Понедельник , 30 июня 2025

50 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ алатын опера артистері НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Алма­ты­да Абай атын­дағы опе­ра және балет теат­ры­ның әртістері дай­ын­дық кезін­де үнсіз қар­сы­лық таныт­ты. Грим жағып, костюм киген әртістер дай­ын­дық кезін­де ән айт­пай қой­ды, деп хабар­лай­ды «31 арна».

Әртістер осы­лай­ша қар­сы­лық таны­ту­да. Бұл үнсіздік бір­не­ше дай­ын­дық кезін­де жалға­сты. Ита­ли­ядан шақы­ры­лған мэтр­лер бұған түсіністік­пен қара­ды. Кей­ін­нен бас­шы­сы­ның ғана емес, дири­жер­дің де ауы­сқа­ны бел­гілі болды.

«Бас­шы­лы­ққа қар­сы шығу оңай болған жоқ. Мұн­да өзін­дік жүйе бар. Біздің жаңа бас­шы­мыз дұрыс жұмыс істей­ді деп сене­міз», – дей­ді театр әртісі Ришат Ахметов.

Ая Қали­е­ва мін­дет­ті атқа­ру­шы қыз­метіне тағай­ын­дал­ды. Ол бұрын Селез­нев атын­дағы би учи­ли­ще­сін басқарған.
Айта кетей­ік, 170 қыз­мет­кер Аста­наға хат жазып, бас­шы­лы­қты ауы­сты­рып, жалақы­ны көте­руді талап еткен. Әрбір хор айту­шы­ның жалақы­сы 50 мың тең­ге­ден сәл жоғары.

«Бұл рет­те­уді талап ететін мәсе­ле. Кіта­п­ха­на­лар­да бұдан да аз жалақы ала­ды. Ал артист одан әрі солист ретін­де көтерілуі мүм­кін. Жалақы­ны көте­ру мүм­кін емес. Біз әркім­нің дамуы­на, талан­тын шың­да­уға жағ­дай жасап отыр­мыз», – дей­ді мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан­бек Мұхамедиұлы.

Дарын­ды­лы­ғы­ң­ды шың­дау – жақ­сы дүние. Бірақ ашты­қта жүріп талан­ты­ң­ды шың­дау қиын нәр­се. Жүз­де­ген адам­ның бір уақыт­та қалай солист болуы мүм­кін екенін министр айтқан жоқ. Сон­ды­қтан арти­стер­дің қой­ы­лым­нан соң бар­мен болып жұмыс істе­уіне тура келеді.

Sn.kz

Республиканский еженедельник онлайн