Пятница , 9 мая 2025

«7−20−25» ИПОТЕКАСЫ КІМ ҮШІН ЖАСАЛҒАН?

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған «қазан жолдауында» аймақтық әкімдердің қызметтерінде қалу-қалмауын «7−20−25» ипотекалық бағдарламасының орындалу барысымен бағалайтынын айтқан еді. Ал биылғы көктемнен бері қолға алынған бұл бағдарламаның орындалу жағдайы қалай?

Инве­сти­ция және даму мини­стр­лі­гінің деректеріне қараған­да, жеңіл­детіл­ген ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­мен бас­па­наға ие болу мүм­кін­ді­гі 4,6 мил­ли­он қаза­қстан­ды­ққа ғана бұй­ы­ра­тын түрі бар. Мини­стр­лік­тің Құры­лыс істері жөнін­де­гі коми­тетінің төраға­сы Мар­ха­бат Жай­ым­бе­то­втің пар­ла­мент депу­тат­та­ры­на бер­ген түсінік­те­месіне қараған­да, елде­гі 18,3 млн адам­ның 13,7 мил­ли­о­ны­ның мүм­кін­ді­гі шек­те­улі екен: 3,7 мил­ли­он­ның мой­нын­да бан­кілік несие бар, 15 жасқа дей­ін­гі бала­лар – 5,3 млн, өз күнін өзі көр­ген­дер – 2,1 млн, зей­нет­кер­лер – 2,1 млн, 250 мың адам бан­кі­ге қары­здар, сту­дент­тер – 500 мың.

Яғни, «7−20−25» ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы халы­қтың бар­лы­ғын бас­пан­амен қарық қылуы мүм­кін емес. Оның үстіне қаза­қстан­ды­қтар­дың бұл бағ­дар­ла­маға қаты­сты сұрақта­ры да аз емес. Олар­ды қан­дай банк­тер арқы­лы несие рәсім­де­леді, алға­шқы жар­на көле­мі қан­дай және пәтер­ге қол жет­кі­зу үшін қан­ша жалақы алу керек деген сұрақтар толған­ды­ра­ды. Құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры, қар­жы инсти­тут­та­ры тара­пы­нан түс­кен ақпа­рат­тар БАҚ бет­терін­де жиі бұр­ма­ла­нып жата­ды. Ең басты­сы – бан­кілік неси­есі өтел­ме­ген аза­мат­тар бағ­дар­ла­ма­ның бере­рі­нен қағы­луы әбден мүмкін.

Бұл екі ара­да «7−20−25» ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы­на алдын ала төлем жасау үшін, қаза­қстан­ды­қтарға тұрғын үй сер­ти­фи­кат­та­ры беріледі, деп хабар­лай­ды «Бас­па­на» ипо­те­ка­лық ұйым­ның бас­пасөз қызметі. 

«Мем­ле­кет бас­шы­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Қаза­қстан халқы­на жыл сай­ы­нғы жол­да­уы­ның аясын­да бер­ген тап­сыр­ма­сын орын­дау үшін алдын ала төлем­ді азай­туға кемін­де 50 мың тұрғын үй сер­ти­фи­ка­ты шыға­ры­ла­ды. 2018 жыл­дың соңы­на қарай қаза­қстан­ды­қтарға 10 мыңға жуық сер­ти­фи­кат беріледі», – делін­ген хабарламада.

Солай бола тұрса да, жеңілдетілген ипотекалық несие беру барысы батпаққа батып жатыр. Неге?

«Жұмыс істей­тін жұрт­тың бәріне қол­жетім­ді бола­ды деген жаңа ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма өтірік екен. Табысы төмен­дер оған қаты­са алмай­тын болып шықты», деп жаза­ды бұл орай­да Іnformburo.kz порталы.

Бұл бағ­дар­ла­ма­ны дар­дай қылып «7−20−25» деп жаза­ды пор­талға сіл­те­ме жасаған 365info.kz. Ипо­те­ка­ның жеңіл­дік шар­тта­ры ерте­гі сияқты естіл­ген. Біз­де негізі ипо­те­ка­лар­дың став­ка­ла­ры өте жоға­ры, ал мына ресми инфля­ци­я­мен дең­гей­лес 7 пай­ы­здық арзан неси­е­ге бәрі­міз қуа­нып-ақ қалғанбыз.

Бірақ мұн­дай кең ауқым­ды бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­руға арзан, әрі ұзақ ақша керек. Ондай ақша тео­ри­яда – не Біры­ңғай зей­не­тақы жинақта­у­шы қорын­да, не Бола­шақ ұрпақтар қоры­ның резерв­терін­де, не Ұлт­тық банк­те болуы мүм­кін. Билік уәде бер­ді ғой, енді орын­дай­тын шығар деп сенгенбіз…

Енді ол ерте­гінің өтірік екені ашы­ла баста­ды. Бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­ра­тын опе­ра­тор әрі бекітіл­ме­ген. Несие лими­ті, бағ­дар­ла­маға қаты­са­тын бас­па­на­ның қан­дай талап­тарға сай болуы тиіс екені де белгісіз.

Нешетүр­лі ұсы­ны­стар бол­ды. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы тіп­ті ипо­те­ка­лық несие бой­ын­ша алға­шқы жар­на ретін­де зей­не­тақы жинағын­дағы ақша­ны пай­да­ла­нуға мүм­кін­дік беруді ұсы­нған бола­тын. Ең қызы­ғы, «7−20−25» бағ­дар­ла­ма­сын­дағы «жұмыс істей­тін әрбір қаза­қстан­дық ала­тын бола­ды» деген негіз­гі идея қат­ты өзгеріп кет­ті. Енді ол әрбір қаза­қстан­ды­қтың қолы жет­пей­тін бағ­дар­ла­ма болып кетті.

Алды­мен қаза­қстан­ды­қтар­ды «ушлый­лар» мен «ушлый еме­стер» деп екі­ге бөліп таста­ды. «Ушлый» дегені – өз атын­да кез кел­ген бас­па­на­сы бар адам. Оның қан­дай күй­де­гі бас­па­на екенін­де ешкім­нің шаруа­сы жоқ. «Күр­ке бол­са да, үйің бар екен, сен «ушлый­сың», аулақ жүр» деп, ондай аза­мат­тар­ды бір­ден ала­стат­ты. Сон­да тар пәтер­де тұра­тын отба­сы бағ­дар­ла­ма­ның көме­гі­мен үйін кеңей­те алмай­тын бол­ды. Сосын бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша тек жаңа үйлер беріледі деді, өзіңіз­ге ұнаған ескілеу бас­па­на­ны ала алмай­сыз. Ең соңын­да бас­па­на құны­на да өңір­лер бой­ын­ша шек­теу енгізді – Аста­на, Алма­ты, Ақтау мен Аты­ра­удың лими­ті 25 мил­ли­он тең­ге, қалған өңір­лер­де – 15 мил­ли­он теңге.

2018 жылғы мау­сым­ның соңын­да «7−20−25» бағ­дар­ла­ма­сы толы­қтай әзір­лен­ді. Сон­дағы нәти­же­сі мынау: мен, 15 жыл бойы тоқта­май жұмыс істеп келе жатқан Қаза­қстан аза­ма­ты, бала­сы бар жас отба­сы, бұл бағ­дар­ла­маға қаты­са алмай­ды екен­мін. Өйт­кені «ушлый­мын». Екі бөл­мелі тар пәтерім бар. Соған мәз болу­дың орны­на үш бөл­мелі пәтер­ді арман­да­уға маған не жорық?

Сон­да «әрбір жұмыс істей­тін қаза­қстан­ды­ққа» арналған бағ­дар­ла­ма – қан­дай бағдарлама?

2018 жыл­дың 20 тамы­зын­да Ұлт­тық банк «7−20−25» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша 1 мың 26 өтіні­шті мақұл­даға­нын мәлім етті. 18 мил­ли­он халық үшін бұл аз ба, көп пе? Мақұл­данған өтіні­ш­тер­дің жал­пы сома­сы – 11,9 мил­ли­ард теңге.

Сон­да ипо­те­ка­лық неси­енің орта­ша баға­сы шама­мен 11,6 мил­ли­он тең­ге екен. Егер оған 20 пай­ы­здық алға­шқы жар­на­ны қос­сақ, «7−20−25» бой­ын­ша ала­тын үйіңіздің жал­пы құны 14,5 мил­ли­он тең­ге, неме­се қазір­гі бағам бой­ын­ша шама­мен $40 000 болады.

Ақыр аяғын­да жылы­на 7 пай­ы­здық 11,5 млн тең­генің неси­есі деген мына­дай болмақ:


• 25 жыл­да төлей­тін про­цент­теріңіз 12 млн 995 916 тең­ге;
• жал­пы 24 млн 595 мың 916 тең­ге төлей­сіз;
• 300 рет ай сай­ын 81 986 тең­ге­ден төлеп отырасыз.

