ва­дор Дали, Паб­ло Пикассо, Габ­ри­ель Мар­кес, Ульям Фолк­нер, Анту­ан де Сент Экзю­пе­ри, Эрнест Хемин­гу­эй, Фрэнк Сина­тра, Элвис Прес­ли, Май­кл Джек­сон, Мұх­тар Әуе­зов, Шыңғыс Айт­ма­тов, Расул Гам­за­тов, Олжас Сүлей­ме­нов, Дм. Шоста­ко­вич, Пеле, Мара­до­на, Криш­ти­ну Рональ­до, Лио­нель Мес­си, т.т… және ән өнерін­де­гі трио, Энри­ко Кару­зо­ның ізба­сар­ла­ры – Луча­но Пава­рот­ти, Пла­си­до Домин­го, Хосе Кар­ре­рас. Өнер-білім­нен сау­а­ты бар кез кел­ген жан әлем­нің осы тұлға­ла­рын біледі. Үш аңы­здың дауы­сы тарих­та мәң­гі­ге жазылды…

Жер бетін­де үлкен­ді-кішілі мем­ле­кет­тер бар­шы­лық. Шірі­ген бай­лар мен мил­ли­о­нер­лер де жет­кілік­ті… Алай­да тарих­ты жасай­тын­дар ғалым­дар мен дарын­дар, Тұлға­лар!!! Қолы таққа жет­кен­дер емес, баққа жет­кен­дер… Сол бақыт­ты трио үштік­тің біре­уі бүгін­де жоқ. Ол – Луча­но Пава­рот­ти. Қай­тыс болған…

 Ал Пла­си­до Домин­го Мад­рид­тен шыққан мұзтау әнші, аңыз адам. Лос Андже­ле­сте­гі Опе­ра теат­рын ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұстаған ұста… Ал Хосе Кар­ре­сас Мон­сер­рат Каба­лье­мен ән шырқаған дарын­ның өзі… Бұл да аңыз адам…

«Ат тұяғын тай басар» деген­дей, екі Ұлы­ның қасы­на, міне, біздің Ұлан келіп қосыл­ды. Үше­уі бір­ге ән сал­ды. ТРИО қай­та тіріл­ді.. Оған осын­дай тыныс бер­ген, дем бер­ген – біздің Димаш. Өмір бойы бір­ге жүр­ген дос-жаран­дай, аға­лы-інілі­дей әлем алдын­да біздің бала аңы­здар­мен осы­лай қатар тұр­ды… Жасы­ра­ты­ны жоқ, ол тұлға­лар өмір деген, өнер деген база­рдан қай­тқан баба­лар да, біздің Димаш – сол додаға енді кір­ген Ер Ұлан… Мұн­дай­да үлкен не дей­ді? Ақы­лы аздар ақыл айтар еді. Ал ақыл­ды үнде­мес… Олар сөйт­ті… «Көз­бен көр де, ішпен біл» деген. Ұлан оны ұқты…

Ұрпақ – өмір жалға­сы, мәң­гілік фило­со­фи­я­сы. Абай айтқан­дай, алды­ңғы толқын аға­лар, кей­ін­гі толқын інілер. Димаш өзіне тән, өзіне тең аға­ла­рын осы­лай тап­са, ол еке­уі дөң­ге­лен­ген дүни­е­де Дима­шты кез­де­стір­ді… Маған бір сәт екі тұлға қаси­ет­ті өнер­ді Дима­шқа ама­нат ету­ге жолы­ққан­дай көрі­неді. Тіп­ті олар­дың біздің Ұлға қызы­ға да, қызға­на қараға­ны­на куә бол­дық. Шүкір дедік. Әлде іштей күбір­леп, үнде­мей қал­дық па, есте жоқ. «Өңім бе еді, түсім бе еді» деп Қасым ақын айтқан­дай, ол бір ғажап сәт­тер еді біз үшін…

«… Өмір өтіп бара­ды, ол да құрсын,

Сәт­тер өтіп бара­ды, осы қиын», –

деп айтқан Қадыр көкем­нің қимаған сәтін, қинаған сәтін – уақыт деген ұлы ұғым­ды Димаш біз­ге осы­лай сыйлады…

Жады­ма осы­дан бір­не­ше жыл бұрын Дима­штың Алма­ты­дағы онко­ло­ги­я­лық ауру­ха­наға барға­ны түсті. Өмір мен өлім қыл үстін­де тұрған­да, науқас сәби­ге әншінің барға­ны – Үлкен Ерлік… Кісілік… Кішілік… Махаб­бат… Адам­ды сүю… Құр­мет­теу… Қадірлеу…

Қазір ол бала­пан бар ма, жоқ па біл­мей­мін… Білетінім, Димаш ол бала­ның жаны­на нұр құй­ды… Бақыт­ты етті… Шат­тан­дыр­ды. Шад- шады­ман етті. Ада­мға кере­гі – ең қиын кезең­де ең сый­лы жан­ның қасы­ң­нан табы­луы… Бақыт деген осы болар. Ал басқа­сы Алла­ның қолында…

Баяғы­да бір ән болған. «Мақтан­са бүгін мақтан­сын қазақ, Төбесі көк­ке тимей тұр аз-ақ».

Иә, солай! Бүгін біздің мақта­на­тын шағы­мыз. Өйт­кені біздің төбе­міз шыны­мен көк­ке тиген­дей… Оны тигіз­ген Димаш! Қаза­қты әлем­ге сүй­гіз­ген Димаш Ұл! Аман бол, Димаш, Құдай бер­ген! Сенің алды­ң­да ұзақ өмір тұр. Білетінім, сен қай жер­де жүр­сең де, жүре­гің қазақ деп соға­ды. Тарих­та есесі кет­кен еліңді сен сонау шың басы­на, өнер­дің асқа­ры­на көтеріп жүр­сің. Әлі де әлем­ге қаза­қтың дом­бы­рас­ын, әнін, сәнін, мәнін, мәй­е­гін, әдеті мен әде­би­етін паш етеріңе мен сенем! Өйт­кені сен еліңнің көп­тен күт­кен, сағы­нып тосқан Ұла­ны­сың, Ұлы­сың! Димаш атаң арман­даған Димашсың!

…Самал тау, қай­ран елім, арт­та қалды,

Адасқан өрісі­нен, айнам, біз бір үйір-ай!

Тағы да жеті көк аспан­нан бір әуен естіледі… Таныс әуез, таныс үн, құд­ды анам­ның өлеңін­дей, сағы­нып салған әнін­дей, апам­ның дауысындай…

Көк жүзін­де қыран құс қана­тын жай­ып ұшып бара­ды. Тыны­сы кең, кеудесін кере дем ала­ды… Мақ­са­ты нақ, меже­сі айқын. Төмен­де көз­ге түсер төбе­лер, тау­лар, жылға­лар, жыра­лар… Орман­дар, ой-шұқыр­лар. Қыран бүр­кіт маңай­ы­на көз тастап, алға самғай­ды… асы­ғар емес… Өйт­кені алда оны тосқан Ұлы істер тұр. Не дей­сіз ғой? Ол –құпия… Өмір­дің құпи­я­сы… Қыран­ның құпиясы…

Талғат ТЕМЕНЕВ,

кино­ре­жис­сер,

Қаза­қстан­ның халық артисі

Республиканский еженедельник онлайн