Понедельник , 12 мая 2025

30 ЖЫЛДЫҢ КЕСАПАТЫН үш жылда өзгерту мүмкін емес

Қоғам­да күн тәр­тібінде­гі мәсе­ле­лер төңіре­гін­де туын­даған сұрақтар жай­лы газет тіл­шісі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүше­сі Самат Нұр­та­за­мен сұх­бат­тасқан еді.

Самат мыр­за, бүгін­гі біздің қоғам­да кеу-кеулеп тұрған маңы­зды мәсе­ле Қаза­қстанға Атом электр стан­са­сы керек пе, жоқ па деген сұрақ. Бұл тура­сын­да дау көп. Ал АЭС құры­лы­сы­на халық ара­сын­да қар­сы­лы­қтың өршіп тұрға­нын қалай баға­лай­сыз? Мәсе­лен, қоғам­ның айна­сы сана­ла­тын әле­умет­тік желілер­де нега­тив өршіп тұрға­нын өзіңіз де бай­қап жүр­ген боларсыз?

– Елі­міз­де АЭС салуға деген қар­сы­лық – кезін­де­гі Фуку­си­мо мен Чер­но­быль тра­ге­ди­я­ла­ры­ның нәти­же­сі деп ойлай­мын. Әрине, үрей­дің болуы заң­ды­лық. Бірақ қоры­ққанға қос көрі­неді демек­ші, елі­міз­ге АЭС керек екенін де ұмыт­па­уы­мыз керек. Өздеріңіз білесіз­дер, қазір энер­гия көзін сатып алып отыр­мыз. Сон­ды­қтан бұл энер­ги­яға тәу­ел­дік­тен құты­лу үшін мәж­бүр­лі түр­де жаса­лып жатқан шара деп ойлай­мын. Себебі көмір­мен алы­сқа бармаймыз.

Жал­пы, Қаза­қстан­да АЭС салу қан­ша­лы­қты қажет? Сіз электр қуа­ты­на деген мұқтаж­ды­қты қан­дай аргу­мент­тер­мен айтып берер едіңіз?

АЭС салы­на­тын жер­ге бай­ла­ны­сты екі таң­дау бол­ды. Бірі Кур­ча­тов, екін­шісі Балқа­штың жаға­сы. Елі­міз­де халқы­мы­здың 50 % тұра­тын үш облыс бар. Олар: Түр­кістан, Жам­был, Қызы­лор­да облы­сы. Біздің елі­міз­ге қажет­ті фаб­ри­ка­лар мен зауыт­тар салай­ын деп әртүр­лі шетел­дік инве­стор­лар кел­се, энер­гия көзінің тап­шы­лы­ғы басты мәсе­ле болып туын­дай­ды. Сон­ды­қтан осы негіз­гі үш облы­стың тұрғын­да­рын жұмыспен қам­ту мақ­са­тын­да Балқа­штың маңы таңдалды.

6 қазан күн­гі рефе­рен­дум­да дауыс беру­де «иә» мен «жоқтың» ара­лық мөл­шері қан­дай бола­ды деп болжам жасай аласыз?

– Менің ойым­ша, халы­қтың 70 %-дан жоға­ры бөлі­гі қол­дай­ды деп ойлай­мын. Себебі үйі­мізді жылы­тып тұрған жылу стан­са­ла­ры бол­сын, зауыт­тар бол­сын, үлкен энер­гия қуа­тын қажет етеді.

Соңғы кез­дері әскер қата­рын­дағы сар­ба­з­дар­дың қаза­сы жиілеп кет­ті. Сіз қорға­ныс сала­сы­на қаты­сты Пар­ла­мент коми­тетінің мүше­сі ретін­де бұл келеңсіздік­тің сал­да­рын атап бере ала­сыз ба?

– Иә, мұн­дай мәсе­ле бар. Бұл мәсе­ле Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетіне қарас­ты болған­ды­қтан, жіті бақы­ла­уда ұстай­мыз. Бей­біт заман­да сар­ба­з­да­ры­мы­здың қаза тапқа­ны офи­цер­лік құрам­ның әлсізді­гі деп есеп­тей­мін. Сар­ба­з­дар­дың ара­сын­да лудо­ман­дар да кез­десіп жата­ды. Жаңа­дан кел­ген сар­ба­з­дар­дың аты­на мәж­бүр­леп несие алдыр­тып, ол ақша­ны бук­ме­кер­лік ком­па­ни­я­ларға салып, ұты­лған жағ­дай­лар да болған. Мұн­дай мәсе­ле­лер әрбір әске­ри бөлім­шенің коман­ди­рінің жау­ап­кер­шілі­гін­де болуы керек.

Жеке басым кон­трак­тілі кәсі­би әскер­ді қол­дай­мын. Армия деген екінің бірі бара бер­мей­тін қол­жет­пес жұмыс болуы керек. Кей­де әске­ри комис­са­ри­ат­та бел­гі­лен­ген жос­пар­ды орын­дау үшін, әскер­ге жарам­сыз жастар­ды да шақыр­та­ды. Сал­да­ры­нан әскер­де физи­ка­лық күшті талап ететін қатаң тәр­тіп сар­ба­з­дар­дың ден­са­улы­ғын­дағы бар­лық кем-кетік­терін асқын­ды­ра­ды. Бұл да әскер­де қай­ғы­лы жағ­дай­лар көбе­юінің бір фак­то­ры. Сон­ды­қтан әске­ри-меди­ци­на­лық ірік­теу жағын жіті қадаға­лау керек.

– Соңғы күн­дері БАҚ-та мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның ара­сын­да да суи­цид жасау фак­тілері жиілеп кет­ті. Жал­пы, өзіне-өзі қол жұм­сау бой­ын­ша, Wisevoter меке­месінің дере­гіне сүй­ен­сек, Қаза­қстан 19-орын­да тұр екен. Қай­ғы­лы оқиға­лар­дың алдын алу үшін мем­ле­кет тара­пы­нан қан­дай шара­лар қол­да­ны­лу­да және суи­цид мәсе­лесі не себеп­ті өршіп кет­ті деп ойлайсыз?

– Иә, қабы­рға­ны қай­ы­сты­ра­тын қай­ғы­лы жағ­дай­лар тым көбей­іп кет­ті. Осын­дай оқиға­лар­дың алдын алу үшін, мек­теп қабы­рға­ла­рын­да тәр­бие жұмыста­ры мен сынып сағат­та­ры жиі жүруі керек. Егер эмо­ци­о­нал­ды интел­лек­тісі дамы­ған ұстаз бол­са, ол оқу­шы­ның жүріс-тұры­сы мен оты­ры­сы­нан-ақ бала­ның ауыр депрес­си­яда жүр­генін, я бол­ма­са күмән­ді орта­мен бай­ла­ны­сқа­нын біле ала­ды деп ойлаймын.

Екін­ші жағы­нан, тек ұста­здарға жау­ап­кер­шілік­ті артып оты­ра бер­мей, ата-ана­лар да бала­ла­ры үшін бірін­ші кезек­те жау­ап­ты екенін түсі­нуі керек. Тір­шілік­тің қамы­м­ен күні-түні жұмыстан бас алмай­тын әке-шеше бала­сы­ның жай-күйі қалай болып жатқа­нын, оның не нәр­се­мен әуе­стеніп жүр­генін де біл­мей­ді. Әрине, заман тала­бы сол, олар­ды да кінәлай алмай­мыз. Бірақ тым құры­ған­да кеш­ке жатар­да балаңы­здың теле­фо­нын бір тек­серіп қой­ға­ны­ңыз жөн. Ол кім­дер­мен сөй­ле­седі, кім­дер­ді көреді, қан­дай әле­умет­тік желілер­де оты­ра­ды, кім­дер­ге тір­кел­ген – осы­ның бар­лы­ғы бала­ның пси­хо-эмо­ци­о­нал­ды фонын туғы­за­ды. Біздің ата-ана­лар «бұл мәсе­ле­лер­дің біз­ге қаты­сы жоқ, менің балам ондай емес» деп қарай­ды. Олай ойлау дұрыс емес. Бұл кез кел­гені­міздің басы­мы­зға түсуі мүм­кін жағ­дай. Нақты біре­у­ге айып таға алмаймыз.

Жал­пы қоғам болып жүй­елі жұмыстар жаса­луы керек. Соңғы күн­дері ата-ана­лар­ды алаң­датқан тағы бір үндеу шығып жатыр. Чат­тар­дағы хат­тарға сен­сек, тағы да қауіп­ті ойын­ның жаңа түрі пай­да болған. Осы­ған бай­ла­ны­сты елі­міз­де­гі бар­лық мек­теп­тер­де бала қауіп­сізді­гіне арналған жина­лыс ата-ана­лар­мен бір­ге өткізіліп жатыр. Онда қауіп­тің алдын алу шара­ла­ры баяндалады.

Ол ойын­да балаға түр­лі тап­сыр­ма­лар беріледі екен. Басым бөлі­гінің мәні – ата-анаға деген агрес­си­я­ны туды­рып, үйден қашып, түр­лі қатер­лі қадам­дарға баруға итер­ме­лей­ді. Бірақ бір­де-бір заң адам­ды сен мына­ны істе­ме, мына­ны қара­ма деп шек­тей алмай­ды. Мем­ле­кет­тің, Үкі­мет­тің пары­зы – жақ­сы жол­ды ұсы­ну. Нега­тив­ті жаққа бала бара ма, бар­май ма – ол жақын­да­ры­на, қор­шаған орта­сы­на байланысты.

– Пар­ла­мент Мәжілісінің бір­не­ше депу­та­ты болып, 15 күн бойы шека­ра әскерін ара­лап қай­тқан едіңіз. Осы сапа­ры­ңыз тура­лы айтып бер­сеңіз, Заста­ва­лар­дың жай-күйі қан­дай екен? Біздің шека­ра берік деп айтуға бола ма?

– Өзіңіз білесіз, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы 5 мем­ле­кет­пен шек­те­седі. Біз Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­мен ара­дағы шека­раға бар­дық. Жал­пы шека­ра қыз­метінің жағ­дайы жаман емес. Бірақ тоқта­ла кететін бір мәсе­ле – шека­ра­шы­лар ұстап жүр­ген қару-жарақ ескіріп бара жатыр. Зама­на­уи тех­ни­ка­ны да бай­қа­ма­дым. Кеңес кезі­нен қалған Калаш­ни­ков авто­мат­та­ры, Дра­гу­нов снай­пер­лік вин­тов­ка­сы, Калаш­ни­ков пуле­меті, өткен ғасыр­дың 50-жыл­да­ры­нан бері келе жатқан Мака­ров тапан­ша­сы сияқты қару­лар әлі қол­да­ны­ста жүр. Елі­міз­де 252 шека­ра заста­ва­сы бар екен. Шека­ра­мы­здың жал­пы ұзын­ды­ғы – 15 мың шақы­рым. Ал шека­ра­шы­лар заста­ва­лар­дың жағ­дай­ын жал­пы­лай алған­да түсін­дір­ді. Олар­дың айтуын­ша, КСРО мен Қытай шека­ра­сын­да заста­ва­лар­дың құры­лға­ны­на биыл 100 жыл тол­ды. Яғни, Өске­мен, Семей, Тал­ды­қорған жақтағы, Алма­ты облы­сы­ның шығы­сын­дағы заста­ва­лар КСРО кезі­нен бар. Кеңес Одағы кезін­де Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Түр­кі­мен­стан, Ресей­мен ара­да шека­ра заста­ва­сы болған жоқ. Өйт­кені шека­ра кар­та­да болға­ны­мен, іс жүзін­де жоқ еді. Ал бұл елдер­мен ара­да шека­ра заста­ва­ла­ры­ның құры­лға­ны­на 30-ақ жыл болған. Бірақ олар өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­рын­дағы эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс, қиын-қыстау кез­де жасақталған­ды­қтан, орна­ласқан ғима­рат­та­ры – бұры­нғы бала­бақ­ша, әкім­шілік, ауру­ха­на неме­се жеке үй дей­сіз бе, әйте­уір тіке­лей әске­ри мақ­сатқа арнал­маған құры­лы­стар. Біз Қара­су, Қара­сай, Еңбек, Өте­ген батыр және тағы басқа да заста­ва­ларға бар­дық. Сон­да арнайы ғима­рат­тар мәсе­лесі­нен бөлек, су тап­шы­лы­ғы бір­ден көз­ге түсті. Біз болған заста­ва­лар­да су таңер­тең­гі сағат 9.00-ден түскі 13.00-ге дей­ін беріледі екен. Одан кей­ін су тоқта­ты­ла­ды. Осы уақыт ара­лы­ғын­да адам­дар суды түр­лі ыдыс­тарға тол­ты­рып, келесі күн­ге дей­ін жететін­дей етіп сақтап қояды. Дәл осы мәсе­ле – менің ойым­ша, ерекше назар ауда­ра­тын жағ­дай. Мақта­на­тын дүние емес.

Тағы бір бай­қаға­ны­мыз – шека­ра­да адам­дар мал­ды әрі-бері көп айдай­ды екен. Яғни, кон­тра­бан­да кез­де­сетіні бай­қал­ды. Бұл жер­де әңгі­ме қазақ-қырғыз шека­ра­сы­на қаты­сты екенін еске­ру керек. Мал кон­тра­бан­да­сы­на КСРО кезін­де өңір­ді мекен­де­ген адам­дар­дың туы­стық қарым-қаты­на­сы әсер ететін сияқты. Бұрын бір елде болған адам­дар – қазір екі мем­ле­кет­тің аза­мат­та­ры. Шека­ра­ның арғы-бер­гі жағын­да бір қаза­қтың неме­се дүң­ген­нің аға-інісі, наға­шы-жиені қалып қой­ған. Мәсе­лен, Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы шека­ра­сы­ның арғы жағын­да дүң­ген­дер­дің ауы­лы тұр, біз жақта да дүң­ген­дер шоғыр­ланған Масан­чи, Сор­тө­бе тәрізді ауыл­дар орна­ласқан. Сон­да аға­сы Қырғыз­стан­ның, інісі Қаза­қстан­ның аза­ма­ты болуы мүм­кін. Төлқұ­жат­та­ры әртүр­лі болға­ны­мен, кін­дік­тес туыс. Олар бір-біріне мал, дүние-мүлік береді, апа­ра­ды деген­дей. Соғым неме­се торқа­лы той мен топы­рақты өлім­ге арналған сой­ыс малын апа­рып бер­гісі келетін кез­дері бола­ды. Кей­де осын­дай адам­дар шека­ра бұза­ды. Барым­та­шы­лар да кез­десіп қала­ты­ны бар. Деген­мен қазір шека­ра сызы­ғы­ның басым бөлі­гіне сым­те­мір тар­ты­лған. Алай­да тау­лы жер­лер­де әлі де сым­те­мірі жоқ аумақтар кез­десіп қала­ды. Ол жаққа сым­те­мір тар­ту өте қиын. Бір сөз­бен айтқан­да, шека­ра күзетіне қаты­сты шешілуі керек мәсе­ле­лер жетіп арты­ла­ды. Шека­ра­шы­лар­мен жар­ты ай бір­ге болған төрт депу­тат­тың әрқай­сысы өзін­ше ақпа­рат жина­ды. Көкей­ге біраз дүние түй­дік. Сар­ба­з­дар­мен, офи­цер­лер­мен, жер­гілік­ті халы­қ­пен сөй­ле­стік, жағ­дай­ға бір­ша­ма қаны­қтық. Қару-жарақты өз көзі­міз­бен көріп, қолы­мы­з­бен ұста­дық, оқ аттық. Шека­ра күзетіне кезек­шілік­ке шықтық. Түні бойы кір­пік қақ­пай, күзет­те бол­дық. Қысқа­сы, шека­ра­дағы жағ­дай­мен бір­ша­ма жақын­нан таныстық.

Қоғам тара­пы­нан депу­тат­тар­дың аты­на да қат­ты-қат­ты сын­дар айты­лу­да. Қазір­гі Пар­ла­мент бұры­нғы шақы­ры­лым­дар­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да азу­лы бол­са да, оған қоғам­ның көңілі неге тол­май­ды деп ойлайсыз?

 – Осы Пар­ла­мент­тің тарих­та ұзақ жыл­дарға қала­рын біле­мін. Бұл қатар­дағы кезек­ті шақы­рым емес. Себебі бұл жаңа Қаза­қстан тарихын­дағы үлкен тра­ге­дия – Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін құралған Мәжіліс бол­ды. Бұрын жасы­рын айты­ла­тын тақы­рып­тар қазір үлкен мін­бер­де қозға­лып жатыр. Менің ойым­ша, қоғам, керісін­ше, деп­ту­тат­тар­ды қол­да­уы керек. Депу­тат деген Мәжіліс­ке ұйқы­сын қан­ды­ру үшін келетін өтірік­ші ала­яқ деген сте­рео­тип­тер қалып­та­сып қалған. Бірақ қазір ондай заман емес. Қазір­гі депу­тат­тар қоға­мға да, жур­на­ли­стер­ге де ашық. 2022 жылға дей­ін­гі виде­о­лар­ды қара­саңыз, депу­тат­тар­дың жур­на­ли­стер­ден қашып, сұх­бат бер­мей, көлік­теріне жүгіріп бара жатқан­да­рын көресіз. Пле­нар­лық оты­ры­стан кей­ін жур­на­лист кез кел­ген депу­татқа өзінің сау­а­лын қоя ала­ды. Қол­дан кел­мей­тін нәр­сені кел­мей­ді деп ашық айта­мыз. Ал қол­дан келетін­ге аянып жатқан жоқ­пыз. 30 жыл­да өзгер­ме­ген­ді 3 жыл­да қопа­рып тастай­мыз деп айту – попу­лизм. Көш жүре түзе­леді. Көп­те­ген жағ­дай­лар­дың беті бері қара­ды, жұмыс жүріп жатыр деп есептеймін.

Бұл шақы­рым­дағы депу­тат­тар­дың көбі – қара­пай­ым жан­дар. Тіп­ті әлі күн­ге дей­ін бас­па­на­сыз жүр­ген депу­тат­тар­ды біле­мін. Шақы­ры­лым аяқталған­нан кей­ін біраз қыз-жігіт­тер қай­та­дан жал­да­ма­лы пәтер­ге көшу­ге мәж­бүр бола­ды. Олар өмірін осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке арнап, таза жалақы­ға ғана күн көріп, адал еңбе­гі­мен көтеріл­ген азаматтар.

– Осы сұх­бат­та біздің сұрақтар­дан басқа күн тәр­тібін­де­гі тағы қан­дай тақы­ры­пқа тоқта­лу керек деп пайымдайсыз?

– Йель уни­вер­си­тетінің жанын­дағы Эко­ло­ги­я­лық сая­сат және құқық орта­лы­ғы­ның зерт­теу нәти­же­леріне сәй­кес, Қаза­қстан өткен жылы қоқы­сты қай­та өңдеу дең­гейі бой­ын­ша 175-орын­ды иелен­ді. Тұр­мыстық қат­ты қал­ды­қтар­ды өңдеу ісін­де біз дамы­ған елдер­ден ғана емес, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ бой­ын­ша көр­шілес елдер мен Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері­нен де арт­та келе­міз. Мыса­лы, Қырғыз­стан 106-орын­да, ал Өзбек­стан бол­са 30-орында.

Одан кей­ін ақы­лы авто­тұрақ мәсе­ле­лерін көтер­ген едім. Жеке серік­те­стер­ге еш қара­жат жұм­са­уды қажет етпей­тін, жұмыс істеп тұрған авто­тұрақтар беріледі. Жеке серік­тес төлем алу құры­лғы­ла­рын орна­та­ды. Кірістің 95 пай­ы­зы жеке серік­тес­ке, ал 5 пай­ы­зы мем­ле­кет­ке түседі. Абат­тан­ды­ру, жол­ды жөн­деу және көшені жинау шығын­да­рын қала әкім­ді­гі көте­реді. Шарт талап­та­рын әле­умет­тік әділет­тілік тұрғы­сы­нан қай­та қарау абзал Бұл айып­пұл­дар­ды авто­тұрақ әкім­шілері емес, Ішкі істер мини­стр­лі­гі алып оты­ра­ды. Әкім­дік пен ақы­лы авто­тұрақ опе­ра­тор­ла­ры­ның өза­ра осын­дай қара­ма-қай­шы­лық қаты­на­ста­ры мем­ле­кет­тік-жеке­мен­шік әріп­те­стік талап­та­ры­на сай кел­мей­ді. Сон­ды­қтан ақы­лы авто­тұрақтар­ды көлік­тер ең көп жина­ла­тын жер­лер­де ғана қал­ды­рып, олар­дың санын қай­та қарап, қысқар­ту­ды ұсындым.

Биыл көтер­ген маңы­зды мәсе­ле­лерім­нің бірі – кол­ледж педа­гог­та­ры­ның мәр­те­бесі тура­лы бол­ды. Қазір­гі таң­да тех­ни­ка­лық және кәсіп­тік білім беру жүй­есін­де педа­го­ги­ка­лық кол­ле­дж­дер­дің жал­пы жұмыс істеу жүй­есіне, әдісте­месіне бөлек қол­дау қажет­тілі­гі көрініп тұр. Осы­ған орай өзім­нің депу­тат­тық сау­а­лым­да педа­гог кадр­лар­ды даяр­ла­уды жетіл­діру­ге қаты­сты бір­не­ше ұсы­ныс айт­тым. Жоғарғы оқу орны­на туы­с­тас маман­ды­қтарға қабыл­да­уға білім беру гран­тын көбей­ту тура­лы; Тех­ни­ка­лық және кәсіп­тік білім беру жүй­есін­де­гі педа­гог қыз­мет­кер­лерінің мәр­те­бесін көте­ру тура­лы; Педа­гог кадр­лар­дың білік­тілі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры мен тағ­лым­да­ма­дан өту тура­лы; «Тех­ни­ка­лық және кәсіп­тік, орта білім­нен кей­ін­гі білім­нің білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іске асы­ра­тын білім беру ұйым­да­ры­на оқуға қабыл­да­удың үлгілік қағи­да­ла­рын бекіту тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Білім және ғылым мини­стрінің 2018 жылғы 18 қазан­дағы № 578 бұй­ры­ғы­на өзгеріс енгі­зу туралы.

Өздеріңіз білетін­дей, биыл қаза­қтың көр­нек­ті жазу­шы­сы, дра­ма­тург, пуб­ли­цист, қазақ әде­би­етін қалып­та­сты­ру­шы­лар­дың бірі, әр мұғалім үлгі тұта­тын Жүсі­п­бек Аймауы­то­втың 135 жыл­дық мерей­тойы ата­лып өтпек­ші. Алай­да осын­дай ата­у­лы жыл­да бүгін­гі білім беру сала­сын­да осын­дай олқы­лы­қтар бар.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Дина ӘДІЛ,

«DAT»-тың Пар­ла­мент­тік тілшісі

Республиканский еженедельник онлайн