Банк­те жұмыс істе­ген тәжіри­бем бой­ын­ша, несие бой­ын­ша ай сай­ы­нғы төлем мак­си­мал­ды деген­де қарыз алушы­ның табысы­ның 30–50% болуы тиіс. Өйт­кені қарыз алушы мен оның отба­сы мүше­лерінің өмір­лік мұқтаж­ды­қта­ры­на ақша қалуы керек. Бұл дегені­міз, ондай несие алушы­ның айлы­ғы 164 000 – 273 000 тең­ге шама­сын­да болуы қажет.

ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ста­ти­сти­ка коми­тетіне сен­сек, 2018 жыл­дың бірін­ші тоқ­са­нын­да орта­ша номи­нал­ды жалақы 158 000 тең­гені құрап, жан басы­на шаққан­дағы орта­ша ақша­лай табыс шама­мен 84 000 тең­гені құраған.

Ресми ста­ти­сти­ка­мен дау­лас­пай-ақ қояй­ық. Бірақ соның өзі жұмыс істей­тін орта­ша қаза­қстан­ды­қтың «7−20−25» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша орта­ша ста­ти­сти­ка­лық неси­ені төле­у­ге күйі кел­мей­тінін көр­се­те­ді. Нәти­же­сін­де қол­жетім­ді ипо­те­ка бар, бірақ оған кол жет­кізу­ге жағ­дайы жететін адам­дар жоқ» – деп қоры­тын­ды жасай­ды 365info.kz.
Сон­да, тәу­ел­сіз сарап­шы­лар мен қар­жы­гер-маман­дар­дың пікірін сара­лай кел­ген­де, «7−20−25» ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы кім үшін жасалған деген сұрақ туын­дай­ды. Білік­ті ақпа­рат көз­дерінің ақпа­ры­на сүй­ен­сек, бұл бағ­дар­ла­ма бірін­ші кезек­те құры­лыс инду­стри­я­сын дамы­туға бағытталған. 

Ал бұл инду­стри­яға негізі­нен билік­тің өкіл­дері өздерінің ірі-ірі құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры арқы­лы қожай­ын­дық жасай­ды. Түп­теп кел­ген­де, елде­гі негіз­гі қар­жы инсти­тут­та­ры – екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің бар­лы­ғы Ақор­да­лық билік­тің бақы­ла­у­ын­да. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – елде­гі бан­кілік капи­тал­дың иесі өзінің бақы­ла­у­ын­дағы қар­жы­ны өз құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры­на құю арқы­лы жеке актив­терін есе­лей түспек.

Бұдан қара халы­ққа қан­дай пай­да түс­пек? Әрине, 365info.kz жазған­дай, «ушлый еме­стер» қол­жетім­ді бас­па­наға ие болуы мүм­кін. Бірақ олар­дың саны – елде­гі 18,3 мил­ли­он халы­қтың 4,6 мил­ли­о­ны ғана. Ал қалған­да­ры жоға­ры­да көр­сетіл­ген себеп­тер­мен жеңіл­детіл­ген ипо­те­ка­лық неси­е­ден қағы­лған­дар қаты­ры­на қосы­ла­ды. Олар­дың қата­ры­на ептеп-сеп­те­ген бас­па­на­сы бар «ушлый­лар­ды» қоса­тын бол­сақ, бұл бағ­дар­ла­ма­ның несі­бесіне Қаза­қстан халқы­ның 30 пай­ы­зға жетер-жет­пе­сі ғана ие бола алады.

Бірақ бұл жоба бан­кілік капи­тал мен құры­лыс инду­стри­я­сы ара­сын­дағы қар­жы­лық қисап арқы­лы жүретін бол­са, екі тіз­гін­ді қатар ұстап, халы­қтың есебі­нен пай­да тап­пақ болған негіз­гі акционер/акционерлер бұл шек­те­у­ге көне ме? Мәсе­ле осын­да. Ал бұл қисап­тың арғы бары­сы қалай бола­ды – ол негіз­гі акци­о­нер­дің пәр­меніне қаты­сты бол­мақ. Бір жағы­нан, оның бақы­ла­у­ын­дағы бан­кілер­ге қары­здар неси­егер­лер­дің саны көп, екін­ші жағы­нан – халы­қты қол­жетім­ді бас­па­наға кенел­ту арқы­лы өз есебін түген­де­у­ге деген ынды­ны қат­ты: ал тара­зы­ның екі басын­дағы бұл таң­да­удың түбі не бола­ды – оны жыл аяғы­на дей­ін­гі уақыт көрсетеді.

Сырым ДАТОВ

(медиа-про­ект «DAT» №38 (450) от 25 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн