Четверг , 3 июля 2025

ӨНЕР ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

Шар­хан ҚАЗЫҒҰЛ

Өнер­дің қиын жол екенін түсін­ген екі адам бол­са, соның бірі Све­та Айт­ба­е­ва дер едім. Ғажап дау­сы бола тұра, сахнаға өлер­мен­дік­пен ұмтыл­ма­ды. Өзі­нен де мықты бала­ның өсіп келе жатқа­нын көр­ді. Көзі бар екен. Жоқ, ұяты бар екен. Дима­шын бау­луға бар күшін сал­ды. Кәсі­би білім­нің тереңіне батыр­ды. Алы­сты болжай­тын адам өзінің ән салға­нын ойла­май­ды, өзі­нен мықты­ның өсіп-жетіл­генін қалайды.

Мықты инве­стор өзінің бола­шағын да, өнер­дің бола­шағын да осы­лай құтқа­рып қала­ды. Ертең осы отба­сы мил­ли­ар­дер болып жат­са, өз басым таңқал­май­мын. Өйт­кені мұны олар ширек ғасыр бұрын ойла­сты­рып қойған.

***

Қазір­гі әншілер­дің сөзі мен ісінің ара­сын­да алшақты­қтық көп. Басым көп­шілі­гінің дегенім дұрыс болар. Сұх­бат беріп оты­рған­да бірінің аузы­на бірі түкіріп қой­ған­дай: «Өнер жолы – қиын жол» деп сай­рай­ды да оты­ра­ды. Күл­кім келеді.

Солар­дан сұх­бат алып жүр­ген жур­на­ли­стер­дің біре­уі менің ойым­дағы сұрақты қой­май жүр­геніне қар­ным аша­ды: «Ойбай-ау, қиын бол­са, балиғатқа жет­пе­ген бала-шаға­ла­рың мен іні-қарын­даста­ры­ң­ды, одан қал­ды әйел­деріңді сахна мен темір жәшік­ке неге тық­па­лай бересің­дер?! Аямай­сы­ң­дар ма жақын­да­ры­ң­ды?! Құтқа­ру керек емес пе олар­ды қиын жол­дан?! Өзің кеш­кен қиын­шы­лы­қты неге оларға көр­сет­кің келеді?!».

Шынын­да да, қазір әншілік «отба­сы­лық мер­ді­гер­лік­ке» айна­ла баста­ды. Осы­ның кесірі­нен әншілік өнер болу­дан қалып бара­ды. Кәсіп­ке айнал­ды. Ол – ешқан­дай да қиын жол емес. Қиын жол бол­са, елдің бәрі әнге қарай жүгір­мес еді. «Отба­сы­лық мер­ді­гер­лік­тің» бүгін­гі ұра­ны – «Фоно­грам­ма бәрін алып шыға­ды». Атаққа да, ақшаға да оңай жетудің жолы әншілік болға­нын қазір емшек­те­гі бала да біледі.

Деген­мен, әншілік­тің үлкен өнер екенін өз басым жоққа шыға­ра алмай­мын. Иә, әншілік өнер­дің жолы – қиын жол. Әрине, жоға­ры­дағы­дай жол­ды айна­лып өтіп әнші болған­да­ры­нан басқа­ларға. Нағыз қиын жол деп Димаш Құдай­бер­ген­нің жолын айтуға бола­ды. Арза­нқол әншілер­дің бәрі көңіл жық­пай­тын қаза­қты бет­пақты­ғы­мен өзіне қара­тып алды. Ал Димаш бізді білі­мі­мен бағындырды.

Егер мен де «қиын жол­да» ән айтып жүр­ген адам бол­сам, Дима­штан кей­ін сахнаға шыққан­ды бір­жо­ла­та қояр едім. Адам өзінің боқ сасып қалға­нын мой­ын­даға­ны да – бір ерлік.

***

Тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры қаза­қтың көп­те­ген бел­гілі сурет­шілері өз жұмыста­рын Алма­ты­дағы Арбат­та сатып тұра­тын. Бұл – әрине, жабайы капи­та­лиз­мнің бір деталі екеніне ешкім­нің дауы жоқ. Шынын­да да, күні бүгін­ге дей­ін Қаза­қстан­да арт-рынок дамы­ды деп айта алмай­мыз. Қаза­қстан тұр­мақ, Ресей­дің өзін­де бұл биз­нес енді-енді аяғы­нан тұрып келеді. Қазір­гі заманғы әлем­дік өнер нары­ғы­ның 78 пай­ы­зын Қытай мен АҚШ құрап оты­рға­ны жасы­рын емес. Мил­ли­ард­таған дол­лар осы екі елде айна­лып жатыр.

Ал біз­де арт-рынок әлі де әле­умет­тік-мәде­ни құбы­лыс ретін­де мой­ын­дал­май оты­рға­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Оның объ­ек­тив­тік және субъ­ек­тив­тік себеп­тері өте көп. Бірін­ші­ден, осы бағыт­тағы заң­на­ма­мыз өте төмен дең­гей­де. Екін­ші­ден, мем­ле­кет тара­пы­нан өнер адам­да­ры әле­умет­тік тұрғы­дан қорғал­май­ды. Үшін­ші­ден, тау­ар­ды (өнер туындыс­ын) өткі­зудің нары­қтық тех­но­ло­ги­я­сын мең­ге­ру жағы әлі мардымсыз.

Осын­дай қиын­ды­қтарға қара­ма­стан, туған інім, бел­гілі сурет­ші, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Алпы­с­бай Қазы­ғұ­лов бір ерлік жасаға­нын мақта­ны­шпен айта­мын. Алма­ты­дағы «Заңғар» сауда орта­лы­ғы­нан өзінің жеке арт-гале­ре­я­сын ашып, оның тұса­у­ке­серін сәт­ті өткізді.

Осы күн­ге дей­ін өзі 7 мың­нан астам кар­ти­на жазып, басқа бел­гілі сурет­шілер­дің жүз­де­ген кар­ти­на­ла­рын сатып алып, қомақты кол­лек­ция жинап үлгер­ген Алпы­с­бай осы­лай­ша Қаза­қстан­да арт-рын­ок­тың дамуы­на өз үлесін қосып отыр.

Бұл айтқанға ғана оңай. Мұның бәрі тыным­сыз еңбек пен ізденістің арқа­сын­да кел­ді. Арт-рынок тарихы­ның баста­уын­да тұрған Алпы­с­бай­дың бұл қада­мы үшін ерекше қуанға­ным­ды жасы­рғым келмейді.

Алма­ты­да бол­саңыз, арт-гале­ре­яға бару­ды ұмыт­паңыз. Өнер­ге құштар­лық кар­ти­на­ны сатып алу­дан емес, сол кар­ти­на­ларға терең үңіліп, ойла­у­ға үйре­ну­ге бей­ім­де­лу­ден баста­ла­ды. Ал ойла­уды үйрен­ген қазақ күн­дер­дің-күнін­де ойлан­бай кар­ти­на сатып алу­ды да әдет­ке айнал­ды­ра­ты­ны­на сенім­ді­мін. Өрке­ни­ет­тің көші­нен қал­мау деген осы!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн