Понедельник , 7 июля 2025

2015 жылы болатын 10 ОҚИҒА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

  1. Пре­зи­дент­тік сай­лау өтеді

назарбаев памятникӨтіп бара жатқан жылы бірқа­тар БАҚ бет­терін­де әдет­те­гі­дей мерзі­мі­нен бұрын бола­тын пре­зи­дент­тік сай­лау өтуі мүм­кін деген пікір­лер айтыл­ды. Пре­зи­дент­тің 2015 жылға арнаған Жол­да­уы және оның декла­ра­ци­я­лық маз­мұ­ны да осы болжа­мға жоралғы бола­тын сияқты. Сая­сат­кер­лер мен сая­сат­та­ну­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Қаза­қстан­ның Еура­зи­я­лық одақ құра­мын­да бола­тын енді­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев халы­қтың өзіне деген «сені­мін» тағы бір рет жинап алуы және сол арқы­лы «пре­зи­дент­тік өмірін» өсіруі әбден мүмкін

 

  1. Тең­ге тағы да құн­сызда­на­ды

тенге карикатураҚаза­қстан­ның Ресей­мен өте тығыз сауда-эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­нас жағ­дай­ын­да рубль­дің құл­ды­рай құн­сызда­нуы қазақ тең­гесін кезек­ті деваль­ва­ци­яға ұшы­ра­туы әбден мүм­кін. Соңғы бір апта­ның ішін­де тең­генің дол­ларға шаққан­дағы құны 2 тең­ге­ге жуық өскенін ескер­сек, Ұлт­тық банк қар­жы нары­ғын ұзақ уақыт бойы «қол­мен» ұстап тұра алмай­ды. Инсай­дер­лік дереккөз­дер­дің айтуы­на қараған­да, рубль­дің тек қана жел­тоқ­сан айын­да құн­сызда­нуы тең­гені тең­сел­тіп кет­пеу үшін ҰБ елдің қар­жы нары­ғы­на 2 мил­ли­ар­дқа жуық дол­лар­дың интер­вен­ци­я­сын жасаған. Болжам бой­ын­ша, тең­генің деваль­ва­ци­я­сы қаңтар-ақпан айла­рын­да болуы мүмкін.

 

  1. Аста­на ата­уы Нұр­сұл­танға өзгереді.

Central Downtown Astana, Kazakhstan2015 жыл – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 75 жасқа тола­тын жылы. Осы­ған бай­ла­ны­сты соңғы 100 жыл­дың ішін­де ата­уы бес рет ауы­сқан ел аста­на­сын «Нұр­сұл­тан» қала­сы етіп өзге­рудің ып-ыңғай­лы мүм­кін­ді­гі «туып» тұр. Қаза­қтың жарам­сақта­ры мен жан­дай­шап­та­ры аман бол­са, оның ешбір қиын­ды­ғы жоқ: Сәт Тоқ­пақ­ба­ев сияқты депу­тат­тар пар­ла­мент пар­та­сын тоқ­пақтап, «ауы­спа­са – аты­лып қалам» деп, баста­ма көте­реді; зым-зия зия­лы­лар қалың ұйқы­сы­нан өре тұрып, бұл баста­ма­ны қостап кете­ді; «Еге­мен» еңіреп жаза­ды, «Хабар» қыр-қалаға қырып хабар­лай­ды, қара халық «ел іргесі тыныш бол­сын, тәубә-тәубә…» деп, көн­бістік­пен көне сала­ды. Біт­ті шаруа!

 

  1. Әке­жан Қажы­гел­дин елге ора­ла­ды

kazhegeldingak-610x330Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ жағ­дай­ын­да өмір сүретін Қаза­қстан үшін әлем­дік және ресей­лік эко­но­ми­ка­ны бес сау­сағын­дай білетін маман-мене­джер­лер­дің керекті­гі күн тәр­тібіне шыға­ды. Осы кез­де ел бас­шы­лы­ғы­ның қыса­сты­ғы мен қуғы­ны­нан төрт­кіл дүниенің бұрыш-бұры­шы­на тығы­луға мәж­бүр болған, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты халы­қа­ра­лық дәре­же­де мең­гер­ген білік­ті қазақ аза­мат­та­рын пре­зи­дент өз маңы­на «жина­сты­руға» кірі­седі. Алға­шқы­лар­дың бірі болып елге ора­ла­тын экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин­нің ізі­мен Ғалым­жан Жақи­я­нов, Талап­кер Иман­ба­ев, Төлен Тоқ­та­сы­нов және тағы басқа­лар Қаза­қстанға қайтады.

5. Оңтүстік­те жер қат­ты сілкінеді

жер силкинисиСоңғы уақыт­та Қаза­қстан­ның оңтүстік өңір­лерін­де жер­дің жиі-жиі сіл­кінісі бай­қа­лу­да. Соңғы бір айдың ішін­де ғана Алма­ты қала­сы­на таяу аймақтар­да қуа­ты 4 балл­дан жоға­ры 3–4 жер сіл­кінісі тір­кел­ді. Жер қаба­тын зерт­те­уші сей­смо­ло­гия маман­да­ры­ның пікіріне қараған­да, мұн­дай ұсақ сіл­кіністер қауіп­ті тех­но­ген­дік құбы­лы­старға ұла­суы әбден мүм­кін. Мұн­дай апат­ты жағ­дай­лар тіз­бе­гі әлем­дік тәжіри­бе негізін­де ғылы­ми тұрғы­да дәлел­ден­ген дей­ді маман­дар. Әлбет­те апат айтып кел­мей­ді, Құдай ондай қатер­ден сақ­та­сын деп тілей­ік. Бірақ жер жағ­дай­ын болжау инсти­тут­та­ры мен төтен­ше жағ­дай­ларға қаты­сты меке­ме­лер­дің сақтық шара­ла­ры күшей­тіл­гені абзал.

6. Еура­зи­я­лық одаққа қар­сы толқу туады

митингТерең тоқы­ра­уға тап болған Ресей­мен жаңа жыл­дың 1‑нен бастап одақ­та­стық жағ­дай­ын­да өмір сүретін Қаза­қстан қоға­мы үшін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың жаңа толқы­ны туа­ды. Ресей руб­лінің құл­ды­ра­уы сал­да­ры­нан тең­ге құн­сызда­нып, елдің қар­жы нары­ғын­да өте қиын жағ­дай пай­да бола­ды. Сол себеп­ті жыл соңы­на қарай халы­ққа әле­умет­тік өтем­дер мен бюд­жет­тік меке­ме­лер­де жалақы төлен­беу үдерісі күшей­еді. Бұл дағ­да­ры­стың соңы Еура­зи­я­лық одаққа қар­сы толқу­дың өршуіне әкеліп соға­ды. Орта­лық қала­лар мен өндірістік аймақтар­да ере­уіл­дер бой көр­сетіп, өкі­мет­тік күш­тер мен нара­зы­лық шеруіне шыққан халық ара­сын­да қақты­ғы­стар орын алуы әбден мүмкін.

 

 

  1. Тоқа­ев пре­мьер-министр бола­ды

токаевҚаза­қстан­ның билік жүй­есі қатаң пре­зи­дент­тік басқа­ру­дан пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік жүй­е­ге ауы­су мүм­кін­дік­тері ресми дәре­же­де айты­ла баста­ды. Келер жыл­дың қаңтар айы­нан бастап, осы мәсе­ле мем­ле­кет­тік тұрғы­дағы талқы­ла­у­ға тақы­рып болған жағ­дай­да тиісті заң­на­ма­ларға өзгерістер енгізіліп, жыл соңы­на қарай кезек­тен тыс пар­ла­мент­тік сай­лау өтуі мүм­кін. Пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік жүйе жағ­дай­ын­да ел үкі­метінің бас­шы­сы сай­ла­уда жеңіп шыққан пар­ти­я­ның өкілі бола­ды. Мұн­дай «сай­ла­уда» билік пар­ти­я­сы «Нұр Отан­ның» сөз­сіз «жеңіс­ке» жетерін ас үйде­гі Айша апай да біледі. Ал ол пар­ти­я­ның өтпе­лі кезең­де ноқтаға нобай­лы өкілі – Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

  1. Тасмағам­бе­то­вті тай­ды­ру науқаны

тасмагамбетовБола­шақ тран­зит­тік кезең­де елдің номи­нал­ды басқа­ру­шы­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қала­у­ын­дағы өкіл (Қ. Тоқа­ев) бол­са, оның билік құру мерзі­мі 2–3 жыл­дан аспай­ды. Халық сана­сын­да 20 жыл­дан астам уақыт қор­да­ланған ерік-жігер­дің бай­ла­уы босап, қоғам өз қала­у­ын­дағы бас­шы сай­ла­у­ға тал­пы­ныс таны­та­ды. Оның үстіне әбден бай­ып алған клан­дық топ­тар пре­зи­дент­тің мұра­геріне тыныш оты­руға мұр­ша бер­мей­ді. Осы жағ­дай­да қоғам­ды соңы­нан ерту­ге қауһар-қары­мы жет­кілік­ті тұлға­лар­ды «алы­стан ату» науқа­ны баста­ла­ды. Назар­ба­ев­тың етене жақын төңіре­гі мұн­дай тұлға­ны Тасмағам­бе­тов деп тани­ды. Сон­ды­қтан Иманға­ли­дың өткен-кет­кен кем­шілік­тері қыл­мыстық іс жағ­дай­ы­на дей­ін ушығады.

 

  1. Айдар Әлі­ба­ев министр бола­ды

айдар алибаевКелер жыл­дың соңы­на қарай кезек­тен тыс пар­ла­мент­тік сай­лау өтер бол­са, жаңа депу­тат­тар кор­пу­сы­ның құра­мы­на Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның өкіл­дері кіреді. Бұл – Ақор­да ау-жай­ын аны­қтай­тын оппо­зи­ци­я­мен ойын­ның, демо­кра­ти­я­лық Баты­сты алдарқа­ту­дың кезек­ті жалға­сы бола­ды. Бірақ, осы ойын­ның бір дұрыс жағы – бел­гілі эко­но­мист-қар­жы­гер Айдар Әлі­ба­ев үкі­мет­тің құра­мы­на еніп, эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік блок­тағы бір мини­стр­дің порт­феліне ие бола­ды. Елдің эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на әділет­тің ақ жолы­мен баға беретін, оң мен солға тарт­пай­тын Әлі­ба­ев сияқты тәу­ел­сіз тұлға­ның үкі­мет құра­мы­на кір­гені қажет-ақ…

 

  1. «Таң» теле­ар­на­сы саты­ла­ды

арманжан байтасовСоңғы уақыт­та бала­ма ақпа­рат тара­тып, теле­эфир әле­мін­де­гі рей­тин­гі рет­те­ле бастаған «Таң» теле­ар­на­сы мүм­кін бола­тын сай­ла­у­лар қар­саңын­да билік­тік сая­сат тех­но­ло­ги­я­сы­на кереғар келуі мүм­кін. Қаза­қстан­ның бар­лық ірі қала­ла­ры­на хабар тара­та­тын арна Ақор­да­да жаса­ла­тын сце­на­рий­лер­ді бұз­ба­уы үшін, билік­тің құзыр­лы өкіл­дері бел­гілі медиа-оли­гарх Арман­жан Бай­та­сов­пен келіс­сөз­дер жүр­гізіп, Ләй­лә Беке­то­ва­дан бері үш рет саты­лған теле­ар­на­ны саудаға сала­ды. Егер теле­маг­нат «сая­си сауда­гер­лер­дің» уәжін қабыл алма­са, сан­дық теле­жүй­е­ге көшу кезін­де «Таң» лицен­зия ала алмауы әбден мүм­кін. Сон­ды­қтан Арман­жан­да амал жоқ – арна­ны сатуға мәж­бүр болады.

«ДАТ» дол­ба­рын жүйелеген –

Ермұрат БАПИ

 

Республиканский еженедельник онлайн