Пятница , 4 июля 2025

Әлеуметтік жәрдемақылар ҚАЛАЙ НАҚЫТАЛАНДЫ?

  • Пар­ла­мент мәжілісін­де «Ата­у­лы әле­умет­тік көмек сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сая­сат­ты іске асы­ру­дың тиім­ділі­гі» тақы­ры­бын­да үкі­мет саға­ты өтіп, Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Бір­жан Нұрым­бе­тов АӘК берудің жаңа тетік­тері тура­лы баян­да­ма жасады.

Мини­стр­дің сөзін­ше, 2020 жыл­дың 1 қаңтар­дан бастап, кәме­лет­ке тол­маған 4 және одан да көп бала­ла­ры бар отба­сы­ларға жәр­де­мақы тағай­ын­далған­да, отба­сы­ның табысы­на қара­май­ды. 4 балаға – 42 496 тең­ге; 5 балаға – 53127 тең­ге; 6 балаға – 63 757 тең­ге; 7 және одан көп балаға – 74 388 тең­ге беріледі.

Соны­мен қатар жаңа жыл­дан бастап, «кепіл­ден­діріл­ген әле­умет­тік топ­та­ма» бері­ле бастай­ды. 1 жастан 6 жасқа дей­ін­гі табысы аз отба­сы бала­ла­ры­на азық-түлік және гиги­е­на құрал­да­ры, 6 жастан 18 жасқа дей­ін­гі бала­ларға мек­теп­тер­де ыстық тамақ беріліп, оқу құрал­да­ры­мен және мек­теп киім­мен қам­та­ма­сыз етіледі, мек­теп­ке дей­ін­гі жол шығын­да­ры өте­леді. Меди­ци­на­лық, сто­ма­то­ло­ги­я­лық көмек 18 жасқа дей­ін­гі бала­ларға тегін меди­ци­на­лық көмек­тің кепіл­дік беріл­ген көле­мі және мін­дет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру шең­берін­де көрсетіледі.

Бірақ, бір қолы­мен халы­ққа жәр­дем жасаған болып, екін­ші қолы­мен оны мұқтаж­дар­дың жел­кесі­нен сығып алу­дың қамын күйт­те­ген үкі­мет ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті есеп­теу бары­сын­да шәкір­тақы­ны (сти­пен­дия) отба­сы­ның кірісі ретін­де ескерілмек.

«Біз­де тек шәкір­тақы бой­ын­ша сұрақ бол­ды. Біз оны екі себеп бой­ын­ша (АӘК төлеу кезін­де орта­ша жан­ба­сы­лық кірісті есеп­теу үшін) енгі­зуді жос­пар­лап отыр­мыз. Бірін­шісі, біз тұрғын­дар­мен кез­дескен кез­де, сту­дент­тер­ді де отба­сы мүше­сі ретін­де еске­ру сұралған еді. Оның қай­да тір­кел­геніне қара­ма­стан. Енді басқа қала­да оқып жатқан кез кел­ген сту­дент отба­сы мүше­сі ретін­де есеп­те­леді. Яғни оған да отба­сы­ның кірісі бөлі­неді, соған бай­ла­ны­сты оның шәкір­тақы­сы АӘК төлеу бары­сын­да ескеріледі. Екін­шісі, Салық кодексінің 160-бабы бой­ын­ша шәкір­тақы кіріс­ке жатқы­зы­ла­ды», — деп мәлім­деді дүй­сен­бі күні Нұр-Сұл­тан­да мәжілісте­гі үкі­мет саға­тын­да Қаза­қстан­ның еңбек және әле­умет­тік қорғау мини­стрі Бір­жан Нұрымбетов.

Мәжіліс депу­та­ты Гүл­жан Қарақұ­со­ва­ның шәкір­тақы сту­дент­тер­дің жақ­сы оқуын ынта­лан­ды­ру, ол кіріс емес, сон­ды­қтан оны АӘК төлеу кезін­де ескер­меу керек деген мәлім­де­месіне, министр АӘК елі­міз­де 18 жасқа төле­нетінін және бірін­ші кезең­де, 2002 жылы тек екі төлем ғана кіріс­ке жаты­зыл­маған — АӘК мен, тұрғын үй көме­гі деп жау­ап бер­ді.«ДАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн