Суббота , 5 июля 2025

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: АЛАҚАНДАЙ ЕЛГЕ екі президенттің ҚАЖЕТІ ҚАНША?

Өзінің пре­зи­дент­тік өкілет­ті­гін «тап­сы­рып», Алма­ты­ға серу­ен құрып қай­туға кел­ген сапа­рын­да қала­лық әкім­шілік әуе­жай­ға қуып әкел­ген жастар­дың алдын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев: «Мен ешқай­да кет­кен жоқ­пын…» – деген еді. Бауы­р­жан Бай­бек­тің нөкер­лері «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан!» деп айқай­ла­у­ға арнайы дай­ын­даған жастар­ды шынайы ұран­дап тұр деген болуы керек, «кет­кен» пре­зи­дент көзіне жас алған­дай болды.

Ал аны­ғын­да, Назар­ба­ев­тың ешқай­да кет­пе­гені Қаза­қстан­да бесік­те жатқан бала­дан басқа­ның бәріне мәлім бол­ды. Ол «өзім­нің елба­сы­лық қыз­меті­ме кірістім» деп, ресми ақпа­рат бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен 1 мил­ли­ард бөлін­ген жеке кең­сесін құруға кірісті. Негізін­де, оның бірін­ші пре­зи­дент­тік қыз­метін қам­та­ма­сыз ететін кең­сесіне нақты қан­ша қар­жы жұм­са­ла­ты­ны өзі­нен басқаға бей­мағлұм ақпарат.

Соны­мен, де-факто және де-юре – елде екі лау­а­зым­гер­дің билі­гі қалып­та­сты ма? Газет­те жиі жари­я­ла­нып жүр­ген «Бір сұрақ – бір жау­ап» айда­ры аясын­да біз Қаза­қстан­ның экс-пре­мьері Әке­жан Қажы­гел­дин­ге хабар­ласқан едік. Сая­си және жасан­ды қыл­мыстық қуғын­да жүр­ген аза­мат­пен өткен сұх­бат­та­су «бір сұраққа – бір жау­ап­тың» шең­бері­нен шығып кет­кенін төмен­де­гі жари­я­ла­ным­нан оқып білу­ге болады. 

– Жоға­ры мем­ле­кет­тік билік­те оты­рған 30 жылға жуық уақыт­тан кей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың доға­ры­сқа кет­кені – шын мәнін­де бос сөз, – деп баста­ды Әке­жан Қажы­гел­дин біз­бен сұх­ба­тын. – Нақты іс жүзін­де ол өзіне арнап ойла­сты­рып алған, бұры­нғы билі­гі­нен де жоға­ры таққа оты­ру­ды қала­ды. Енді өз өмірінің соңы­на дей­ін «халы­қтың әкесі» және өзі ойлап тапқан «Қауіп­сіздік кеңесі» деген жасан­ды құры­лым­ның төраға­сы болып оты­ра­ды. Ең қызы­ғы, енді оған «жаңа» пре­зи­дент те, пар­ла­мент пен үкі­мет те бағы­на­тын бола­ды. Бар­лық күш қол­да­ну­шы құры­лым­дар – әскер, рес­пуб­ли­ка­лық гвар­дия, поли­ция, про­ку­ра­ту­ра мен «КГБ» да Назар­ба­ев­тың жеке өзіне ғана бағы­на­ды. Ол билік­тің пар­ти­я­сын басқа­ра­ды, сот­тар­ды тағай­ын­дай­ды және Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің бір мүше­сі сана­ла­ды. Мұн­дай билік Сад­дам Хусейн мен Муам­мар Кад­да­фи­де де бол­маған. Іс жүзін­де ол супер­пре­зи­дент­ке айна­лып шыға келді.

– Ал сон­да Қасым-Жомарт Тоқа­евқа не қал­ды? Оның пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мы арба­ның бесін­ші доңға­лағы­на айна­лып кет­пе­ді ме? 

– Өкініш­ке орай, Тоқа­ев мыр­за­ның лау­а­зы­мы мем­ле­кет бас­шы­сы­ның аяны­шты паро­ди­я­сы­на айнал­ды. Ол өз қожай­ы­ны өлшеп бер­ген­дей, таң­да­уы да, лау­а­зым­дық еркі де жоқ пре­зи­дент атан­ды. Назар­ба­евқа деген құл­дық беріл­ген­дік­тің нәти­же­сін­де және бар­лық заң­дық нор­ма­ларға кереғар­лы­қ­пен пар­ла­мент бір­не­ше минут­тың ішін­де Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгізді. Аста­на­мыз – Аста­на емес, Нұр-Сұл­тан бол­ды. Енді аэро­порт­тар, уни­вер­си­тет­тер, мек­теп­тер мен бар­лық қала­лар­дың басты көше­лері пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың аты­мен ата­ла­тын бол­ды. Тек ержүрек аты­ра­улы­қтар ғана бұл ақы­мақты­ққа қар­сы тұра білді.

– Ел ішін­де­гі бұл жағ­дай біз­ге бұрын­нан бел­гілі және түсінік­ті жәйт, ал шетел­дер­де бұл «өзгерістер» қалай қабылданды?

– Әлем жұрт­шы­лы­ғы екі узур­па­тор­дың – тәжіри­белі авто­крат пен ол тағай­ын­даған мұра­гер­дің мани­пу­ля­ци­я­лық сиқы­ры­на күл­кі шақы­ра­тын иро­ни­я­мен және таң­да­ны­спен қарап отыр­ды. Ал Қаза­қстан халқы бұны ашу-ыза­мен және жиір­кені­шпен қабыл­да­ды. Олар өз билі­гін мәң­гілік ету­ге тыры­сқан Назар­ба­ев режи­мінің мен­мен­ді­гі мен бет­сізді­гіне қор­лан­ды деп ойлаймын. 

Жуы­қта ғана австри­я­лық бан­кілер­ден табы­лған мил­ли­он­даған дол­лар­лық есеп­шот­тар­дың халы­қа­ра­лық скан­да­лы­на тап болған Дариға Назар­ба­е­ва уақыт­ша пре­зи­дент Тоқа­ев­ты алма­сты­руға дай­ын­да­лу үстін­де. Сол үшін әкесі оны пар­ла­мент­тің жоғарғы пала­та­сы – сенат­тың төраға­сы етіп тағайындады.

– Ал енді халы­қтың ерік-жігеріне кереғар жасалған осы қия­нат­тың бар­лы­ғы­нан қалай құты­луға бола­ды деп ойлайсыз?

– Непо­тиз­мнің қатер­лі ісі­гін пре­зи­дент­тік басқа­ру фор­ма­сы­нан бас тар­ту арқы­лы сылып таста­уға бола­ды («непо­тизм» –туы­сқан­да­ры мен жақын­да­ры­на биле­ушінің жасай­тын жағ­дайы, жеңіл­ді­гі – Ред.). Назар­ба­ев­тық билік зама­ны­ның қоры­тындыс­ын­да Қаза­қстан­ды пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға айнал­ды­руға пост­на­зар­ба­ев­тық кон­сти­ту­ция мүм­кін­дік береді. «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы елде­гі демо­кра­ти­я­лық ұйым­дар мен құқы­ққорға­у­шы қозға­лы­стар­дың бел­сен­ділері­мен бір­ге осы және басқа да кон­сти­ту­ци­я­лық жағ­дай­лар­ды Брюс­сель­де өткен кон­фе­рен­ци­яда талқы­ла­ды. Еуро­па Кеңесінің Кон­сти­ту­ци­я­лық комис­си­я­сы (Вене­ци­ан­дық комис­сия) жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның демо­кра­ти­я­лық нор­ма­ларға сәй­кест­і­гін тек­серіп беру­ге дайын. 

– Деген­мен пре­зи­дент Тоқа­ев елде­гі сая­си өзгерістер халы­қа­ра­лық нор­ма­лар мен демо­кра­ти­я­лық ұста­ным­дарға сай бол­ды деп ел ішін­де де, шетел­дік дипло­ма­тия өкіл­дері­мен кез­де­су­лерін­де де бір­не­ше мәр­те мәлім­де­ме жасады… 

– Мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты жақ­сы біле­мін, ол менің үкі­метім­де сыр­тқы істер мини­стрі болған. Ол – сая­сат­кер емес, ол – дипло­мат. Өзінің өмірін­де ол пар­ла­мент­ті қой­ып, мек­теп­те­гі ата-ана­лар коми­тетіне де сай­ла­нып көр­ме­ген адам. Сенат­тағы депу­тат­тық оры­нға ол Назар­ба­ев­тың тағай­ын­да­уы­мен қол жет­кіз­ген. Егер оған қожай­ы­ны айт­са неме­се өзіне ыңғай­лы бол­са, өтірік айтуға бей­ім адам…

– Әке­жан мыр­за, сөзіңіз аузы­ңы­зда – бұл орай­да мен бір болған жәйт­ті есіңіз­ге сала кетей­ін, бәл­кім, ұмы­тып қалған болар­сыз. Сіз оны «өтірік айтуға бей­ім» адам дей­сіз, ал елде­гі кей­біре­улер Тоқа­ев­ты зия­лы, мәде­ни­ет­ті және сабыр­лы адам деп есеп­тей­ді. Ал мен, сіз айтқан­дай, оның бір «өтірік­шілі­гін» есіңіз­ге салай­ын: 1999 жыл­дың күзін­де елде­гі Демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің фору­мы «РНПК» пар­ти­я­сы­мен бір­ге пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға қаты­спақ болған еді ғой. Сол сай­ла­у­ға әкім­шілік жаза­сы бар деген желе­умен сізді үміт­кер­лік­ке тір­ке­мей қой­ған­да, Тоқа­ев Қаза­қстанға кел­ген шетел­дік деле­га­ция өкіл­дері алдын­да өтірік айтқан еді… 

– Иә, ондағы сай­лау мерзі­мі­нен бұрын өткен еді ғой. Тоқа­ев­тың ол өтірі­гі есім­де. Мені сай­ла­у­ға қаты­суға жібер­мей қой­ған әкім­шілік сот­тың шеші­міне шағым жаса­дым. Кей­ін­нен менің қан­дай себеп­тер­мен сай­ла­у­ға қаты­сты­рыл­маға­ны­ма түсінік беруді сұрап, «ОБСЕ» бақы­ла­у­шы­ла­ры Жоғарғы сот­тың төраға­сы­мен жолы­ққан еді. Төраға, расын­да да, менің атым­нан сотқа шағым түс­кенін, бірақ сот өз шеші­мін өзгерт­пей­тінін айтып, Қажы­гел­дин сай­ла­у­ға қаты­са алмай­ды деген еді. Ал Тоқа­ев бол­са, халы­қа­ра­лық бақы­ла­у­шы­лар­дың Жоғарғы сот­тағы кез­де­суі­нен және оларға төраға бер­ген жау­ап­тан бей­ха­бар­лы­ғын таны­тып, өзінің бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын­да «Қажы­гел­дин­нің сай­ла­у­ға түсу­ге зауқы жоқ, сіз­дер­дің табан­ды қол­да­у­ла­ры­ңыз бола тұр­са да, ол Жоғарғы сотқа шағым түсір­ген жоқ» деді. Өзінің дипло­ма­ти­я­лық әріп­те­стері мен демо­кра­ти­я­лық елдер өкіл­дерінің көз­дерін бақы­рай­тып қой­ып, Тоқа­ев осын­дай өтірік айтқан еді. 

Сон­ды­қтан оның сөзіне алдарқа­на алмай­мыз, біз Тоқа­ев­тың бұл режим­ді қалай тоқта­та ала­ты­ны жөнін­де­гі нақты істерін ғана бағ­дарға алуы­мыз керек. Бұл бюро­крат­тың алдын­да өз халқы мен еліне қыз­мет қылу­дың таңға­жай­ып мүм­кін­ді­гі тұр. Ол үшін Тоқа­ев Назар­ба­ев­тың көлең­кесі­нен шығып, пар­ла­мент­ке бір ман­дат­ты округ­тер бой­ын­ша адал сай­лау өткі­зетінін жари­я­ла­уы тиіс. Пре­зи­дент­тің мін­детін атқа­ру­шы адам соңғы 25 жыл­да депу­тат­ты­ққа үміт­кер­лер­дің еркін ұсы­ны­луы мен тір­ке­луін, олар­дың бас­пасөз құрал­да­рын біре­гей пай­да­ла­на оты­рып, еркін үгіт жүр­гі­зуін, сай­ла­у­шы­лар­дың учас­ке­лер­де­гі қауіп­сізді­гі мен дауы­стың адал сана­луын қам­та­ма­сыз етіп, халық алдын­дағы мін­детін атқа­руы тиіс.

– Ал Тоқа­ев пре­зи­дент­тік пары­зын сіз айтқан­дай атқа­рар бол­са, Назар­ба­ев осы­ның бәріне бей-жай қарап оты­ра­ды деп ойлай­сыз ба?

– Мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты да бір­ге жұмыс істе­ген кезім­нен жақ­сы біле­мін. Оның әулет­тік (дина­сти­я­лық) басқа­ру­дан бас тар­туға әлі де мүм­кін­ді­гі бар. Оның «жиған-тер­ген» шексіз мұра­сын өз бала­ла­ры­на қалай қал­ды­рам деп қана емес, өзім­нің тарих­тағы атым­ды қалай сақтап қалам деп те басы қатып жүр. Назар­ба­ев өзінің төңіре­гін­де­гі адам­дар­дың, өз қызда­ры­ның, олар­дың күй­е­улері мен бала­ла­ры­ның мил­ли­ард­таған капи­та­лын елге қай­та­руға үлгеріп қалуы керек. Бұл бай­лық әзір­ге шетел­дік бан­кілер­де «қатып жатыр», бірақ көр­ші Өзбек­стан пре­зи­ден­тінің қызы Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның екі мил­ли­ард дол­ла­ры сияқты, Батыс елдері тәр­кілеп алуы мүмкін.

Алақан­дай ғана елміз: біз­ге екі пре­зи­дент­тің қажеті қан­ша? Бұл еке­уін ұстау, олар­дың қыз­мет­терін қам­та­ма­сыз ету – мем­ле­кет­тің бюд­жетіне де қып-қызыл шығын. Егер Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзінің жаңа өкілет­ті­гін пай­да­лы іске жара­там десе, көр­ші елде­гі Роза Отын­ба­е­ва­дан өне­ге алып, Қасым-Жомарт Тоқа­евқа көмек­те­суі тиіс. Отын­ба­е­ва да дипло­мат, АҚШ-та елші, сыр­тқы істер мини­стрі бол­ды. 2010 жылы авто­ри­тар­лық дик­та­тор­дың біре­уі тақтан тай­ған соң, Роза Отын­ба­е­ва өтпе­лі кезеңнің пре­зи­ден­ті рөлін қолы­на алды. 2011 жылы билік­ті заң­ды негіз­де сай­ланған пре­зи­дент­ке тап­сыр­ды. Ал өз кезе­гін­де ол пре­зи­дент 2017 жылы өзінің постын демо­кра­ти­я­лық сай­ла­удан өткен келесі пре­зи­дент­ке берді.

Уақыт­ша пре­зи­дент Тоқа­ев өзіне Кон­си­ти­уци­я­мен беріл­ген уақыт­тың ішін­де Қаза­қстан­ның пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға өтуін қам­та­ма­сыз етуі тиіс. Бұл Гаи­ти­де­гі Дюва­лье сияқты («Папа Док» и «Бей­би Док»), Назар­ба­ев­тың әулеті де дик­та­тор­лық басқа­ру жолы­на түсіп кет­пеу үшін қажет.

– Ал Қаза­қстан­ның этни­ка­лық құра­мы бір­кел­кі емес, әр аймағы­нан сай­ланған пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есі ел ішін­де іріт­кі туды­рып, сепа­ра­тиз­мнің ушы­ғып кетуіне түрт­кі бол­май ма? Мәсе­лен, Қаза­қстан­ның батыс аймағы арам­та­мақ Нұр-Сұл­тан­ды асы­ра­удан әбден қал­жы­ра­дық деген ойда жүр­генін біле­мін. Сол сияқты сыр­тқы күш­тер­дің әсері­нен оры­стар жиі қоны­станған сол­түстік пен шығыс өңір­лер­де де бұғып жатқан толқу бар… 

– Бұл мәсе­ленің, сіз айтып оты­рған­дай, бұдан ары «бұғып жатуы­ның» өзі іште­гі ауыр дерт­тің қатерін жасы­рған­мен бір­дей. Елдің тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гін шын мәнін­де­гі аза­мат­тық қоғам ғана сақтап қала ала­ды. Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық қауым­да­сты­ғы­ның пікірі бой­ын­ша, халық тіке­лей сай­лаған пар­ла­мент қана елдің әртүр­лі аймақта­ры мен ұлт топ­та­ры­ның келісім оры­ны бола­ды. Ал авто­ри­тар­лық дик­та­ту­ра­ның одан ары­ға жалға­суы аймақтық сепа­ра­тизм оты­ның тұта­нуы­на алып келеді. Ресей мен Қытай­дың және Орта­лық Ази­я­ның тұрақ­сызды­қта оты­рған елдері ара­сы­на орна­ласқан Қаза­қстан үшін тұта­стық пен тәу­ел­сіздік­ті жоғал­ту қау­піне жол беру­ге болмайды.

– Рах­мет! Шынын­да да, «бір сұраққа – бір жау­ап» беріңіз деген өтіні­ші­міз тұтас сұх­батқа айна­лып кет­ті. Ел-жұр­тқа және Қаза­қстанға аса қажет аза­мат­тық басы­ңы­зға аман­дық тілейміз!

Ермұрат БАПИ

  • Редак­ци­ядан: Бұл сұх­бат «Скайп» желісі арқы­лы 6 сәуір (2019 ж.) күні – Қаза­қстан­да пре­зи­дент­тік сай­лау жари­я­ланғанға дей­ін алынған.
Республиканский еженедельник онлайн