Понедельник , 7 июля 2025

28 панфиловшылар ерлігі АҚИҚАТ ПААҢЫЗ БА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

Жеңіс­ке 70 жыл: соғыс ақтаңдағы

 

Тая­у­да ақпа­рат ағы­нын­да Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың Жеңіспен аяқталға­ны­на 70 жыл толуы­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан мен Ресей бір­лесіп, «28 пан­фи­лов­шы­лар» деген ата­у­мен фильм түсіреді, оның шығы­нын да екі ел көтеріп ала­ды деген маз­мұн­да хабар тараған еді. Сон­дағы Қаз­ТАГ-тың хаба­ры бой­ын­ша, Ресей­дің мәде­ни­ет мини­стрі В.Мединский фильм түсі­ру үшін бел­сен­ді топ өкіл­дері мил­ли­он­дап қар­жы жинап үлгер­генін де айтқан еді.

Ресей мини­стрінің айтуы­на қараған­да, бұл фильм аны­ғын­да екі елдің мем­ле­кет­тік қазы­на­сы есебі­нен емес, қоғам өкіл­дері­нен «жылу» жинау арқы­лы түсірілетін сияқты. Әлем­дік аре­на­да импе­ри­а­ли­стік пиғы­лын таны­тып үлгер­ген Ресей үшін орыс халқы­ның пат­ри­от­тық сезі­мін ұшта­уға түрт­кі бола­тын фильм­ді халы­қтан қар­жы жинап түсі­ру – олар­дың өз әуресі бол­са керек-ті. Ал терең эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да үнем­ге көш­кен Қаза­қстан үшін «бел­сен­ді топ өкіл­дері» қажет­ті қар­жы­ны қай­дан жина­мақ? Және Кремль­дің жете­гіне ерген ұлы оры­стық шови­низм сая­са­ты өршіп тұрған кез­де біздің елге Мәс­ке­уді қорғаған-мыс пан­фи­лов­шы 28 жауын­гер жай­лы аңы­зды ақиқатқа айнал­ды­ру қан­ша­лы­қты қажет?

 

Мәс­кеу түбін­де­гі Дубо­се­ко­во темір­жол бекеті маңын­да болған-мыс «аңыз» Ресей­дің өз ішін­де сонау 70-жыл­дар­дан бері дауға айналған әңгі­ме. Пан­фи­лов­шы­лар ерлі­гіне қаты­сты зерт­теу Ресей тарих­шы­ла­ры ара­сын­да әлдеқа­шан екі­ге жары­лға­ны бел­гілі. Солай бола тұра, біз ақиқа­ты дүдә­мәл «ерлік­ті» елге, әсіре­се өске­лең ұрпаққа үлгі ету­ге асы­ғы­стық жасаға­ны­мыз жөн бе?

Сөй­те тұра, «28 пан­фи­лов­шы­лар ерлі­гін қаза­қстан­ды­қтар аса жоға­ры баға­лай­ды» деген ҚР мәде­ни­ет мини­стрі Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы тіп­ті бұл фильм «кино­ше­девр» бола­ды деп, «арба­ның алдын­да» жүгі­ре жөнел­ген екен. Бүгін­де біздің елдің ғалым­да­ры мен тарих­шы­ла­ры өз елі­міздің мем­ле­кет­ті­гі қай жыл­дан баста­ла­ды деген сұрақты үлкен пікір­та­ла­стық тақы­ры­бы­на айнал­ды­рған кез­де бөтен елдің бүлін­дісін тық­па­ла­удың қажеті қанша?

Рас, қыру­ар қар­жы жұм­са­лып түсірілетін шығар­ма­ның «шедевр» болуы­на момын қазақ қар­сы бол­мас, бірақ фильм­ге желеу болар тақы­рып­тың құн­ды­лы­ғы және оның кеше­гі тарих­тағы ақиқа­ты мен оры­нын аны­қтап алу әлдеқай­да маңы­зды мәсе­ле бол­са керек. Одан бұрын совет­тік идео­ло­ги­я­ның итер­ме­ле­уі­мен түсіріл­ген «За нами Москва» филь­мін, оның басты кей­іп­кері Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның тарих мой­ын­даған ерлі­гін жаңа­ша дәріп­теу әлдеқай­да маңы­зды болар еді.

Бауы­р­жан демек­ші, қаза­қтың хас баты­ры, сол соғы­ста даңқы жай­ы­лған қол­бас­шы осы Пан­фи­лов диви­зи­я­сын­да рота, бата­льон, полк басқар­са да, 28 пан­фи­лов­шы­ның ерлі­гі тура­лы неге тіс жар­май кет­ті? Бұл да біз үшін түй­іні шешіл­ме­ген сұрақ.

Ал сол Бауы­р­жан­ның Мәс­кеу түбі­нен кей­ін­гі май­дан жолы, оның атақты Ржев шай­қа­сын­дағы ерлі­гі, диви­зия коман­ди­рі болған кез­де­гі қол­бас­шы­лық соғыс қимы­лы жөнін­де біздің жас ұрпақ дәнеңе біл­мей­ді. Соғы­стан кей­ін КСРО Қару­лы Күш­терінің Бас шта­бын­да жаяу әскер­дің соғыс так­ти­ка­сы кур­сы бой­ын­ша сабақ бер­ген пол­ков­ник Момы­шұ­лы тура­лы біз не білеміз?

Міне, ұлтқа ұлағат болар­лық осын­дай есім­ді дәріп­те­удің орны­на біздің елдің билі­гі дақ­пыр­ты мен даб­ы­расы көп тарихқа тән­тілік таны­ту­да. «Дақ­пырт пен даб­ы­ра» дей­тін себебі­міз – әсіре­се өткен ғасыр­дың 80–90-жылдары ара­лы­ғын­да Ресей тарих­шы­ла­ры мен жур­на­ли­стері бас­пасөз бет­терін­де пан­фи­лов­шы­ларға қаты­сты дүр­лік­кен айтыс тудыр­ды: 28 батыр болған жоқ, ол соғыс жыл­дарғы пат­ри­от­тық иде­я­дан туған аңыз еді деген тақы­рып төңіре­гін­де көп дау-дамай болды.

Соны­мен, Мәс­кеу түбін­де­гі шай­қа­стың тарих­тағы фабу­ла­сы қалай өрбіді?

…1942 жыл­дың 22 қаңта­рын­да «Крас­ная Звез­да» газетін­де әде­би­ет бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі Алек­сандр Кри­виц­кий­дің «28 батыр тура­лы» очер­кі жарық көреді. Онда 1941 жыл­дың күзін­де Алма­ты­да жасақталған 316-атқы­штар диви­зи­сы­ның 28 пан­фи­лов­шы-батыр­ла­ры­ның соғы­стағы ерлі­гі, газет тіл­шісі өз көзі­мен көріп тұрған­дай, егжей-тег­жей­лі жазылады.

«Елу­ден астам жау тан­кісі Пан­фи­лов басқа­ра­тын диви­зи­я­ның жиыр­ма тоғыз совет­тік гвар­ди­я­шы­ла­ры қорғаған шеп­ке жыл­жып келеді… (Сол­дат­тар­дың біре­уі кей­ін­нен қорқақ болып шыға­ды – Ред.). Соғыс төрт сағат­тан аста­мға созыл­ды. Бұл кез­де жаудың 14 тан­кі май­дан дала­сын­да қимыл­сыз қалған еді. Сер­жант Доб­ро­ба­бин мерт бол­ды, қызыл әскер Шемя­кин де қаза тап­ты… Кон­кин, Шад­рин, Тимо­фе­ев және Тро­фи­мо­втар да жан тап­сыр­ды… Көзі қыза­рып кет­кен Клоч­ков жол­даста­ры­на қарап: «Достар, отыз тан­кі екен, біз­ге осы жер­де өлу­ге тура келетін шығар. Ресей кең бай­тақ, бірақ шегі­нер­ге жер жоқ – арты­мы­зда Москва…» – деді.

Екі қолын кеудесіне айқа­сты­рып алған Қожа­бер­ге­нов сақыл­дап тұрған жау пуле­метінің аузы­на барып құла­ды… Бар­лық жиыр­ма сегіз адам жан тапсырды».

Рас, егер соғыс алаңын­дағы оқиға осы­лай болған­да, бұл – жан­ке­шті ерлік­тің көрінісі. Десек те, ара­да көп жыл­дар өткен­де, Ресей тарих­шы­ла­рын бұл ерлік­тің тарихы неге дүр­лік­тіріп отыр? Сол тұстағы сая­си жүй­енің бедел­ді әске­ри басы­лы­мын­дағы очерк май­дан­дағы тіл­ші Васи­лий Коро­те­ев­тің 1941 жыл­дың 27 қара­ша­да шыққан «Мерт болған 28 батыр­дың өси­еті» атты мақа­ла­сы­ның ізі­мен жазы­лған көрі­неді. Бірақ, Кри­виц­кий мен Коро­те­ев­тің жазған­да­рын­да толып жатқан сәй­кес­сіздік­тер бар екенін айтып, ақиқат­ты аны­қта­мақ болған Ресей тарих­шы­ла­ры даб­ыл қақты: «бұл наси­хат­тық қиял», «шын­ды­ққа сай кел­мей­ді» деп, аңы­зды әшке­ре ету үшін жар салды.

Өкініш­ке орай, бұл шай­қа­стың анық-қаны­ғы бүгін емес, сол соғыс кезінің өзін­де-ақ тиісті орын­дар­дың күмәнін туғы­зып, көңілін аударға­ны бүгін­гі күні бел­гілі болып отыр. Ресей басы­лым­да­рын­да әр кез­де жари­я­ланған әшке­ре мақа­ла­лар­да кел­тіріл­ген деректер бой­ын­ша, 28 пан­фи­лов­шы­ның бәрі бір­дей қаза болмаған.

Мәсе­лен, соңғы жыл­да­ры бел­гілі болған мынан­дай бір­не­ше дерек бар. 1942 жылы-ақ «айы­ры­қ­ша бөлім» чеки­стері фаши­стер­ге өз еркі­мен тұтқы­нға түс­кен Данил Қожа­бер­ге­но­вті (А. Кри­виц­кий «жау пуле­метінің аузы­на барып құла­ды…» деген) тұтқын­даған. Ол жау­ап алу кезін­де өзінің Пан­фи­лов басқарған 316-атқы­штар диви­зи­я­ның жауын­гері екенін мой­ын­даған. Сая­си жетек­ші Васи­лий Клоч­ко­втың бай­ла­ныс­шы­сы болған Қожа­бер­ге­нов Дубо­се­ко­воға ақпа­рат әке­ле жатып, қолға түс­кенін айта­ды. Яғни, ол 17 қара­ша күн­гі «қырғын шай­қас болған» разъ­ез­ге жетіп үлгермеген.

16 қара­ша күні ол әлдебір жағ­дай­да тұтқын­нан сыты­лып шығып, орманға сіңіп кете­ді. Содан Қожа­бер­ге­нов орман ара­сын­да Лев Дова­тор­дың атты әскеріне тап болады…

Осы жер­де тағы бір адам сен­гісіз оқиға, дұры­сы – екі­жүзділік орын ала­ды. «Қаза болған» жауын­гер «тіріліп кет­кен соң», полк коман­ди­рі 1942 жылы Пан­фи­лов диви­зи­я­сы­на келе салып, «қаза тапқан» Асқар Қожа­бер­ге­но­втың аты «қате жазы­лға­нын», яғни «Данил» болып кет­кенін, шын мәнін­де оның тірі екенін жоға­ры­ға хабар­лай­ды. Нәти­же­сін­де Асқар Қожа­бер­ге­нов­ке «Совет Одағы­ның Баты­ры» атағы беріледі. Бірақ өза­ра аттас екі жігіт­тің ешбірі де Дубо­се­ко­во түбін­де­гі шай­қасқа қаты­сы бол­май шығады.

Данил Қожа­бер­ге­нов бол­са, «тіріліп» кел­ген соң, бір­ден май­данға жіберіледі. Ауыр жара­ла­нып, елге қай­та­ды. От жағу­шы болып жұмыс істеп, 1976 жылы Алма­ты­да қай­тыс болады.

Май­дан­да «қаза тапқан» соң мара­пат­талған­дар­дың тізі­мін­де бірін­ші болып тұрған Иван Доб­ро­ба­бин­нің тағ­ды­ры одан да қиын­дау. Ол 1947 жылы қара­ша­да Укра­и­на­да тұтқын­да­лып, «мем­ле­кет­ке опа­сыздық жасаған» деп айып­та­ла­ды. Ол кез­де өз еркің­мен емес, жара­ла­нып, есің­нен танып қалып, жау қолы­на тұтқы­нға түс­сең де, соның өзі ату жаза­сы­на неме­се Қиыр Сол­түстік­ке 10–15 жылға жер ауда­рып жібе­ру­ге жет­кілік­ті бола­тын. Бірақ Иван Доб­ро­ба­бин 1942 жылы қара­ша­да Мәс­кеу түбін­де өлме­генін, тек жара­ла­нып, тұтқы­нға түс­кенін мойындайды.

Немістер­ден қашып шыққан ол Харь­ков облы­сын­дағы Пере­коп дерев­ня­сын­дағы туы­ста­ры­на келеді. Сол жер­де Доб­ро­ба­бин немістер­ге поли­цай болып қыз­мет етеді.

28 пан­фи­лов­шы­лар тура­лы зерт­теу жүр­гіз­ген Артем Пла­то­нов бұл жай­ын­да былай деп жаза­ды: «1942 жыл­дың тамыз айын­да маман­дар­ды Гер­ма­ни­яға жұмысқа жібе­ру тура­лы немістер­дің бұй­ры­ғы шыға­ды. Доб­ро­ба­бин­ге өзінің туған село­сын­да поли­цай болуға тура келеді. Бұл жер­де екінің бірін таң­да­уға тура кел­ген еді: не Пере­коп­та поли­цай бола­сың, бол­ма­са Гер­ма­ни­яға айда­ла­сың. Бұның мәж­бүр­лік­тен болға­нын, Иван­ның өз Ота­нын сат­паған­ды­ғын мына бір фак­тілер дәлел­дей­ді. Доб­ро­ба­бин­нің кезін­де дерев­ня­да бір­де-бір ком­му­нист дарға асыл­маған, селоға келіп тығы­лған бір­де-бір совет жауын­гері немістер­ге берілмеген».

Алай­да әске­ри чеки­стер оның өткен-кет­кенін 1947 жылы аны­қтай­ды. Бұл тура­лы Артем Пла­то­нов былай деп жаза­ды: «Әске­ри три­бу­нал бұры­нғы взвод коман­ди­рінің орын­ба­са­рын 15 жыл лагерь­ге жіберіп, жаза­сын өте­у­ге үкім ете­ді. О баста «Ота­ны­на опа­сыздық жасаға­ны үшін» 25 жыл бер­мек бола­ды. Бірақ қан­ша деген­мен де, «әйгілі 28-дің» бірі емес пе, сол себеп­ті мерзі­мін аздау береді. Ол бостан­ды­ққа мерзі­мі­нен бұрын, жеті жыл­дан соң шығады».

Сон­дай-ақ Лари­он Васи­льев, Гри­го­рий Шемя­кин, Иван Шад­рин және Дмит­рий Тимо­фе­ев өздерінің сол «атақты шай­қасқа» қаты­сып, тірі қалған­да­рын дәлел­дей­ді. Сөй­тіп, оларға да «Совет Одағы Баты­ры­ның» алтын жұл­ды­зы беріледі, бірақ бұл тура­лы көп­шілік жұр­тқа басы артық әңгі­ме айтылмайды.

Шын мәнін­де, тірі қалған соң да, яғни соғы­стан кей­ін олар­дың тағ­ды­ры оңай бол­маған. Мыса­лы, Иван Шад­рин әйгілі шай­қа­ста тұтқы­нға түсіп, одан 1945 жылы ғана боса­ды. Мұнан соң совет­тік конц­ла­герь­лер­дің бірін­де бұры­нғы тұтқын­да­ры­на арналған филь­тра­ци­я­лық елек­те екі жылын өтке­реді. 1947 жылы Алтай өлкесін­де­гі үйіне оралған­да, жұрт оған көк­тен түс­кен­дей қарай­ды. Себебі ол «май­дан­да ерлік­пен қаза болған» еді.

Алғаш Алек­сандр Кри­виц­кий­дің «қиял­дағы батыр­ла­ры­на» сен­бе­ген, пан­фи­лов­шы­лар­дың тарихы­на жария түр­де күмән кел­тір­ген әде­би сын­шы, про­за­шы Эмиль Кар­дин бол­ды. Оның зерт­те­уі нәти­же­сін­де «пан­фи­лов­шы­лар құпи­я­сы» 1966 жылы ашы­ла­ды. 1948 жылы про­ку­ра­ту­ра жүр­гіз­ген тер­геу құжат­та­ры бой­ын­ша май­дан­гер жазу­шы, әде­би­ет сын­шы­сы Эмиль Кар­дин «Новый мир» жур­на­лы­на «Аңы­здар мен фак­тілер» атты мақа­ла жариялайды.

Ол қолы­на түс­кен құжат­тар негізін­де кел­тір­ген деректер бой­ын­ша, 1075-атқы­штар пол­кінің бұры­нғы коман­ди­рі, куә­гер Илья Кар­по­втың сөзін кел­тіреді: «1941 жыл­дың 16 қара­ша­сын­да Дубо­се­ко­во разъ­езі маңын­да 28 пан­фи­лов­шы­ның неміс танк­тері­мен шай­қа­сы болған жоқ, мұның бар­лы­ғы ойдан шыға­ры­лған. Бұл күні Дубо­се­ко­во разъ­езі маңын­да 2‑батальонның құра­мын­да 4‑рота соғы­сты. Олар шынын­да да батыр­лы­қ­пен шай­қа­сты. Мәсе­ле осы батыр­лар тура­лы болуы керек еді ғой?! Бұған не нәр­се кедер­гі болған? Әлде пан­фи­лов­шы­лар­дың аты­ста өлгені – өліп, қашқа­ны – қашып, немістер­ге беріл­гені қол көтеріп кет­кен соң, мұның артын жабу керек бол­ды ма? Ал 4‑ротада 100-ден аса адам мерт бол­ды, газет­те жазған­дағы­дай, 28 адам емес. Бұл кезең­де мені­мен ешқан­дай тіл­ші сөй­лес­кен жоқ. Ешкім­ге ешқан­дай 28 пан­фи­лов­шы тура­лы айтқан емес­пін, мұн­дай соғыс бол­маған­ды­қтан, ол жай­ын­да айтуым да мүм­кін емес», – деген екен пол­ков­ник Карпов.

Ара­да 30 жыл­дан астам уақыт өткен­де, яғни 1997 жылы, тағы сол «Новый Мир» жур­на­лын­да тарих­шы­лар Ники­та Пет­ров пен Оль­га Эдель­ман аны­қта­ма-баян­да­ма­ның толық мәтінін және оның басты қоры­тындыс­ын жариялайды:

«Тек­се­ру-тер­геу бой­ын­ша бел­гілі болған­дай, бас­пасөз­де жазы­лған 28 гвар­ди­я­шы-пан­фи­лов­шы­ның ерлі­гі – әске­ри тіл­ші Коро­те­ев­тің, «Крас­ная Звез­да» газетінің редак­то­ры Ортен­берг­тің және әсіре­се газет­тің әде­би хат­шы­сы Кри­виц­кий­дің ойдан шығарған, қия­ли дүни­есі болып табы­ла­ды. Бұл қия­ли дүние кей­інірек жазу­шы­лар Тихо­но­втың, Став­ский­дің, Бек­тің, Куз­не­цо­втың, Лип­ко­ның, Свет­ло­втың және өзге­лер­дің шығар­ма­ла­рын­да қай­та­ла­нып, Совет Одағы халқы­ның ара­сын­да кеңі­нен таралды».

Бұл әлдебір жур­на­лист неме­се тарих­шы емес, Кеңес Одағы Қару­лы Күш­терінің Бас про­ку­ро­ры, юсти­ция гене­рал-лей­те­нан­ты Н.Афанасьев шығарған қоры­тын­ды. Әске­ри про­ку­рор аңы­зға осы­лай өлім­ші етіп, үкім шыға­рып, оны елдің бас про­ку­ро­ры Г. Сафо­но­вқа жол­дай­ды. Ал Сафо­нов өз кезе­гін­де ВКП Орта­лық Коми­тетіне жөнелтеді.

Бірақ Орта­лық Коми­тет­тің Сая­си Бюро мүше­лері мұны талқы­ла­ды ма, жоқ па деген мәсе­ле құпия күй­ін­де қала­ды. Талқы­лау болған күн­нің өзін­де жабық есік жағ­дай­ын­да қабыл­данған шешім бой­ын­ша, 28 пан­фи­лов­шы­лар­дың «ерлі­гі» елдің пат­ри­от­тық сезі­міне қыз­мет ету үшін жылы жауып қал­ды­ры­луы әбден мүмкін.

Ақиқатқа айналған аңы­зға қаты­сты күдік­тің біра­зын кей­ін­нен Алек­сандр Кри­виц­кий­дің өзі сей­ілт­кен. Оның өз сөзі бой­ын­ша, очерк жари­я­ла­ны­сы­мен, оны Кеңес Арми­я­сы Сая­си Бас басқар­ма­сы­ның басты­ғы гене­рал-пол­ков­ник Алек­сандр Щер­ба­ков шақыр­тып алады.

«Аздаған әңгі­ме­ден соң, Щер­ба­ков күт­пе­ген жерден:

– Жол­дас Кри­виц­кий, сіз очерк­те 28 пан­фи­лов­шы түгел қаза болға­нын жаза­сыз. Сон­да сіз­ге Клоч­ко­втың «…Рос­сия ұлан-бай­тақ… Бірақ арты­мы­зда Москва – шегі­нер­ге жер жоқ!» деген сөзін кім жет­кізді? – деп сұрайды.

Кри­виц­кий:

– Мен осын­дай сәт­те Клоч­ков осы­ған тек­тес сөз айтуы мүм­кін-ау деген оймен оның аузы­на бұл сөзді өзім сал­дым, – деп, тура­сы­нан жау­ап береді.

Щер­ба­ков Кри­виц­кий­ге ұзақ уақыт үнсіз қарап тұрып:

– Сіз өте дұрыс істе­ген­сіз, жол­дас Кри­виц­кий, – деген…».

Щер­ба­ко­втың осын­дай қол­да­уы­нан бол­са керек, Кри­виц­кий әбден еркін­сиді. Ол кей­ін­нен: «28 батыр­дың сезі­мі мен әре­кетіне кел­сек, бұлар­дың бар­лы­ғы – менің әде­би қия­лым. Мен жара­ланған неме­се тірі қалған гвар­ди­я­шы­лар­дың ешқай­сысы­мен сөй­лес­кен емес­пін. Жер­гілік­ті тұрғын халы­қтан мен тек Клоч­ко­втың жер­лен­ген бей­ітін көр­сет­кен 14–15 жасар бала­мен ғана сөй­ле­стім», – деген­ді ашық айтып жүреді.

Кей­ін 60-жыл­да­ры Мәс­кеу түбін­де­гі соғы­стың аңы­зы мен ақиқа­тын жазып жүр­ген тарих­шы Эмиль Кар­дин 28 пан­фи­лов­шы тура­лы аңы­зды құжат­тарға сүй­ене оты­рып, соңы­на дей­ін әшке­ре­ле­ген тұста, оған сонау жоға­ры­дан Бреж­нев­тің өзі қат­ты ескер­ту жасап, басып тастайды.

Кри­виц­кий бол­са, кез кел­ген дау-дамай­да: «Сен­дер не десең­дер, ол дең­дер, менің мақа­лам тари­хи құжат болып қала­ды!» – деп, ешкім­ге дес бер­мей­ді. Міне, аңы­зды ақиқатқа айнал­ды­рған автор­дың өзі осы­лай мой­ын­дап оты­рған жағ­дай­да «28 пан­фи­лов­шы­лар ерлі­гін» одан әрі даб­ы­ра етіп, ұлт ұрпағын жалған­ды­ққа мой­ын­сұн­ды­ру әділет­сіздік­тің әкесі бол­май ма?

Бір көңіл ауда­ра­тын мәсе­ле – соғы­стан аман қалған пан­фи­лов­шы­лар­дың бір­де-бірі бұл пікір­та­ласқа ара­лас­паған, өздерін қорғап, уәж айтқан ешкім бол­маған. Соған қараған­да, бұл «ерлік­тің» көлең­келі тұста­ры көп болға­нын «тари­хи куә­гер­лер» де үнсіз мой­ын­даған сыңай­лы. Себебі Кеңес Одағы­ның бұқа­ра­лық сана­ны бағын­ды­руға бағыт­талған алып идео­ло­ги­я­лық маши­на­сы бол­ма­са, өлім мен өмір ара­сын­дағы адам­дар­дың тағ­ды­ры бұлай­ша бұр­ма­ла­нып, осын­ша­ма даб­ы­ра­мен наси­хат­тал­маған болар еді!

Сон­дай-ақ бүгін­гі күні Қаза­қстан­да қоғам­дық құры­лым өзгеріп, тәу­ел­сіз елдің тарихы жаса­лып жатқан кез­де, кеңе­стік сая­си наси­хат ақиқат­тың мысын басқан ком­му­ни­стік идея өзгер­мей келе жатқа­ны­на, жалған­ды­қтың жаны мұн­ша сірі бола­ты­ны­на да қай­ран қала­сыз. Көр­шілес Өзбек­стан­да совет­тік мұра мен оның наси­хат­тық негіз­дері қира­тыл­ды. Гру­зия «Ұлы Отан соғы­сы» деген тарих­ты қай­та­дан сара­лау үстін­де. Бал­тық жаға­ла­уы елдері бұл соғы­сты «боль­ше­виз­мнен азат ету соғы­сы» деп жари­я­ла­ды. Укра­и­на ресей­лік мұра­ны ғана емес, тұтас пра­во­сла­вие дүни­есін ұлт­тық ұждан­мен қай­та­дан қара­уда. Ал біздің ел Ресей­дің «ұлы оры­стық» шови­низм иде­я­сын қай­та­дан «тіріл­ту­ге» жан-дәр­мені­мен жәр­дем жасауда.

Осы орай­да «28 пан­фи­лов­шы­лар» оқиға­сы­на қаты­сты кеңе­стік кез­де қалып­тасқан ресми тарих­ты қай­та қарап, оған ақиқат деректер негізін­де жаңа­ша баға беру қажет­тілі­гі «өтірік» кино түсіру­ден әлдеқай­да маңы­зды бол­са керек. Рас, біз Пан­фи­лов диви­зи­я­сы­ның Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стағы батыр­лы­ғы­на шек кел­ті­ре алмай­мыз. Бірақ сол соғы­стың ақиқа­ты мен аңы­зын айы­рып ала­тын уақыт әлдеқа­шан жетті.

Кей­ін­нен 8‑гвардиялық гене­рал Пан­фи­лов атын­дағы диви­зия аталған әске­ри құра­ма­ның 1077-пол­кін­де коман­дир болған Зино­вий Шех­т­ман өз естелік­терін­де: «…Тек екі күн­гі ұры­стың өзін­де полк­тің 400 ада­мы мерт болып, 100 ада­мы жара­ла­нып, 600 ада­мы із-түз­сіз кет­ті. Дубо­се­ко­во разъ­езін қорғаған 4‑ротаның бес­тен бір бөлі­гі ғана аман қалып, 5- және 6‑роталардың шығын­да­ры одан да көп бол­ды…» – деп жаз­ды. Сон­ды­қтан біздің мақ­са­ты­мыз – ерлік­ті жоққа шыға­ру емес, ақиқат­ты жары­ққа шығару.

Бір кез­дері кеңе­стік әскер­дің рухын көте­ру­ге қажет болған ұран­дар мен иде­я­лар бүгін­гі Қаза­қстан үшін ұлт­тық ұлағат бола ала ма? Айта­лық, «Мос­ков­ский ком­со­мо­лец» газетінің шолу­шы­сы Алек­сандр Мин­кин 28 пан­фи­лов­шы­ның тарихы­на түсінік­те­ме бере келіп, 2009 жылы мамыр айын­да «Азат Еуропа/Азаттық» радио­сы­ның орыс қыз­метінің хаба­рын­да былай деп мәлімдеді:

«Бұл бұр­ма­лау (!) бүгін жасалған жоқ. Ол соғыс уақы­тын­да әске­ри рух­ты көте­ру үшін жасал­ды. Мен бұл жайт­ты айып­та­уға асы­қ­пас едім. Сар­ба­з­дар­дың рухын көте­ру­ге тыры­сты. Май­дан дала­сын­да тауы­мыз шағы­лып, біз жыл­дам шегініп бара жат­тық. Тұтас арми­я­лар қор­ша­уда қалып, құрып кетіп жат­ты. Қалай болған­да да, әске­ри рух­ты көте­ру керек еді».

Ал әйгілі тарих­шы әрі пуб­ли­цист Рой Мед­ве­дев бұл бұр­ма­ла­удың себеп­терін айта келіп, ойдан шыға­ры­лған қия­ли дүни­е­ге былай деп түсінік­те­ме бер­ді: «Тарих дегеніңіз – өте күр­делі ғылым және оны­мен өте бай­ып­ты түр­де айна­лы­су керек. Бұл өте қиын дүние, пікір­та­ла­сты­ру керек, кез кел­ген шынайы түсін­дір­ме­ге мүм­кін­дік беру керек. Бірақ бұр­ма­лау – бұл шынын­да да сая­си дүние, көп жағ­дай­да ол «арам­ни­ет­ті өтірік», – деді.

Сон­ды­қтан да бүгін­гі қазақ жаста­рын «28 пан­фи­лов­шы­лар» деп ата­ла­тын фильм­нің желісі­мен «арам­ни­ет­ті өтірік­ке» бау­лу біз­ге қажет пе?

Гүл­ми­ра

ТОЙБОЛДИНА,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн