Четверг , 12 февраля 2026

ӘДІЛ САЙЛАУСЫЗ Әділетті Қазақстан ҚҰРЫЛМАЙДЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқаевқа

Ашық хат

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ!

Мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де Сіз алды­ңы­зға асқақ мұрат-мақ­сат­тар қой­ды­ңыз. Халқы­мы­здың Табиғат-Ана пен қор­шаған орта­ны таза сақтай­тын, заң мен тәр­тіп қағи­дат­та­рын бұл­жыт­пай орын­дай­тын, ғасыр­лар бойы қалып­тасқан салт-дәстүр­лері­мізді, ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сып келе жатқан асыл қаси­ет­тері­мізді қай­та жаңғыр­тып, көп оқи­тын озық ойлы ұлт болып қалып­та­суы үшін бар білі­міңізді, тәжіри­беңізді, қажыр-қай­ра­ты­ңы­зды аян­бай жұм­сап келесіз. Осы мұрат жолын­да дүр­кін-дүр­кін рефор­ма­лар­ды баста­ды­ңыз. Бір пала­та­лы пар­ла­мент­ке өту бой­ын­ша басталған рефор­ма мәсе­ленің ауқым­ды­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­маға ұла­сып, Сіздің Жар­лы­ғы­ңы­з­бен құры­лған арнайы комис­сия, бүкіл қоғам ашық та жари­я­лы түр­де жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сын бел­сен­ді түр­де талқы­лап жатыр. Ең қуа­ны­шты­сы – ел аза­мат­та­ры­ның сая­си бел­сен­ділі­гі артқа­ны бай­қа­ла­ды. Бұл заң­ды да. Өйт­кені елінің ертеңіне, ұрпағы­ның, ұлты­ның бола­шағы­на бей-жай қара­май­тын кез кел­ген сана­лы тұлға мем­ле­кет үшін аса маңы­зды мұн­дай сая­си науқан­нан сырт қалуы­на бол­май­ды. Себебі қай қоғам­да бол­ма­сын, Ата заң­ның жаңа жоба­сын­да жазы­лған­дай, халық – мем­ле­кет­тің, билік­тің бір­ден-бір бастауы.

Бірақ, үлкен өкініш­ке қарай, осы күн­ге дей­ін өзінің осы құзіретін сай­лау арқы­лы нақты іс жүзіне асы­руы тиіс, тіп­ті мін­дет­ті болған біздің халқы­мыз сай­ла­у­ға толық қаты­сқан жоқ, сені­мін де әбден жоғалт­ты. Оның себеп­тері көп. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тұсын­да бір­де-бір пре­зи­дент сай­ла­уы неме­се Пар­ла­мент Мәжілісіне сай­лау өз мерзі­мін­де өткен жоқ. Оның үстіне сай­лау қоры­тындысы әділ бол­ма­ды. Дауыс беру 100 жыл­дан бері өзгер­мей келе жатқан тәсіл­мен бір фор­мат­та, көп жағ­дай­да бұр­ма­ла­у­шы­лы­қ­пен өтті. Мұның бәрі фальсификация!

Мыса­лы, 1991 жылғы пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер кан­ди­дат­тар­дың ішін­де Назар­ба­евқа дауыс бер­мей­тін элек­то­рат­тың көп­шілі­гі оппо­зи­ция жағын­да болға­ны­на қара­ма­стан, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы дауыс берудің қоры­тындыс­ын шығарған­да, Н.Назарбаевтың 93,75% дауы­спен жеңіп шыққа­нын жария етті. Бұған көп­шілік зор нара­зы­лық көр­сетіп, бір­не­ше толқу­лар бол­ды. Одан кей­ін­гі сай­ла­у­лар­да да дәл осын­дай жағ­дай қай­та­лан­ды. Мәжіліс депу­тат­та­рын сай­ла­уда да осын­дай өрес­кел заңбұ­зу­шы­лы­қтар болып жатқа­нын көзі ашық, көкіре­гі ояу жұрт түгел біліп отыр.

Қысқа­ша айтқан­да, біздің сай­лау әдісі­міз әбден тығы­ры­ққа тірел­ді. Ол бір ғасыр­дан бері өзгер­ген жоқ. КСРО-ны 30 жыл басқарған Ста­лин­нің өзі: «Мәсе­ле сай­ла­уда кім­дер­дің кім­ге қан­ша дауыс бер­генін­де емес, мәсе­ле сол дауы­сты қалай сана­уда», – дегенін жақ­сы білесіз. Қазір елі­міз­де сай­ла­у­ға қаты­са­тын адам­дар­дың саны 23–25 пай­ы­здан аспай­ды, оның да көбі – мем­ле­кет­тік және бюд­жет­тік сала қыз­мет­кер­лері мен сту­дент­тер. Сон­ды­қтан сай­ла­уда дауыс беру әдісін түбе­гей­лі өзгер­тіп, оның нәти­же­сін бұр­ма­ла­уды, өзі­мізді-өзі­міз алдай­тын өтірік­ті тоқта­ту қажет! 100 жыл­дан бері өзгер­мей­тін не қылған бюл­ле­тень?! Құжат­тар­дың қан­ша­ма түрі өзгер­ді, төлқұ­жат, жеке куәлік, мем­ле­кет­тік әнұранға дей­ін өзгер­ді. Ал өтірік­ке бастай­тын, әділет­тілік­тің жолын­да көз­көрекі кедер­гі болып тұрған сай­лау бюл­ле­тені неге өзгермейді?!

Бауыр­лас Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Садыр Жапа­ров тама­ша баста­ма көтеріп­ті. Келе­шек­те бұл ел сай­ла­у­ға үш рет қаты­спаған адам­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­те болу-бол­мау мәсе­лесін заң­мен бекітуді жос­пар­лап отыр. Бір рет қаты­спа­са – ескер­ту жаса­лып, екін­ші­де – айып­пұл салып, үшін­ші­де – аза­мат­ты­ғы­нан айы­руы мүм­кін. Әрине, аза­мат­ты­ғы­нан айы­ры­лған адам бұл елде­гі бар­лық сая­си құқы­қта­ры­мен бір­ге заң­да көр­сетіл­ген әле­умет­тік жеңіл­дік­тер­ден, мем­ле­кет­тің қорға­уы­нан да айы­ры­ла­ды деген сөз.

Менің­ше, дұрыс баста­ма. Өйт­кені сай­ла­у­ға қаты­су тек сая­си құқық қана емес, соны­мен бір­ге халық пен мем­ле­кет, бола­шақ ұрпақ алдын­дағы ұлы мін­дет деп түсі­нуі­міз керек.

Біздің елі­міз­де­гі бар­лық былық пен әділет­сіздік­тің түп негізі осы – халы­қтың сай­ла­у­ға бар­май­тын­ды­ғын­да, елінің, ұлты­ның келе­ше­гі үшін жау­ап­сыз қарай­тын­ды­ғын­да жатыр деп өз басым ойлай­мын. Ондай қоғам­да демо­кра­ти­я­лық даму, әле­умет­тік ілгерілеу, руха­ни кемел­де­ну, отан­сүй­гі­штік қаси­ет деген­нің болуы екіта­лай. Сон­ды­қтан біз бұны заң­мен рет­теп, халық сай­ла­у­ға сана­лы түр­де және мей­лін­ше толық қаты­са­тын­дай тетік­тер ойлап тауып, оны жүзе­ге асы­руы­мыз қажет. Соның ең басты­ла­ры­ның бірі – әділ сай­ла­у­ға бастай­тын сай­лау бюл­ле­тенін өзгер­ту. Мен оны бұдан 28 жыл бұрын ойлап тап­тым. Бұл әдіс өте сенім­ді және нәти­жені бұр­ма­ла­уды толық жояды, көп шығын­ды да қажет етпей­ді. Оның бірқа­тар ерекшелік­тері бар.

Бірін­ші­ден, әр облы­стың, әр аудан­ның, әр сай­лау окру­гінің, әр сай­лау учас­кесінің өз бюл­ле­тені болуы керек. Онда бір-екі бас әріп­тер­мен – облыс, қала, аудан ата­у­ла­ры, рим циф­ры­мен – сай­лау окру­гі, араб циф­ры­мен – сай­лау учас­кесі бел­гі­ле­неді. Мыса­лы, АТК деген — Алма­ты қала­сы, ІХ СО дегені­міз – ІХ сай­лау окру­гі, №000001 деген – бюл­ле­тень нөмірі. Бір сай­лау учас­кесін­де 10 мың­нан артық сай­ла­у­шы, сірә, жоқ, МД дегені­міз – Медеу ауда­ны, 17 СУ дегені­міз – сай­лау учас­кесінің нөмірі. Демек, бір бюл­ле­тень­ді екін­ші ауданға апа­рып сала алмайсың.

Екін­ші­ден, сай­ла­у­шы жәшік­тер­ден бюл­ле­тень­нің біре­уін алып, шымыл­дық ішіне кір­ген соң, өзінің таң­да­уын жасай­ды да, бюл­ле­тень нөмірін, сери­я­сын жазып ала­ды. Содан кей­ін дауыс беру жәші­гіне апа­рып сала­ды. Осы­лай­ша сай­ла­у­шы өз бюл­ле­тенінің ізін жоғалт­пай­ды. Сол арқы­лы бер­ген дау­сын бұр­ма­ла­у­ға жол бер­мей­ді. Дауыс беру нәти­же­сін лото­рея ұты­сы сияқты газет­тер­ге шыға­ру керек. Бұрын «Алма­ты ақша­мы» газеті шыға­рып жүр­ді. Сіз лото­ре­я­дан ұтып алға­ны­ңы­зда, ешқан­дай құпи­я­лық ашыл­май­ды ғой. Сол сияқты бер­ген дауыс ауы­сып кет­се, басқаға дауыс бер­геніңізді дәлел­де­у­ге болады.

Үшін­ші­ден, сай­лау уақы­ты біт­кен­нен кей­ін, сай­лау комис­си­я­сы әр пар­ти­я­ның өкілет­ті бақы­ла­у­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен дауыс беру­ге қаты­спаған бюл­ле­тень­дер­дің нөмір­лері мен жал­пы есеп санын көр­сетіп, хат­та­маға түсіреді және сол жер­де жой­ып жібе­реді. Бұдан кей­ін дауыс бер­ген жәшік­ті сол бақы­ла­у­шы­лар алдын­да ашып, дауы­сқа қаты­сқан бюл­ле­тень­дер­дің әрбір кан­ди­дат­тың үлесіне түс­кен нөмір­лерін көр­сетіп, кім­дер­дің қан­ша дауы­сқа ие болған­ды­ғын хат­та­маға түсіреді. Одан әрі округ­тік комис­си­яға, олар Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на арнайы поч­та­мен және ертеңіне шыға­тын жер­гілік­ті газет­тер­ге, элек­трон­ды ақпа­рат құрал­да­ры­на жари­я­лау үшін хат­та­ма­ның бір дана­сын жібе­реді. БАҚ-та жари­я­ланған мағлұ­мат­тан сай­ла­у­шы өзінің кеше­гі дауыс бер­ген бюл­ле­тень­де­гі нөмірін көріп, өзі таң­даған кан­ди­дат­тың үлесіне жазы­лға­ны­на көз жет­кі­зеді. Егер өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень нөмірі басқа кан­ди­датқа жазы­лып кет­кен бол­са, сотқа шағым­да­нуы­на әбден бола­ды. Және сот алдын­да өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень нөмірін айтып қана қой­май, бюл­ле­тень­нің екін­ші бетіне салып жібер­ген бел­гісін көр­сет­се (таң­ба ретін­де неме­се алты, жеті цифр ретін­де), толық дәлел­дей алады

Төр­тін­ші­ден, бұл әдіс сай­ла­у­ға қаты­суы тиіс сай­ла­у­шы­лар­дың қан­ша пай­ы­зы қаты­сқа­нын дәлел­деу үшін де қажет. Егер оған қаты­сқан­дар­дың саны 50 пай­ы­здан аз бол­са, сай­лау өтпе­ді деп таны­луы керек. Ал біз 30 жыл­дан аса 23–25 пай­ыз сай­ла­у­шы­ның дауыс беруі­мен оны өтті деп жари­я­лап кел­дік. Мұн­дай жағ­дай­да сай­ланған Пре­зи­дент­ті неме­се Пар­ла­мент­ті леги­тим­ді деу­ге бола ма? Міне, сұрақтың сұрағы!..

Мен осы­ны 28 жыл­дан бері билік орган­да­ры­на жалы­қ­пай айтып та, жазып та келе­мін. Үлкен өкініш­ке қарай, бұған әлі күн­ге құлақ асқан ешкім бол­ма­ды. Мем­ле­кет тара­пы­нан еш әре­кет бол­маған соң, 2000 жылы Автор­лар қоға­мы­на өтініш жазып, жаңа дауыс беру әдісін өз аты­ма ресми түр­де тіркедім.

Енді «Жақ­сы ниет – жарым ырыс» деген­дей, қазір­гі Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Жаңа Әділет­ті Қаза­қстан» құра­мыз деген ниетін дұрыс деп баға­лап, бүкіл халқы­мыз аңсап оты­рған осын­дай қоғам­ды нақты қалып­та­сты­ру үшін, ең алды­мен елі­міз­де­гі әрқан­дай сай­лау әділ өтуі керек деген оймен осы Ашық хат­ты жазып отырмын.

Қазір қоғам мүл­де өзгер­ді, тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да туып өскен жастар жан-жақты білім­ді, ойла­ры еркін, арман-мұрат­та­ры асқақ. Тек Ұлы Абай­дың: «Сен де бір кір­піш дүни­е­ге, кеті­гің тап та бар қалан!» – деп өси­ет еткенін­дей, олар­дың өмір­ден өз орын­да­рын тауып, ҚАЗАҚ қоға­мы­ның қажет­ті кір­пі­ші болып қала­нуы­на жағ­дай жасап, қамқор болуы­мыз керек. Ел тағ­ды­ры, ұлт тағ­ды­ры, мем­ле­кет тағ­ды­ры­на әрбір аза­мат жау­ап­ты екенін бар ақыл-сана­сы­мен түсініп, адал да әділ қыз­мет ету – пер­зент­тік пары­зы екенін ешқа­шан ұмыт­пай­тын­дай идео­ло­ги­я­лық жұмыс жүр­гізілуі тиіс. Ал олар­дың пікірі­мен сана­су, соның ішін­де сай­лау науқан­да­рын­дағы дау­сын әділ баға­лау – мем­ле­кет­тің басты мін­дет­терінің бірі де біре­гейі екені сөзсіз.

ХХІ ғасыр­дағы демо­кра­тия, ұлт­тық жаңа­ру мен жаңғы­ру ескі әдістер­ді қажет етпей­ді. Біз­ге бүгін халық мүд­десіне сай тәсіл­дер мен ашық та әділ тетік­тер қажет. Әрбір Қаза­қстан аза­ма­ты қоғам­ды жақ­сар­туға, соның ішін­де сая­си тұрғы­да жаңғыр­туға өз үлесін қосуы ләзім. Әйт­пе­се 90-ға кел­ген жасым­да менің редак­ци­яға келіп, осы­ның бәрін айтуым жеке өзі­ме не пай­да береді дей­сіз. Жұмы­ла жұмыс істеп, әділ жол­дар­мен жүр­сек қана елі­міздің бүгіні жақ­са­рып, бола­шағы көр­кейе түседі.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ!

Бұры­нғы­лар «Алпы­стан асқан­нан ақыл сұра» деуші еді. Сізді асқан білім иесі, пай­ым-пара­са­ты мол, адам­гер­шілі­гі жоға­ры Мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де бұл өмір­де талай әділет­сіздік­ті көр­ген тоқ­сан жастағы аға­сы­ның ел мүд­десі тұрғы­сы­нан айтқан ұсы­ны­сын қабыл ала­ды, сөй­тіп сай­лау жүй­есін өзгер­ту­ге бар күшін сала­ды деп сенемін!

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ,қоғам зерттеушісі,Алматы қаласы

Республиканский еженедельник онлайн