Пятница , 4 июля 2025

ҰЛЫ ТҰЛҒА ағамыздан АЙЫРЫЛДЫҚ

Көрнек­ті мем­ле­кет қай­рат­кері, халы­қтың нағыз жақта­у­шы­сы, қай­сар оппо­зи­ци­о­нер, ойшыл ғалым, аты аңы­зға айналған қаза­қтың бір­ту­ар ұлы Серік­бол­сын Әбділ­дин өмір­ден озды. Елі­міздің түп­кір-түп­кірі­нен, алыс шетел­дер­ден марқұм­ның арты­нан көңіл­дерін айтып, мың­даған қара­пай­ым адам­дар, бел­гілі тұлға­лар қай­ғы­ға ортақ екен­дерін біл­діріп, сіңір­ген еңбе­гін атап жатыр. 

Бұл кісінің халқы­на істе­ген қыз­меті, мем­ле­кет­ті­гі­мізді қалып­та­сты­ру­дағы сіңір­ген еңбе­гі, әсіре­се Тәу­ел­сізді­гі­міздің заң­на­ма­лық негізін қала­удағы Жоғарғы Кеңе­стің төраға­сы ретін­де көр­сет­кен ерлі­гі Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да алтын әріп­тер­мен жазы­ла­ты­ны­на еш күмән жоқ. Секеңнің дана­лы­ғы­ның арқа­сын­да халы­қтан сай­ланған, бұқа­ра­ның ама­на­тын жалау еткен от ауыз, орақ тіл­ді депу­тат­тар­ды текетірес­ке жібер­мей, дауыл­дарға айналған пікір­та­ла­ста, «тығы­ры­ққа тірел­ген» сәт­тер­де дана­лық сөзін айтып, жол таба біл­геніне өзім де талай куә бол­дым. Ұлы тұлға, талант­ты сая­сат­кер Әбділ­дин­нің төраға­лы­ғы­ның арқа­сын­да қызу тала­стар мен қай­шы­лы­қтар еңсеріліп, Тәу­ел­сіздік жари­я­ла­нып, тұнғыш Кон­сти­ту­ци­я­мыз қабыл­да­нып, мем­ле­кет­тік рәміз­дер бекітілді. 

Серік­бол­сын аға­мыз елі­міздің тарихын­да өшпес із қалдырды. 

Шынайы бала­ма сай­лау арқы­лы Қаза­қстан Пар­ла­мен­тінің төраға­сы болып, жаңа тарихы­мы­зда сай­ланған жалғыз тұлға – Серік­бол­сын Әбділ­дин. Осы­лай сай­ланға­ны­ның арқа­сын­да ол жер-жер­ден демо­кра­ти­я­лық жол­мен 1990 жылы сай­ланған 360 депу­тат­ты басқа­ра біл­ді. Әрқай­сысы­ның пікірі­мен сана­сып, прин­ципті қарым-қаты­нас құрып, көп­шілік­тің көңілін таба біл­ді де, жетек­шілік етті. «Екі қошқар­дың басы бір қаза­нға сый­май­ды» деген­ді еске алып, Тұңғыш Төраға үлкен сая­си талант­тың иесі екенін мой­ын­да­уы­мыз керек. 

Секең есі­ме түсіп, 1994 жылы сай­ланған Жоғарғы Кеңе­стің 13-шақы­ры­лы­мы­ның бас­шы­ла­ры­ның дәр­мен­сізді­гіне шыдай алмай, көмек­шілерінің жазып бер­ген­дерін ғана оқып оты­рған «көсем­дер­ді» орын­да­ры­нан кету­лерін талап еттім. Себебі Әбділ­дин­нің бел­сен­ділі­гі мен үшін үлкен үлгі, демо­кра­ти­я­лық стан­дар­тқа айналды. 

Төраға­ның арқа­сын­да депу­тат­тық қыз­меті­міздің керекті­гін, ел алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гі­мізді анық сезі­нетін бол­дық. Пар­ла­мент­тің беделі таудай болға­ны да жетек­ші­міздің арқа­сы деп санай­мын. Жал­пы оты­ры­старға, кей­де коми­тет оты­ры­ста­ры­на пре­зи­дент­тің өзін күр­делі мәсе­ле­лер бой­ын­ша шақы­рып ала­тын­быз. Назар­ба­ев алды­мы­зға келіп, нақты сұрақта­ры­мы­зға жау­ап беретін. Қызып кет­кен кей­бір әріп­те­стері­міз Назар­ба­ев­тың өзін сынап, /лауазымдық қызметке/ ұсы­нған адам­да­рын өткіз­бей қой­ған кезі­міз де болған. Бұны да қатар­дағы жағ­дай деп бар­лы­ғы­мыз қабылдайтынбыз. 

Секеңнің тағы бір қаси­еті – адам­гер­шілі­гі, қара­пай­ым­ды­лы­ғы. Ол кісі ешқа­шан шалқай­ма­ды, шірен­беді. Төраға болып жүріп, өзін қатар­дағы депу­тат­тар­мен тең ұста­ды. Шыдам­ды­лы­ғы таңқа­лар­лық. Кей­де «дереу сөз бере қой­ма­ды­ңыз» деп, қат­ты сынға ала­тын­быз. Артық айтып қой­ған жер­лері­міз де бол­ды. Өзім де тіл тигіз­генім бар. Ол кісі бол­са, бір­де-бір рет рені­шін көр­сетіп, кек сақтаған емес. Бұл Ұлы тұлғаға тән қасиет.

Әбділ­дин тағы бір стан­дарт көр­сетіп кет­ті. Жоға­ры­да жүр­ген «көсем­дер» жиі-жиі үлкен сая­сат­тың кір, лас екен­ді­гін, өздерінің амал­сыздан сол орта­да жүр­ген­ді­гін тіл­ге тиек ететін­ді­гі бар. Көп­те­ген бас­шы­ла­ры­мы­здың арты­нан ерген сыбай­лас жемқор­лы­ққа бай­ла­ны­сты жан­жал­дар­дың куәсі­міз. Ал Секеңнің арты­нан бір жаман сөз ермеді. Өзі бет-жүзіне қара­май, бас­шы­лар­ды қат­ты сынға алып жүр­ді. Шетел­ге қашып барып емес, бет­теріне басып тұрып бар шын­ды­ғын айта­тын. Бұл таза­лы­қтан, адал­ды­қтан туған ерлік бар­шаға үлгі боларлық.

Әлі Секең тура­лы айтар сөзі­міз алда…

Серік АБДРАХМАНОВ,

Аста­на қаласы,

3 қаңтар 2020 жыл

Парасаттың КІРШІКСІЗ өнегесі еді

Қия­натқа қар­сы қасқай­ып тұрып, қара­улы­қтың қабы­рға­сын қақы­ра­тып жүр­ген, ақиқат­тың айбы­ны, демо­кра­ти­я­ның кемең­гер көш­бас­шы көсе­мі – Серік­бол­сын Аға да өтті бұл дүни­е­ден. Халқы­ның қамқо­ры, адал жол­дан тай­маған асыл пер­зен­ті болып, тура сөй­леп, тік жүріп өту екінің бірінің басы­на бұй­ы­ра бер­мей­тін бақыт қой! Бұн­дай биік абы­рой­ға ар-намысын «бес күн­дік» пен­дәуи тір­лік­тің бай­лық-ман­сап, атақ-даңқ дей­тұғын май­да-шүй­де кәкүр-шүкіріне айыр­ба­ста­мас асыл тек­ті дара­бо­здар ғана жет­кен! Сер-ағам сон­дай жаны таза, пара­сат­ты тұлға­ның кір­шіксіз үлгісі еді.

Арты­на өрісі кең, өне­гелі дара жолын, кемең­гер өси­ет­терін мәң­гілік­ке мұра еткен Серік­бол­сын­дай асыл аға­мы­здың ғұмы­ры да тар жол, тай­ғақ кешу заман­да өтті. Қазақ халқы ұлт болып қалу-қал­мау, бұй­ыр­тқан Тәу­ел­сіздік­тің тұғы­ры­нан тай­мауы жолын­да жасаған өлше­усіз ерен еңбе­гі мен күрес­кер­лі­гіне тарих куә. Қазақ аман тұрған­да, елі үшін, жері үшін, халқы үшін ұлты­мы­здың бола­шағы­на көзі жұмы­лған­ша қыз­мет етіп, жаны шырқы­рап өткені ұрпақтар­дың есі­нен ешқа­шан өшпек емес! Бақи­лық ғұмыр­дағы тау­сыл­мас сапа­ры­ңы­зда има­ны­ңыз бен жиған алғыс-абы­рой­ы­ңыз сері­гіңіз бол­сын, Серік­бол­сын Аға! Халқы­ның сүй­е­нер ұлы, ақиқат пен адал­ды­қтың, әділет пен шын­ды­қтың ғана құлы болған ғазиз жүре­гіңіз бен бой­ы­ңы­зға туа біт­кен білім-білік, пара­сат­ты ақыл-ойы­ңы­зды, елі­міздің Тәу­ел­сізді­гін аман сақтап, нығай­туға, ата-баба­дан қалған мұра мен бай­лы­қты жат жұрт­тық пен іштен шыққан жетесіз-жемқор, той­ым­сыздар тала­у­ы­на тосқа­уыл қой­ып, бар­ша әлем­де­гі әділет­ті елдер мен тере­зесі тең қаза­қтың ұлт­тық мем­ле­кетін құру жолын­да күресі­мен өттің өмір­ден! Адам­гер­шілік ар-ожда­нын серік еткен, биік пара­сат иесі екен­ді­гін көзі тірісін­де-ақ таны­тып, демо­кра­ти­я­шыл оппо­зи­ци­я­ның еркін ойлы, бостан­дық сүй­гіш аза­мат­тарға ақыл­ман-аға, кемең­гер-көсем бол­ды­ңыз! Рухы­ңыз пей­і­штің төрін­де шалқысын!

Қош болы­ңыз, Асыл Аға!

Сай­лау ЛЕПЕСОВ, желтоқсаншыл,

02.01.2020 жыл

Көңіл айту

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы Қазақ халқы­ның асыл пер­зен­ті, бір­ту­ар тұлға, қаза­қстан­дық билік­тің ымы­рас­ыз сын­шы­сы, атақты оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, газет­тің жанашыры

Сер-аға­мыз ӘБДІЛДИННІҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры мен Қаза­қстан­ның бар­ша халқы­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

Қаза­қстан­ның Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сын құру жөнін­де­гі баста­ма­шыл­дар жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай және пар­тия құру ынта­лы тобы­ның мүше­лері аса көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, елге ерекше таны­мал сая­сат­кер, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

Серік­бол­сын Әбділ­даұ­лы ӘБДІЛДИННІҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на және аза­мат­тық қоға­мға қай­ғы­рып көңіл айтады.

Құры­лу үстін­де­гі «Рес­пуб­ли­ка» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның (Аста­на) бел­сен­ділері елде­гі тәу­ел­сіз пар­ла­мен­та­риз­мнің негізін қала­у­шы, аса көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, ақиқат­тың алмас қылышы

Серік­бол­сын Әбділ­даұ­лы ӘБДІЛДИННІҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на және аза­мат­тық қоға­мға қай­ғы­рып көңіл айтады.

Республиканский еженедельник онлайн