Вторник , 1 июля 2025

Әкімшіліктегілерге ПАРА АЛУДЫҢ жаңа көзі ашыла ма?

Қаза­қстан еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау вице-мини­стрі Свет­ла­на Жақы­по­ва мәжілістің кеше – 13 науры­зда өткен жал­пы оты­ры­сы­нан соң жур­на­ли­стер сұрағы­на жау­ап беріп, ата­у­лы әле­умет­тік көмек алу заң­на­ма­сы­на өзгерістер енгізіліп жатқа­нын айт­ты, деп хабар­лай­ды Azattyq.org.

Вице-мини­стр­дің сөзін­ше, ата­у­лы әле­умет­тік көмек ала­тын әрбір отба­сы «бүгін­ге дей­ін үш ай сай­ын табысы­ның өзгер­ме­генін рас­тап, төлем алуға әлі де құқы­лы» екенін дәлел­деп кел­ген. Мини­стр­лік мәжіліс осы ере­жені өзгер­тетін заң жоба­сын ұсынған.

«Жаңа заң жоба­сы бой­ын­ша, төлем беру ұза­қты­ғы алты айға созы­ла­ды және [адам­ның көмек­ке мұқтаж­ды­ғы] ақпа­рат­тық жүй­е­лер арқы­лы рас­та­лып оты­ра­ды. Яғни, төлем алты ай бойы беріледі, ал адам­ның табысы, отба­сын­дағы өзгерістер­ді ақпа­рат­тық жүйе бақы­лай­ды. Отба­сын­да бала туса, жүйе авто­мат­ты түр­де нәре­сте­ге төлем ауда­ра­ды», – деді ол.

Жақы­по­ва­ның айтуын­ша, ата­у­лы әле­умет­тік төлем отба­сын­да жан басы­на шаққан­дағы табыс күн­көріс мини­му­мы­ның 70 пай­ы­зы­нан, яғни 20 789 тең­ге­ден аз тиетін адам­дарға беріледі. «Ана­сы­на – мини­мум­ның айыр­ма­сы, бала­лар­дың қан­ша болға­ны­на қара­ма­стан, әрбіріне 20 789 тең­ге беріледі», – деді ол.

Мини­стр­лік өкілі «бюд­жет­тен 832 мың ада­мға 2019 жыл­дың сәуірі­нен жел­тоқ­са­ны­на дей­ін 94 млрд тең­ге қарас­ты­рыл­ды» дейді.

«Әкім­дік­тер ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ке зәру адам­дар­ды есеп­ке алған­да, үйде­гі сиыр-қой­ды да есеп­тей­ді» деген пікір­ге қаты­сты Жақы­по­ва былай деді:

«Осы ата­у­лы әле­умет­тік көмек тура­лы заң­да «жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар жеке­ше­лен­ген шару­а­шы­лық табысын сана­май­ды» деп жазы­лған. Сон­ды­қтан [үйде­гі ірі қара­ны] табыс деп санай ма, сана­май ма – әрбір атқа­ру­шы орган өзі шешеді», – деп жау­ап берді.

Azattyq.org вице-мини­стр­дің сөзіне сіл­те­ме жасап таратқан осы хабарға қараған­да, жер­гілік­ті әкім­шілік­те­гілер үшін парақор­лы­қтың жаңа көзі ашы­луы мүм­кін. Себебі әр үйде­гі бірер бас «ірі қара­ны табыс көзі деп санай ма, сана­май ма – оны жер­гілік­ті билік шешетін бол­са», есеп жүр­гі­зу­ші лау­а­зым­гер ата­у­лы әле­умет­тік көмек­тің бері­лу-беріл­ме­уін де өз қала­у­ы­на (пара­ның көле­міне) қарай шешуі әбден мүм­кін емес пе?

«D»

Республиканский еженедельник онлайн