Среда , 14 мая 2025

23 ЖЫЛ БҰРЫН БЕРІЛГЕН УӘДЕ қашан орындалады?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Төте сұрақ

 

Үш күн­нен кей­ін – 26 сәуір – ҚР пре­зи­ден­тін сай­лау күні. Кезексіз сай­ла­уда «кезек­ті» пре­зи­дент­тің кім бола­ры – бесік­те­гі балаға бел­гілі жәйт: Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік құзіреті тағы да бес жылға созы­ла­ды. Осы­ған орай газет редак­ци­я­сы­на «бұры­нғы және бола­шақ» пре­зи­дент­тің аты­на көп­те­ген ама­нат хат­тар келу­де. Соның бірін біз төмен­де қаз-қал­пын­да басып отырмыз.

 

Азаттық таңы атқанда…

Сіз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті болып ресми сай­ланған соң, 1992 жыл­дың мау­сы­мын­да «Қаза­қстан­ның еге­мен­ді мем­ле­кет ретін­де қалып­та­суы мен дамуы­ның стра­те­ги­я­сы» (әрі қарай – «Стра­те­гия») деген Мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де­гі жос­пар­ла­ры­ңы­зды айқын­дай­тын бағ­дар­ла­ма­лық еңбе­гіңізді халы­ққа 70 мың тираж­бен жария еткен­сіз. Мен­де сол кіта­бы­ңыз әлі де сақта­у­лы. Сол кітап­тың алғы бетін­де «Егер біз шын­дап аяғы­мы­здан тік тұрып, қалып­ты өмір сүр­гі­міз кел­се, бұл жолға түсу­ге тиіс­піз» – деп жазыпсыз.

Содан бері 23 жыл өтіп­ті… Аз уақыт емес. Қазір біз басқа ғасыр емес, тіп­ті, басқа мың­жыл­ды­қта өмір сүріп жатыр­мыз. Халық өзгер­ді, заман өзгер­ді. Өзгер­ме­ген – тек Сіздің бас­шы­лы­ғы­ңыз… 25 жыл Қазақ Елін басқа­рып келесіз, тағы бес жыл тақта қалай­ын деп отыр­сыз. Мына «сай­лау» деп оты­рған науқан­ның сыры қазір бесік­те­гі балаға дей­ін бел­гілі… Сіз қой­ған шене­унік­тер­дің бас­сызды­ғы­нан соған босқа кететін мил­ли­ард­тар­ды топан суға батып жатқан Арқа­дағы халы­ққа үй салып, мал, мүлік алып беруіне жұм­саған абзал болар еді.

Сол халық 1991 жылғы 1 жел­тоқ­сан­да Сіз­ге мем­ле­кет­ті басқа­ру­ды сеніп тап­сы­рған­да, өзіңіз сол кітап­та айтқа­ны­ңы­здай, ұсы­нған жол­да қан­дай жеңіс, меже­лер­ге жет­тік, не істел­ді, қан­дай уәде­леріңіз орын­дал­май қал­ды, енді соның маңы­зды деген тұста­рын тал­дап көрейікші.

Өкініш­ке орай, бұл еңбе­гіңіз: «Қиын толға­ны­стар мен шешім­дер, өмір­ді түбе­гей­лі қай­та өзгер­ту уақы­ты тағ­дыр­дың жазуы­мен біздің үлесі­міз­ге тиіп отыр» – деп әде­мі бастал­са да, одан кей­ін­гі: «Иә, біз бұлы­ңғыр және ешкім­ге түсініксіз марк­сизм-лени­низм жоба­ла­ры бой­ын­ша «жарқын бола­шақты» құру­дан бас тарт­тық» – деген сөз­деріңіз Сіздің бәрі­міз­ге бел­гілі ком­му­ни­стік өмір жолы­ңы­з­бен үйле­с­пей тұрға­нын бір­ден бай­қа­уға бола­ды. Өйт­кені жас кезіңіз­ден Темір­та­уда сана­лы түр­де қызыл ту көтеріп, өзіңіз мой­ын­даған­дай, Ком­пар­ти­я­ның жалған жара­па­зан­да­рын ұран­да­тып, 44 жасы­ңы­зда – үкі­мет бас­шы­сы, 49 жасы­ңы­зда – Қазақ ССР Ком­пар­ти­я­сы­ның, яғни рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы дең­гей­іне дей­ін жет­кеніңіз ақиқат…

«Айқын мақ­сат­сыз адам да, билік жүр­гі­зу­ші құры­лым да, қоғам да өмір сүре алмай­ды. Сана­лы мұрат­сыз, асқақ арман­сыз өмір сүретін адам­дар­ды ұсақ, тоғы­шар­лық мүд­де, бір сәт­тік жеке бастың мате­ри­ал­дық пай­да­сын ойлау сти­хи­я­сы арбап ала­ды. Сөй­тіп, соның сал­да­ры­нан қоғам­да азғын­дау баста­ла­ды. Бүгін­де әркім­ге біздің қозға­лы­сы­мы­здың бағы­тын көру­ге, оқиға­ны болжап білу­ге, түп­кі мақ­сатқа қол жет­кізу­ге сенім­ді болуға мүм­кін­дік беретін Қаза­қстан қоға­мы дамуы­ның айқын және нақты тұжы­рым­да­ма­сы, міне, сон­ды­қтан да қажет. Ұсы­ны­лып оты­рған еге­мен­ді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қалып­та­су және даму стра­те­ги­я­сы осы қажет­ке сай келеді деп ойлай­мын» – деген сөз­деріңіздің, орыс­ша­дан ауда­ры­лға­ны сезіліп тұр­са да, өте кере­мет, нағыз көре­ген­дік­пен жазы­лға­нын екі қол­ды көтеріп қол­да­уға болады.

 

БІРІНШІ УӘДЕ: Ұлт­тық мем­ле­кет құру

Қазақ халқы­ның Ресей­дің пат­ша­лық отар­ла­уы, соның жалға­сы – Кеңес Одағы кезін­де­гі алдам­шы, жалған мем­ле­кет­тілік­тен құты­лып, тәу­ел­сіз өз Мем­ле­кетін құруға жол бұрға­нын айқын да, ашық жазға­ны­ңыз мына сөз­дер­ден көрініп тұр: «…өз тағ­ды­рын өзі айқын­даған қазақ ұлты­ның мем­ле­кеті…», «…ұлт­тық мем­ле­кет­тің қалып­та­суы үшін…», «…мем­ле­кет­тік құры­лым­ның ұлт­тық бел­гілерін қорғап, оның шай­ы­лып кетуіне жол бер­меу маңы­зды, әйт­пе­се ол әкім­шілік-тер­ри­то­ри­я­лық бір­лік­тің жай ғана жиын­ты­ғы­на айна­ла­ды…», «Өзінің дамуы­на кедер­гі кез­де­стір­ме­ген қазақ ұлты, сөз жоқ, басқа халы­қтар­дың мүд­десі мен сұра­ны­сы­на түсіністік­пен және құр­мет­пен қарай­ды…», «Әңгі­ме – қазақ ұлты­ның топ­та­сты­ру­шы мис­си­я­сы тура­лы болып отыр…».

Ал сол жер­де­гі мына сөз­деріңіздің дәл айты­лға­ны сон­ша­лық, қолым­да мүм­кін­дік бол­са, соны әде­мі бил­борд­тарға жазып, әр қала, әр ауыл­дың төріне іліп қояр едім:

 «ҰЛТ МЕМЛЕКЕТСІЗ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙДЫ. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨМІР СҮРУІН МӘНСІЗ ЕТЕДІ. МӘСЕЛЕНІҢ ҚАТАҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ ОСЫНДАЙ».

 

Сіздің сол кез­де­гі тұжы­рым­да­ры­ңы­здың дәлелі ретін­де мына­дай ауқым­ды цита­та кел­тіру­ге мәж­бүр­мін:               «…Сон­ды­қтан, қай ұлтқа жата­ты­ны­на қара­ма­стан, бар­лы­ғы үшін мүм­кін­дік­тер теңді­гі мен бар­лы­ғы­ның заң алдын­да тең прин­ци­пін жүзе­ге асы­ру­шы біздің мем­ле­кет­те тұрғы­лы­қты ұлт – қаза­қтар­дың мүд­десі жеке­ле­ген жағ­дай­да бітқа­тар мем­ле­кет­те орнын алып оты­рға­нын­дай, ерекше бөліп айты­ла­ты­ны да әбден орын­ды. Бұл ұлт­тық мәде­ни­ет пен тіл­ді түле­ту­ге, қазақ диас­по­рас­ы­мен руха­ни-мәде­ни және басқа­лай бай­ла­ны­стар­ды қал­пы­на кел­тіру­ге, Қаза­қстан­ды тастап кету­ге мәж­бүр болған адам­дар­дың өз Ота­ны­на қай­тып ора­луы­на қан­дай да бол­ма­сын алғы­шарт жаса­уға қаты­сты. Орта­лы­қтың қай­та құруға дей­ін­гі дер­жа­ва­лық сая­са­ты оның әртүр­лі көрінісін­де қазақ ұлты­ның апат және жой­ы­лып кету шегіне қой­ып, ондаған жыл­дар бойы мәде­ни­еті­нен айы­ру және ұлт­сыздан­ды­ру­дың мақ­сат­ты про­цесі жүр­гізіл­гені бар­ша­ның есінде…».

Осы уәденің іс жүзін­де орын­да­луы қан­дай бол­ды? Өкініш­ке орай, Қазақ мем­ле­кетін құру­дан алға­шқы шегініс бұл бағ­дар­ла­ма­дан бұрын, 1991 жыл­дың 10 жел­тоқ­са­нын­да бол­ды. Сол күні Кеңес Одағы зама­нын­да сай­ланған Жоға­ры Кеңес, Сіздің қол­да­уы­ңы­з­бен елі­міздің «Қазақ Совет­тік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы» деген ата­уын «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы» деген­ге өзгер­тіп жібер­ген. Дұры­сын­да – «Совет­тік Соци­а­ли­стік» деген ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­лық тір­кестер алы­нып таста­лып, «ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ» деген ат қалу керек еді. Сон­да рес­пуб­ли­ка­ның аза­мат­та­ры­ның бәрі жал­пы атпен – «ҚАЗАҚТАР» деп есеп­те­лер еді, құжат­та­рын­да басқа ұлт жазу­лы тұр­са да. Бұл ұлт­тық мем­ле­кет­ке бірін­ші қадам болар еді. Оны мой­ын­да­маған басқа ұлт өкіл­дерінің өз отан­да­ры­на ора­луы­на жол­да­ры ашық болатын.

1992–1995 жыл­да­ры осы айты­лған бағыт­та біраз өзгерістер бол­ды. Ең басты, ең қуа­ны­шты оқиға – ҚР Жоғарғы Кеңесі ұлт­тық мем­ле­кеті­міздің алға­шқы Кон­сти­ту­ци­я­сын зор кон­сен­сус­пен (309 – «қол­да­ды», 3 – «қар­сы») 1993 жыл­дың 28 қаңта­рын­да қабыл­да­ды. Сол Ата заң­ның: «…Қазақ мем­ле­кет­тілі­гінің бұл­жы­ма­сты­ғын негіз­ге ала оты­рып», …        «…Өзін-өзі билей­тін қазақ ұлты мем­ле­кет­тілі­гінің түрі ретін­де..» – деген бап­тар ұлт­тық Қазақ мем­ле­кетінің нағыз алтын қазы­қта­ры еді!

Бірақ Сіз көп жыл­дан бері осы жазған­да­ры­ңы­зға тура қара­ма-қай­шы, ұлт­тық мем­ле­кеті­міз­ге қар­сы, қазақ халқын ұлт­сыздан­ды­ру жұмысын пәр­мен­ді істетіп отыр­сыз! Ол істеріңіз мынадай:

 

  • 1995 жылғы 30 тамы­зда, Жоғарғы Кеңес тарқаған кез­де «заң­дық күші бар» деген желе­умен Жар­лық шыға­рып, Кон­сти­ту­ци­я­ның 64–7, 78–7‑баптарын бұзу болып табы­ла­тын заң­сыз рефе­рен­дум өткізіп, заң­сыз Кон­сти­ту­ция қабыл­дап, алға­шқы заң­ды Кон­сти­ту­ци­я­ның күшін жой­ды­ңыз, Кон­сти­ту­ци­ядағы қазақ ұлты­на, мем­ле­кет­ті­гіне бай­ла­ны­сты бап­тар­ды құр­тып, Қаза­қстан­ды жоға­ры­да өзіңіз жазған: «әкім­шілік-тер­ри­то­ри­я­лық бір­лік­тің жай ғана жиын­ты­ғы­на» айнал­ды­рып жібер­діңіз. «Қазақ» деген сөз соның екі жерін­де ғана, әзір­ге, сақта­лып қалған – ел мен жер­дің ата­уын­да. Оны да кей­ін­гі кез­де ауыз­ша өзгер­тіп «казах­стан­ская зем­ля» – деп жүр­геніңіз құпия емес. Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты Сіздің сөзіңіз бен істеріңіз екі басқа екені таң қал­ды­ра­ды… Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің «Пар­ла­мент Казах­ста­на: от Сою­за к госу­дар­ствен­но­сти» (1993 ж.) деген кіта­бын­да мына­дай жол­дар бар (57-бет): «…Н.А.Назарбаев, кото­рый, в целом одоб­ряя аль­тер­на­тив­ность под­хо­да, тем не менее выра­зил несо­гла­сие с теми, кто хочет убрать сло­ва о наци­о­наль­ной госу­дар­ствен­но­сти и вооб­ще о казах­ском наро­де, моти­ви­руя тем, что «граж­дан­ское обще­ство – зада­ча не теку­ще­го момен­та, а, буду­ще­го, к кото­ро­му надо после­до­ва­тель­но идти…».

 

Сон­да қалай, ұлт­тық мем­ле­кет­тің Кон­сти­ту­ци­я­сы қабыл­данға­ны­на екі жыл тол­май жатып, «буду­щее» келіп қалға­ны ма? Қазір ел ішін­де Ресей­ге арқа сүй­еніп: «Бұл менің мем­ле­кетім, менің жерім!» – дей­тін­дер көбей­іп келеді… Егер басы­нан мем­ле­кет­тің аты Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы, Кон­сти­ту­ци­яда бұл «қаза­қтың ұлт­тық мем­ле­кеті» – деп тұр­са, бәрінің ауы­зы­на құм құй­ы­лар еді.

 

  • Бүгін бүкіл мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­яда «қазақ халқы», «қазақ мүд­десі» деген тір­кестер жой­ы­лған, тек ауы­зекі әңгі­ме­де, таза қазақ ауди­то­ри­я­ла­рын­да ғана айты­ла­ды. Оның орны­на бүкіл БАҚ, басқа жол­дар арқы­лы: «Қаза­қстан халқы», «қаза­қстан­ды­қтар», «көп ұлт­ты халық», «130 ұлт» деген сияқты, қитұрқы, ұлты­мы­здың мүд­десіне қара­ма-қай­шы түсінік­тер қалып­та­сты­ры­лып отыр. Қазір саны­мыз көп бол­са да, сол «130 ұлт­тың» бірі ғана болып отыр­мыз. халқы­мы­здың жар­ты­сын жой­ған жауыз Ста­лин­нің де ұлты­мы­здың атын жою ойы­на кел­меп­ті! Жеке құжат­та­ры­мы­здағы ұлт­тың ата­уын да жоюға тыры­сты­ңыз, тек ұлт­шыл­дар­дың нара­зы­лы­ғы­нан сес­кеніп тоқтат­ты­ңыз. Сіз 1993 жылы шығарған: «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қоғам­ның иде­я­лық негізін­де» деген еңбе­гіңіздің 7‑бетінде ұлт­тық дағ­да­рыс тура­лы былай деп жазып­сыз: «Интер­на­ци­о­на­лизмді жари­я­лаға­ны­на қара­ма­стан, соци­а­ли­стік жүйе ондаған жыл­дар бой­ы­на халы­қтар­дың еркін дамуын қатаң түр­де бұға­у­лап кел­ді». Ал, енді 24 жыл Мәс­кеу де жоқ, соци­а­лизм де жоқ, сон­да өз халқы­ңы­зды өзіңіз бұға­у­ла­у­ы­ңы­здың мақ­са­ты қан­дай, пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер Назар­ба­ев мырза?

 

  • Қаза­қта «Жаман үйдің қонағы билей­ді» – деген сөз бар. Кезін­де бит­теп-құрт­тап, қазақ жеріне айда­лып кел­ген­де, халқы­мыз өзі аш отыр­са да, қолын­дағы бір жапы­рақ нанын бөліп беріп, жан­да­рын аман алып қалған­дар­дың ұрпақта­рын Аста­наға жинап алып, халы­қтың ақша­сы­мен жары­лқап, бүкіл қазақ халқы­на ақыл айтқы­зып отыр­сыз, Нұре­ке! Бұл тіп­ті әлем­де жоқ масқа­ра ғой!

 

  • Шека­ра­дан тыс қалған қазақ халқы­ның үштен бірінің тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты «Қазақ ССР‑і Мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гі тура­лы Декла­ра­ци­я­сын­дағы»: «Қазақ ССР‑і Рес­пуб­ли­ка­дан тыс жер­лер­де тұра­тын қаза­қтар­дың ұлт­тық-мәде­ни, руха­ни және тiл жөнiн­де­гi қажетiн қанағат­тан­ды­руға қамқор­лық жасай­ды» – деген бап мүл­дем орындалмады.

 

  • Кеден­дік одаққа кіріп, эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лып едік, енді Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа кіріп, сая­си тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лу­дың алдын­да отыр­мыз. Халы­қтың, зия­лы қауым­ның қар­сы­лы­ғы­на құлақ асқан жоқ­сыз. Бұның арты неге апа­ра­ты­нын жақын ара­да түсі­несіз деп ойлай­мын. Бірақ Сіздің бұл көз­сіз шешім­деріңіздің қазақ халқы үшін де, Сіз үшін де зардабы ауыр бола­ты­ны күмәнсіз.

 

ЕКІНШІ УӘДЕ: Ана тілі мәсе­лесін шешу

Тәу­ел­сіздік алмай тұрып, 1989 жылы, сол кез­де­гі жағ­дай­да үлкен жеңіс болған «Тіл­дер тура­лы Заң» қабыл­данған. Бәрі де анық: Қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл, орыс тілі – ұлта­ра­лық қаты­нас тілі. 1993 жылғы алға­шқы Кон­сти­ту­ци­я­ның 8‑бабы да тура сол жағ­дай­ды заң­да­стыр­ды: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі – ұлта­ра­лық қаты­нас тілі болып табы­ла­ды». Тәу­ел­сіздік алға­лы ана тілі­мізді қол­да­ну­ды қал­пы­на кел­тіре­міз деп, тоқта­май айтып келесіз: қабыл­данған бағ­дар­ла­ма­лар­да сан жоқ, кет­кен қар­жы­да есеп жоқ.

Ал енді осы уәденің іс жүзін­де орын­да­луы қан­дай? Жал­пы бір­лі-жарым пози­тив­тік өзгерістер болға­ны­мен, ана тілі­міз осы күн­ге дей­ін тиісті дәре­же­де­гі мем­ле­кет­тік тіл бола алмады…

Оның басты себебі – 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­ядағы тіл­ге арналған 7‑бапқа Сіздің орыс тілінің ста­ту­сын көте­ру мақ­са­тын­да ендір­ген өзгерісіңіздің нәти­же­сі: «1. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі. 2. Мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қолданылады».

Бұл қосым­ша­мен Сіз ана тілі­мізді тәу­ел­сіздік алмаған 1989 жылғы жағ­дай­ы­нан да төмен түсіріп жібер­діңіз. Тура­сын айт­сақ, бұл қазақ тілінің түбіріне бал­та шапқан жағ­дай бол­ды! Өйт­кені 1995 жыл­дан бері орыс тілі іс жүзін­де ресми ғана емес, бірін­ші мем­ле­кет­тік тіл ста­ту­сын алып отыр. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, үкі­мет, пар­ла­мент, бар­лық мини­стр­лік­тер мен Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар іс қағаз­да­рын орыс тілін­де жүр­гі­зеді, заң­дар орыс тілін­де дай­ын­да­ла­ды, оның талқы­ла­уы да орыс тілін­де өте­ді. Сіздің өзіңіз Ресей­ден басқа шетел­дер­де орыс­ша сөй­леп жүр­сеңіз, мини­стр­леріңіз ана тілін «қақ­па­са» – бұған енді басқа қан­дай дәлел керек?

Сон­ды­қтан бүгін қаза­қ­ша­дан басқа тіл­де мек­теп бітіретін­дер екі сөздің басын қоса алмай­ды, өйт­кені қазақ тіліне мем­ле­кет­тік қажет­тілік жоқ: Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­у­ге қосыл­май­ды, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке қабыл­да­ну кезін­де, басқа ресми орын­дар­да ондай талап қой­ыл­май­ды. Ана тіліне қажет­тілік бар: оны қажет­сін­ген адам­дар жан­та­ла­сып, өз ақша­ла­рын төлеп, бір­не­ше айдың ішін­де үйреніп жатады.

Сон­ды­қтан «Ота­ным!» – деп, Моңғо­лия, Қытай және басқа елдер­ден аңы­рап кел­ген ағай­ын­да­ры­мыз орыс тілін біл­мей, жұмыс таба алмай, өз ата­ме­кенін­де өгей­дің күнін кешіп жүр.

Кей­біре­улері қай­та­дан кері көшіп жатыр. Басқа ұлт­тың өкіл­дері өмір бойы қазақ жерін­де тұрып, қаза­қтың нанын жеп, суын ішсе де, қаза­қ­пен тіп­ті қаза­қ­ша бір ауыз аман­дасқан­ды да өздеріне намыс санай­ды: яғни, қазақ ұлтын мен­сін­бей­ді деген сөз. Міне, Сіздің елді 25 жыл басқа­руы­ңы­здың нақты нәти­же­сі, Назар­ба­ев мырза!

Есіңіз­де бол­са, 133 қазақ зия­лы­сы Кон­сти­ту­ци­ядағы сол екін­ші тарам­ды алып тастау, мем­ле­кет­тік тіл тура­лы жаңа заң қабыл­дау тура­лы жазған Ашық хаты­на, нақты ұсы­ны­ста­ры мен арыз-талап­та­ры­на пысқы­рған да жоқ­сыз – бұл не асқа­ны­ңыз? Айбын­ды Хан – Батыр Абы­лай баба­мыз да халы­қтың айтқа­нын жер­де қал­дыр­маға­ны белгілі…

 

ҮШІНШІ УӘДЕ: Қаза­қстан­ды гүл­ден­ген қоға­мға айналдыру

Сіз сол «Стра­те­ги­яңы­зда»: «Гүл­ден­ген қоға­мға нарық, ашық эко­но­ми­ка, кәсіп­кер­лік­ті жан-жақты қол­дау арқы­лы жету­ге бола­ды. Егер барын­ша нақты айта­тын бол­сақ, онда тая­у­дағы үш жыл­да біз­де тұты­ну рыно­гын қал­пы­на кел­ті­ру, келесі 7–10 жыл­да эко­но­ми­ка­ның шикі­зат сипа­тын жою және инфрақұры­лым­ды­қты дамы­ту үшін ірі қадам­дар жасау, тағы бір 5–7 жыл­да жаңа инду­стри­я­лық елдер­дің қата­ры­на қосы­лу мін­деті тұр. Мұны уақыт­тың ықпа­лы­мен жасалған өкі­мет пен халы­қтың ара­сын­дағы әле­умет­тік келісім деп қарау керек. Бұл орай­да екі жақ оны орын­дау жөнін­де­гі мін­дет­те­ме­лерін ойдағы­дай жүзе­ге асы­руы керек» – депсіз.

Басқа­ша айтқан­да, бұны халық кедер­гі бол­ма­са, 15–20 жыл­дың ішін­де елді ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМҒА жете­міз деген бағыт­тағы мәлім­де­ме деп түсі­ну­ге бола­ды. Бұл сөз­дер­ге қарап, сол кез­дер­дің өзін­де бола­шақта ұзақ мерзім­ді билік жүр­гі­зуді жос­пар­лаға­ны­ңыз бай­қа­ла­тын сияқты…

Енде­ше осы уәдеңіздің іс жүзін­де орын­да­луы не жағ­дай­да? Бұған жау­ап­тар­ды жоға­ры­дағы мәтін­нен шыға­руға болады.

Гүл­ден­ген қоғам бол­дық па? Жоқ!

Тұты­ну рыно­гы қал­пы­на кел­тіріл­ді ме? (Біз өзі­мізді-өзі­міз керек тау­ар­лар­мен қам­та­ма­сыз ете ала­мыз ба?) Жоқ!

Эко­но­ми­ка­ның шикі­зат сипа­ты жой­ыл­ды ма? Жоқ!

Инфрақұры­лым­ды­қты дамы­ту үшін қажет­ті қадам­дар толы­ғы­мен жасал­ды ма? Жоқ!

Жаңа инду­стри­ал­ды елдер қата­ры­на қосыл­дық па? Жоқ!

Бір бұған қоса­тын жайт – Кеңес Одағы тараған­да, біздің ешкім­ге қары­зы­мыз бол­маған, қай­та әлем­нің басқа елдері біз­ге 24 мил­ли­ард сом қарыз болған. Ал 24 жыл­дан кей­ін біздің мем­ле­кет­тің сыр­тқы қары­зы 156 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­нан асып кетті…

 

ТӨРТІНШІ УӘДЕ: сая­си рефор­ма­лар жасау

Сол «Стра­те­ги­яда»: «Демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді терең­де­тетін және көпұлт­ты қоғам­ды топ­та­сты­руға жағ­дай туғы­за­тын жаңа сая­си қай­рат­кер­лер мен лидер­лер ұсы­на­тын көп­пар­ти­я­лы жүйе құру» – деген мақ­сат қойыпсыз.

Ал Сіз 1993 жылы қара­ша айын­да шығарған: «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қоғам­ның иде­я­лық негізін­де» – деген еңбе­гіңіздің 22-бетін­де ұлт­тық қозға­лы­старға өте жоға­ры баға беріп­сіз: «Қазір ұлт­тық қозға­лы­стар­дың, әсіре­се жаңа тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер­де орас­ан зор роль атқа­ра­ты­ны­на ешкім­нің де көзін жет­кізіп жату­дың қажеті бола қой­мас. Кез кел­ген халы­қтың сана-сезі­мінің, мәде­ни­етінің, рухы­ның, салт-дәстүрінің, тілінің қай­та өрле­уі­нен көрініс таба­тын ұлт­тық мүд­де­лер­ді еле­улі дәре­же­де қорғай­тын да нақ осы қозға­лы­стар. Қаза­қстан­да да қазір осы про­цес­стер жүріп жатыр. Ұлт­тық иде­я­ны жүзе­ге асы­ру қоға­мға көп­те­ген оң нәти­же­лер бер­ді. Мұны көр­меу, ұлт­тар­дың қай­та өрле­у­ге деген табиғи ұмты­лы­сын тек басқа­лар­дың құқы­қта­рын шек­теу неме­се әлдебір үрдіс­ке үстірт елік­теу, көбі­не­се сыр­тқы сипа­ты ғана бар өткен­ге үңі­лу деп қарау үлкен қате болар еді».

Сол 1993 жылы Ақтө­бе облы­сы­на Сер­гей Пачин­ді әкім­дік­ке тағай­ын­даған актив жина­лы­сын­да сол кез­де «Азат» қозға­лы­сы­ның облы­стың бөлім­ше­сіне және Рес­пуб­ли­ка­лық халық пар­ти­я­сы фили­а­лы­на жетек­шілік етіп жүр­ген мен Сіз­ге: «Сая­си рефор­ма­лар­ды кеше­уіл­детіп жатыр­сыз, жаңа­ша ойлай­тын, нары­қты түсі­нетін, таза сай­ла­у­лар нәти­же­сін­де халық ара­сы­нан жаңа көш­бас­шы­лар шыға­руы керек», – деген едім. Сон­да Сіз демо­кра­ти­я­лық өзгерістер мін­дет­ті түр­де жақын ара­да бола­ды деп, уәде бер­ген­сіз. Міне, содан бері де 23 жыл өтті – Сіздің сая­си билі­гіңіз содан бері өзгеріс­сіз қалды.

Айт­пақ­шы, сол уәде сөз жүзін­де қалға­нын мына жағ­дай­лар­дан көру­ге бола­ды: 1993 жылғы Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша, елі­міз­де пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік сая­си құры­лым болып, билік­тің үш тар­мағы тепе-теңдік жағ­дай­ы­на сай бөлініп, Сіз тек атқа­ру билі­гін басқарған едіңіз. Ал 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­яға сай, бүкіл билік­тің бар­лық тар­мағы Сіздің қолы­ңы­зға көшті.

Содан бері сол билік­ті ұстап отыр­сыз. Осы «сай­ла­удан» кей­ін тағы да бес жыл пат­ша бола­сыз. «Пат­ша» дей­тінім – Сізді сай­лау арқы­лы ауы­сты­ру мүм­кін емес. Себебі кез кел­ген сай­ла­удың нәти­же­сі солай бола­ты­ны­на бар­лық жағ­дай­ды ыңғай­лап қой­ға­ны­ңы­зды бүкіл әлем біліп отыр. Бірақ сол орас­ан зор билік­ті мем­ле­кет­тің ныға­юы­на, халы­қтың жағ­дай­ы­ның өсіп, жер қой­на­уы бай­лы­ғы­ның ыры­зды­ғын көріп оты­рған араб елдерінің әле­умет­тік жағ­дай­ы­на жет­кізу­ге, сая­си инсти­тут­тар­дың дамып, алды­ңғы қатар­лы елдер­дің дең­гей­іне көте­руіңіз­ге бар­лық мүм­кін­ді­гіңіз болды…

Кезін­де ұлт­тың мүд­десі үшін құры­лған «Азат» қозға­лы­сын, Рес­пуб­ли­ка­лық халық пар­ти­я­сын, кей­ін­нен «Нағыз Ақ жол» және «Алға» пар­ти­я­ла­рын ыды­ра­туға ұшы­рат­ты­ңыз, «Азат» газетін жап­тыр­ды­ңыз, Ұлт­тық-Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны, «Халық Рухы» пар­ти­я­сын тір­кет­пе­діңіз. «Нұр Отан­нан» басқа ресми тізім­де жүр­ген пар­ти­я­лар тек қоғам­дық ұйым­дар­дың қуыр­шақ нобайы екені бесе­не­ден белгілі.

Пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға оппо­зи­ци­я­ны ғана емес, қара­пай­ым жур­на­ли­сті де жолат­па­ды­ңыз. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар сай­лау адал бол­ма­ды десе, Сіздің пре­зи­дент­тік намысы­ңы­зға тимей ме? Бұл Сіз­ге ғана емес, бүкі елге тағы да таң­ба емес пе? Шетел­дік­тер Қаза­қстан­ды Борат арқы­лы «таны­ға­ны» кез­дей­соқ деп ойлай­сыз ба?

«Жел­тоқ­санға» әлі күн­ге дей­ін сая­си баға беріл­ме­се, бір топ сая­сат­кер жазы­қ­сыз қамауда отыр­са, Жаңаө­зен-Шет­пе қырғы­ны­на кім жау­ап­ты­лы­ғы аны­қтал­ма­са, демо­кра­ти­я­лық елде тұра­мыз деп қалай айта­мыз? Бүгін­де Сіздің бір әкім, бір мини­стріңіз­ден халы­қтың мәсе­ле­лері тура­лы жау­ап­кер­шілік­ті талап ету мүм­кін емес, тіп­ті сол халы­қты жыл сай­ын топан суға ағы­зып жат­са да…

Тегі, Алла­дан қорқа­сыз ба, жоқ қоры­қ­пай­сыз ба, қажы Нұреке?

Серік САПАРҒАЛИ,

Қоғам қай­рат­кері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн