Суббота , 5 июля 2025

1,32 триллион теңге – ШЕНЕУНІКТЕРГЕ. АЛ ХАЛЫҚҚА ШЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Ғалам­тор­дан «ғала­мат»

 


 

Биыл мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы мен жол шығын­да­ры­на бөлі­нетін қар­жы 20 мил­ли­ард тең­ге­ге өседі. Өседі де, 1,32 трил­ли­он тең­ге­ге жете­ді. Energyprom солай деп хабарлады.

 

Бұл Қаза­қстан билі­гінің есі­гі мен төрін­де­гі «төре­лер­ге» төле­нетін жалақы­ның был­ты­рғы жыл­мен салы­сты­рған­да 1%-ға артқан­ды­ғын көр­се­те­ді. Ал елі­міз­де 98,9 мың мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер бар. Олар­дың 53 мыңы орта­лық басқа­ру аппа­рат­та­рын­да жұмыс жаса­са, қалған 46 мыңы аймақтар­да тіркелген.

Әлгі айтып оты­рған 1,32 трил­ли­он тең­генің өз орны бар көрі­неді. 1,2 трил­ли­он тең­ге шен­ді аза­мат­тар­дың жалақы­сы ретін­де есеп­тел­се, тағы 112 мил­ли­ард тең­гені өте­мақы­ға бер­мек. 7 мил­ли­ард қосым­ша шығын­дарға, ал 242 мил­ли­он тең­ге шене­унік мыр­за­лар мен ханым­дар­дың зей­не­тақы жар­на­сы­на жұм­сал­мақ көрінеді.

«Ақса­у­сақ» аға­лар­дың айлық табысы мил­ли­онға жуы­қтай­ды. Міне, солай. Сәуір айын­да елі­міз депу­тат­тар­дың жалақы­сын 900 мың тең­ге­ге көтер­гені белгілі.

Ал 2016 жылғы деректер­ге сүй­ен­сек, облыс әкім­дерінің айлық жалақы­ла­ры 500 мың­нан 900 мыңға дей­ін жет­кен. Аста­на қала­сы­ның әкі­мі Әсет Исе­ке­шев мыр­за айы­на 700 мың­нан 900 мыңға жуық жалақы алып отыр.

Ал ҚР Жоғарғы сот төраға­сы Қай­рат Мәми мыр­за был­тыр 1,1 мил­ли­он тең­ге айлық ала­ты­нын өзі айтқан. 1,1 мил­ли­он айлық жалақы екенін ескер­сек, 12 айлық есеп­те Қай­рат мыр­за­ның табысы 13,2 мил­ли­он тең­ге­ге жететін көрінеді.

Қаза­қстан­дағы қара жұмыс­шы­лар­дың қара­бай­ыр табысы Аста­на­дағы аза­мат­тар­дың айлы­ғы­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Пара­докс. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге, халық қыз­мет­кер­леріне салы­стыр­ма­лы түр­де жоға­ры жалақы тағай­ын­дап оты­рған Қаза­қстан­да ең төмен­гі айлық мөл­шері 22 859 тең­гені құрай­ды. Орта­ша жалақы ортай­ып қалды.

2017 жыл­дың бірін­ші тоқ­са­нын­дағы жағ­дай бой­ын­ша, Қаза­қстан­да бір қыз­мет­кер­дің орта­ша айлық жалақы­сы 93 909 тең­ге болған. Ста­ти­сти­ка коми­теті таратқан ақпа­рат бой­ын­ша, сала­лық құры­лым­да ең жоға­ры жалақы қар­жы және сақтан­ды­ру қыз­метін­де – 162 929 тең­ге, көлік және логи­сти­ка – 149 991 тең­ге, ақпа­рат және бай­ла­ныс қыз­мет­кер­лері үшін­ші орын­да, олар­дың жалақы­сы 131 248 тең­ге. Төмен жалақы дең­гейі әкім­шілік және қосалқы қыз­мет көр­се­ту сала­сын­дағы қыз­мет­кер­лер­де – 65 720 тең­ге. Өнер, ойын-сауық және дема­лыс сала­ла­ры­ның еңбек­кер­лері айы­на 71 660 тең­ге алып келеді. Салы­сты­ра қара­сақ, 2016 жылы Қаза­қстан­дағы орта­ша айлық мөл­шері 135 мың тең­ге бол­ды. Биы­лғы бірін­ші тоқ­сан­дағы орта­ша жалақы кәдім­гі­дей ортай­ып-ақ қалған.

Соны­мен қатар, был­ты­рғы жыл­дың қоры­тын­ды есебі бой­ын­ша, елі­міз­де жұмыс­сыздар саны 8 пай­ы­зға өсіпті.

 

Расул Жұма­лы, саясаттанушы:

– Әр елде шене­унік­тер­ге төле­нетін айлық әртүр­лі. Біз­де жоға­ры. Бір қызы­ғы, Ұлы­бри­та­ния, Австра­лия секіл­ді ауқат­ты елдер мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге орта­ша және орта­дан төмен айлық төлей­ді. Тіп­ті АҚШ секіл­ді алпа­уыт мем­ле­кет – сенат пен Кон­грес­стің депу­тат­та­ры­на орта­ша айлық төлей­ді. Сөй­те­ді де, депу­тат­тарға (сена­тор­лар мен кон­гресс­мен­дер­ге) ешқан­дай әле­умет­тік жеңіл­дік жаса­май­ды. Әр штат­тан кел­ген­дер өз қара­жат­та­ры­на үй жал­дап тұра­ды, көлік жал­дап мінеді.

Ал Син­га­пур әлем бой­ын­ша шене­унік­тер­ге ең жоғарғы жалақы тағай­ын­даған ел. Оның бас­шы­сы болған Ли Куан Ю шене­унік­тер­ге ең жоғарғы жалақы беру арқы­лы жемқор­лы­қ­пен күрес­кені белгілі.

Біз­де ше? Өткен айда ғана депу­тат­тарға жоға­ры айлық тағай­ын­дал­ды. Қосым­ша тегін бас­па­на, тегін көлік­тері тағы бар. Бол­ма­сын демей­міз, тек соған сай бол­са, кәне?

 

Нұр­зат ТОҒЖАН,

Abai.kz

 

 

 

Бұл екі арада

 

ӘКІМНІҢ 32 ЖАСТАҒЫ ҰЛЫ ҚАЛАЙ МИЛЛИОНЕР БОЛДЫ?

 


 

Жуыр­да Forbes.kz сай­ты қаза­қстан­дық қал­та­лы 50 биз­не­смен­нің тізі­мін жари­я­ла­ды (қараңыз – 22-бет). Ол тізім­де Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Дани­ал Ахме­то­втің ұлы Талғат Ахме­тов бар. Оның бай­лы­ғын атал­мыш басы­лым 145 млн дол­ларға бағалаған.

 

Дани­ал Ахме­тов – тәу­ел­сіздік алға­лы бері сая­си эли­та­ның бел орта­сын­да жүр­ген айту­лы тұлға. Бір кез­дері үкі­мет­тің тіз­гінін ұстап та көр­ген. Артын­ша қорға­ныс мини­стрі болып жүріп, сая­сат­тан бір­не­ше жылға шет­тетіл­гені ел есін­де. Соңғы жыл­да­ры қыз­мет­ке қай­та­дан ілініп, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі болып тағайындалды.

«Осы Ахме­то­втің ұлы 32 жасын­да 145 млн дол­лар­ды қалай жинап үлгер­ді?» деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды. Талғат Ахме­тов қазір Пав­ло­дар облы­сын­дағы бір­не­ше кәсі­по­рын­дарға иелік ете­ді екен. Олар­дың ішін­де «Каз­энер­го­ка­бель» АҚ, «Гло­рия-фарм» ЖШС, «Пав­ло­дар кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы» және өзге де ком­па­ни­я­лар бар. Бұл облы­ста Дани­ал Ахме­тов 2001 жыл­да­ры әкім болға­ны бел­гілі. Сарап­шы­лар Ахме­то­втер сол кез­де біраз «май­лы жілік­ке» ие болып қалға­нын айтады.

Одан бөлек Талғат Ахме­тов Аста­на­дағы бір ком­па­ни­я­ның қожай­ы­ны болып отыр һәм Шығыс Қаза­қстан облы­сы мәс­ли­ха­ты­ның депутаты.

Елу бай кәсіп­кер­дің ішін­де біздің көңілі­мізді өзіне аударған екін­ші адам – Қай­рат Саты­бал­ды (сурет­те оң жақта). Елба­сы­мы­здың неме­ре інісінің Alatau Capital Invest (ACI) ком­па­ни­я­сы «Қаза­қ­те­ле­ком­ның» 3,4 пай­ыз акци­я­сы­на (5,8 млрд тең­ге­ге баға­ланған) иелік ете­ді екен. Қай­рат Саты­бал­ды сон­дай-ақ Kaspi Bank-тың 29,12 пай­ыз акци­я­сын уысын­да ұстап оты­рған көрі­неді. Мұның сыр­тын­да «Амир LTD», «Дүние-Агро», «Кор­по­ра­ция Дүние», «Дүние-Күзет» және «Коле­са» ЖШС атты ком­па­ни­я­ла­ры бар.

Қош! «Бай­дың асын бай­құс қызға­нып­ты» деген­дей бол­май­ық. Бірақ бұл фак­тілер елдің сая­си эли­таға деген көзқа­ра­сы­на сел­кеу түсіретінін ғана ескер­те кет­кі­міз келеді.

Шәрі­п­хан ҚАЙСАР,

Abai.kz

 

 

ЭКСПО ҚОНАҚТАРЫ ҚАЙДА «ОТЫРАДЫ»?

 


 

Аста­на­ның қоғам­дық орын­да­ры мың­даған тури­сті қабыл­да­уға дай­ын емес. ЭКСПО көр­месі өтетін шаһар көше­лерін­де іске жарам­ды бір­де-бір дәрет­ха­на жоқ.

 

Ал халы­қа­ра­лық көр­ме­ге әлем­нің түп­кір-түп­кірі­нен үш мил­ли­онға жуық қонақ келеді деп күтілу­де. Олар­дың «қажет кез­де» қай­да бара­ты­ны­на әкім­дік бас қатыр­май­тын сыңай­лы. Осы­дан екі жыл бұрын, 180 мил­ли­он тең­ге­ге Еуро­па­дан алды­рған 15 дәрет­ха­на бол­са сол күйі қаңы­рап тұр. Сер­би­я­ның сұр түсті әжет­ха­на­ла­ры Аста­наға 2015-тің жазын­да орна­ты­лған. Сан­тех­ни­ка­сы­нан бастап, сымы­на дей­ін сын тағыл­май­тын солар­дың сиқы қазір адам шошыр­лық. Оған жүз тең­гесін сүң­гітіп, қажетін өтей алмаған соңғы пай­да­ла­ну­шы – Тимур Асыл­ха­нов. Бло­гер бұл бас­сызды­қты видеоға түсіріп жари­я­лаған­нан кей­ін, әжет­ха­на тоқтан ажыратылыпты.

 

Тимур Асыл­ха­нов,

бло­гер:

– Бұл кез кел­ген қала­ның про­бле­ма­сы. Айғай­ла­тып тұрып, алы­стан халық қамы үшін деп, бір­деңе әке­леді, сосын ол істе­мей жата­ды. Ең басты­сы – ақпа­рат құрал­да­рын да әкел­ді, орнат­ты, ашыл­ды деген мате­ри­ал шық­са бол­ды. Оның одан кей­ін­гі жағ­дайы әкім­дік­ке керек емес.

Қалған еуро­па­лық әжет­ха­на­лар­дың да жайы бел­гілі бол­ды. Аста­на­да осын­дай 15 орын­ның бір­де-бірі жұмыс істе­мей­ді екен. Әу баста айна­ла­сын­да бей­не­бақы­лау бар делін­ген нысан тона­лып, ашық-шашық жатыр.

 

Бекет Мұқа­шев,

Аста­на қала­сы­ның тұрғыны:

– Басты­қтар­дың бар­лы­ғын осы жер­ге алып келу керек. Бір 5–6 сағат осы жер­де ұста­уға. Сосын олар­дың не істей­тінін көреміз.

15 әжет­ха­наға 180 млн бөлін­генін ескер­сек, біре­уінің құны 12 млн тең­ге. Бұл ақшаға Аста­на­дан екі бөл­мелі пәтер таба­сың. Олқы­лы­қтың орнын сол бас­па­наға зәру жан­дар­дың өздері тол­ты­рып­ты. Әжет­ха­на­лар­дың нақты құнын, оның нелік­тен қирап тұрға­нын сұрап, өткен апта­да әкім­дік­ке хат жібер­ген едік. Бірақ шене­унік­тер­ден сол күйі жау­ап жоқ, – деп хабар­лай­ды КТК тілшісі.

Атап өтей­ік, бұған дей­ін Аста­на әкім­ді­гі әрқай­сысы­ның құны 10 мил­ли­он тең­ге тұра­тын жылы аял­да­ма­лар орнатқан бола­тын. Сон­да әжет­ха­на аял­да­ма­дан да қым­бат болға­ны ма?..

Qazaquni.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн