Суббота , 5 июля 2025

ӨМІРДЕГІ өкініштер мен ҚЫЗЫҚТАР

Кей­ін­гі жыл­да­ры «Өмір–өзен» деген атпен сегіз ән жари­я­ла­нып­ты. Бұл ән осы­дан 48 жыл бұрын дүни­е­ге кел­ген. Сөзін жазған мен бол­сам, әнін шығарған Шәм­ші Қал­да­яқов еді.

Ескен­дір Хасанға­ли­ев еке­уміз 1979 жылы бір­лесіп, «Айна­лай­ын» деген халы­ққа кең тараған ән жазған­быз. Қазір бір­не­ше «Айна­лай­ын» деген ән сал­та­нат құрып тұр. Әнді нотаға түсі­ру және оқу жағы­нан ең төмен­нен санаған­да бірін­ші орын алсам да, әнін де, сөзін де өзім жазған, бір кез­де­гі тың­дар­ман­дар­дың құр­метіне бөлен­ген «Жұбай­лар жыры», «Гүл­дәу­рен», «Мен саған ғашық едім», «Қазақ дастар­ха­ны», «Қазақ тілі», «Туған күн кешін­де» атты әндерім бар-тын. Бүгін­гі таң­да нақ осын­дай атпен бір­не­ше әндер орын­да­лып жүр. Өткен жылы менің «Туған күн кешін­де» деген әнім­ді ән орын­дау жағы­нан бүкіл дүние жүзін­де тең­десі жоқ абы­рой биі­гіне көтеріл­ген Димаш Құдай­бер­ген­нің қазақ, ағы­л­шын тілін­де орын­даға­нын көріп, жұрт­тың көбі сүйсінді.

Тағы бір қызық оқиға. «Туған күн кешін­де» атты әнім­ді Қытай елін­де тұра­тын саны 20 мил­ли­он­нан астам ұйғыр халқы­ның бір өкілі ұрлап алып, өз әні етіп жіберіп­ті. Аз жыл­да ән ұйғыр бауыр­ла­ры­мы­здың ең көп айты­ла­тын сүй­ік­ті әніне айна­лып­ты. Сол өлке­де­гі менің бір жана­шы­рым: «Бұл не масқа­ра, ұры жігіт ән авто­ры­нан бүкіл халық алдын­да кешірім сұра­ма­са, халы­қа­ра­лық сотқа шағым­да­на­мыз!» – деп айқай көтеріп­ті. Қытай­дағы Үрім­ші қала­сын­да теле­ар­на­дан көр­сетіл­ген менің үлкен ән-жыр кеші­ме әлгі жігіт арнайы келіп, «Туған күн кешін­де» әнін ұйғыр тілін­де нақы­шы­на кел­ті­ре орын­дап, менен және тың­дар­ман­дар­дан кешірім сұрады. 

Ән – қысқа ғана дүние. Оның тақы­ры­бын ұрлап, ән шыға­ру –қыл­мысқа бара­бар іс. 

Жан­күй­ер­лерім­нің бірі – Сәу­ле Ахме­то­ва Алма­ты­дағы Қаза­қстан автор­ла­ры қоға­мы­на барып, жоға­ры­да аталған әндер­ді тек­серт­кен екен – маған бір тиын қала­мақы түс­пеп­ті. Бәрі кей­ін­гі тақы­рып ұрлаған адам­дар­дың қал­та­сы­на құйылыпты. 

Менің жан аяс­пас аға-досым Шыңғыс Айт­ма­тов болға­нын сол кез­де­гі жұрт­тың бәрі біледі. Еке­уміз бір­лесіп, «Құз басын­дағы аңшы­ның зары» («Ғасыр айы­ры­ғын­дағы сыр­ла­су») атты кітап жазған­быз. Бұл кітап дүние жүзінің бар­лық басты тіл­деріне аударылды. 

Ш.Айтматов шығар­ма­ла­ры әлем­нің 191 тілін­де жари­я­ла­нып­ты. Көзі тірі шағын­да ғалам­ның осын­ша­ма көп тіліне ауда­ры­лған Айт­ма­то­втан өзге ешкім жоқ екен. Ал мен әлем­нің 120-ақ мем­ле­кетінің сый­лы­қта­рын алып­пын. Әр мем­ле­кет үш-төрт сый­лы­қтан беріп­ті. Бұған қоса Аме­ри­ка, Англия, Фран­ция, Гер­ма­ния, Жапо­ния, Ресей, Укра­и­на, Монғо­лия, Түр­кия, Пәкістан, Қырғыз­стан, Әзір­бай­жан, Өзбек­стан және басқа да мем­ле­кет­тер мені ғылым док­то­ры, про­фес­со­ры, ака­де­ми­гі атақта­ры­мен мара­пат­тап­ты. Алған сый­лы­қта­рым­ның бәрін сана­сақ, бір­не­ше мыңға жетіп қала­ды екен. 

Көп жыл бұрын Қаза­қстан маған «Халық қаһар­ма­ны» атағын бер­ген­де: «Бұл күн­де елі­міз­де­гі түр­ме­де шіру­ге тиісті кез кел­ген ұры­ның ең кем деген­де екі орден, үш медалі бар. Солар­дың қата­рын­да жүр­гім кел­мей­ді!» деп атақтан бас тар­тқа­ным­ды сол кез­де­гі жұрт­тың көбі біледі. 

Шыңғыс Айт­ма­то­втың о дүни­е­ге аттанға­ны­на 10 жыл­дан асып бара­ды. Өткен жылы Қырғыз­стан аста­на­сы Біш­кек қала­сын­да Ш.Айтматовтың 90 жыл­ды­ғы­на орай оты­зға жуық мем­ле­кет­тер­дің өкіл­дері қаты­сқан үлкен жиын бол­ды. Сол жиын­да жасаған баян­да­мам­да мен Ш.Айтматовтың кей­ін­гі әйелі Мари­ям­ның пен­де­шілі­гіне айры­қ­ша тоқталдым. 

Ш.Айтматов еке­уміз бір­лесіп жазған «Құз басын­дағы аңшы­ның зары»… атты кітап­тың қырғыз­ша шыққан нұсқа­сын­да да және Айт­ма­то­втың 9 том болып орыс­ша басы­лған шығар­ма­лар жинағы­на енген біздің ортақ еңбе­гі­міздің 25 парағы, яғни Айт­ма­то­втың ерекше қадір тұтқан ғашы­ғы, қатер­лі ісік­тен көз жұмған Бүбі­са­ра тура­лы айтқан­да­ры, әрі оны еке­уміздің бір­лесіп талқы­лаған­да­ры­мыз түгел алы­нып тасталған. Ең қызы­ғы, Ш.Айтматовтың музей­ін­де де, тіп­ті туған үйін­де де, еке­уміз бір­ге түс­кен жүз­ден астам сурет­тер­дің бірі де қой­ыл­маған. Егер Мари­ям мұны Айт­ма­то­втың тірі кезін­де жаса­са, әңгі­ме басқа. «Осын­дай пен­де­шілі­гі үшін Мари­ям және оның кен­же ұлы Эль­дар халық алдын­да кешірім сұра­ма­са, кітап иесі қос автор­дың бірі ретін­де халы­қа­ра­лық сотқа шағым­да­на­мын!» деп мәлімдедім. 

Қырғыз­стан рес­пуб­ли­ка­сы­ның қазір­гі пре­зи­ден­ті Сооран­бай Жээн­бе­ков ерекше аза­мат­тық мінез көр­сетіп, мені қол­дап сөй­леп, Мари­ям­ның пен­де­шілі­гін сынға алды. 

2015 жылы Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Шан­хай қала­сын­да 150-ге жуық мем­ле­кет­тер­дің өкіл­дері қаты­сқан халы­қа­ра­лық кітап жәр­мең­кесін­де қытай тіліне Қай­ша Тәбәрікқы­зы аударған «Құз басын­дағы аңшы­ның зары» («Ғасыр айы­ры­ғын­дағы сыр­ла­су») «ХХІ ғасыр­дың ең озық, пара­сат­ты кіта­бы» деген атаққа ие бол­ды. Бірақ бұл тура­лы Қаза­қстан­ның бір­де-бір бас­пасөзі, теле­ар­на­сы жұмған аузын ашқан жоқ. Баз­біре­улер өзі туған кіш­кене аудан­ның «Құр­мет­ті аза­ма­ты» атан­са, оны бас­пасөз де, теле­ар­на­лар да жары­са хабарлайды. 

Менің өте үлкен «кем­шілі­гім» бар. Ол қан­дай «кем­шілік?». Ол – ешкім­нің бет-жүзіне қара­май, шын­ды­қты айтып сала­ты­ным. Бас­шы­лар­дың бірінің: «Бас­пасөз­де, теле­ар­на­лар­да М.Шахановтың есі­мін және оның атқарған істерін атап көр­се­ту­ге қатаң тый­ым салы­на­ды!» деген жасы­рын тап­сыр­ма­сы бар. Яғни, мен өз елім­де Кеңе­стер Одағы кезін­де­гі «халық жауы» деп баға­ланған адам­дар секілдімін. 

Енді 2007 жылы 2 мыңға жуық адам қаты­сып, Біш­кек қала­сын­да Ш.Айтматов еке­уміз­бен өткен үлкен кез­де­су­де айтқан және бас­пасөз­де жари­я­ланған Шыңғыс Айт­ма­то­втың мына сөзіне назар бұрып көріңіздерші: 

Мұх­тар Шаха­но­втың өлең­мен жазы­лған «Өрке­ни­ет­тің ада­суы» және «Жаза­гер жады кос­мо­фор­му­ла­сы» («Шыңғыс­хан­ның пен­делік құпи­я­сы») атты роман­да­рын ЮНЕСКО «Әлем­дік поэ­зи­я­ның осыза­ман­дық биі­гі деп баға­ла­ды». Бір шығар­ма­ның өзіне оты­зға, қыры­ққа жуық роман­дар­дың оқиға­сын шебер­лік­пен сый­ды­рған бұл туын­ды­лар тура­лы аз уақыт ішін­де Гер­ма­ни­яда 400-ден астам биік маз­мұн­ды мақа­ла­лар шыққа­нын, тіп­ті «Жаза­гер жады кос­мо­фор­му­ла­сы»… атты рома­нын неміс ағай­ын­дар­дың Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­нға­нын жұрт­тың көбі біле бер­ме­уі мүмкін. 

Жасы­рып қай­те­міз, ЮНЕ­СКО-да М.Шаханов шығар­ма­шы­лы­ғы­на арналған, мен баян­да­ма жасаған үлкен жиы­нға 9 Нобель сый­лы­ғы­ның мүше­лері келіп қаты­сып отыр­ды. Сон­да олар­дың бірі Шаха­но­вқа жақын­дап, аудар­ма­шы арқы­лы: «Біз сіз­ге Нобель сый­лы­ғын беруді шешіп қой­дық!» деді. М.Шахановтың қасын­да Қаза­қстан­ның Фран­ци­ядағы елшісі оты­рған. Ол болған әңгі­мені сол кез­де­гі бас­шы­лар­дың біріне жет­кізіп­ті. Олар «Жаза­гер жады кос­мо­фор­му­ла­сы»… рома­ны­на бай­ла­ны­сты 80 газет­ті жап­ты. Шыңғыс­хан­ның қазақ екен­ді­гі, оған Шаха­но­втың жала жауып оты­рған­ды­ғы жай­лы мақа­ла­лар қап­та­ды. Сол кез­де мен: «Бұл әлем­дік дең­гей­де мой­ын­далған шығар­ма ғой» деп, Шаха­но­вты қорғап мақа­ла жазып едім, бүкіл Қаза­қстан газет­тері маған жабыл­ды. Мен жазу­шы емес екен­мін, ала­яқ екен­мін, шығар­ма­ла­рым­ның көп­шілі­гін қазақ жазу­шы­ла­ры­нан ұрлаппын…

Сол кез­де­гі мені, Шаха­но­вты жаман­даған және Қасым Қай­се­но­втен, Сафу­ан Шай­мер­де­но­втен бастап бізді қорғаған, қол­даған қалам­гер­лер­дің, қоғам қай­рат­кер­лерінің мақа­ла­ла­рын жинақ­та­сақ, қар­ны қабақтай 25 том­нан аса­ды екен. Тек қазақ, орыс тіл­дерін­де бас­пасөз­де Мұх­тар Шаха­но­втың «Жаза­гер жады кос­мо­фор­му­ла­сы»… атты рома­нын дат­тап неме­се қорғап, мақтап, 52 мың 700 адам пікір біл­дір­ген екен. Мен Мұх­тарға «Бүкіл жер шарын­да дау мен дақ­пырт­тың, жала­ның астын­да қалған, саған ұқсас бір­де-бір ақын, жазу­шы жоқ шығар…» дегенім бар. Бұл айна-қатесіз ащы шын­дық…
Шыңғыс Айт­ма­тов.

Ерте ме, кеш пе, жұрт білу­ге тиісті менің өмірім­нің осын­дай өкіні­шті әрі қызық тұста­ры бар…

Республиканский еженедельник онлайн