Понедельник , 5 мая 2025

Әрбір қадам халықтың көңілінен шығуы тиіс!

– Нұр­гүл Тауқы­зы, бірін­ші кезек­те депу­тат­тық, заң шыға­ру­шы­лық қыз­метіңіздің ерекшелік­тері жай­ын­да айт­саңыз. Заң жоба­ла­ры қалай, қай тіл­де және кім­дер тара­пы­нан дай­ын­да­ла­ды? Неге олар­дың қазақ және орыс тілін­де­гі нұсқа­ла­рын­да айыр­ма­шы­лы­қтар кез­де­седі? Заң­дар­ды о бастан мем­ле­кет­тік тіл­де жазып, қабыл­да­уға не кедергі?

– Ең алды­мен сұх­бат алуға ниет біл­дір­ген редак­ция ұжы­мы­на алғыс айта­мын. «Дат» газетін талай шығар­ма­шы­лық қиын жол­дар­дан өткен, медиа әлем­де өзін­дік орны бар басы­лым деп біле­мін. Ал енді сіздің сау­а­лы­ңы­зға келер бол­сақ, қол­да­ны­стағы заң­на­маға сәй­кес Қаза­қстан­да Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, Үкі­мет, олар­мен келі­се оты­рып, өзге де мем­ле­кет­тік орган­дар, ұйым­дар және аза­мат­тар Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің тап­сыр­ма­сы неме­се Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің тап­сыр­ма­сы­на негіз­дел­ген Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гі Бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің заң шыға­ру баста­ма­сы тәр­тібі­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тінің Мәжілісіне енгізілетін заң жоба­ла­ры­ның әзір­ле­ушілері бола ала­ды. Соны­мен бір­ге Пар­ла­мент депу­тат­та­ры Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті депу­тат­та­ры­ның заң шыға­ру баста­ма­сы тәр­тібі­мен дай­ын­да­ла­тын заң жоба­ла­ры­ның әзір­ле­ушілері болып саналады.

Заң жоба­ла­рын әзір­леу тәр­тібі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Құқы­қтық актілері тура­лы» заңы­мен рет­те­леді және бекітіл­ген талап­тар бой­ын­ша олар­дың мәтiнi әде­би тiл нор­ма­ла­ры, заң тер­ми­но­ло­ги­я­сы мен заң тех­ни­ка­сы сақта­ла оты­рып жазы­ла­ды, оның ере­же­лерi барын­ша қысқа болуға, нақты мағы­на­ны және әртүр­лi түсiн­дiру­ге жат­пай­тын мағы­на­ны қам­туға тиiс.

Бұдан басқа, қазақ және орыс тіл­дерін­де­гі заң жоба­ла­ры­ның мәтін­дері тең түп­нұсқа­лы болуға тиіс.

Заң жоба­ла­ры­ның қазақ және орыс тілін­де­гі нұсқа­ла­рын­да айыр­ма­шы­лы­қты бол­дыр­мау мақ­са­тын­да Пар­ла­мент Мәжілісін­де заң­на­ма, редак­ци­я­лау және сарап­та­ма бөлім­дері бақы­лау жасап оты­ра­ды. Айыр­ма­шы­лық аны­қталған кез­де олар дереу рет­ке келтіріледі.

Сон­дай-ақ Пар­ла­мен­та­ризм инсти­ту­ты деген дер­бес меке­ме де заң сапа­сы мен оның аудар­ма сәй­кест­і­гін, құқы­қтық маңы­зын сара­лай­ды. Мем­ле­кет­тік тіл­де заң жоба­ла­рын жасақтау про­цесі әлі де жетіл­діруді қажет ете­ді. Шынын­да да, кей­бір заң нор­ма­ла­ры мем­ле­кет­тік тіл­де басқа­ша, ресми тіл­де басқа­ша қол­да­ны­ла­ты­ны айты­лып жүр. Демек, бұл тек мем­ле­кет­тік тіл­дің мәсе­лесі емес, бұл ең жоға­ры санай­тын адам құқы­қта­ры­ның сақта­луы­на да кері әсерін тигізіп отыр деген сөз. Жал­пы, бұл жұмысты жүй­елі және сапа­лы атқа­ру үшін, құқы­қтық тер­мин­дер тіз­бе­гін бекіту, ол тер­мин­дер­дің мағы­на­сы мен мәнін жоға­ры­да аталған заң шыға­ру баста­ма­сы­на ие орган­дар­дың заң­гер­лерін оқы­ту, қол­да­ны­стағы заң­на­ма­ның мән-мағы­на­сын толық зер­де­леу секіл­ді жұмыстар жүруі тиіс деп есеп­тей­мін. Жал­пы, мем­ле­кет­тік, яғни қазақ тілін­де заң жоба­ла­рын әзір­ле­у­ге және қабыл­да­уға ешқан­дай кедер­гі жоқ. Деген­мен бұл жұмыс мен атап өткен жұмыстар­мен қатар жүруі керек деген ойдамын.

 – Адам­заттың бола­шағы, соның ішін­де Тәу­ел­сіз Қаза­қста­ны­мы­здың бүгіні мен ертеңі тіке­лей білім сала­сы­на бай­ла­ны­сты екені анық. Елі­міз­де­гі білім сала­сы­ның қазір­гі жағ­дайы жөнін­де не айтар едіңіз? Сала­дағы кем­шілік­тер­ді жою, жас ұрпаққа тия­нақты білім беріп, олар­ды шын мәнін­де­гі отан­шыл, мем­ле­кет­шіл тұлға етіп тәр­би­е­леу үшін не істеу қажет?

– Қазір­гі таң­да ел өмірінің қай сала­сын алсақ та, про­бле­ма­лық мәсе­ле­лер жет­кілік­ті. Оның ішін­де білім, ада­ми капи­тал­дың дамуы эко­но­ми­ка­ның өсуіне өзін­дік ықпа­лын тигі­зетін маңы­зды сала­лар­дың бірі.

Өкініш­ке қарай, елде­гі апат­ты жағ­дай­дағы білім орда­ла­ры, үша­уы­сым­дық мек­теп­тер, білім беру ұйым­да­ры­ның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­ды­қта­луы­ның төмен­ді­гі, білік­ті кадр­лар­дың тап­шы­лы­ғы, сапа­сыз оқулы­қтар, ауыл мен қала ара­сын­дағы білім дең­гей­інің алшақты­ғы секіл­ді бір­не­ше жыл­дан бері қор­да­ла­нып қалған про­бле­ма­лық мәсе­ле­лер білім сапа­сы­на кері әсерін тигізуде.

Бұған дей­ін­гі жыл­дар­да жүр­гізіл­ген халы­қа­ра­лық зерт­те­улер­дің қоры­тын­ды­ла­ры­на сүй­ен­сек, Қаза­қстан білім сапа­сы жөні­нен орта­дан төмен деңгейде.

Деген­мен, жағ­дай­ды жақ­сар­ту үшін Үкі­мет тара­пы­нан іргелі шара­лар қабыл­да­ну­да. Өздеріңіз­ге бел­гілі, мем­ле­кет бас­шы­сы 2019 жылы қыз­метіне кіріс­кен сәт­те ел тарихын­да тұңғыш рет ұста­здар­дың Тамыз кеңесіне қаты­сып, білім мен ғылым­ды дамы­ту бой­ын­ша нақты тап­сыр­ма­лар жүк­те­ді. Педа­гог­тар­дың айлық ақы­сы­ның кезең-кезеңі­мен бір­не­ше есе өсуі, ғылым мен білім­ге жау­ап­ты мини­стр­лік­тер­дің өз алды­на орта­лық орган болып құры­луы, бір кез­дері қара­у­сыз қалған Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның қай­та­дан мем­ле­кет қара­уы­на өтуі – осы тап­сыр­ма­лар ізі­мен істеліп жатқан жұмыстар­дың бір бөлі­гі ғана.

Алы­сқа бар­май-ақ, қазір жүзе­ге асып жатқан «Жай­лы мек­теп» жоба­сын бөлек айтуға бола­ды. Білім беру сала­сын­дағы ұлт­тық жобаға сәй­кес, 2026 жылға дей­ін қала­лар­да және бел­сен­ді дамып келе жатқан (пер­спек­ти­ва­лы) елді мекен­дер­де оқу­шы орын­да­ры­ның қазір­гі және болжам­ды тап­шы­лы­ғын жабу үшін жет­кілік­ті көлем­де, кемін­де 800 мың (екі ауы­сым­да оқы­ту) оқу­шы­ға арналған жаңа мек­теп салу жұмысы бастал­ды. Бұл білім ошақта­рын салу үшін арнайы қор құры­лып, оған сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыста­ры бой­ын­ша тәр­кі­лен­ген қар­жы жина­ла­тын бол­ды. Бұл арнайы заң­на­ма­лық нор­ма­лар­мен айқын­далған үлкен рефор­ма десек, артық айтқа­ны­мыз болмас.

«Жай­лы мек­теп» жоба­сы – елі­міз­де бұрын бол­маған үлкен жоба, маңы­зы жоға­ры меже. Сон­ды­қтан да бұл мәсе­ле мем­ле­кет бас­шы­сы­ның, Пар­ла­мент Мәжілісінің, өзге де құзыр­лы орган­дар­дың жіті бақылауында.

Соны­мен бір­ге елі­міз­де «Білім­ді ұлт» сапа­лы білім беру» ұлт­тық жоба­сы іске асы­ры­лу­да. Жоба бой­ын­ша білім берудің бар­лық дең­гей­ін­де тың өзгерістер күтілуде.

Білім­ге қаты­сты мәсе­лені көте­ру, оның шешілуіне ықпал ету, бағ­дар беру – Пар­ла­мент­те­гі «Respublica» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның негіз­гі жұмыста­ры­ның бірі. Жуыр­да білім сапа­сын көте­ру мәсе­ле­леріне қаты­сты заң­на­маға өзгерістер енгі­зу жұмыста­ры жүр­гізілетін болады.

– Мем­ле­кет бас­шы­сы «Күшті Пре­зи­дент, Ықпал­ды Пар­ла­мент, Есеп беретін Үкі­мет» фор­му­ла­сын ұста­на­ды. Осы тұрғы­да бүгін­гі Сіз мүше болып оты­рған Пар­ла­мент қан­ша­лы­қты ықпал­ды? Үкі­мет атқа­ры­лған жұмыста­ры­на қан­ша­лы­қты есеп беріп отыр?

– Ең алды­мен Кон­сти­ту­ци­я­ның 49-бабы­ның 1‑тармағына тоқталғым келеді. Оған сәй­кес, Пар­ла­мент рес­пуб­ли­ка­ның заң­на­ма­лық функ­ци­я­сын жүзе­ге асы­ра­тын жоға­ры өкіл­ді орга­ны болып табы­ла­ды. Оның негіз­гі құзы­реті – халы­қтың еркін заң­на­ма­лық актілер­де жүзе­ге асыру.

Пар­ла­мент­тің ықпа­лын күшей­ту мақсатында:

Бірін­ші­ден, ара­лас сай­лау жүй­есін енгі­зу және Мәжілістің өкілет­ті­гін күшей­ту жолы­мен заң шыға­ру­шы орган­ды жетіл­ді­ру жұмыста­ры жүр­гізіл­ді. Нәти­же­сін­де жаңа ара­лас сай­лау моделі сая­си әртүр­лілік­тің кеңді­гін қам­та­ма­сыз етті. 70% про­пор­ци­о­нал­ды жүйе арқы­лы Мәжіліс­ке «AMANAT» пар­ти­я­сы­нан – 40 депу­тат, «Ауыл» халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық пат­ри­от­тық пар­ти­я­сы­нан – 8 депу­тат, «Respublica» пар­ти­я­сы­нан – 6 депу­тат, «Ақ жол» Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­нан – 6 депу­тат, Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы­нан – 5 депу­тат, Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­ядан – 4 депу­тат сай­лан­са, 30% мажо­ри­тар­лық жүйе арқы­лы 29 депу­тат бір­ман­дат­тық аумақтық сай­лау округ­тері бой­ын­ша сайланды.

Екін­ші­ден, Сенат­тың заң­дар­ды қабыл­дау жөнін­де­гі өкілет­тік­терін қай­та қарау жолы­мен «Мәжіліс – қабыл­дай­ды, Сенат – мақұл­дай­ды» фор­му­ла­сы бой­ын­ша елі­міздің жоға­ры өкіл­ді және заң шыға­ру­шы орга­нын жетіл­ді­ру жүр­гізіл­ді. Бұл заң жоба­ла­ры­ның сапа­сын арт­ты­руға және пала­та­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гін күшей­ту­ге мүм­кін­дік берді.

Үшін­ші­ден, Пар­ла­мент­тің рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті сапа­лы іске асы­ру­дағы рөлі күшей­тіл­ді. Бұл рет­те Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ны құру және Пала­та төраға­сы­ның Мәжіліс депу­тат­та­ры­на жылы­на екі рет есеп беру мін­деті уақты­лы болып табылады.

Бұдан басқа, апта­сы­на бір рет Мәжілі­сте Үкі­мет саға­ты өте­ді, Үкі­мет мүше­лері атқа­ры­лған жұмыста­ры тура­лы Мәжіліс депу­тат­та­ры­ның алдын­да есеп береді.

– Сіз – елі­міз­де­гі ең жас және жастар­дың «Рес­пуб­ли­ка» пар­ти­я­сы аты­нан депу­тат болып сай­ланға­ны­ңы­зды біле­міз. Қазір, жаңа ғана өзіңіз айтқан­дай, Мәжілі­сте басқа да бір­не­ше пар­ти­я­ның өкіл­дері бар. Олар­дың заң шыға­ру­шы­лық қыз­мет­те­гі орны мен маңы­зы тура­лы не айтар едіңіз? Жал­пы пар­ти­я­лар ара­сын­да қан­дай да бір пікір­та­лас, өздерінің ұста­ным­да­рын дәлел­деу деген бар ма?

– Иле­гені­міз – бір терінің пұшпағы демек­ші, Мәжілі­стен орын алған 6 пар­ти­я­ның депу­тат­та­ры бір-бірі­мен тығыз бай­ла­ны­ста жұмыс атқа­ра­ды. Әр пар­ти­я­ның мүше­лері Мәжілістің Аграр­лық мәсе­ле­лер, Заң­на­ма және сот-құқы­қтық рефор­ма, Халы­қа­ра­лық істер, Қорға­ныс және қауіп­сіздік, Әле­умет­тік-мәде­ни, Қар­жы және бюд­жет, Эко­ло­гия мәсе­ле­лері және табиғат­ты пай­да­ла­ну, Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма және өңір­лік даму коми­тет­теріне бекітіл­ген. Бұдан басқа, заң жоба­ла­рын талқы­лау аясын­да өтетін жұмыс топ­та­ры­ның оты­ры­ста­рын­да, кон­фе­рен­ция, дөң­ге­лек үстел, диа­лог, кез­де­су шара­ла­рын­да әр депу­тат өз ойын ашық біл­діреді, өз ұсы­ны­ста­рын енгі­зеді. Бар­лы­ғы­ның мақ­са­ты – халық мүд­десіне сәй­кес келетін сапа­лы заң шыға­руға бел­сен­ді қаты­су және өзін­дік үлес қосу. Әрине, бел­гілі бір мәсе­ле­ге қаты­сты келіс­пе­ушілік туын­да­уы мүм­кін. Бұл рет­те шешім көп­шілік­тің дауы­сы­мен қабылданады.

Заң шыға­ру кезін­де әр пар­ти­я­ның өкіл­дері өзін­дік үлес қоса­ды, ұсы­ны­лған нор­ма­лар­ды қол­дай­тын­ды­ғы неме­се қол­да­май­тын­ды­ғы тура­лы пікір­лерін білдіреді.

– Қазақ қоға­мын­да күн тәр­тібін­де өткір тұрған мәсе­ле­лер­дің бірі де біре­гейі – мем­ле­кет­тік тіл мәсе­лесі. Менің ойым­ша, отан­шыл, мем­ле­кет­шіл, өз ұлты­ның мүд­десі үшін тап­жыл­май күре­сетін аза­мат­ты қалып­та­сты­ру – бірін­ші кезек­те осы мем­ле­кет­тік тіл­ге, түп­тің түбін­де қазақ тіліне келіп тіре­леді. Бұған қалай қарай­сыз және латын әріп­теріне негіз­дел­ген әлі­п­би­ге өту оған қан­ша­лы­қты әсер ете­ді деп ойлайсыз?

– Кез кел­ген мем­ле­кет өз елінің тілін дамы­туға бай­ла­ны­сты бар­лық жағ­дай­ды жасай­ды. Біздің елі­міз­де қазақ тілінің мәр­те­бесі Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда айқын­далған және мем­ле­кет­тік ста­тусқа ие. Мем­ле­кет­тік тіл – мем­ле­кет­тің тұтас аумағын­дағы заң­дық мәр­те­бесі басқа тіл­дер­ден ең жоға­ры бекітіл­ген тіл.

Қазір­гі таң­да елі­міз­де қазақ тілінің даму қарқы­ны жаман емес, мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ген аза­мат­та­ры­мы­здың да саны артып келеді.

Ал мем­ле­кеті­міздің латын әлі­п­биіне көшуі – ұлты­мы­здың тағ­ды­ры мен ертеңі үшін маңы­зды қадам бола­ры сөз­сіз. Латын әлі­п­биіне өту және бола­шақта оны қол­да­ну – ұлт­тық сана­мы­зды жаңғыр­туға, жаһан­дық әлем­мен және түр­кі халы­қта­ры­мен инте­гра­ци­яға жол ашады.

Бірақ біз бұған асы­қ­па­уы­мыз керек. Өткен жылы Пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев Ұлт­тық құры­л­тай­дың бірін­ші оты­ры­сын­да осы мәсе­ле­ге қаты­сты пікірін біл­дір­ген бола­тын. Мем­ле­кет бас­шы­сы тиісті әріп­тер­ді өзгер­ту арқы­лы кирил­ли­ца­дан латын әлі­п­биіне жасан­ды көшу­ге асы­қ­пау керекті­гін және бұл мәсе­ле­ге жан-жақты, терең тал­дау жүр­гізіп, түбе­гей­лі шешім қабыл­дау қажет­ті­гін атап өтті. Мен Пре­зи­дент­тің пікірін толық қолдаймын.

– Пре­зи­ден­ті­міз жари­я­лаған Әділет­ті мем­ле­кет, Бір­тұ­тас ұлт, Бере­келі қоғам болып қалып­та­су үшін не істе­уі­міз керек? Мұн­да зия­лы қауым, аза­мат­тық қоғам, жер­гілік­ті билік және Пар­ла­мент пен Үкі­мет­тің орны мен қыз­меті қан­дай болмақ?

– Бар­лық күш-жігері­мізді бірік­тіруі­міз қажет. Қаза­қстан қазір өзгеріс кезеңін­де тұр. Өткен жылы Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың Жол­да­уы елі­міз­де Әділет­ті мем­ле­кет, Бір­тұ­тас ұлт, Бере­келі қоғам құруға арнал­ды. Биы­лғы Жол­да­уын­да Мем­ле­кет бас­шы­сы елі­мізді дамы­ту­дың бес нақты бағ­да­рын айқын­дап бер­ді. Оның ішін­де жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат, нақты сек­тор­ды дамы­ту, ел бола­шағы­на арналған стра­те­ги­я­лық инве­сти­ция, заң және тәр­тіп – басым бағыт­тар болып белгіленді.

Бұл мақ­сатқа жету үшін зия­лы қауым, аза­мат­тық қоғам, жер­гілік­ті билік, Пар­ла­мент пен Үкі­мет өз дең­гей­ін­де сапа­лы жұмыс атқа­руы керек. Мәжіліс депу­та­ты ретін­де алды­мы­зға қой­ы­лған мін­дет­тер­ді орын­дау үшін аян­бай еңбек ету­ге дай­ы­н­мын. Ең басты­сы – жаса­ла­тын әрбір қадам халы­қтың көңілі­нен шығуы тиіс! Бұл Қаза­қстан аза­мат­та­рын жаңа жетістік­тер­ге шабыт­тан­ды­рып, ертең­гі күн­ге сенім­ділік ұяла­та­ты­ны сөзсіз.

– Мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан халқы­на кезек­ті Жол­да­уын жари­я­ла­ды. Онда екі нәр­се – жаңа эко­но­ми­ка­лық жүй­е­ге көшетіні­міз және кадр тап­шы­лы­ғы жөнін­де ерекше айтыл­ды. Үкі­мет­тің құры­лы­мы айтар­лы­қтай өзгеріс­ке ұшы­ра­ды, бірақ жаңа­дан кел­ген ешкім жоқ. Бұл екі мәсе­ле – бір-біріне қай­шы емес пе? Жол­да­уда жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді уақты­лы орын­да­уға жаңа құрам қан­ша­лы­қты қауқарлы?

– Пре­зи­ден­ті­міздің таң­да­уы­на күмән кел­тіретін ешқан­дай себеп жоқ. Үкі­мет­тің құра­мы­на өз ісінің маман­да­ры, мем­ле­кет­тік басқа­ру­да тәжіри­бесі мол аза­мат­тар кел­ді. Жаңа құрам­дағы Үкі­мет­тің Жол­да­уда қой­ы­лған мін­дет­тер­ді орын­дау жұмысы­на баға беру­ге әлі ерте. Оны уақыт көр­се­те­ді. Деген­мен, Үкі­мет Жол­дау бой­ын­ша жұмыс жос­па­рын бекітіп, сала-сала бой­ын­ша мақ­сат-меже­лерін айқын­дап алды. Жал­пы, мем­ле­кет бас­шы­сы­ның биы­лғы Жол­да­уы жыл­дағы­дай ұзақ мерзім­ге емес, 2–3 жыл­дық мерзім­ге арналған іргелі баста­ма­лар­ды қам­ти­ды. Сол себеп­ті біз онда айты­лған бар­лық баста­ма­лар­дың Үкі­мет дең­гей­ін­де орын­да­луын өз құзы­реті­міз шең­берін­де жіті бақы­лай­тын бола­мыз және заң­на­ма­лық тұрғы­дан қол­дау көр­се­ту­ге дайынбыз.

– Онсыз да қауырт уақты­ңы­зды бөліп, оның үстіне қоғам­да әрқа­лай қабыл­да­на­тын «Дат» газетіне еш екі­лен­бес­тен сұх­бат бер­геніңіз­ге редак­ция ұжы­мы мен оқыр­ман­дар аты­нан алғыс біл­діре­міз! Ел игілі­гі жолын­дағы депу­тат­тық қыз­метіңіз­ге мол табыст­ар тілейміз!

Сұх­бат­тасқан

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ,

Республиканский еженедельник онлайн