Пятница , 4 июля 2025

Өтіріктің бір атауы –

«СТАТИСТИКА»

  • Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да «Ама­нат» фрак­ци­я­сы­ның жетек­шісі, депу­тат Елнұр Бей­сен­ба­ев (сурет­те – сол жақта) қоғам­ның «қоты­рын» қасып бер­ген­дей етіп сөй­леді. Ол Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және рефор­ма­лар жөнін­де­гі агент­тік­тің төраға­сы Әсет Ерға­ли­ев­тың (оң жақта) аты­на жол­даған депу­тат­тық сау­а­лын­да ста­ти­сти­ка­ның созыл­ма­лы суайт­тық дер­тін қым­бат­шы­лық «қал­бы­ры­на салып бер­ді» (қаз-қал­пын­да).

Құрмет­ті Әсет Арманұлы!

«Өтірік­ті сен­діріп айту­дың өзі өнер» деген сөзді Ста­ти­сти­ка бюро­сы тура мағы­на­сын­да түсі­нетін­дей көрі­неді маған. Ста­ти­стиктер­дің ресми мәлі­метін оқы­саң, Қаза­қстан­да орта­ша жалақы Еуро­па­ны өкше­леп қалған. Ал жұмыс­сыздық көр­сет­кі­ші бой­ын­ша Скан­ди­на­вия елдері­нен еш кем түспейміз.

Дәл қазір қаза­қстан­ды­қтар­дың ең басты про­бле­ма­сы – азық-түлік баға­сы­ның шары­қта­уы. Қым­бат­шы­лық қара­пай­ым халы­қты алқым­дап тұр. Бірақ Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы 10 жұмыр­тқа – 490 тең­ге, айран­ның лит­рі – 390 тең­ге, пияз – 182 тең­ге, ал қияр мен қыза­нақ баға­сын 1 000 тең­генің көле­мін­де дейді.

Оған қоса, Ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның мәлі­метін­ше, 2023 жыл­дың наурыз айы­на азық-түлік баға­сы шама­мен 21 про­цент­ке өсіпті.

  • Шын­ды­ғын­да, мәсе­ле одан әрі ушы­ғып тұр. Кеше бүкіл аймақ бой­ын­ша «Amanat» пар­ти­я­сы­ның мони­то­ринг­тік топ­та­ры азық-түлік баға­ла­рын қадаға­ла­ды. Нәти­же­сін­де, пияз­дың баға­сы 350 тең­ге, қияр мен қыза­нақ – 1 600 тең­ге, ал жұмыр­тқа­ның баға­сы 600 тең­ге. Яғни 1,52 есе­ге дей­ін, 70100 про­цент­ке баға­ның шары­қтаға­ны байқалады. 

Рас, қазір дүкен­ге баруға қорқа­сың, баға күн санап өсу­де. Мыса­лы, үш адам­нан тұра­тын отба­сы бір апта­лық тамағы­на ең кемі 40–50 мың тең­генің ара­сын­да ақша жұм­сай­ды. Әле­умет­тік жағ­дайы қиын, көп бала­лы отба­сы­лар тура­лы айтуға қысы­ла­сың. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, ресми мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, Қаза­қстан­дағы орта­ша жалақы 339 мың тең­гені құра­са, халы­қтың жан басы­на шаққан­дағы табысы – 166 мың тең­гені құрап отыр. Шынын айту керек, бұл цифр­ларға қара­пай­ым халық сен­бей­ді. Ең төмен­гі жалақы 70 мың тең­гені құрай­тын қоғам­да орта жалақы одан 5 есе­ге көп болуы мүм­кін емес. 

Оған қоса, осы­дан бір жыл бұрын Мем­ле­кет бас­шы­сы халқы­мы­здың жар­ты­сы­ның айлық табысы 50 мың тең­ге­ден аспай­тын­ды­ғын көр­сет­кен бола­тын. Яғни, инфля­ци­я­ның өсуі, эко­но­ми­ка­лық риск­тер­дің артуы жағ­дай­ын­да аталған кедей халы­қтың табысы күрт арт­ты деген­ге ешкім сенбейді.

Үшін­ші­ден, соңғы 3 жыл бойы Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы Қаза­қстан­дағы халы­қтың небәрі 4,9 про­цен­ті, яғни 450 мың адам жұмыс­сыз дей­ді. Қаза­қстан­да жұмыс­сыздар ста­ти­сти­ка­сы тек халы­қты жұмыспен қам­ту орта­лы­қта­ры­на арнайы өтініш бер­ген­дер­дің есебі­нен жүр­гізілетіні анық. Сон­ды­қтан жұмыс­сыздар­дың көбі есеп­тен таса­да қалып қояды.

Ал, ресми дерек бой­ын­ша, жастар ара­сын­дағы жұмыс­сыздар­дың саны шама­мен 80 мың адам­ды құрай­ды. Шын­ды­ғы­на кел­сек, осы топ­тағы жұмыс істе­мей­тін, тіп­ті оқы­май­тын «NEET» жастар­дың саны 380 мың­ды, ал өзін-өзі жұмыспен қам­ти­тын, яғни тұрақты табысы жоқ жастар­дың саны 300 мың­нан асып жығы­ла­ды. Сон­да тек жас аза­мат­тар­дың кем деген­де 750 мыңы жұмыс­сыздар қата­рын­да. Бұл ресми ста­ти­сти­ка­лық көр­сет­кі­ш­тен 10 есе­ге көп.

Мен жоға­ры­да ел білетін үш бағыт бой­ын­ша мысал­дар кел­тір­дім. Ал негізін­де, эко­но­ми­ка­лық өсім, өндірістің дамуы, тұрғын үйлер­дің салы­нуы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­нан өнім алу сияқты көр­сет­кі­ш­тер бой­ын­ша сұрақтар асып жығылады. 

Жал­пы, Үкі­мет­тің шешім қабыл­дар­да жібе­ретін басты кем­шілі­гі – жалған ста­ти­сти­ка­ны пай­да­ла­нуы. Ста­ти­сти­ка – елде­гі нақты ақпа­рат пен шынайы көр­сет­кі­ш­тер­дің бет-бей­несі болуы тиіс. Деген­мен, Үкі­мет тара­пы­нан қабыл­данған шешім­дер­дің әлсізді­гі көбін­де қате мәлі­мет­тер­ге сүй­е­нудің негізін­де орын алып отыр.

Ұлт­тық бюро жүр­гі­зетін ста­ти­сти­ка барын­ша шынайы, халы­қтың әле­уетін ашық көр­се­туі тиіс. Сон­да ғана қаза­қстан­ды­қтар­дың тұр­мысын жақ­сар­ту, табысын арт­ты­ру мүм­кін бола­ды. Осы рет­те біз нақты ақпа­рат берудің жаңа, әділ ере­же­сін қалып­та­сты­руы­мыз қажет. 

Құр­мет­пен ҚР Пар­ла­мент 
Мәжілісінің депу­та­ты, 
«AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның 
жетек­шісі Е.С. Бейсенбаев

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн