Суббота , 5 июля 2025

77-ГЕ КЕЛГЕН НАЗАРБАЕВ демократия дуалына тағы бір бояу жақты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 


 

Дүй­сен­бі күні пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «билік­ті бөлі­су және сая­си жүй­ені демо­кра­ти­я­лан­ды­ру» жөнін рет­те­уі тиіс болған заңға қол қой­ды. Еске сала кет­сек, бұл заң­ның жоба­сы биы­лғы наурыз айын­да Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу­ден кей­ін қолға алы­нған еді. Назар­ба­ев­тың өзі баста­ма­шы болған сол өзгерістер бой­ын­ша, пре­зи­дент­тік билік құзіреті үкі­мет­ке және пар­ла­мент­ке бөлініп берілуі тиіс болған.

 

Бірақ пар­ла­мент­тің талқы­ла­у­ы­нан және пре­зи­дент­тің қол қоюы­нан өткен бұл заң «жауыр­ды жаба тоқу­дың» кері болып шықты. Билік­тің сын­шы­ла­ры бұл «бөлі­суді» «демо­кра­ти­я­ның ескі дуа­лы­на Назар­ба­ев тағы бір қабат бояу жақты» деген баға берді.

Тәу­ел­сіз сая­сат­кер­лер айтқан ортақ пікір бой­ын­ша, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бұл «өзгерісті» билі­гін мей­ілін­ше соза тұру мақ­са­тын­да және қаза­қстан­ды­қтар­ды алдарқа­ту үшін жасаған. Ал шын мәнін­де үкі­мет те, пар­ла­мент те ешқан­дай құзірет­ті өкілет­тік­ке ие болған жоқ.

Соны­мен, бүгін 77-ге кел­ген Назар­ба­ев «демо­кра­тия дуа­лы­на тағы бір бояу жағып», әле­умет­тік тұрғы­да қал­жы­раған халы­қтың есесі­нен салы­нып жатқан Аста­на­ның және өзінің кезек­ті туған күнін той­ла­у­ға кірісті. Ал Аста­на­дан алыс ауыл­дар­дың қаза­қта­ры әлі де бір үміт­тен қай­ыр күтіп, теле­ди­дарға тел­міріп отыр…

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн