Четверг , 5 марта 2026

ҰЛЫ АҚЫННАН ҮЛГІ АЛУҒА ҰМТЫЛЫС

Биыл қазақ поэ­зи­я­сын көк­ке көтер­ген ақиық ақын Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың туға­ны­на 95 жыл. Бұл той­ды бүкіл елі­міз, әсіре­се Алма­ты облы­сы әртүр­лі шара­лар ұйым­да­сты­рып, жан-жақты той­лап жатыр. Сон­дай мере­келік шара­ның бірі Талғар қала­сын­дағы М.Бейсебаев атын­дағы Агро­биз­нес және менедж­мент кол­ле­джін­де өтті.

«Жыр­мен өріл­ген ғұмыр» атты әде­би көр­кем кеш­ке аудан орта­лы­ғын­дағы бес кол­ле­дж­дің сту­дент­тері қаты­сып, ақын­ның өлең­дерін оқу, сахна­лық қой­ы­лым көр­се­ту және ақын сөзіне шыға­ры­лған әндер­ді орын­дау бой­ын­ша сай­ы­сқа түсті. Ондағы мақ­сат – ақын­ның өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғын кеңі­нен таны­ту, сту­дент жастар­дың әде­би көр­кем­дік және музы­ка­лық қабілет­терін дамы­ту, қазақ әде­би дәстүрін жалға­сты­ру, жастар­дың поэ­зи­яға деген қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­ты­ру бол­са, мін­деті – өлеңді мәнер­леп оқу мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру, шығар­ма­шы­лық ойлау мен сахна­лық шебер­лік­ті дамы­ту, сту­дент­тер­дің өнер­ге, әде­би­ет­ке деген сүй­іспен­шілі­гін арттыру.

 Әде­би кешті осы өнер сай­ы­сы­ның баста­ма­шы­сы әрі негіз­гі ұйым­да­сты­ру­шы­сы – Талғар жоға­ры меди­ци­на­лық кол­ле­джінің дирек­то­ры, білік­ті дәрі­гер, аудан­дық мәс­ли­хат­тың депу­та­ты Бағ­жан Құдаб­а­ев ашып, қаты­су­шы­лар­ды, қонақтар мен көре­рмен­дер­ді құттықтады.

– Биыл ақиық ақын Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың туға­ны­на 95 жыл толып отыр, оны бәріңіз білесіз­дер. Бар­шаңы­зды ақын той­ы­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын! Жастарға өнер сай­ы­сын­да сәт­тілік тілеймін!

Жыр­сүй­ер қауым Мұқаға­ли аға­мы­зға басқа ақын­дар­да жоқ – Ақиық, Мұзта­удың мұз­ба­лағы деген ат бер­ген. Қан­ша­ма ұрпақ ол кісінің поэ­зи­я­сын оқып, жыр­ла­рын жат­тап, оның өшпес өлең­деріне жазы­лған қай­та­лан­бас әндер­ден сусын­дап келеді. Қазақ поэ­зи­я­сын­да айры­қ­ша орны бар ақын­ның мерей­тойы тұсын­да үш оқу орны – Талғар поли­тех­ни­ка­лық кол­ле­джі, Талғар агро­биз­нес кол­ле­джі және Талғар жоға­ры меди­ци­на­лық кол­ле­джі бірі­гіп, біздің сту­дент жаста­ры­мыз ақын мұра­сын қан­ша­лы­қты оқып жүр, қан­ша­лы­қты жақ­сы біледі деген оймен осы сай­ы­сты ұйым­да­сты­рып отыр­мыз. Осы­ны көріп, тама­ша­лап, жастар­дың өнеріне дұрыс баға­сын бер­сін, олар­дың дай­ын­дық дең­гей­ін біл­сін деп, қоға­мға бел­гілі бел­сен­ді аза­мат­тар­дан қазы­лар алқа­сын сай­ла­дық. Олар­дың ара­сын­да арқа­лы ақын­ды тірі­дей көр­ген, ете­гі­нен ұстап, жанын­да жүр­ген, «Мұқаға­ли» жур­на­лын ашып, 18 жыл бойы оның бас редак­то­ры болған Мәжит Батық аға­мыз да бар. Енді сол кісіні ортаға шақы­рып, бір ауыз лебізін тың­дай­ық, – деді.

– Бүгін­гі сай­ы­сты мере­ке деп айтуға бола­ды. Сіз­дер Мұқаға­ли­мен сыр­лас болып отыр­сыздар. Мұқаға­лидің үні – сіздің үніңіз. Ол өзінің күн­делі­гін­де: «Сен де ақын­сың» дей­ді. Осы оты­рған адам­ның бәрі ақын. Тір­шілік­те ада­мға тамақ керек, киім керек десек, мұның бәрі мате­ри­ал­дық құн­ды­лық. Бірақ тек тамақ ішіп, киім киіп қана жүр­се, рух қай­да? Сен қазақ болып тудың ба, қазақ болып өлуің керек, адам болып тудың ба, адам болып өлуің керек. Осы екі орта­да сені жігер­лен­діретін – рух! Сол рух­ты қай­дан іздей­сің? Соны жасап, сенің алды­ңа тоса­тын, сенің айтал­май жүр­ген ішкі сезі­міңді айна­дан көр­ген­дей көр­сетіп беретін адам­дар бола­ды, олар – ақын­дар. Ақын болған­да – өлең жазған­ның бәрі ақын емес, Мұқаға­ли секіл­ді ұлы ақын­дар. ХХ ғасыр­да Мұқаға­ли­дың айна­ла­сын­да көп­те­ген ақын­дар бол­ды. Лау­ре­ат та бол­ды, Ленин орденін алған­дар да бол­ды, орыс­ша жазған­дар да бол­ды. ХХІ ғасыр­дың қызыл сызы­ғы сызы­лған кез­де солар­дың бәрі өтпей қал­ды. Сол сызы­қтан бері қарай өткен – Мұқаға­ли. Енді ХХІІ ғасыр­дың шека­ра­сы­нан кім өтеді?

Сон­дай адам­дар орта­мы­зда отыр, Мұқаға­ли­та­ну­шы деген адам­дар сіз­дер­дің араңы­здан шыға­ды деп үміт­те­не­мін. Қазір­гі Мұқаға­ли­ды зерт­теп жүр­гені­міз тек хре­сто­ма­ти­я­лық дең­гей­де­гі мақа­ла­лар, естелік­тер тіз­бе­гі ғана. Мұқаға­ли қазы­на­сы­ның жұм­бақта­рын, оның қаси­ет­терін әлі толық ашқан жоқ­пыз, оған шама­мыз жет­пей жатыр. Мұқаға­ли­дың мол мұра­сы әлі толық зерт­тел­мей жатыр, соны зерт­тей­тін – сіз­дер. Өйт­кені Мұқаға­ли өз заман­даста­ры­нан бір­не­ше ғасыр асып кет­кен. Абай да сондай!

Мыса­лы, адам­ның бәрі толға­на­ды, күй­і­неді, мұңа­я­ды. Сол ішкі сезім­нің суретін ақ қағазға түсір­гісі келеді, бірақ түсі­ре алмай­ды. Адам­дар­дың бәрі бір­дей толға­на­ды, бәрі бір­дей сағы­на­ды, сонан кей­ін жаңағы толқы­ны­стың бей­несін сөз­бен айтып жет­кі­зе алмай жүр­ген кез­де қолы­на бір өлең түседі. Қара­са, тура өзінің ішін­де­гі ойы, сөзі. «Ой, айна­лай­ын ақын» дей­ді сол кез­де. Өйт­кені ана өлең бір­ден адам­ның көкей­іне қонып, өзінің сөзін­дей жат­та­ла­ды. «Сен менің айта алмай, талай жыл­дан бері жет­кі­зе алмай жүр­ген тір­кестерім­ді сол қал­пын­да жет­кізіп бер­ген ерсің ғой!» – деп, рах­метін айтып, мұны жазған кім екен деп қара­са – Мұқаға­ли Мақа­та­ев деп тұрады.

Абай, Мұқаға­ли – халы­ққа осы­лай қыз­мет еткен. Олар абы­рой, атақ үшін жүгір­ген жоқ, халқы­на қыз­мет етті. Мұқаға­ли көзінің тірісін­де мақтау қағаз алмаған адам, бірақ шыңға шығып кет­ті. Өйт­кені оның өлең­дері – сіз­дер­дің сөз­деріңіз. Тек Мұқаға­ли Мақа­та­ев дегені бол­ма­са, ол – сіздің үніңіз, халы­қтың үні! Сон­ды­қтан оның өлең­дері тез жат­та­ла­ды. Абай атамыз:

«Өлең сөздің пат­ша­сы, сөз сарасы,

Қиын­нан қиы­сты­рар ер дана­сы» – деп, өлеңді жазу тео­ри­я­сын айтып берді.

Ал Абай­дан үлгі алған, білім алған Мұқағали:

«Мен-дағы өлең жаз­бай­мын ермек үшін,

«Жаз­дым үлгі жастарға бер­мек үшін»,

Абай жаққан бір сәу­ле сөн­беу үшін» – деп, Абай сияқты серт берді.

Сіз­дер де қол­да­ры­ңы­зға қалам алған кез­де оны – осы екі рух­ты өшір­меу үшін ұста­у­ла­ры­ңыз керек. Абай­дың рухы, Мұқаға­ли­дың рухы сөн­бе­се, қазақ мәң­гі жасай береді. Өйт­кені екі ақын да мил­ли­он­даған қаза­қтың рухын қағазға түсіріп, сіз­дер­ге ұсы­нып отыр. Мына кеш­теріңіз жақ­сы, Мұқаға­лиға ұмты­лу деген жақ­сы. Мұқаға­ли­дың әрбір өлеңінің аста­рын­да, тереңін­де қан­ша­ма сыр­лар жатыр. Басқа­сын былай қой­ған­да, Халық, Тіл, Отан тура­лы «Үш бақы­тым» деген өлеңі бар, оны бар­лық бала, бар­лық мұғалім біледі. Осы өлеңді совет үкі­меті кезін­де Мұқаға­ли неге жаз­ды? Оны ешкім біл­мей­ді. Осы үше­уінің бірі бол­ма­са, сен бақыт­сыз­сың дейді.

Бұл өлең – тәу­ел­сіздік­ке шақы­ра­тын гимн! Солай деп түсі­ну керек! Осы үше­уін түген­деу үшін күре­су керек! Күре­су деген көше­ге шығып айқай­лау емес, өзіңнің орны­ң­да, өзіңнің үйің­де оты­рып күре­су керек! Өзіңнің дастар­ха­ны­ң­да оты­рып, сен ата-бабаң­ның тілін­де сөй­ле­уің керек. Осы тұрғы­дан Мұқаға­ли сіз­дер­мен сыр­ла­сып, күш беріп оты­рған ақын. Сіз­дер­дің ішкі сезім­деріңіздің, арман-ниет­теріңіздің бір ұшы Мұқаға­ли­мен жалға­сып жатқан себебі сол. Бүгін­гі кештің, жары­стың мәні де осын­да деп ойлаймын.

Сон­ды­қтан осы­ны ұйым­да­сты­рған ұста­здарға, оған көңіл бөл­ген жастарға, қолға алып жала­у­латқан бар­лық аза­мат­тарға басым­ды иіп, рақ­метім­ді айтқым келеді. Жол­да­рың бол­сын, бола­шақта­рың жарқын бол­сын! Тәу­ел­сіздік­тің Көк Туы дастар­ха­ны­ң­да, шаңы­рағы­ң­да, мем­ле­кетің­де желбірей бер­сін деген батам­ды қабыл алы­ңы­здар! – деді өмір бойы ұлы ақын­ды наси­хат­та­у­мен келе жатқан Мәжит ағамыз.

Әрі қарай арнайы дай­ын­далған ере­же негізін­де сту­дент­тер үш тур аясын­да өнер­лерін ортаға сал­ды. Бірін­ші тур­да әр кол­ле­дж­ден 5–10 сту­дент Мұқаға­ли өлең­дерін мәнер­леп оқы­ды. Мұны қазы­лар алқа­сы оқу шебер­лі­гі, дауыс ырғағы мен дик­ция, эмо­ци­я­лық әсер және сахна мәде­ни­еті өлшем­дері бой­ын­ша 3–5 ұпай ара­лы­ғын­да баға­лап отырды.

Екін­ші тур­да ақын шығар­шы­лы­ғы­нан сахна­лық көріністер көр­сетіл­ді. Оған шығар­шы­лық идея, көр­кем­дік дең­гей, сахна мәде­ни­еті және актер­лік шебер­лік­ке қарай баға берілді.

Үшін­ші тур­да әр кол­ле­дж­дің өкіл­дері жан­ды дауы­ста жеке неме­се топ болып, Мұқаға­ли өлеңіне жазы­лған екі әннен орын­да­ды. Ол вокал­дық шебер­лік, эмо­ци­я­лық жет­кі­зу, сахна мәде­ни­еті және орын­дау сапа­сы­на қарай бағаланды.

Сту­дент­тер ара­сын­дағы өнер сай­ы­сын тама­ша­ла­у­ға кел­ген жұрт пен қазы­лар алқа­сы олар­дың өлең оқу, сахна­лық көрініс жасау, ән шырқау дең­гей­ін өз көз­дері­мен көріп, өз құлақта­ры­мен тың­дап, ұмы­тыл­мас әсер алды. Жастар­дың өлең­ге, өнер­ге құмар­лы­ғы мен құштар­лы­ғы­на, дай­ын­дық дең­гей­леріне тән­ті бол­ды. Осы­лай­ша қай­та­лан­бас ақын­ның жыр­мен өріл­ген бүкіл ғұмы­рын бар­лы­ғы бірер сәт­те көз алды­нан өткізді. Әсіре­се Талғар жоға­ры меди­ци­на және агро­биз­нес кол­ле­джінің өкіл­дері оқы­ған өлең, сахна­лық көрініс пен әуезді ән көп­шілік­тің көңілі­нен шықты. Агро­биз­нес сту­дент­тері ақын­ның ауру­ха­на­да жатқан сәтін сәт­ті сахна­ла­са, жоға­ры меди­ци­на кол­ле­джінің сту­дент­тері «Дариға жүрек» шығар­ма­сы­на негіз­дел­ген көріністі кәсі­би дең­гей­де атқа­рып шықты.

Сай­ыс қоры­тындысы бой­ын­ша Талғар жоға­ры меди­ци­на кол­ле­джінің коман­да­сы ең жоға­ры ұпай жинап, 1‑орынды жеңіп алса, Агро­биз­нес кол­ле­джінің коман­да­сы – 2‑орын, Поли­тех­ни­ка­лық кол­ледж сту­дент­тері – 3‑орынды ием­ден­ді. Жинаған ұпай саны­на қарай Қона­ев кол­ле­джінің коман­да­сы – төр­тін­ші, «Досмед» жеке меди­ци­на кол­ле­джінің коман­да­сы – бесін­ші орын­нан көрінді.

Әрине, «Алу­ан-алу­ан жүй­рік бар, әліне қарай шаба­ды» демек­ші, әр коман­да әліне, дай­ын­дық дең­гей­іне қарай өнер көр­сет­ті. Біре­улері өлең оқу­да, сахна­лық көріні­сте, ән шырқа­уда бол­сын, жаңыл­май, қысы­лып-қым­ты­рыл­май, өздерін еркін ұстап, жақ­сы өнер көр­сет­се, ара­ла­рын­да өлең мәтінін ұмы­тып қалған неме­се ән ырғағы­на дұрыс түсе алмаған сәт­тер де бол­ды. Бірақ ең басты­сы – «әу демей­тін қаза­қтың бала­сы жоқ» деген­дей, жастар­дың бой­ын­да әнге, өлең­ге, Мұқаға­ли шығар­ма­шы­лы­ғы­на деген қызы­ғу­шы­лық, ақын мұра­сын түсі­ну­ге, одан үлгі алуға деген ұмты­лыс бары байқалды.

Кеш соңын­да «Ора­мал тон бол­май­ды, жол бола­ды» деген қаза­қы сал­ты­мы­зға сай, бар­лық коман­да ақша­лай сый­лық және тиісті диплом­дар­мен мара­пат­тал­ды. Бұл да өске­лең ұрпақты өнер­ге бау­лу­дың, олар­ды осы бағыт­та барын­ша ынта­лан­ды­ру­дың бір теті­гі екені сөз­сіз. Оның үстіне бұл сай­ы­сты тұрақты дәстүр­ге айнал­ды­рып, жыл сай­ын өткі­зу жос­пар­ла­нып оты­рға­нын естіп, тағы қуа­нып қал­дық. Өйт­кені өлең деген өнер, өлең деген өмір. Ал Мұқаға­ли өлең­дері – жоға­ры­да Мәжит аға­мыз айтқан­дай, біздің әрбірі­міздің, бүкіл халқы­мы­здың сөзі, үні! Бәрі­міз­ге өшпес рух, күш-қуат беретін, туған жері­міз бен елі­міз, жалғыз да ортақ Ота­ны­мы­зға деген мәң­гі сүй­іспен­шілік­ке тәр­би­е­лей­тін сыр­лы да тыл­сым күш!

«Мен – ХХ ғасыр ұрпағы­ның құр­да­сы­мын, содан кей­ін­гі буын­ның да туы­сы бола­тын шығар­мын…» деп ақын­ның өзі жазға­нын­дай, ләй­ім, осын­дай маз­мұн­ды да тағ­лым­ды іс-шара­лар жиі ұйым­да­сты­ры­лып, өске­лең ұрпақ, халқы­мыз сол рух пен тыл­сым күш­тен мәң­гі қуат ала бергей!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ 

Республиканский еженедельник онлайн