Суббота , 5 июля 2025

«91» ТОБЫН ҚОРЛАП, «Алаш» тобын» тыңдап КӨРМЕГЕН ҚАЗАҚҚА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Бір даб­ы­раға екі пікір

 

Жуы­қта «Фейс­бук­тағы» парақ­шам­да мына­дай жөпел­де­ме жаз­ба қал­ды­рған едім. Ойым – тоқ­пақтың астын­да қалған «91» тобы­на ара­ша түсу бола­тын: «Оу, халай­ық, айнал­ды­рған бес бала қалың қаза­қтың жаста­рын «гей­ро­паға» алып кете­ді деген не был­шыл?! Жастар­ды тәр­би­е­лей­тін отба­сы қай­да, мек­теп қай­да, сала­у­ат­ты орта қай­да? Осы­лар­дың бәрі­нен бес маңқа мықты бол­са – жетіс­кен екен­біз! Осы бес бала­да не құт­та­рың қал­ды?! «Бір бие­ден ала да, құла да туа­ды» деген­ді місе тұтқан ежел­гі қазақ сияқты кеңдік­терің қай­да?! Не бол­ды сен­дер­ге – бес балаға ата жау­ла­ры­ң­дай шүй­лі­гіп?! Енді­гі бол­ды емес пе, түге!!!».

Содан бүкіл желі біт­кен­ді ақта­рып, «91»-ге сауға сұраған жаз­ба­лар­ды ірік­теп алдым. Соның ішін­де­гі ерекше еке­уін газет бетін­де жария ете оты­рып, өнер­ден өзге­ше өріс ізде­ген өрен­дер­ге қол­дау біл­дір­ген­ді жөн сана­дым. Бұным­ды ұнат­паған­дар бол­са, Сәу­ле Әбе­ди­но­ва айтқан­дай (қараңыз), «мені талап жеңіздер»…

Ермұрат БАПИ

 


 

«Ақжүніс» теле­бағ­дар­ла­ма­сын жүр­гіз­ген таны­мал жур­на­лист Сәу­ле Әбе­ди­но­ва аты­шу­лы Ninety One тобы­на қаты­сты пікірін біл­діріп­ті. Оның пікірі ел айтып жүр­ген сын­нан өзге­ше. Оқып көріңіз.

 

«91» тура­лы айтай­ын… Менің бала­ла­рым­дай ғана өрім­дей жастар. Өз зама­ны­ның сәнін қуған жасөс­пірім­дер. Ауы­зда­ры­нан ана сүті кеп­пе­ген деу­ге бола­ды… Қабы­рға­сы қатып, бұға­нағы бекіп, қалып­та­сып келе жатқан­да ТВ-дағы үлкен аға­ла­ры мен апа­ла­ры олар­дың алда­ры­на нені тосты – соны сімір­ді… олар­ды кәріс сери­ал­да­ры тәр­би­е­леді… сол көр­ген «қаһар­ман­да­ры­на» еліктеді.

 


 

 

Елік­теу жағы­нан жас тұр­мақ, үлкен­дер­дің өзі алды­мы­зға жан сал­май­мыз. Оларға не деп кінә артқан­дай-ақпыз??? Әрқай­сы­ңы­здың дәл солар­дай, өрім­дей балғын жасы­ңыз бар – біріңіздің ұлы­ңыз, біріңіздің қызы­ңыз, біріңіздің іні-қарындасыңыз…

Сон­дай жасты лай­дан алып, боққа сал­ды­ңы­здар, боқтан алып лай­ға батыр­ды­ңы­здар. Қалай ауы­зда­ры­ңыз бара­ды? Қалай қиясыздар?

Сіз бен біздің жас кезі­міз­де не сән бол­ды? Кала­ка­ла шал­бар ма? Кидік пе? Кидік. Банан шал­бар ма? Кидіңіз­дер ме? Кидіңіз­дер. Шашта­ры­ңы­зды жел­ке­ге дей­ін жал­бы­ра­тып өсіріп, «Битлз»-ге елік­те­діңіз­дер ме? Елік­те­діңіз­дер… Цой­ға ше? Оған да елік­те­діңіз­дер. Леон­тьев «жұл­дыз» болған жыл­да­ры ұл-қызға бір­дей хим­ка мода бол­мап па еді?

70-жыл­дар­дағы апа­ла­ры­мы­здың сурет­теріне қараңы­здар­шы – сан­да­ры жарқы­рап отыр… Олар үшін де сол сән болған. Ол кездің қысқа етек көй­лек­терін «Тақи­я­лы пері­ш­те­ден» де көру­ге бола­ды… Ол заман­да 1–2 теле­ар­на болған­ды­қтан, эфир­ден жылы­на 2 рет қаза­қ­ша әндер естіл­ген­дік­тен, ақпа­рат дәл бүгін­гі­дей жыл­дам тара­маған­ды­қтан – сол сахна­дағы кон­церт­тер­ден, не ТВ-дан жастар нені көр­се – соны қайталады…

Яғни, жасты­ққа тән мінезі үшін, жасты­ққа тән қателі­гі үшін адам­ды сот­та­уға, «өлтіру­ге», «азғын» деп дат­та­уға бола ма? Қалай ауы­зда­ры­ңыз барады?

Сыр­тқы киім, фор­ма – ішкі маз­мұн­ды сипаттай бер­мей­ді. Олар­дың сыр­тқы түрі, киі­мі сон­дай екен деп, олар­ды «гей» деу­ге мораль­дық қақы­мыз бар ма? Көзі­міз­бен көріп, қолы­мы­з­бен ұста­дық па? Сахна­лық образ деген бола­ды… Олар сахна­да сон­дай образ­да көрін­гені­мен, өмір­де сіз бен біздің бала­ла­ры­мыз секіл­ді, бір шал­бар, бір фут­бол­ка­мен жүр­ген бала­лар деп ойлай­мын… Ал енді олар­ды «гей» деген­деріңіз… Жап-жас балаға солай айтуға өзіңіз қалай ұялмайсыз?

Жоқ, ондай образ­да­рын құп­тай­мын демей­мін. Бірақ түсі­не­мін. Қабыл­дай алмай­мын, бірақ «сен­дер­дің талғам­да­ры­ң­ды осы­лай қалып­та­сты­рып тәр­би­е­ле­ген қазақ ТВ-сына қарғыс бол­сын» деймін…

«Олай киін­бең­дер» деу­ге де қақым жоқ. Жеке шаруа­сы, ата-ана­сы да емес­пін. Өз бала­ла­ры­мы­зға сөзі­міз өтуі қиын қазір… Өз балам­дай, бала­мен жаға­ла­сып, оларға аузы­ма кел­ген­ді «оттай» бер­сем, менің кім болғаным?

Ал жарай­ды, олар «намыс­сыз» екен… Ұлт­тық намыстан жұр­дай екен… Қазақ деген «ҰЛЫ» атқа лай­ық емес екен…

Сон­да Сіз бен Біз бе ұлы қазақ?

«Ұлтын сүй­ген ұлы қазақ бол­саңыз, қай­сы­ңыз «Алаш» тобын тың­дап, қарық қып таста­ды­ңыз? Кім дәстүр­лі ән тың­дай­ды? 10 адам шық­са – оған да рах­мет… Ұлт­тық кел­беті бар, «Мен – Қаза­қ­пын» деп мен­мұн­да­лап тұрған «Ала­шты» неме­се «Қоңыр­ды» бар­лық қазақ жақ­сы көріп, әндері ауы­здан-ауы­зға тарап, мың­даған көре­рмен­дері залға сый­май жатқан кезі бол­ды ма? Дәстүр­лі әнді де тың­да­май­сыздар ғой… «Інжу-Мар­жан», «Мәң­гілік сарын» сияқты ұлт­тық дәстүр­лі кон­церт­тер­ге баруға ақша­ла­ры­ңы­зды қимай­сыздар… Бәріңіз емес, әрине, бірақ дәстүр­лі өнер­дің жетім­нің күй­ін кешіп жүр­гені – қаза­ққа керек бол­май, босаға­да қалғанынан.

Қай­сы­ңыз ұлт­шыл болып ұлт­тық басы­лы­мға – «ұлты­мы­здың басы­лы­мын қол­дай­ық» деп, өз газет-жур­нал­да­рын қызғы­штай қорғаған кәріс пен ұйғыр, орыс пен өзбек сияқты – газет-жур­налға жазылдыңыз?

Сіз­дер­ге ұна­май­ды екен деп, «91»-дің тың­да­у­шы­сы азай­ып кет­пей­ді, олар­ды жастар тың­дай­ды, жақ­сы көреді. Ал үйде­гі жасы­ңы­зды «тың­да­ма» деп тый­ып көріңіз…

Бай­ғұстар­дың Ақтө­бе­де­гі кон­церт­теріне «срыв» жасап…

Мықты бол­сақ, неге никаб­шы­лар­ды, хиджаб­шы­лар­ды, сақал қой­ма деп уаха­би­стер­ді тый­май­мыз?.. Әрине, оларға күші­міз жетпейді…

Мыса­лы, біздің үкі­мет үш жүз бәлен­бай грант бөліп, діни оқу­ды оқы­туға жастар­ды тар­тып жатыр – ал ол діни оқу­дың не екені бір Аллаға аян… Уаха­би­стер­дің басын­да шетел­дер­де оқып кел­ген «имам­дар» тұрға­нын ескер­сек – 323 грант бөлін­ген бұл діни оқу да күмән­ді, ұлты­мы­зға, мем­ле­кеті­міз­ге кел­ген «оба» емесіне, кім кепіл? Одан да мек­теп, ЖОО бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на Ясса­уи ілі­мін оқы­ту­ды енгіз­ген­нің пай­да­сы әлдеқай­да зор бол­мақ. Бұл басқа әңгі­ме, жарайды.

Өнер­ге қадам басқан жастар­дың өнеріне табыс тілей­ік. Елік­теу-солы­қта­уы да басы­лар, ақыл да тоқтатар…

Ал кәсі­би­лік­теріне дауым жоқ. Дауы­ста­ры әде­мі, таза, тұнық. Өнер­лері өрлей берсін!

Ал, мені талап жеңдер…

Сәу­ле ӘБЕДИНОВА,

Кaz.365info.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн