Воскресенье , 8 марта 2026

8 наурыз – көктемнің алғашқы мейірім мен құрметке толы мерекесі

Әр жыл сай­ын ерекше өтетін, көк­тем­нің алға­шқы күн шуақта­ры­мен келетін 8 наурыз — ол әйел­дер­ге деген құр­мет пен алғыс біл­діретін ерекше мере­ке. Қаза­қстан­да бұл күн тек мере­келік құт­ты­қта­у­лар­мен ғана емес, түр­лі мәде­ни іс-шара­лар­мен, қай­ы­рым­ды­лық акци­я­ла­ры­мен және ресми құт­ты­қта­у­лар­мен қатар атап өтіледі. Атал­мыш мере­ке, яғни халы­қа­ра­лық әйел­дер күні қоғам­дағы әйел­дері­міздің еңбе­гі, олар­дың отба­сы мен мем­ле­кет дамуын­дағы рөлі мен үлесін баға­лап, құр­мет­те­у­ге арналған еле­улі күн­дер­дің бірі болып саналады.

Елі­міз­де өтілетін мере­келік іс-шара­лар

Жыл­дағы­дай елі­міз­де бұл мере­ке жылы әрі әсер­лі атмо­сфе­ра­да сал­та­нат­ты түр­де өте­ді. Жасы мен жағ­дай­ы­на қара­май елі­міздің бар­лық ер аза­мат­та­ры , мек­теп­тер­де, уни­вер­си­тет­тер­де, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мен ұйым­дар­да арнайы кон­церт­тер, сый­лы­қтар, ұйым­да­сты­ры­лған құт­ты­қта­у­лар мен мара­пат­та­у­лар дай­ын­дай­ды. Ер адам­дар мен бала­лар ана­ла­рың, сынып­та­ста­рың, әпке-қарын­даста­рың, әже­лерің және әріп­те­стерің гүлмен,сыйлықтар мен жылы лебіз­бен құттықтайды.

Оған қоса, елі­міздің көп­те­ген қала­ла­рын­да мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дарға, яғни көп­ба­ла­лы ана­ларға, еңбек арда­гер­леріне және әле­умет­тік қол­да­уды қажет ететін әйел­дер­ге арнайы қай­ы­рым­ды­лық акци­я­ла­ры мен көмек көр­сетілетін болады.

Пре­зи­дент­тің арнайы мере­келік құттықтауы

2026-шы жыл­дың 6 науры­зын­да елі­міздің елор­да­сын­да өткен сал­та­нат­ты жиын­да  8 наурыз қар­саңы­на орай Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев қаза­қстан­дық әйел­дер­ді құттықтады.Бұл іс-шара Ақор­да рези­ден­ци­я­сын­да өтті.

Өзінің айтқан сөзін­де мем­ле­кет бас­шы­сы әйел­дер­дің қоғам­дағы рөлі мен маңы­зын ерекше атап өтті. Пре­зи­ден­ті­міздің айтуын­ша, атал­мыш мере­ке нәзік­тік пен жылулы­қтың, дана­лық пен сұлулы­қтың сим­во­лы болып табы­ла­ды. Ол әйел­дері­мізді өмір­дің негізі мен тіре­гі, отба­сын­дағы бір­лік­тің қозға­у­шы­сы мен бере­кесі, қоғам­ның дамуы­на үлкен үлес қосып жүр­ген аза­мат­тар ретін­де баға­лап, мәр­те­бесін айқындады.

Одан бөлек, әйел­дер­дің елі­міздің тарихын­да да ерекше орны бар екенін атап өтті. Ол батыр­лы­ғы­мен және асқан ерлі­гі­мен ел жадын­да мәң­гі қала­тын тари­хи тұлға­лар­ды атап өтті.Олардың қата­рын­да Томи­рис пат­шай­ым, Айша Бибі, Айға­ным мен Зере секіл­ді еле­улі тұлға­лар­дың есім­дерін ерекше атап өтті.Бұл әйел­дер өз батыл­ды­ғы мен дана­лы­ғы­ның арқасн­да үлкен құр­мет­ке ие

Мем­ле­кет­тік марапттау

Ақор­да­да өткен бұл сал­та­нат­ты жиын елі­міздің көр­кен­де­уіне ерекше үлес қосқан бірқа­тар әйел­дер мем­ле­кет­тік сый­лы­қтар­мен мара­пат­тал­ды. Пре­зи­ден­ті­міз елі­міз­де­гі түр­лі сала­лар­да зор үлесін қосып, табысқа жет­кен аза­мат­ша­ла­ры­мы­здың еңбе­гін жоға­ры баға­лап, мара­пат­тар табыстады.

Мәсе­лен, меди­ци­на сала­сын­да ұзақ еңбек етіп, зор тәжір­бие жинаған Мар­фуға Әжіға­ли­е­ва жоға­ры мем­ле­кет­тік мара­пат сана­ла­тын «Отан» ордені­мен мара­пат­тал­ды. Ал ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­да жар­ты ғасыр еңбе­гі мен ауқым­ды үлесі бар Шаки­ра Идри­со­ва «Еңбек даңқы» орденінің І дәре­же­сіне ие болды.

Соны­мен қатар, әлем­ге таны­лған шах­мат­шы­мыз Бибі­са­ра  Асау­ба­е­ва елі­міздің инте­лек­ту­ал­дық әле­уетін таны­л­тып, әлем­дік дең­гей­ге шығарға­ны үшін «Барыс» ордені­мен мара­пат­та­ла­ты­ны атап өтіл­ді. Ал конь­ки­мен спринт жары­сы бой­ын­ша жас спорт­шы­мыз Кри­сти­на Шуме­ко­ва атал­мыш спорт бой­ын­ша жет­кен халы­қа­ра­лық жетістік­тері үшін «Пара­сат» орденіне ие болды.

Әйелдердің қоғамдағы рөлі

Жаңа айты­лып кет­кен­дей, Пре­зи­дент өз сөзін­де елі­міздің әйел­дерінің қоға­мы­м­ы­здағы пөлі ерекше екенін тағы­да атап өтті. Қазір­гі таң­да әйел­дері­міз білім беру, ғылым, меди­ци­на, сая­сат, спорт және биз­нес сияқты көп­те­ген сала­лар­да табысты еңбек етіп, елі­міздің көр­ке­юі мен дамуы­на өз үлесін қосып келеді.

Ел бас­шы­сы әйел­дері­міз­ге «ұлт­тың жаны» деп атау қой­ып, олар­дың ерең еңбе­гі мен сана­лы тәр­би­есі арқы­лы бола­шақ ұрпақ қалып­та­са­ты­нын айтып, зор үміт пен құр­мет білдірді.

Қорытынды

8 наурыз әйел­дер­дің еңбе­гін, дана­лы­ғын және қоғам­дағы рөлін дәріп­тей­тін ерекше күн. Алай­да тек осы күні ғана емес, әйел маңы­зын күн­делік­ті қастер­леп, мадақтау шарт. Осын­дай мере­ке­лер арқы­лы қоғам әйел­дер­дің еңбе­гі мен маңы­зын баға­лап, құр­мет­пен еске ала­тын болады.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн