Вторник , 1 июля 2025

Әбділдә атындағы журналистік СЫЙЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы Әбділ­дә Мұқа­шев атын­дағы сый­лы­қты бекіт­ті, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ. 15 сәуір­де кере­мет жан, жур­на­лист, адал және сенім­ді дос, ержүрек және өз елінің пат­ри­о­ты Әбділ­дә Рах­мет­жанұ­лы Мұқа­шев 59 жасқа толар еді. 

1991 жылы ол «Ақ Жай­ық» газетін ашты, атал­мыш басы­лым тәу­ел­сіздік жыл­да­ры өңір­лік басы­лы­мға айна­лып, сөз бостан­ды­ғы мен қаза­қстан­ды­қтар­дың құқы­ғын қорға­ды, елі­міздің аза­мат­тық қоға­мы­ның дамуы­на зор үлесін қосты. «Ақ Жай­ық» басы­лы­мы­на көп­те­ген өзге БАҚ сіл­те­ме жасай­ды және таны­мал­ды­лы­ғы жағы­нан бірқа­тар рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым­дар­ды басып озды. Газет өзінің бас­па-типо­гра­фи­я­лық кешенін­де басы­лып шыға­ды. Бұл, әлбет­те, Әбділ­дә Мұқа­шев­тің еңбе­гі. Оның өмір­ден озуы – отан­дық жур­на­ли­сти­ка үшін орны тол­мас қайғы. 

Ә. Мұқа­шев рес­пуб­ли­ка­дағы Жур­на­ли­стер одағы басқар­ма­сы­ның мүше­сі, «Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің Аты­рау фили­а­лы­ның ұйым­да­сты­ру­шы­сы болып табы­ла­ды, «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі» атағы­ның иегері. 

Әбділ­дә Рах­мет­жанұ­лы Мұқа­шев­тің отан­дық БАҚ-тың дамуын­дағы баға жет­пес еңбе­гіне көр­сетіл­ген құр­мет ретін­де Қаза­қстан­ның Жур­на­ли­стер одағы оның есі­мі­мен жыл сай­ы­нғы сый­лы­қты бекіт­ті, ол сый­лық елі­міздің үздік жур­на­ли­стеріне – қоғам­дық маңы­зды, сая­си және аза­мат­тық-құқы­қтық тақы­рып­тағы мақа­ла, видео­ма­те­ри­ал­дар автор­ла­ры­на табыст­а­ла­тын бола­ды. Сый­лық Ақпа­рат және бай­ла­ныс қыз­мет­кер­лері күніне орай жыл сай­ы­нғы бай­қау қоры­тындысы бой­ын­ша беріледі.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн