Воскресенье , 11 мая 2025

18 жаста тұрмысқа шығудың АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 


 

 

 

 

Қазір­гінің қыз-келін­шек­тері «не ман­сап, не отба­сы» деп екінің біре­уін таң­дай алмай, бас қаты­рып жүр. Көп­те­ген бой­жет­кен­дер­дің «отба­сын құр­сам, үйде оты­рып қала­мын» деген қорқы­ны­шы басым. Сон­ды­қтан олар күй­е­у­ге шығуға асықпайды.

 

18 жасын­да тұр­мыс құрып, бүгін­де көп­ба­ла­лы ана атанған, қыз­метін­де табысқа жете біл­ген таны­мал теле­жур­на­лист Сал­та­нат Қали­е­ва NUR.KZ пор­та­лы­на арнайы сұх­бат беріпті.

Жасы 40-тан асса да, сырт кел­беті мен сым­ба­ты сақталған Сал­та­нат Қали­е­ва мұның сырын ішкі жан дүни­есінің жасты­ғы­мен және тұқы­мқу­а­ла­у­шы­лы­қ­пен байланыстырады.

«Негізі, 40-тан асқан соң ғана қар­тай­ып бара жатқа­ным­ды сезе баста­дым (күледі). Кере­мет күтініп жүр­мін деп айта алмай­мын. Ел қатар­лы таңер­тең-кеш­ке бетім­ді жуып, крем жаға­мын. Дене сым­ба­ты­на келер бол­сам, төрт балам­ды өзім босан­дым. Үшін­ші қызым­нан кей­ін мені «семіз­сің» деп, эфир­ге жібер­мей қой­ған. Жаңа­лы­қтар­ды жаным­дай сүй­генім сон­ша­лық, аз уақыт­тың ішін­де ары­қтап, эфир­ге қай­та орал­дым. Қосқан артық сал­мақтан спорт­пен шұғыл­да­ну арқы­лы ары­лып жүр­дім… Адам алды­на мақ­сат қой­са, оған деген ынта­сы бол­са, бәрі де мүм­кін. Жал­пы, жастық сезім бой­да емес, жүрек­те бола­ды. Менің кеудем­де әлі сол арман­шыл, қия­л­шыл кіш­кен­тай қыз отыр. Ол қызды мен жақ­сы көре­мін және оны ешқа­шан сатып кет­пей­мін. Мүм­кін, бар құпи­ям осын­да шығар», – дей­ді тележурналист.

Сал­та­нат Қали­е­ва жан жары Бағ­дат Қожах­ме­тов­пен отасқа­ны­на биыл 23 жыл толып­ты. Жақын­да олар тұңғыш қызда­ры Айда­на­ны ұза­тқан бола­тын. Қаза­қы дәстүр­ге сай тұңғы­шта­рын ата-апа­сы­ның қызы деп атай­ды екен. Ата-енесі­мен төрт жыл бір шаңы­рақ астын­да тұрған Сал­та­нат ханым ене мек­тебі­нен қалай өткенін баян­дап берді.

«Ене­мнен көп нәр­се үйрен­дім. Ол кісі маған тамақтың түр-түрін пісіруді үйрет­ті. Осы 23 жыл­да бір дауыс көтер­генін есті­меп­пін. Енем­ді үлгі тұта­мын. Мен үшін анам еке­уі қатар тұр», – дей­ді ол.

Жастай тұр­мыс құрған Сал­та­нат «Жас отба­сы­ның аяқтан тұрып кетуі неге бай­ла­ны­сты?» деген сау­алға жау­ап іздеп көр­ді. «Менің­ше, отба­сы болып қалып­та­суы үшін ата-ана­лар мүл­де кіріс­пе­уі керек. Еке­уі не көр­се де, өздері шеш­сін. Өздері көмек сұра­са, қол ұшын созсын. Келіп ақыл сұрап жат­са, ақыл-кеңесін айт­сын. Осы­ның өзі жет­кілік­ті. Егер көмек­те­скің кел­се, кедер­гі жаса­ма дей­ді емес пе?!

Екін­ші­ден, отба­сы­ның бақы­ты екі жастың өздеріне тіке­лей бай­ла­ны­сты. Көп жағ­дай­да табысты ер адам­ның артын­да әйел­дің еңбе­гі жатыр. Бірақ әйел қан­ша жер­ден бар­лық қиын­шы­лы­қтарға төзіп жүре бер­се, ал жол­да­сы өзгер­ме­се, оның бәрі бекер. Таяқтың екі ұшы бола­ты­ны сияқты шаңы­рақтың шай­қал­мауы­на әйел де, еркек те жауапты.

Бағ­дат еке­уміз екі сөм­кені арқа­лап, Алма­ты­ға арман қуып келдік.Біраз жыл пәтер жал­дап тұр­дық. Бар­лық қиын­шы­лы­қтар­ды бір­ге көр­дік. Аста­на­да екі қызы­мы­з­бен кіш­кен­тай жатақ­ха­на­да да тұр­дық. Қазір, құдай­ға шүкір, бала­ла­ры­мы­зды аяқтан­дыр­дық. Түбін­де осын­дай дең­гей­ге жететіні­міз­ге сен­дім», – дей­ді тележүргізуші.

«Қызда­рым­ды қатал ұстай­мын. Әр сағат сай­ын маған қай жер­де, не істеп жүр­ген­дері тура­лы есеп беріп оты­ра­ды. Қыз бала­ны қа­дағаламаса бол­май­ды. Қабағым­нан қорқа­ды. Бірақ өсе келе, қызда­рым мені­мен сыр­лас болып кет­ті. Өздерін құр­бым­дай көре­мін. Олар­дың доста­рын, ара­ла­са­тын орта­сын жақ­сы тани­мын», – дей­ді көп­ба­ла­лы ана.

Сал­та­нат ханым­ның айтуын­ша, ер бала­ның тәр­би­есі мүл­де өзге­ше. «Ұлдарға ауыр сөз айта алмай­сың. Олар біре­удің бола­шақ қамқор­шы­сы, бір жанұя­ның отаға­сы. Сон­ды­қтан кіш­кен­тай­ы­нан біз – ана­лар солай тәр­би­е­ле­уі­міз керек. Мен олар­ды бола­шақ жар­ла­ры­на дай­ын­дап жатыр­мын. Кей­ін келін­дерім осы ұлда­рым үшін жыла­ма­са екен дей­мін», – деп жеке ойы­мен бөлісті журналист.

Сал­та­нат Қали­е­ва­ны қазір­гі қоғам­дағы шек­тен шығу­шы­лық алаң­да­та­ды. «Әркім ойы­на не кел­се, соны істей­тін бол­ды, тіп­ті айтуға ауыз бар­май­тын, жиір­кені­шті жайт­тар көбей­іп барады.Тоқалдар тақы­ры­бын да айна­лып өте алмай­мыз. Жаса­ра­мыз деп пышаққа түсіп, беті қисай­ған бірін­ші әйел­дерінің про­бле­ма­сы өз алды­на. Адам­дар бұзыл­ды ма, заман бұзыл­ды ма?! Менің­ше, бүгін­гі қоғам құл­ды­рап бара жатыр. Тек бір Аллаға сиы­ну ғана қал­ды», – дей­ді журналист.

NUR.KZ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн