Суббота , 5 июля 2025

2017: ТАУЫҚСЫЗТАҢ АТА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

 

 


 

Түйе (тышқан) сеніп (сиыр) бой­ы­на (барыс),

Қалған (қоян) ұмыт (ұлу) жыл­дар­дан (жылан).

Жат­па (жылқы) қарап (қой), мой­ы­ма (мешін),

Тай­ма (тауық), именіп (ит) діл­мар­дан (доңыз).

 

 

Қазақ халқы­ның ұғы­мын­да әр жыл­да­ры қан­дай қиын­дық көр­се де, жыл­дың жама­ны жоқ. «Тышқан жылы – тыны­штық; Сиыр жылы – сый­лық; Барыс жылы – бір­лік; Қоян жылы – қам­ба­лы; Ұлу жылы – үлгілі; Жылан жылы – жай­лы; Жылқы жылы – жұт­сыз; Қой жылы – құт­ты; Мешін жылы – мерей­лі; Тауық жылы – табысты; Ит жылы – игілік; Доңыз жылы – дүни­елі», – деп, ежел­ден-ақ ұл-қызы­на жыл ата­у­ла­рын үйретіп, әр жылға осын­дай сипат, баға берген.

Әр жыл­дың мән-мағы­на­сын терең ашып көр­сетіп, бар­лық жыл­дың тұла бойы құт-бере­ке, мол­шы­лы­ққа, бей­біт тыны­шты­ққа толы деп сен­ген, ұрпақта­ры­на да әр жыл­дың қадір-қаси­етін осы­лай ұлы­қтап түсін­діріп оты­рған. Бұл адам­дар­дың жан-дүни­есін­де ешбір жыл­дан қоры­қ­пау керекті­гі тура­лы сезім мен сенім­ді ұялатқан.

Қазақ халқы­ның жыл қай­ы­руы және Шығыс күн­тіз­бесіне сәй­кес Тауық жылы қаңтар­дың 28-інде кіреді. Халық Тауық жылын ауыр жыл­дар­дың бірі санай­ды. Өйт­кені бұл жылы қауіп-қатер аз бол­маған, қазақ халқы бұл жыл­да­ры көп ауырт­па­лық көр­ген: 1920–21, 1932–33 Тауық жыл­да­рын­да – жұт, аштық, 1968–69 жылы – Қазақ елін­де құрғақ­шы­лық болған.

Бұл жылы әл-Фара­би (870–950), Мір­жақып Дулатұ­лы (1885–1935), Мұх­тар Әуе­зов (1897–1961) дүни­е­ге келген.

Соны­мен, 2017-нің Тауы­ғы басқа жыл­дарға қалай әсер етуі мүм­кін, әр жыл­дың иелерін қан­дай үміт­тер мен күдік­тер күтіп тұр? – «DАТ»-тың сұра­уы бой­ын­ша кәсі­би жұл­дызна­ма­шы­лар дай­ын­даған Жұл­дыз-жора­малға бір сәт назар аударыңыз.

 

 

ТЫШҚАН

• Дәу­рен Баба­мұра­тов, Арай­лым Шакарова,

Вла­ди­мир Коз­лов, Тагир Сейсенбаев.

Тышқан мен Тауы­қтың теріп жей­тін тамағы бір­дей болған­ды­қтан ба, Тауық жылы Тышқан­дарға жомарт­тық таны­та­тын сыңайы бар. Деген­мен, Тауық астыр­тын әре­кет жасаған­дар­ды жек көреді. Тышқан­дар өзі тура­лы екіұ­дай пікір қалып­та­сты­ра­ды, доста­ры­нан ештеңесін аямай­тын сияқты көрін­гені­мен, айна­ла беріп, сыр­ты­нан «сөз тасиды».

Тышқан­ның адал доста­ры аз, сон­ды­қтан жақын­да­ры­мен жиі ара­ла­сып, қиын сәт­тер­де көмек қолын созуға дай­ын болуы тиіс. Бастаған шару­а­ны орта жол­да қал­дыр­май, ойлаған мақ­са­ты­на жету­ге тыры­сқа­ны абзал. Мұн­дай тір­лік Тауы­ққа ұнай­ды, сон­ды­қтан нәти­же­сі де көңіл көн­ші­тері сөз­сіз. Оңай олжаға қарық бола­мын деп, жеңіл жол ізде­ген­ше, ащы тер төк­кен істің қай­ы­ры көп бола­ты­нын ескер­гені құба-құп.

Басы бос жүр­ген­дер, неке­ге тұруға асы­қ­пай, бір бірін сынап, бағ­дар­лап барып, бір шешім қабыл­да­уы керек. Әйт­пе­се опық жеп қалу қау­пі бар. Жаңа жыл­дың басын­да қал­та­сы­на қомақты қар­жы түсе қой­мас, ал жыл орта­сын­да пай­даға бата­ды. Сол қар­жы­ны орын­сыз шашпай, отба­сы мүше­лері­мен ақыл­да­сып, жер учас­кесін неме­се жаңа көлік сатып алуға жұм­саға­ны абзал. Ден­са­улы­ққа да көңіл бөліп, жүй­кені жұқар­тып, ашу­ла­на бер­мей, сабыр­лы болып, дәрі­гер­дің кеңесіне құлақ асуы керек. Алаң­дай­тын аса бір ауыр мәсе­ле бол­май­ды, спорт­тық жат­ты­ғу­лар­мен айна­лы­сып, пай­да­лы дәру­мен­дер­ді қабыл­да­уы тиіс. 

 

СИЫР

• Қаз­бек Бей­се­ба­ев, Зәу­реш Батталова,

Ахмет­бек Нұр­си­ла, Мұх­тар Тайжан.

Төзім­ді, сал­мақты, іскер, жақын­да­ры­на тірек, адал­ды­қты сүй­етін Сиыр­лар жер­ден дән тер­ген Тауы­қты таба­ны­на тап­та­уға күші жете­ді. Өйт­кені жағым­ды мінезі­мен қатар, өз дегені бол­ма­са, ешкім­ге дес бер­мей­тіні, өзге­лер­дің ыза­сын кел­тіретіні бар. Сөй­те тұра, Тауы­қ­пен тіл табысуға қабілеті мол, Тауы­қтың «тықы­лын» аңдап, сабыр­мен күй­іс қай­та­рып, жағ­дай­ын оңдап алады.

Бұқа­лар (еркек­тер) үшін – қар­жы табу мәсе­лесі қиын­дық кел­тір­мей­ді. Ал сиыр­лар (әйел қауы­мы) – орын­сыз бір тиы­нын да шығын­дағы­сы кел­мей­ді, «сараң­ды­ғын» көр­се­те бер­мей, өзіне қарап, үйіне рең беретін бұй­ым­дар­ды сатып алып, көңілін көтер­гені жөн. Басы бос қыз жігіт­тер­дің бағы жанып, неке­лері қиылады.

 

БАРЫС

• Досым Сат­па­ев, Ерлан Қалиев,

Баян Есен­та­е­ва, Сұл­тан-Хан Аққұлы.

Барыс – қашан­да күрес­кер келеді. Әділет­сіздік­ке қар­сы май­дан ашуға дай­ын. Жар­дың жаға­сын­да тұр­са да, қорқу­ды біл­мей­ді. Тауы­қтар Барыс сияқты күре­сті бастап, елдің алдын­да жүреді. Бірақ екі «көсем­нің» бір жыл­да көш бастуы «екі қошқар­дың басы бір қаза­нға сый­май­ты­ны­ның» керін кел­тіреді. Деген­мен, Барыс жылы туған­дар­дың ой жос­па­ры толы­ғы­мен іске аса бер­мей­ді. Үне­мі алға ұмты­ла­тын Барыс ешкім­ге бой бер­ме­у­ге тыры­сқа­ны­мен, қате­ле­сетін сәт­тері көп бола­ды. Апты­ғын басып, ашуын ақы­лы­на жеңдір­се, дегеніне жетеді.

Еңбекқор­лы­ғы үшін ешкім­нен ақы талап етпей­тін қаси­ет­ке ие Бары­стар күні- түні тыным тап­пай жұмыс істе­у­ге әзір. Еңбе­гі де еш бол­май­ды, қар­жы­сы мол аза­мат­тар демеп, қал­та­сы том­пай­ып, туы­старға жәр­дем­де­сетін мүм­кін­дік туа­ды. Алай­да қар­жы­лық пира­ми­да­мен елді алдай­тын­дар­дың арба­уы­на түсіп қалу­дан сақтанған дұрыс, әйт­пе­се бары­нан айы­ры­ла­ды. Шар­ша­уды біл­мей­тін Бары­сқа дема­лыс қажет, жүрек­ке сал­мақ түсір­мес үшін, спорт­пен айна­лы­сып, тауға шығып, көкөніс пен жемістер­ді молы­нан пай­да­ла­нуы керек. Тауық жылы – табысқа жету­ге күші де, мүм­кін­ді­гі де мол! 

 

ҚОЯН

• Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбілязов,

Айдос Сарым, Меру­ерт Махмұтова.

Тауы­қтар басы­на «пәле» іздеп, көр­ші үйді де тіміскілеп жүр­ген­де, Қоян­дар күн­ге бетін төсеп, қолай­лы сәт­ті аңди­ды. Қоян­дар қан­ша жауын жау­са да, су бол­май шыға­тын қабілет­ке ие.

Өзін аран­да­ту­шы­ларға мән бер­мей­ді, доста­ры­на – адал, жау­ла­ры­на – қатал. Жыл иесі Тауы­қтар­дың ұран­да­тып, жала­у­ла­тып, мез­гіл­сіз шақы­ра беретіні Қоян­дарға аса ұна­май­ды. Сақты­қ­пен бақы­лап, көп ойла­на­ды. Күн жылы­на бастаған­да іс қимы­лға көшіп, күз­де атқарған жұмысы­ның нәти­же­сін көреді. Өзін қол­дай­тын жақ­сы адам­дар­мен қарым қаты­на­сы нығай­ып, ортақ істе жақ­сы табысқа жетеді.

Жыл басын­да бұрын­нан ара­лас құра­лас болған ескі таны­ста­ры­нан бас тар­та­ды, оның да өз себебі бар: ешкім де Қоянға сал­мақ салып, еңбек­терін бұл­да­май­ды. Қар­жы­дан қиын­дық көр­мей­ді, бұл жылы олар­дың жолы ерекше болғыш келеді. Біраз уақы­тқа дей­ін әріп­те­стері­мен ара­дағы үзіліп қалған қарым-қаты­на­сты жөн­деу оңай­ға түс­пей­ді. Жасқан­шақ қоян­дар жал­тақтаған­нан жалы­ғып, енді батыл іске көшу­ге ұмты­ла­ды. Оның үстіне мой­нын­дағы мін­дет­тің ауыр жүгі де тыныш ұйы­қтат­пай­ды. Таныс тамы­ры көп­ті­гінің арқа­сын­да біраз шару­а­ны іске асы­ра­ды. Қар­жы­лық қыспақтан қорқу­дың қажеті жоқ, «тәу­е­кел түбі – желқай­ық» деп, алға жүзеді.

 

ҰЛУ

• Әке­жан Қажы­гел­дин, Мақ­пал Жүнісова,

Жұма­бай Доспа­нов, Ерлан Карин.

Тауық жылы – Ұлу үшін қызы­ғы мен шыжы­ғы мол бола­ды. Тауық сияқты Ұлу да елдің орта­сын­да көз­ге түс­кен­ді жақ­сы көреді. Бой­ын­дағы талан­тын көр­се­ту­ге мүм­кін­ді­гі көп. Бірақ айла­сын ақы­лға жеңдір­ме­се, опық жеп қалуы мүм­кін. Шал­шық судан балық аулай­мын деп, әуре болу­дың кере­гі жоқ. Жыл басы жай­лы бола­ды, ал жыл­дың орта­сы­на қарай өзгерістің көкесін көреді: бір басқан қада­мы­ның өзі бар мәсе­лені шешеді.

Сон­ды­қтан «Жеті рет өлшеп, бір рет кес­кен» жөн. Айна­ла­сын­дағы адал доста­ры қол ұшын беру­ге даяр, солар­дың ақы­лы­на құлақ асу­ды ұмыт­па­са екен. Өткен жыл­дан жинаған қорын үнем­ді жұм­са­са, пай­да­сын көреді.

Отба­сын­да айран­дай ұйып тұрған бере­ке бар, ағай­ын-тума­лар­дың да көңілін қал­дыр­мауға тыры­суы қажет. Ұлу жылын­да туған еркек­тер әйел­дер­дің көңілін аулағыш – серілер, ал әйел­дер айна­ла­сын бауы­ры­на тар­та ала­тын мінезі­мен ерекшеленеді.

Еске­ретін бір жәйт, банк­тен неме­се таны­стар­дан несие мен қарыз алған­да, сақ болуы тиіс.

Керісін­ше, жақын­да­рын қар­жы­лай демеп жібер­се, қай­та­ры­мы мол бола­ды. Ішкі түй­сік­ке сеніп, мате­ри­ал­дық жағ­дай­ды жақ­сар­туға қауқа­ры молы­нан жете­ді. Енде­ше, алға!

 

 

ЖЫЛАН

• Уәли­хан Қай­са­ров, Әлия Дәулетбаева,

Қасым Аман­жолұ­лы, Айман Сағидоллақызы.

Жылан жылы туған­дар сырт көз­ге ұяң, маңы­зды істер­ден қашқақтап жүреді. Үн-түн­сіз заһар уын шашып, шағып алу­дан тай­сал­май­ды. Басы­на пәле болып жабы­са­тын – тілі. Алай­да Тауы­қтан абай болға­ны жөн, екі көзін шоқып алуы мүмкін.

Бой­дағы бар күш-жігер­ді сарқуға тыры­спа­уы керек. Қай іске кіріс­се де, түбін­де одан жеңім­паз болып шығады.

Алай­да шаруа деп, орын­сыз шар­шай берудің де пай­да­сы шама­лы. Дема­лыс жағын да анда-сан­да ойлап қой­ға­ны жөн. Күшін баға­ла­май, әрбір іске кірі­се берудің қажеті не?

Сезім мәсе­лесін­де жолы бола­ды, Тауық жылы «жұмыр­тқа­ла­удың» реті келіп тұр. Шығар­ма­шы­лық жолын­дағы жан­дар мен білім­ге ұмты­лған­дар үшін бұл Тауық сәт­ті жыл деп сана­уға бола­ды. Табиға­ты­нан қызған­шақ Жылан­дар орын­сыз күмән­мен күн кешеді, қызға­ны­шты ақы­лға жеңдір­се, «көзіне ешкім шөп сал­маға­нын» түсі­нер еді.

Қар­жы мәсе­лесі де оңы­нан шешіледі, иіс­шіл, секем­шіл жан­дар ақша­ның иісін алы­стан сезіп, асы­ғы алшы­сы­нан түс­пек. Қомақты қар­жы­ны оңды-сол­ды шашпай, орны­мен жұм­саға­ны дұрыс.

 

ЖЫЛҚЫ

• Сей­ітқа­зы Мата­ев, Әділ Тойғанбаев,

Әсел Нұрға­зи­е­ва, Дастан Қадыржанов.

Жылқы­лар­дың биы­лғы шабысы жақ­сы нәти­же­ге жете­ді. Күй­іп-піс­кен мінезі бар, өзі асау, әрі үркек, айна­ла­сын­дағы­лар­дың көңілін қал­ды­рып қояды. Сол мінезін доста­ры көте­ре біледі, өйт­кені Жылқы­ның қар­сы шыққан­дар­ды тап­тап өте шыға­тын адуын­ды­ғы бар. Жер тар­пы­ған тұл­пар үшін бос шабыст­ың пай­да­сы шамалы.

Өткен жылы тапқан іскер таны­ста­ры бел­сен­ділі­гіне қызға­на қарай­ды. Аса­улық таныт­са, ұты­ла­ды. Тауық Жылқы­ның еңбекқор­лы­ғын баға­лай­ды, жай желіспен де алға шыққа­нын қол­дай­ды. Жыл соңын­да сол желістің жеңісін көреді.

Уақыт­ты уыстан шыға­рып алма­са болды.

Нағыз тұл­пар­мын деп жүр­ген­дер­дің жұмысқа деген ынта­сы әлсіре­уі мүм­кін. Қыз­мет бабы бір қалып­ты, қиын­дық бола қалған жағ­дай­дың өзін­де дос-жаран­да­ры жалғыз қал­дыр­май­ды. Қар­жы жағы­нан Тауық жылы табысты бола­ды. Әрбір бастаған ісі оң нәти­же береді.

Махаб­бат май­да­ны машақатқа толы. Алай­да асқан ақыл­ды­лық таныт­са, бұл тығы­ры­қтан да оп-оңай құты­лып кете ала­ды. Отба­сы­ның бере­кесін сақтап қалуға тыры­сқа­ны абзал, «көр­сеқы­зар­лық» абы­рой әпер­месі анық.

 

ҚОЙ

• Аман­гел­ді Керім­та­ев, Евге­ний Жовтис,

Баян Рама­за­но­ва, Құрал Медеуов.

Тауы­қтың шақы­рға­нын есті­ген Қой­лар өткен жылы ұты­лған істерін есеп­теп, өзіне баға беріп, алдағы күнін мұқи­ят жос­пар­лай­ды. Қой жай­ы­лы­мы жақ­сы бол­са, жаны тыныш бола­ты­нын біледі, ал басы­на аздаған қиын­дық түс­се, жылап-еңіреп, үне­мі шағым айтып, сары уай­ы­мға кіріп кететіні Тауық жылын­да кедер­гі кел­тіруі мүм­кін. Соған қара­ма­стан, қолы ашық, бір үзім нанын бөліп беретін қаси­етінің арқа­сын­да доста­ры­ның қамқор­лы­ғы­на бөленіп жүреді. Өзі де досты­ққа адал.

Тауы­ққа іле­се алмай, арт­та қалып қой­май, жел­дің ығы­на қарай жүруі керек. Бел­сен­ді еңбек пен табиғат бер­ген талант­тың жемісін тереді, отба­сы сол игілік­тің қызы­ғын бір­ге көреді.

Маза­лап жүр­ген қар­жы мәсе­лесін жыл басын­да рет­теп алға­ны жөн. Жұмыста жетістік­тер­ге жету үшін көп еңбек­те­ну қажет болады.

Соның арқа­сын­да қаза­ны біраз май­ла­нып қала­ды. Жыл орта­сын­да қолға алған шару­а­ла­ры шешіледі. Жақын­да­ры жаса­маған қол­да­уды доста­ры­нан көреді.

Маман­дық пен ман­сап сала­сын­да айтар­лы­қтай өзгеріс бола қой­май­ды. Соған қара­ма­стан қыз­мет­тес адам­дар­мен тығыз қарым-қаты­нас орна­ту­дан аулақ болға­ны дұрыс.

 

МЕШІН

• Меру­ерт Құсай­ы­но­ва, Сағат Жүсіп,

Ақбе­рен Елге­зек, Таза­бек Сәмбетбай.

Мешін – өзге­лер­ге қаты­сты пікірін ішін­де сақтап жүреді, өзім­шіл­ді­гі басым. Бірақ қал­жы­ң­ба­сты­ғы жағым­сыз қылы­қта­рын көле­гей­леп тұра­ды. Тауық ерін­шек Мешін­дер­ді жақтыр­май­ды. Бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген жалған кей­пі өзіне зия­нын тигі­зеді. Елдің бәрін алдап-сулап, ыңғай­ы­на көн­ді­ру айла­сы да үне­мі іске аса бер­мей­ді. Сон­ды­қтан бас пай­да­сы үшін керекті адам­дарға жолы­ғып, жағ­дай­ын оңдап алуға тыры­са­ды. Көк­тем айын­да көбірек еңбек етуіне тура келеді, әйт­пе­се жұмыс­сыз қалуы мүмкін.

Отба­сы­мен бір­ге дема­лу­да шетел­ге жол түсіп тұр. Бұл сапар әсіре­се ден­са­улы­ғы үшін пай­да­лы. Себебі келесі жылы тұмау, суық тию сын­ды жеңіл ауру­лар маза­сын кетіруі мүмкін.

Тауы­қтың сынағы көп, соған қарай біраз шашы­луға да тура келеді. Еңбе­гі жанып, соның жемісін көреді. Алай­да бұл жетістік­ке тек асқан шыдам­ды­лық пен төзім­ділік­тің арқа­сын­да қол жет­кі­зе ала­ды. Қара­жат жағы да бұл жылы аса жарқын жаңа­лы­ғы­мен қуант­пай­ды. Бірақ лоте­рея ұты­сы сияқты кез­дей­соқ мүм­кін­дік­тер қазы­на­сын бос қалдырмайды.

 

ТАУЫҚ

• Тоқтар Рах­ме­то­ва, Ауыт Мұқибек,

Серік­жан Мәм­бе­та­лин, Роза Әлқожа.

Жыл иесі – Тауы­қтың жолы бола­ды. Өзіне сенім­ді Тауы­қтар өзім білем­ге салып, ешкім­ді тың­дағы­сы кел­мей­тін мінезін тый­ға­ны жөн. Арма­ны көп, қия­лға да беріл­гіш. Күн­нің кез кел­ген мез­гілін­де шақы­рып, елдің ығы­рын шыға­рып жібе­реді. Биыл сол қаси­еті қоғам­ды бел­сен­ділік­ке шақы­рып, нәти­же­сі мол өзгерістер­ге бастай­ды. Ашық шай­қасқа шыға қой­ма­ды, бірақ айна­ла­сын­дағы­лар­ды ұйым­да­сты­руға шебер.

Әріп­те­стер­ді таң­дау еркі өзіне бұй­ы­ра­ды және одан қате­ле­с­пей­ді. Отба­сы­на қамқор болып, кез кел­ген адам­мен тез тіл табы­са­ды. Ақыл-ойы бір басы­на жетер­лік, «тауы­қтай миы» – түй­е­дей үлкен. Отба­сын­да оны-мұны жағ­дай­лар орын алса, аса көп уай­ым­да­удың қажеті жоқ. Қай іске кіріс­се де, түбін­де одан жеңім­паз болып шығады.

Жыл басы­нан айна­ла­сы­на тыны­штық орнап, мақ­сат-мұра­тын сара­лап, іске асы­руға мол мүм­кін­дік бар. Сары күз­де тыны­шты­қты бұзып, жан-жағы­на қарап, бел­сен­ді әре­кет­ке көшеді. Қан­дай істі қолға алса да, нәти­желі бола­ды. Жаңа таны­ста­ры­мен бір­ге пай­да­лы іспен айна­лы­сып, қал­та­сын қар­жы­ға толтырады.

 

ИТ

• Айдар Әлі­ба­ев, Айгүл Өтепова,

Қуат Күн­бо­ла­тов, Ерлан Сайыров.

«Итті – иесі­мен қинай­ды» деген­дей, қоғам­да болып жатқан әділет­сіздік­ке жаны ауы­ра­ды. Қабаған Иттер дау дамай­ға төзе алмай­ды, әсіре­се әлсіз­ге күштінің жасаған озбыр­лы­ғы­на шыда­мы жет­пей­ді. Мез­гіл­сіз шақы­рған Тауы­қты ести сала, кім­ге көмек керек деп, орны­нан аты­ла­ды. Елдің бәріне бір­дей қамқор­шы болу мүм­кін емес, ең алды­мен отба­сы­на керексіз, соны ұмыт­паға­ны жөн. Тәу­е­кел­ге бел буу – Тауық жылын­да опа бер­мей­ді, жылы ұяда, жан жақты бақы­лап, көр­ші көлем­ге де жаға біл­се, оңды болар еді.

Ман­сап­тың да, махаб­бат­тың да қадірін біліп, ойға да, бой­ға да көңіл бөліңіз. Білім­ге құштар­лық, әде­мілік­ке әуе­стік қатар жүр­се, Тауық та қуа­на қана­тын қағып, тілек­тес бола­ды. Ал ерлі зай­ып­ты­лар­дың ара­сын­дағы кикіл­жің­ге тұр­мыс тауқы­меті әсер еткені­мен, тез тіл табы­са­ды. Себеп­сіз «үре бер­мей», отба­сы­ның қара­сын көбей­туді қолға алса, сәби дауы­сы шаңы­рағын қуа­ны­шқа бөлейді.

Қар­жы­лық жағ­дай­ға алаң бол­мауы керек: Ит қашан ашқұр­сақ қалушы еді – «қар­ны тоқ» болады!

 

 

ДОҢЫЗ

• Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Ермұрат Бапи,

Берік Әбдіға­ли­ев, Расул Жұмалы.

Доңы­здың мінезі ауыр, ешкім­ге сал­мақ сал­май­тын қаси­еті бар. Өзін сый­лай­тын­дар­ды қорға­уға әзір, еңбекқор. Сен­гіш Доңы­здар­ды алдап-арбай­тын­дар көп, кей­де осы аңқа­улы­ғы өзіне сор бола­тын кезі көп. Деген­мен, күш-жігері мықты, діт­те­ген мақ­са­ты­на жет­пей қоймайды.

Тауық жылы шын­дап кіріс­кен шаруа­сы өз нәти­же­сін бере бастай­ды. Қар­жы­лық мүм­кін­дік­тері мола­я­ды. Сөй­тіп, бұрын­нан бері көз­деп жүр­ген мақ­сатқа қол жет­кізу­ге қадам жасай­ды. Шама­сы жет­кен­ше шынай­ы­лық таны­та біл­се ғана ойлаға­ны орын­да­ла­ды. Тауық жылы абай­лап атқа­ра­тын істері көп, аран­да­ту­шы­ның айтағы­нан сақтанға­ны дұрыс. Шаруа­сы дөң­ге­леп, жан-жақтан ұсы­ны­стар түсіп, табысы мола­я­ды. Тауық Доңы­здың өжет болға­нын, жұлы­нып тұрған­дар­ды қолдайды.

Алға қой­ған мақ­сат­та­ры ойдағы­дай жүзе­ге ассын десе, айна­ла­сын­дғы­лар­дың ақыл-кеңесіне құлақ түруі керек. Отба­сы­ның да қам-қаре­кетін қам­дап қою­ды ұмыт­паға­ны дұрыс. Сон­дай-ақ тал­пақ тана­удың өзіне қаты­сы жоқ жұмыстар­дан аулақ жүр­гені жөн болар еді.

Таным­дық жоба­ларға жолы ашы­лып, ісі ілгері басуы­на әсер ете­ді. Доңыздар бой­ын­дағы бар күш жігер, бір­бет­кей­лі­гі­мен алға
ұмты­лып, үлкен
өзгерістер жасай­ды. Артқа шегін­бей, үрке
қарай­тын­дарға ашу­ла­нып, жүйкені жұқарт­паған да дұрыс. Осы жылы шетел­ге сая­хатқа шығып, таны­ста­ры­ның санын толықтыра­ды. Яғни, бұл жыл Доңыз
үшін жемісті әрі табысты жыл болғалы тұр. Әсіре­се жыл соңында мол табысқа кенеледі.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн