Пятница , 4 июля 2025

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: Дариға саясаттан КЕТУІ КЕРЕК

Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті бол­са да, билік­ті әлі де уысын­да ұстап оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың неме­ресі (ұлы?) Айсұл­тан Рахат­тың Ұлы­бри­та­ния король­ді­гі­нен сая­си бас­па­на сұра­уы әлем­дік ақпа­рат­тың басты тақы­рып­та­ры­ның біріне айнал­ды. Өз елі­нен безу­ге бет алған «алтын бала­ның» тағ­дыр-тақы­ры­бын «The New York Times», «The Times», «Reuters», «РБК», «Ком­мер­сант», укра­и­на­лық «Unian», бело­рус, ита­льян және басқа да көп­те­ген БАҚ жары­са жазуда.

Біз төмен­де Аме­ри­ка, Еуро­па және ТМД елдеріне орыс тілін­де хабар тара­та­тын RTVI (Ар-ти-ви-ай) спут­ник­тік арна­сы Қаза­қстан­ның экс-пре­мьері Әке­жан Қажы­гел­дин­нен алған экс­пресс-сұх­бат­тың қаза­қ­ша­ланған нұсқа­сын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

– Әке­жан Мағ­жанұ­лы, Айсұл­тан Назар­ба­ев­тың Қаза­қстан­дағы жүй­елі жемқор­лы­ққа қаты­сты мәлім­де­месі жөнін­де не айта ала­сыз? Назар­ба­ев­тың неме­ресі, әлде ұлы айтқа­ны шын­ды­ққа жана­са ма?

– Иә, оның жазға­ны шын­ды­ққа сай келуі әбден мүм­кін. Өйт­кені Айсұл­тан – отба­сы­ның өкілі, біз бәрі­міз біл­мей­тін бір­та­лай нәр­се­лер­ден хабар­дар болуы мүм­кін. Ресей­дің құқы­ққорғау меке­ме­лері жари­я­ланған ақпа­рат­ты мін­дет­ті түр­де тек­се­ретіне сенім­ді­мін. Сол сияқты, Қаза­қстан­ның құзыр­лы орган­да­ры түк бол­маған­дай, Айсұл­тан­ның сөзіне еш назар аудар­май­ты­ны­на да күмәнім жоқ. Оны ақпа­рат мини­стрінің жасаған баян­да­ма­сы­нан-ақ аңға­руға болады.

Бұл жер­де бір­не­ше мәсе­ле­ге тоқта­лып өту қажет: бірін­ші­ден, оның /Айсұлтанның/ Ұлы­бри­та­ни­ядан сая­си бас­па­на сұра­уы­ның өзі өте ерекше жағ­дай. Менің наза­ры­ма ілік­кен екін­ші нәр­се – Айсұл­тан­ның соңғы жаз­ба­ла­ры­ның редак­ци­я­ланға­ны. Ол айдан анық. Бұл оның жазу сти­ліне мүл­де ұқа­са­май­ды. Жаз­ба­лар­дың мәтіні де бір­ша­ма түзетіл­гені бай­қа­лып тұр. Соған қараған­да, біре­улер елба­сы­ның отба­сы­лық дағ­да­ры­сын өз мүд­десіне пай­да­ланғы­сы келіп оты­рғанға ұқсай­ды. Ал түп­теп кел­ген­де, оның /Айсұлтанның/ қой­ып оты­рған талап­та­ры заң­ды әрекет.

– Сіз қалай ойлай­сыз, бұның артын­да кім­дер тұруы мүмкін?

– Бүгін­гі күні елде рені­шті адам­дар өте көп. Олар­дың біра­зы елден кету­ге мәж­бүр бол­ды. Бірін­ші кезек­те бұл – Дариға Назар­ба­е­ва­ның қар­сы­ла­ста­ры. Олар Дариға­ның сенат төраға­сы болға­нын қала­май­ды. Бұл жер­де жас жігіт /Айсұлтан/ шеше­сінің лау­а­зы­мын вице-пре­мьер­лік­тен төмен­дет­ті деп, қате­лесіп отыр. Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, мүл­де олай емес. Өйт­кені бүгін­гі пре­зи­дент­ке қаты­сты аяқ асты­нан әлдене болып жат­са, ол лау­а­зы­мға бірін­ші үміт­кер Дариға Назар­ба­е­ва бола­ды. Ол пре­зи­дент­тік лау­а­зым­ды уақыт­ша атқа­ру­шы бола тұра, сай­лау өткізіп, жеңіп шығуға мүм­кін­ді­гі әбден жеткілікті.

– Айсұл­тан шеше­сінің вице-пре­мьер лау­а­зы­мы­нан сенатқа ауы­сты­ры­луын билік­ке деген құштар­лы­ғын басу үшін қол­данған жаза деп отыр. Сіз осы пікір­мен келі­сесіз бе?

– Тура­сы­на кел­сек, оны сенатқа да ешкім сай­лаған жоқ. Дариға әкесі ұсы­нған тізім бой­ын­ша тағай­ын­да­лып, кей­ін пре­зи­дент оны төраға­лы­ққа ұсын­ды. Бұл – Қаза­қстан­ның бүгін­гі мұң­ды жағ­дай­ы­ның бір­ден-бір көрінісі.

– Неме­ресі ме, әлде ұлы ма, Айсұл­тан айтқан жағ­дай­ды Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қалай қабыл­дап оты­рға­ны бел­гілі ме, әлде бұл жабық тақы­рып па?

– Әрине, бұл жабық тақы­рып. Не бол­са да, бәрі ішін­де. Бұл – бүгін­гі билік пен елді басқа­рып оты­рған отба­сы­ның дағ­да­ры­сы. Мен осы­ған дей­ін де талай айтқан­мын, тағы да қай­та­лап өтей­ін: Дариға Назар­ба­е­ва­ның сенат­та төраға болуы бүкіл қоғам­ды ыза­лан­ды­рып отыр. Ол сая­сат­тан кетіп, өзінің отба­сы­мен айна­лы­суы керек. Бұл – Дариға­ның өзі үшін де, әкесі Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев үшін пай­да­сын тигі­зетін қадам болар еді.

«DАТ»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн