95 жылдық «Жас Алашты» ЖАСАН ЖАБА МА?

 

Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлы «Жас Алаш» газетінің шығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етіп, сотқа шағымданды, деп хабарлайды сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы.

Шағым бойынша алғашқы тыңдау 30 қыркүйекте Алматының Алмалы аудандық 2-сотында өткен. «Әділ сөздің» ақпараты бойынша, Жасан Зекейұлы «Жас Алашта» биыл мамыр айында жарияланған «Академик» отбасымен соттасып жүр» деген мақала өзінің абыройы мен ар-намысын қаралайды деп шағымданады. Шағымданушы бұған қоса басылымнан жазбаша түрде өзінен кешірім сұрауды да талап етеді.

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн