Вторник , 1 июля 2025

Әлия САДЫРБАЕВА: Аналарды орнынан қозғаған – ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТСІЗДІК

Біздің аны­қта­ма

Әлия Садыр­ба­е­ва – табысты биз­нес­мен, бел­сен­ді қоғам қай­рат­кері және таны­мал блоггер. Қаза­қстан­дық DELUXE жур­на­лы­ның негізін қала­у­шы, әрі бас редак­то­ры. Ол ҚР пре­зи­ден­ті жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­си­я­ның аймақтық мүше­сі, Қараған­ды облы­сын­дағы іскер әйел­дер­дің «Ата­ме­кен» ұлт­тық өндірістік пала­та­сы­ның төрай­ы­мы, Қараған­ды облы­стық білім басқар­ма­сын­дағы Ата-ана­лар қоғам­дық кеңесінің төрай­ы­мы, Қараған­ды облы­сын­дағы «Ата­ме­кен» ұлт­тық өндірістік пала­та­сы­ның мүше­сі. Соны­мен бір­ге «Нұр­лы-Бағыт» қоғам­дық қоры­ның төрайымы. 

Әлия ханым, жуы­қта ғана бесін­ші (әлде алтын­шы ма еді?) бала­лы болға­ны­ңы­зды біле­міз: бауы берік болсын! 

Әумин! Рах­мет, Аза­мат! Қаңтар­дың 18-інде дүни­е­ге ұл әкел­дім. Ол біздің жетін­ші баламыз.

Көз тимесін­нің кері­мен саны­нан жаңы­лға­ны­мыз дұрыс боп­ты… Ал сіз үшін және сіз құра­лып­тас отба­сы­лар үшін, Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дай­ын­да көп бала­лы болу­дың басты мақ­са­ты қан­дай деп ойлайсыз?

 Мен үлкен отба­сым­ның болға­нын жастай­ым­нан көз алды­ма еле­стетіп, арман­дап өстім десем де бола­ды. Мен үшін бұның негіз­гі себебі – бала­лар­ды жаным­дай жақ­сы көре­мін. Елдің қазір­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на қара­ма­стан, қаза­қта көп бала­лы отба­сы­лар бұрын да болған және бола да береді. Өз басым, қан­ша бала­сы бол­са да, әрбір ана­ның алдын­да бас иемін, себебі бала туу және оны өсі­ру үлкен еңбек­ті талап еді.

Көп бала­лы ана ретін­де айты­ңыз­шы: Сіз қазір бала­ла­ры­ңы­зға мем­ле­кет­тен қан­дай көлем­де жәр­дем алып жүрсіз?

Қазір­гі уақыт­та менің «Күміс алқа» иегері ретін­де мем­ле­кет­тен ала­тын жәр­де­мақым 16 160 тең­ге. Бұл – жеті балаға беріл­ген сома… Жеті бала­ның бәрін осы­мен қам­туға бола ма? Ойла­нып көріңізші…

Сіздің биз­несіңіз және азды-көп­ті кірісіңіз бар, ал осы сома­ны асы­ра­у­шы­сы жұмыс­сыз бес бала­лы отба­сы­ның тұр­мыстық қажетіне жік­теп көрей­ік­ші: бұл сомаға не алуға болады? 

Егер дәл менің отба­сым тұрғы­сы­нан қарас­ты­ра­тын бол­сақ, Жара­ту­шы­ға мадақ, отба­сы­мы­здың лай­ы­қты өмір сүруіне мүм­кін­дік беретін табыст­а­ры­мыз бар, мем­ле­кет­тік жәр­дем­ге тәу­ел­ді емес­піз. Соның арқа­сын­да көмек­ке аса мұқтаж адам­дарға да қол ұшын бере ала­мыз. Ал көмек­ке мұқтаж көп бала­лы отба­сы­ла­ры­на келетін бол­сақ, бұл жағ­дай­ды Түр­кістан аумағы­ның тұрғы­ны, көп бала­лы жас ана Жады­ра­ның мыса­лын­да қарас­ты­рғым келеді. Ол тура­лы БАҚ осы жыл­дың басын­да жазған бола­тын. Оның айтуын­ша, күй­е­уінің тұрақ­сыз табыст­а­ры­на жал­да­ма­лы пәтер­де тір­шілік еткен және негіз­гі табыс көзі – бала­сын күту­ге беріл­ген жәр­де­мақы­ға күн­дерін көр­ген. Бола­шаққа деген сені­мі бол­маған және бала­сы бір жасқа толған­нан кей­ін жәр­де­мақы тоқ­та­са, әрі қарай қалай өмір сүретін­дерін еле­с­те­те де алмай­тын. Дәл осын­дай жағ­дай­ды Қаза­қстан­да мың­даған отба­сы басы­нан кешіп отыр. 

Деген­мен Жады­ра­ның жолы бол­ды, ол көз­ге түсті және оны жастар­дың Фору­мы­на шақыр­ды. Пре­зи­дент­тің алдын­да сөз сөй­ле­ген­нен кей­ін, бұл отба­сы­ның өмірі өзгер­ді – билік оларға пәтер сый­лап, көмек көр­сет­ті. Ал көп бала­лы отба­сы­лар­дың бәрі ел пре­зи­ден­тінің алды­на жете бер­мей­ді ғой: олар­дың өмірі сол қал­пын­да қал­ды. Осы­дан-ақ тұжы­рым жасай беріңіз.

Аста­на­дағы бір отба­сы­ның бес пері­ш­тесі өртеніп өлген қан­ды оқиға­дан кей­ін, елде әле­умет­тік жағ­дай­ы­на нара­зы көп бала­лы ана­лар қозға­лы­сы пай­да болға­нын білесіз. Бұл нара­зы­лы­қтың себеп-сал­да­рын сіз қалай түсін­діріп берер едіңіз?

Мен екі жыл бойы аза­мат­тар­дың әле­умет­тік қорға­лу дең­гей­інің тым төмен екеніне билік­тің наза­рын аудар­туға тыры­сып жүр­мін. Қоғам­дағы нара­зы­лы­қтың толғағы баяғы­да-ақ жет­кен. Бес күнәсіз пері­ш­те­лер­дің қай­ғы­лы қаза­сы, менің ойым­ша, ана­лар­дың бел­сен­ді әре­кет­ке баруы­на қозғау сал­ды. Әйел­дер қозға­лы­сы ұйым­да­сты­ры­ла баста­ды. Ана­лар­ды орны­нан қозғаған – әле­умет­тік әділет­сіздік. Ана­лар – алып күш, біздің қолы­мы­здан мәсе­лені орны­нан қозғал­ту келеді деген үміттемін. 

Ал әлем­де­гі мұнай өндіру­ші елдер­дің онды­ғы­на кіретін Қаза­қстан­да ана мен балаға қамқор­лық жаса­удың қан­дай мүм­кін­дік­тері бар екенін есеп­теп көр­діңіз бе?

 Қаза­қстан – тек мұнай өндіру­де ғана емес, соны­мен қатар басқа да табиғи қор­ла­ры бой­ын­ша көш­бас­шы­лар­дың онды­ғы­на кіреді. Солар тиім­ді пай­да­ла­ны­лып, ел игілі­гіне жұм­сал­са, әле­умет­тік сала­да бүгін­гі жағ­дай­ға тап бол­мас едік деп ойлай­мын. Жақын­да Лакш­ми Мит­тал­дың бір күн­де темір­та­улық «Кар­мет­тен» 893 000 тең­ге таза пай­да ала­ты­ны тура­лы оқы­дым! Сіз өзіңіз­ге бұл сома­ның қан­ша­лы­қты мол қар­жы екенін еле­с­те­те ала­сыз ба? Мұн­дай мол қар­жы­ға қан­ша­ма мұқтаж аза­мат­тарға көмек көр­се­ту­ге болар еді! 

Маған үкі­мет­тің ұста­ны­мын­да түсініксіз болған тағы бір мәсе­ле – елге қытай­лық инве­стор­лар­ды тар­тып, олар­дың қолы­на кен орын­да­рын табыст­ау және оған қоса олар­ды салы­қтан босатқа­ны. Біздің үкі­мет­тің форум­дар өткі­зу және шетел­дік ісса­пар үшін шетел­ден қарыз алуы да түсініксіз. Бұл неси­е­лер елі­мізді қары­зға одан сай­ын бел­ше­сіне баты­ра­ды емес пе? 

Мен Қаза­қстан­ның мүм­кін­дік­терін есеп­те­у­ге тыры­сқан жоқ­пын, бірақ анық білетінім: егер қар­жы көзі пай­да­сыз шара­лар­дың орны­на ел тұрғын­да­ры­ның әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­туға бағыт­тал­са, онда бүгін­гі тап болған әле­умет­тік әділет­сіздік мәсе­ле­лері алды­мы­здан шық­пас еді. Қаза­қстан­ды­қтар сән-сал­та­нат­ты өмір сүріп, елін сүй­іп, елі­нен безіп кету­ге тыры­спас еді.

Рах­мет, Әлия ханым! Отба­сы­ңы­зға аман­дық тілейміз! 

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн