Суббота , 11 октября 2025

ӘДІЛЕТТІ САЙЛАУЫМЫЗ ОСЫ МА?

Бүгін­гі пре­зи­дент сай­ла­у­ы­ның ең басты ерекшелі­гі, интри­га­сы – оған оппо­зи­ция өкілінің қатысуы. 

Бұл интри­га бірін­ші кезек­те Ақор­даға қажет еді. Ақор­да әр сай­лау өткен сай­ын оның бала­ма­сыз өтуіне бай­ла­ны­сты «сай­лау әділет­сіз өтті, демо­кра­ти­яға сай емес» деген сын мен айып­тар­ды есту­ден шар­ша­ды, алдын ала жеңім­па­зы бел­гілі сай­ла­у­лар­дың ХХІ ғасыр­да болуы авто­кра­ти­я­лық билік­тің бел­гісі екенін түсін­ген­ді­гі еді. Осы кез­ге дей­ін­гі Қаза­қстан ком­пар­ти­я­сы­ның бірін­ші хат­шы­сы Назар­ба­ев өткізіп кел­ген сай­ла­у­ларға халық 30 жыл­дан бері кешірім­мен қарап кел­се, БҰҰ-ның қыз­мет­кері болған Тоқа­ев­тың бала­ма­сыз сай­ла­у­мен өтуіне халы­қтың көн­бей­тінін Ақор­да түсінді. 

Осы­ны түсін­ген ақор­да­лық кре­а­тив­ті сце­на­ри­стер «Сайлау-2019»-ға Әмір­жан Қоса­но­вты қосу жөнін­де шешім қабыл­даға­ны көрініп отыр. Осын­дай шешім қабыл­даған Ақор­да Әмір­жан Қоса­но­втың бел­гілі бір шек­тен, шека­ра­дан шығып кет­пей­тін ымы­ра­шыл­дық қаси­етін, келісіл­ген ойын ере­же­лерін бұз­бай­тын адам екен­ді­гін, билік­пен келісім жүр­гізу­ге икем­ділі­гін ескер­ді. Ә. Қоса­нов билік ойла­сты­рған осы өлшем­дер­ге сай­ма-сай келетін адам. 20 жыл­дан бері оппо­зи­ция қата­рын­да жүруі оның сая­си кредо­сы саналады. 

Сөз жоқ, Ақор­да мұн­дай батыл қада­мға ешқа­шан бар­маған болар еді, егер қоғам­ның нара­зы­лық бағыт ұстанған бөлі­гі Назар­ба­ев­тың әмең­гері Тоқа­евқа деген қар­сы­лық іс-қимыл­дар жасау жолын­да біра­уы­зды бол­са. Бұл жер­де Ақор­да Қоса­нов пен Әбі­ля­зо­втың ара­сын­дағы ала­у­ы­зды­қты өте сау­ат­ты пай­да­ла­нып отыр, оппо­зи­ция лагерін­де­гі қырғи қабақ қара­ма-қар­сы­лы­қты өз пай­да­сы­на қол­да­на оты­рып, олар­ды, яғни оппо­зи­ци­я­ның Әбі­ля­зов бастаған ради­кал­ды бөлі­гі мен ымы­ра­шыл, билік­пен келісім­ге баруға икем­ді Қоса­но­втың тобын бір-біріне айдап салып отыр. Міне­ки, бүгін­гі сай­ла­удың ең басты интри­га­сы, ерекшелі­гі осы. Міне, осы екі топ қоғам­ды қақ жарған соң, екі топ­тың бір-біріне қар­сы күре­сетіні бел­гілі болған соң, мәсе­ле билік үшін толық шешіл­ді – Тоқа­евқа пре­зи­дент болуға жол ашық! 

Жеңім­паз айқын, оған күмән­да­рың бол­ма­сын, Тоқа­евқа құт­ты­қта­у­лар­ды қабыл­дай бер­се бола­ды. Сол үшін Тоқа­ев­тан оппо­зи­ция өкіл­деріне «мың да бір алғыс»! Осы сай­ла­уда билік­тің тас-талқа­нын шыға­руға дай­ын оты­рған аза­мат­тық қоғам­ның өкіл­деріне оппо­зи­ция «тап­тыр­мас көмек» көрсетті.

Қоғам өкіл­дерінің сана­сын­да соңғы кез­дері болып жатқан сапа­лы өзгерістер, халы­қтың билік­ке «атарға оғы» бол­май оты­рған­ды­ғы, сөз жоқ, көрініп отыр. Қоғам­дық сана бел­сен­ділік­тің жаңа саты­сы­на көтеріл­ді, егер оппо­зи­ция ақыл­ды болған­да, осы үдерісті пай­да­ла­нуы­на бола­тын еді. Әттең, әттең! Билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры кере­мет пар­ти­я­ны жос­пар­лап, жүзе­ге асы­рып кет­ті, халық тара­пы­нан болуы мүм­кін қауіп бұл­тын сей­іл­тіп, бәрін өз пай­да­сы­на шешті. 

Деген­мен, сай­ла­удың интри­га­сы сақта­лып отыр, бірақ ол интри­га билік­тің жеңісіне әсер етпей­ді. Бүгін­гі интри­га сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­у­шы­лар мен оппо­зи­ци­я­ның өкілі Қоса­но­втың жақта­у­шы­ла­ры ара­сын­да сақта­лу­да. Екі жақ та бір-бірі­мен көк езу болып, дау мен жан­жал, бірін-бірі айып­тау, балағат­та­уға бел­ше­лері­нен батып жатыр. Бұл текетірес­ке екі жақтан қан­ша­дан адам қаты­сып жатқа­нын ешкім біл­мей­ді, дау­ла­су­шы­лар­дың саны екі жақтан бірер жүз­ден аспа­уы да мүм­кін. Ал халы­қтың басым көп­шілі­гі ежел­ден бей­та­рап­тар, олар «аққа да жақ емес, қызыл­дарға да жақ емес», аңы­рап не істерін біл­мей отыр. Дауыс бере­міз бе, жоқ па? Дауыс бер­сек, кім­ге дауыс бере­міз? Бой­кот жари­я­ла­сақ, қалай жари­я­лай­мыз? Бой­кот­шы­лар да, дауыс беру­ге шақы­ру­шы­лар да екі­ге бөлін­ген, енді біре­улер үйден шық­пай оты­ры­ң­дар дей­ді. Тағы біре­улер учас­ке­ге бары­ң­дар, бірақ дауыс бер­мең­дер дей­ді. Үшін­шілері митин­гі­ге шығай­ық десе, төр­тін­шілері бой­кот жари­я­лай­мыз, бірақ сай­ла­удың қалай өткенін бақы­лай­мыз дейді. 

Дауыс бере­міз деушілер­дің ара­сын­да да осын­дай жағ­дай. Біре­улері Қоса­но­вты қол­дай­ды, екін­шілері бөл­ле­тень­дер­ді бүл­діріп, бар­лы­ғы­на қар­сы дауыс берей­ік дей­ді. Үшін­шілері – Тоқа­ев­тан басқа­ны қол­да­сақ бол­ды дей­ді. Бір сөз­бен айтқан­да – аққу көк­ке, шор­тан көл­ге деген жағ­дай. Мұн­дай жағ­дай­да салиқа­лы нара­зы­лық тууы мүм­кін емес. Бой­кот­шы­лар да, дауыс беру­шілер де түк тын­дыр­май­ды. Себебі олар бірінің ісін екін­шісі жоқ ету­де. Билік өзі­мен күре­сетін­дер­ді бір-бірі­мен қыры­лы­сты­рып қой­ды. Билік­ке көмек­те­су­шілер­дің бірі – Қоса­нов болып отыр, себебі ол Назар­ба­ев-Тоқа­ев режи­міне қар­сы нағыз көш­бас­шы бола алма­ды, соңы­на нара­зы топ­ты ерте алма­ды. Режим­ге көмек­те­су­ші екін­ші адам – Әбілязов. 

Ол сай­лау науқа­нын­да үгіт-наси­хат мүм­кін­дік­терін аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділі­гін арт­ты­руға толық пай­да­ла­на алма­ды. Ол өзінің бұры­нғы дәстүр­лі так­ти­ка­лық әдісі – халы­қты көше­ге шыға­руға үгіт­те­уден басқа ештеңе тап­па­ды. Қоса­но­втың да, Әбі­ля­зо­втың да ұстанған так­ти­ка­ла­ры бүгін­гі таң­да қаза­қстан­ды­қтар тара­пы­нан кең қол­дау таппайды.

Қай­та­лап айта­мын, осын­дай биша­ра­лық жағ­дай­дың орна­уы­на оппо­зи­ция көш­бас­шы­ла­ры кінәлі, олар өздерінің ара­сын­дағы жеке тұлға­лық бірін-бірі жек көру­шілік пен­де­шілік­тер­ден, жеке амби­ци­я­ла­ры­нан асып кете алма­ды. Соның нәти­же­сін­де елі­міз­де­гі нара­зы­лық жұрт­шы­лық бір­не­ше бөлік­ке бөлін­ген, бір-бір­лері­мен қырқы­сып, ала­у­ы­зды­қтан шыға алмай отыр. Өзім­нің жеке пікірім бой­ын­ша әу бастан осы­лай бола­ры анық еді, себебі біз­де­гі оппо­зи­ция әртүр­лі. Бір жағы­нан ҚДТ-ның ради­ка­лиз­мі, олар билік­пен қан­дай да бір ымы­раға келу­ге қар­сы. Екін­ші жағы­нан – «Жаңа Қаза­қстан» коман­да­сы, олар­дың оппо­зи­ци­я­сы билік­пен ымы­раға бару­ды қолдайды. 

Тағы бір бағыт бар, олар ЖСДП мүше­лері, олар да ҚДТ-ның ради­ка­лиз­мін қол­да­май­ды, бірақ олар­дың билік­пен ымы­ра­шыл­ды­ғы көрін­бе­ген­дер. Олар жақын­да Киев­те оппо­зи­ци­я­ның жиы­нын өткізді. Бірақ олар­дың сан­да­ры шек­те­улі, қоғам­да кең қол­дау таппағандар. 

Осы кісілер­ден басқа елі­міз­де басқа да толып жатқан билік­ке нара­зы адам­дар жет­кілік­ті. Олар да өздерін оппо­зи­ци­я­мын деп сана­у­шы­лар­ды қол­да­май­ды, тіп­ті олар­ды біл­мей­ді де. Бұл адам­дар сая­си про­це­стен тыс қалған­дар. Олар өздерінің нара­зы­лы­қта­рын ашық айтуға пісіп жетіл­ме­ген­дер, сон­ды­қтан да өз пікір­лерін ашық жиын­дар мен митин­гілер­де айтуға дай­ын еме­стер. Олар­ды көше­ге шыға­ра­мын деу – бол­май­тын іс. Солай бола тұра, нара­зы­лық жағын­дағы адам­дар­дың бар­лы­ғы да Тоқа­евқа қар­сы дауыс беру­ге дай­ын. Олар Назар­ба­ев­тың ада­мы­ның билік­ке келуіне қар­сы, міне, осы жағ­дай­ды неге пай­да­лан­басқа. Өкіні­штісі сол, оппо­зи­ция өкіл­дері осы мүм­кін­дік­тер­ді пай­да­лан­бай отыр, «ақы­рын жүріп, анық бас» әдісі­мен саты­лап алға жүре беру әдісін қол­дан­бай жүр. Олар «тек қана қазір, тек қана түгелі­мен» деген прин­ципте жұмыс істеуде. 

Осын­дай ала­у­ы­зды­қтар­дың нәти­же­сін­де оппо­зи­ция билік­ке қар­сы дауыс беру­ге дай­ын оты­рған­дар­ды өздері­нен алы­ста­тып, бір-бірін күре­стіріп қой­ды. Мұн­дай жағ­дай­ды көріп оты­рған Ақор­да­ның қуа­ны­шын­да шек жоқ. Не істеу керек? Болған іс бол­ды, бұл жағ­дай­да, менің­ше, бір­деңені өзгер­ту қиын. Бірі­мен-бірі күрес­кен үрдіс жүріп жатыр, бой­кот­шы­лар Қоса­но­вқа дауыс беру­шілер­ге қар­сы жұмыс жаса­са, Қоса­но­вты қол­да­у­шы­лар бой­кот үрдісін нашар­ла­та­ды, митин­гіні қол­да­у­шы­лар Тоқа­ев билі­гінің алдын­да өздерінің биша­ра­лы­ғын көр­се­те­ді. Бір сөз­бен айтқан­да, оппо­зи­ци­я­ның ара­сын­дағы тым-тырақай­дың нәти­же­сін­де қоса­нов­шыл­дар да, бой­кот­шы­лар да, митин­гі­шілер де түгел­дей ұты­ла­ды. Жағ­дай­дың өзге­руі мүм­кін, ЕГЕР халық билік­тің Назар­ба­ев­тан Тоқа­евқа өтуіне жап­пай қар­сы болып бірік­се ғана! Неме­се түгел­дей бой­кот жари­я­ла­са, неме­се түгел­дей Қоса­но­вқа дауыс берсе! 

Тағы бір ымы­ра­шы­лық жол бар – егер жұрт жап­пай бар­лы­ғы­на қар­сы дауыс бер­се. Ол үшін бюл­ле­тень­дер бүлін­се, хат­та­ма­лар­да жазыл­са. Осы кел­тіріл­ген көр­сет­кіш халы­қтың бүгін­гі билік­ке деген нара­зы­лы­ғы­ның көр­сет­кі­ші болар еді. Ол үшін Қоса­нов дауыс беру алдын­да өз кан­ди­да­ту­ра­сын алып тас­та­са. Әрине, бәрібір бұл жағ­дай­да да билік­тің ада­мы жеңетіні анық. Бірақ мұн­дай жағ­дай­дың туын­да­уы ел ішін­де ерекше қоғам­дық және халы­қа­ра­лық резо­нанс туды­рған болар еді. Халы­қа­ра­лық жоға­ры орын­дарға шағым жаса­уға, сот билік­теріне жүгі­ну­ге мүм­кін­дік­тер туар еді. Оған қоса, алдағы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­ның алдын­да орас­ан мол тәжіри­бе жиналған болар еді.

Деген­мен, бұл болжам­да­ры­мы­здың орын­дал­ма­сы анық, бір жағы­нан, оппо­зи­ци­я­ның амби­ци­яға толы көкірек­тері, екін­ші жағы­нан, прин­ципсіздік­тері мен жұм­сақ солқыл­дақты­ғы (мүм­кін, ара­сын­да келісім бар шығар) бәрін жеңері анық. Нәти­же­сін­де қаза­қстан­ды­қтар тағы да өздерінің билік­ке деген нара­зы­ға толы ашық көзқа­ра­сын көр­се­те алмайды.

Сер­гей Дуванов

Республиканский еженедельник онлайн