Вторник , 1 июля 2025

ӘКІМНЕН ӘДІЛЕТ ІЗДЕГЕН ана өзіне қол жұмсайтынын айтты

Кеше елор­да­да қала әкі­мі Бақыт Сұл­та­но­втың тұрғын­дар­мен кез­де­суі өтті. 

Кез­де­су бары­сын­да елі­міздің Ішкі істер мини­стр­лі­гінің зей­нет­ке шыққан қыз­мет­кері өзінің ұлы­на әкім­нің гран­ты беріл­ме­генін айтып шағым­дан­ды. Жалғы­з­ба­сты ана тұр­мысы төмен отба­сы­ның бала­ла­ры­на тегін білім берілуі керекті­гін айтты.

 «Мен өзім жалғы­з­ба­сты ана­мын. Осы орай­да мына бір сұрақты қой­ғым келеді: жалғы­з­ба­сты ана­лар­дың тізі­мі неге халы­қтың әле­умет­тік әлжу­аз тобы­нан шыға­ры­лып тастал­ды? Тамыз айын­да мен әкім­нің гран­ты­на қаты­сты жүгін­дім. Менің балам төрт пен бес­ке оқы­ған, біз жүз балл жина­дық, бірақ грант беріл­мей­ді деді. Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау басқар­ма­сы грант­тар­ды көп бала­лы отба­сы­лар, мүге­дек­тер, жетім­дер ала­ты­нын алға тар­та­ды. Сон­да мен бай­мын ба, не? Мен Ішкі істер мини­стр­лі­гінің зей­нет­кері­мін. Қалай жүгір­генім­ді біл­сеңіз­дер! Ақыр соңын­да үсті­ме бен­зин төгіп, өз өмірім­ді берей­ін онда дедім. Бәл­кім, менің ұлым жетім қалған­да, әкім­нің гран­тын сол кез­де ғана беретін шығар», – деп айқай­ла­ды ашы­нған әйел.

Сон­дай-ақ ол отба­сы тұр­мысы­на бай­ла­ны­сты ЖОО-лар­да оқы­та алмай­тын бала­лар­дың бар­лы­ғы­на мем­ле­кет тегін білім беру керекті­гін айт­ты. Өз сөзін­де ол осы сөзі­нен кей­ін мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан қуда­лау бол­мауын талап етті.

Ашы­нған анаға жау­ап бер­ген қала бас­шы­сы Бақыт Сұл­та­нов оны ешкім қуда­ла­май­ты­нын айтып сендірді.

«Сіз өз пікіріңізді біл­дір­діңіз. Бүгін­де оның көбісі шеші­мін тауып жатыр. Жеке шағым­да­ры­ңы­зға кел­сек, мен жаңа ғана айт­тым, ешқай­сысы наза­рдан тыс қал­май­ды. Қазір каби­нет­ке кіріп, әр мәсе­лені егжей-тег­жей­лі талқы­лай­тын бола­мыз. Бар­лы­ғы бақы­ла­уда, мен уәде бер­дім және оны орын­дай­мын. Бер­ген уәдем­ді орын­дап үйреніп қалған­мын», – дей­ді Б. Сұлтанов.

Stan.kz

Республиканский еженедельник онлайн