2023 жыл бізге НЕ БЕРЕДІ?

Президент Тоқаев бұған дейін жариялаған саяси өзгерістердің жалғасынан жаңа 2023 жылда сіз не күтесіз? Егер ол өзгерістер тағы да сөз жүзінде қалатын болса, қоғам тарапынан қандай реакция болуы мүмкін?

Жуықта құрамы жартылай жаңартылған үкіметті президент Тоқаевтың командасы деп айтуға толық сеніміңіз бар ма? Әлихан Смайыловтың премьер-министрлік лауазымды сақтап қалуы сізді қандай ойларға жетелейді?

Есік ашқан жаңа жылдың қоғамдық-саяси үмітін бағдарлау мақсатында осы және тағы басқа мәселелер төңірегінде «ДАТ» сауалнама жүргізген еді. Қоғамға танымал азаматтар не айтады – қаз-қалпында жарияланған пікірлерді оқып көріңіз.

Айман ТҰРСЫНҚАН, қаржы сарапшысы: ҮКІМЕТ КОМАНДАСЫ көзін ашпаған МАРҒАУЛАР СЕКІЛДІ

Өкінішке орай, президент Тоқаевтың айтып жүрген реформалары көзбояушылық. Бәрі нақты өзгерістерге жетелемейтін атүсті дүниелер. Ондай жасанды өзгерістер билік тармақтарының әділетті бөлінуін көздемейді. Барлық билік тізгіндері бұрынғыдай орталықтандырылып, президент ықпалының сақталуына бағытталған. Сондықтан мемлекетті алға жетелейтін шынайы саяси реформаларды байқап отырғаным жоқ.

Оны Ата заңға енгізілген еш қажеті жоқ елу шақты өзгертулерден-ақ көруге болады. Дәл сондай, еш мәнісі жоқ өзгертулер сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға да енгізілді. Бүгінде жергілікті басқарудың өкілеттігін арттыру заңының жобасы қарастырылуда. Ол заңдағы жалғыз үміт – бір мандаттық округтар бойынша өзін-өзі ұсынудың 50% өсіп, партиялық бөлігі жартылай шегерілгені. Азаматтық қоғам өкілдері үшін жергілікті жердегі жағдайды өзгертудің бірден-бір жалғыз жолы мен мүмкіндігі осы ғана болып тұр.

Жалпы, жасалып жатқан заңнама өзгерістеріне қарап, елімізде шынайы саяси реформалар жүргізіліп отыр деп еш айта алмаймыз. Дегенмен, жағдайды өзгертеміз десек, алдағы парламент және мәслихат сайлауына білек сыбана араласуымыз керек.

Мемлекет пен билік тарапынан жасалып жатқан көзбояушылыққа азаматтық қоғамның жауабы қандай болады деген сұраққа келсек – ешқандай. Өйткені саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға енгізілген өзгерістерге қатысты үніміз шықпады. Кезектен тыс өткен өтірік президенттік сайлау мен Ата заңға енгізілген өзгерістерді де көз жұма қабылдадық. Бірен-саран адам болмаса, оны да үнсіз қалдырдық.

Байқап қарасаңыз, азаматтық қоғамның бірігіп, бір күш боламыз деген ынтасы жоқ. Бизнестің де саяси-қоғамдық өмірге араласуын көріп отырған жоқпыз. Бұл өте өкінішті жағдай. Біздің осындай немқұрайлылығымыз Кремль ықпалының күшеюіне әкеліп отыр. Бұның бәрі болашақта мемлекетіміздің ұлттық мүдделерінің қорғалмауына әкеледі. Қазақстаннан бірқатар шетелдік инвесторлардың кетуі – алдғы уақытта кезекті санкциялардың қабылдануының белгісі. Бұл санкциялардың әсері экономикамыздың аяққа тұруына балта шабады. Нақты айтқанда, Ресейдің экономикалық ықпалының әлсіреуін пайдаланып, Қазақстанды жаңа қаржы орталығына айналдыра алмаймыз.

Әлихан Смайыловтың премьерлік креслоны сақтап қалуы – Тоқаевтың қорқынышының бір белгісі. Ол бәсекелестіктен қорқады. Сол себепті биліктің барлық тармақтарына ынтасыз тұлғалар тағайындалған. Әлихан Смайылов сондайлардың бірі. Ол елімізді алға жетелейтін экономикалық бағдарлама ұсынған жоқ. Тек өзінің лауазымы шеңберінде қатардағы орындаушы болып тұр. Оның бойында стратегиялық жобалау, жағдайға дұрыс сараптама жасау деген қасиеттер атымен жоқ.

Ең өкініштісі – үкіметтің нақты жоспарының жоқтығы. Біздің Министрлер кабинеті не істеп, не қойып жүргенін өздері білмейді. Олар ертең не болатын білмейтін, көзін ашпаған марғаулар секілді. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы – қолдарынан түк келмейтін сол баяғы басқарушылар буыны. Олар ешқашан шын өндірісті көрмеген, нақты саудадағы қиындықтардың қандай болатынын білмейтін, қаржы нарығының ережелерін толық түсінбеген, Ұлттық банктің саясатын ұқпайтын, дүкен сөрелеріндегі бағалардың қалыптасу заңын меңгермеген шенділер. Халқымыздың қалай күн көріп отырғаны және әлеуметтік алшақтықтың күннен-күнге өсіп жатқаны бастарына кіріп шықпайды.

Бұл жағдай президент Тоқаевтың лидерлік қасиеттерінің әлсіздігін байқатады. Шынайы лидер бірінші кезекте өзінің айналасына мықты тұлғаларды жинап, сенімді команда қалыптастырып, олардың бар күш-жігерін мемлекет мүддесіне пайдаланады. Олардың алдына мемлекетімізді өркендедетін мақсаттар қояды. Тоқаев 2023 жыл қиын болады деп өзі айтты. Менде мынандай сұрақ туындайды: Бұны геосаяси жағдайға қатысты айтты ма, әлде ішкі бюджеттік жағдаймен байланыстырды ма? Олар тіпті өздеріне қандай қауіп-қатердің төніп тұрғанын нақты айта алмай отыр. Бұл біздің үкіметтің кәсіби деңгейінің көрінісі.

Сондықтан жаңа үкіметті президент командасы деп айту қиын. Команда деп сен тұр – мен атайын деген нағыз кәсібилерді айтуға болады. Бізде ол жоқ!

Айбар ОЛЖАЕВ, журналист: ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ КВОТАСЫ БАР

Соңғы экономикалық бестселлер – Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсон жазған «Неге кей мемлекеттер бай, ал кейбіреулері кедей?» деп аталады. Ұзақ мерзімді зерттеулер жасалған, авторлар әр құбылысты терең зерттеген.

Тоқетері – таразының басында азшылық пен көпшілік тұрады. Мемлекеттегі маңызды барлық шешімдерді азшылық, яғни биліктегі топ, соның жанындағы олигархтық топтар қабылдайтын елдер кедей мемлекетке айналады екен. Ал демократиялық, яғни халық болып, көп болып шешім қабылданатын елдер ауқатты болады. Неге?

Себебі азшылық түптің-түбінде өзіне ғана тиімді, монополистік, яғни бәсекелестікті тұншықтыратын шешімдер қабылдай бастайды. Сол уақыттан бастап елде жаңа инновация, инвестиция, жаңа механизмдер, жаңа бизнесмендер пайда болуын тоқтатады. Бұл – біздің 30 жыл бойы Қазақстаннан көрген картинамыз.

Осыдан шаршаған адамдар «Жаңа Қазақстанға» үміт артып отыр. Психологиялық себебі түсінікті. Бізге жаңа леп, жаңа самал жел керек. Билікте уақыт өте аз. Адамдар қазіргі романтикалық үмітінен айнып қалмауы керек. Олар шынымен «Жаңа Қазақстанның» туғанына сенсе, қуат-қарымына қанат бітіп, кез келген жұмысты қопарып тастай алады. Ал егер «Жаңа Қазақстан» жоқ екен деп күдер үзсе, өкінішке орай, төмен жақ қайтадан инертті күйге енеді де, жоғары жақ ештеңе істей алмайды. Сондықтан мен биліктің халықты тез арада «Жаңа Қазақстанның» басқа мемлекет екеніне, әділетті екеніне сендіруін күтемін. Президентке менің тарапымнан үлкен сенім квотасы бар.

Президенттік команда деген мәселеге келер болсақ, әңгіме командада емес. Әңгіме – системада. Ескі системаға кез келген жаңа адамды салып қойса, ештеңе өзгермейді. Система адамды аяғын жерге тигізбей, лентадағы конвейер сияқты алып жүреді. Бірақ ол өз уақытыңды қор қылғанмен тең.

Шешім қабылдаудың жаңа жүйесі керек. Бізде бастық болсын, министр болсын, өз аппаратының боданы сияқты күй кешеді. Соның құрсауында қалады. Осы сең болып қатып қалған мұзды жарып тастайтын күш керек.

PS. Экономика және қаржы тақырыбы төңірегінде қазақ тілінде сауатты сараптамалар жасап жүрген жас жорналшы Айбар Олжаев елдің биылғы экономикалық әл-аухатына байланысты «Фейсбукте» төмендегідей болжамдар жасаған екен.

2023 жылы Ұлттық экономика министрлігі мен Дүниежүзілік банктың болжауынша, экономикамыз 4 пайызға артады. Ал Халықаралық валюта қоры тіпті 4,4% өседі деп отыр.

«Мсье, ол ненің есебінен?» деп сұрағымыз келсе, қолға калькулятор алуға тура келеді. Келесі жылы Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, 90 млн тонна мұнай өндіреміз. Оның 71 миллионы экспортқа кетеді. 19 миллион тонна мұнайдан ішкі нарыққа керек бензин, дизель, мазут өндіреміз. 71 миллион тонна – 525,4 миллион баррель мұнай.

Goldman Sachs (әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі – Ред.) келесі жылы Brent бағасы орта есеппен барреліне 90 доллардың айналасында саудаланады деп топшылаған. Біз көбірек сататын CPC Blend сорты Brent-кe барреліне 4-5 доллар дисконтпен жүреді. Яғни, біз өз мұнайымыздың әр барреліне 85 доллардан көреміз. Сонда бір жылда сатылатын қазақ мұнайының ақшалай бағасы – 44,6 миллиард доллар.

«Уау» деп қол шапалақтауға әлі ерте. Ол әлі біздің ақша емес. 90-жылдарда жасалған контракттар бойынша, түсім /қазақ мұнайын игеретін/ халықаралық консорциумдардың акционерлері арасында бөлінеді. Қазақстанға келесі жылы осы 44,6 миллиард доллардың шамамен 20 миллиарды таза келуі тиіс. Ол 9,3 триллион теңге.

Біздің келесі жылғы бюджеттік шығындарымыз 20 триллион теңге екенін ескерсек, демек, барлық шығындарымыздың тең жартысын осы мұнайдың табысы жауып отыр. Сәйкесінше, мұнайды көп сатсақ және оның биржада бағасы жоғары болса – бізде автоматты түрде экономикалық өсім болады.

Бірақ ең қуантатыны мұнай емес.

2022 жылы Қазақстан елден заңсыз шығарылған 600 миллиард теңгені қайтара алды. 2023 жылы осы жұмыс қарқынды жалғасса және терең реформалар басталып, бізге халықаралық бизнес келе бастаса, мұнайдан бөлек, мүлде басқа бағыттардан түсетін ақша көбейеді. Сол кезде басқа дәуір басталады.

Марат ТҰРЫМБЕТОВ, азаматтық белсенді: СЕНІМ КРЕДИТІ сарқылуға тақау

Президент Тоқаевтың жариялаған саяси реформалары толыққанды емес. Қайсысын алсаң да, бәрі жартыкеш. Тіпті берген уәделері популизмге көбірек ұқсайды. Олардан нақты өзгерістердің иісі де шықпайды.

Бізге керегі сайлау туралы, саяси партиялар туралы, бейбіт жиындар туралы заңдарға демократиялық талаптарға сәйкестендіретін шынайы өзгерістер енгізу.

Ал оның орнына тек көзбояушылық танытып, үстіртін, ешнәрсеге ықпал етпейтін өзгертулер енгізіп, оны бір керемет реформа жасаған секілді көрсеткісі келеді. Тоқаевтың бүкіл уәде етіп жасаған реформалары косметикалық тұрғыда ғана.

Сондықтан алдағы уақытта шынайы өзгерістер мен саяси реформалар орын алмаса, «Қаңтар оқиғасының» қайталануы әбден мүмкін. Бүгінгі жағдайда халықтың шаршағаны және наразылығы тек өсе береді.

Әзірше халық тарапынан Тоқаевқа деген сенім кредиті бар. Бірақ ол сенімнің уақыты шектеулі. Билік басындағылар осыны жақсы түсінулері керек. Егер жақын болашақта саяи өзгерістер болмаса, халықтың әл-ауқаты жақсармаса, жағдайдың бақылаудан шығып кету қаупі өте үлкен.

Ал жаңаланған үкіметке келер болсақ, Министрлер кабинетінің басым бөлігі осыған дейін ортақол менеджерлер болған тұлғалар. Араларында іліп алары жоқ. Олардың көбі назарбаевтың жемқорлық жүйесінен шыққан адамдар. Министрлердің көбі жас дегеніміз болмаса, мақтауға тұрарлық біреуі де жоқ. Оларды команда деп айтуға да ауыз бармайды.

Казбек БЕЙСЕБАЕВ, дипломат, общественный деятель: СУДЬБА СТРАНЫ в руках президента

Конечно, я как все граждане страны, в ожидании политической модернизации, о которой объявил президент. Политические реформы давно назрели и их уже никак нельзя откладывать. Только в случае реформ можно рассчитывать на обновление политической системы и, соответственно, на движение страны вперед. Если обещания окажутся пустыми словами, то в этом случае нас ждет политическая нестабильность со всеми вытекающими последствиями. Поэтому, образно говоря, сейчас судьба страны в руках президента.

Что касается команды, то у нас члены правительства назначаются президентом и поэтому все новые назначенцы являются командой президента. Кроме того, согласно нашей Конституции, премьер-министр ответственен перед президентом, а только потом перед парламентом.

Поэтому сохранит нынешний премьер-министр Алихан Смаилов свое кресло или нет, – по сути, это ничего не меняет. Нужно, чтобы правительство формировалось парламентом и перед ним же отчитывалось. Вот тогда и можно будет говорить о политических реформах.

Марат АБДУРАХМАНОВ, экономист:

Социальные протесты БУДУТ НАРАСТАТЬ

Если после январских событий прошлого года президент Токаев не провел реальных реформ, соответственно, ждать их сейчас не приходится. Гражданское общество сформировало общее мнение о неспособности президента провести реформы после амнистии силовиков и посадок гражданских активистов. Поэтому ждать от него реальных дел не приходится. Социальные протесты будут нарастать по всей стране.

Что касается команды Токаева, то она сидит в АП, а министры фактически им подчиняются. Так мне это видится со стороны. Профессионалов отраслей как не было так и нет. Смаилов сохранил кресло и в итоге будет назван виновником всех провалов этого года.

Альнур ИЛЬЯШЕВ, правозащитник:

Мы будем действовать САМОСТОЯТЕЛЬНО

Время нашего ожидания кончилось, мы с соратниками намерены самостоятельно действовать, навязывая Токаеву и его администрации повестку первоочередных, на наш взгляд, политических реформ. В ближайшие дни граждане уже увидят определенные наши шаги в публично-правовом поле.

Ответом на что мы прогнозируем усиление политических репрессий в Казахстане со стороны остающихся во власти «продуктов Назарбаева». Рано или поздно, но они будут вынуждены идти на начало реального диалога с гражданским обществом. Правда, как показывает история, чем больше будет реализована их политическая агрессия против нас, тем тяжелее будет их положение в глазах общества и соответственно меньше шансов сохранить за собой какую-то власть.

Относительно так называемой «команды Токаева» думаю, что здесь больше работает принцип «коней на переправе не меняют». Десятилетия отрицательной селекции в госаппарате лишили их возможности формировать эффективные команды из имеющихся лояльных кадров.

Для «продуктов Назарбаева» страшнее иметь в своих рядах более квалифицированных и опытных кризис-менеджеров, так необходимых нашим экономике и обществу, чем за каждый свой провал быть критикуемыми обществом. Появление в их рядах профессионалов с независимым взглядом на ситуацию, может стать своего рода неконтролируемой ими цепной реакцией.

Поэтому Токаев опирается на привычных и понятных ему людей, которые по природе своей не способны на какие-либо реформы. И поэтому у нас нет иллюзий относительно возможности Токаева и его команды обеспечить хотя бы мало-мальски прорыв в обществе и экономике, а это прямой путь к будущему общественно-политическому кризису, авторами которого они и будут.

Опрос подготовил – Азамат ШОРМАНХАНУЛЫ, «D»

Биылғы реформалар туралы МЕМКЕҢЕСШІ НЕ ДЕЙДІ?

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин биыл елімізді қандай саяси реформалар мен жаңашылдықтар күтіп тұрғанын былай баяндайды:

«2023 жылдың саяси күн тәртібін өткен жылдағыдай президент Е саяси реформалар векторы айқындайды. Алдымен ел Конституциясын жаңарту жөніндегі республикалық референдум қорытындыларын іске асыру жалғасын табады. Жыл басынан жаңа институт – Конституциялық сот өз жұмысын бастады. Бұл жұмыстар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бас прокуратураның конституциялық жаңа статусымен, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жаңадан омбудсмен лауазымының құрылуымен бір мезгілде азаматтардың іргелі құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін қабыстырады» деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында. Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші 1 қаңтардан сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне қатысты бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енетінін айтты. «Бір мандатты сайлау округтері мен тиісті сайлау комиссияларын құру процесі басталды. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері енді өз өкілеттіктерін кәсіби әрі тұрақты негізде жүзеге асыратын болады. Бұл сайлау рәсімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Биыл 2022 жылдың күзінде басталған жаңа сайлау циклі жалғасын табады. 14 қаңтарда парламент сенаты депутаттарын сайлау өтеді. Содан соң бірінші жартыжылдықта саяси жүйені ілгерілемелі қайта жүктеудің президенттік жоспарына сәйкес мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтуі тиіс. Алдағы сайлау науқаны мүлдем жаңа ережелер мен нормалар бойынша өтетінін атап өткен жөн», – дейді ол.

Оның айтуынша, биылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайланады.

«Ауыл әкімдерінің корпусын жаңарту жалғаспақ. 350-ден астам ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жоспарланып отыр. Сайлау мыңнан астам ауылдық елді мекенді қамтиды.

Осылайша, 2023 жыл өткен жылға қарағанда ішкі саяси оқиғаларға толы болмақ. Ең бастысы, президенттің жаңғырту бағдарламасын үдемелі іске асыру жалғасуда. Бұл 2023 жылғы саяси күн тәртібінің негізі», – деп атап көрсетті Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мырза.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн