Суббота , 12 июля 2025

НАҒЫЗ АҚЫН заманның күйінішімен ӨМІР СҮРЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Мерей­той мүйісі

 

Мына қу тағдыр

Бұл халы­қты

Бал­шы­қтай езіп,

Жүн­дей түтіп

Жасы­тқан секілді…

Тіп­ті оның

Жей­тін нанын да

Жаң­быр­дай сорғалаған

Көз жасы­на илеп,

Булы­ққан

Ашу мен ызасына

Ашы­тқан секілді!

 

Ашы­лап жүріп, қаң­сып бір аңқа­сы кеуе-кеуе келіп, нау­аға бас қой­ған түлік ата­улы­ға ұқсап, оқыр­ма­ны «Көк түрік­тер сары­ны­на» көз суа­рып, ой семірт­кені де күні кеше емес пе еді?! Енді, міне, сол он жыл­дың өзе­гі­нен өріл­ген кесек туындыс­ы­мен Алма­ты­да аты әйдік­тел­ген талант­ты ақын Темір­хан Медет­бек жет­піс дей­тін жуан жастың да жел­кесін басты, тізесін бүк­тір­ді. Мұн­дай­да өзі айта­тын мына бір естелік бүгін­гі жет­піс пен кеше­гі желең шақтың ара­сын бір­жо­ла тұта­сты­рып тастайтындай.

«Менің Түр­кістан­дағы темір­жол мек­тебін­де оқып жүр­ген­де, Жұмаға­ли Әбу­ов деген пар­та­лас досым бол­ды. Қазір ағы­л­шын тілінің мама­ны. Ғылым док­то­ры. Мақа­ла­лар, өлең­дер жаз­ды. Мен де соған елік­теп қолы­ма қағаз, қалам ала­тын бол­дым. Еке­уі­міз ағай­ын­ды қоңыр қаз­дай болып, аудан­дық газет­ке бара­мыз. Әрине, ондағы ағай­лар өлең­дері­міздің бет­терін шимай­лап- шимай­лап қай­та­рып береді. Бәрібір қайт­пай­мыз. Тауы­мыз шағыл­май­ды. Бір­ша­ма уақыт өткен­нен кей­ін, жаңа өлең­дері­мізді қай­та­дан алып бара­мыз… Ақы­рын­да, бір күні менің:

Қабы­рға­да сұр шеге,

Ұстап тұр ғой киімді.

Мен де сон­дай өмірге

Бол­сам дей­мін тиімді, –

деген шумағым жарық көр­ді. Сол күні мен үшін ірге­міз­де­гі Қара­тау қарс айры­лып, алды­мы­здағы көл­де­нең­деп ағып жатқан Сыр­да­ри­я­ның суы сирақтан кел­мей қал­ды. Алға­шқы әсер осы­лай!»  – деп барып тоқтайтын.

Біздің­ше болған­да да, «Көк түрік­тер сары­ны­нан» кей­ін­гі әсер де осы­ған жетеқа­был бол­са ләзім (бұлай айтуы­мы­здың себебі – аталған кітап ақын­ның өзі мен оқыр­ман­дар тара­пы­нан да шығар­ма­шы­лы­ғы­ның шыңы деп баға­ланған – Қ.Қ.)?! Тіп­ті осы еңбе­гі үшін алды­ңғы буын аға­лар мен өз тұрғы­ла­ста­ры уақы­тын­да оған шын баға­сын да аяп қал­маған көрінеді.

Айта­лық, Әбіш Кекіл­ба­ев сол тұстар­да: «Көк түрік­тер сары­ны» – елдік мұрат пен ерлік намыс жыры. Шын аза­мат­тың шырқы­раған жан дауы­сы. Дегдар ақыл-ой мен елдар сана-сезім­ді енжар қал­ды­ра алмай­тын әділ де әсер­лі шығар­ма… Намыс­шыл көкірек­тен өрбіп, намыс­шыл көкірек­ке ғана қонақтай­тын қомақты туын­ды, тәңірім, тек кең өріс бер­гей! Ұғым­тал оқыр­ман бер­гей!» – деп жоға­ры бағалаған.

(Соңы 6/19-бет­те)

(Соңы.

Басы 3/22-бет­те)

 

Ал өзі де жыра­у­лар поэ­зи­я­сы­ның тұңғиы­ғы­на әлде­не­ше рет еркін бой­лап, «Бес ғасыр­ды» бебе­уле­те сөй­лет­кен жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин: «Темір­хан Медет­бек­тің ежел­гі ата-баба рухын қай­та көтер­ген, бүгін­нен озып, ертең­ге бағыт­талған, терең де сыр­лы толға­у­лар­дан тұра­тын, әуені де, лепе­сі де соны сер­пін­ге толы «Көк түрік­тер сары­ны» соңғы жыл санақтан кел­ген­де, кесі­мі бір-ақ мүшел уақыт үшін аз олжа емес», – деп, аталған еңбек­тің мәр­те­бесін тағы бір беле­с­ке көтеріп тастайды…

Мұн­дай сәт­те біз­ге «Сыр­дың суы сирақтан кел­мей қал­са да», айып еме­стей көрі­неді де тұра­ды. Шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, 60-жыл­дар­дағы әде­би­ет­тің төң­керіс­шіл алып­та­ры – Мұқаға­ли, Жұме­кен, Төле­ген, Қадыр­лар­дан кей­ін алды­ңғы буын аға­ла­ры­нан осын­дай баға алу­дың өзі бір ғани­бет болатын.

Бәл­кім, талант­ты сын­шы Тұр­сы­н­жан Шапай­дың: «Темір­хан­ның өлең­дері қос қана­тын тең ұстап, түзу қалқы­май, қиық қанат қар­лы­ға­ш­ша жал­та­ра жарқыл­дап, жер бауыр­лай ағып, құй­қы­л­жи қиға­штап, маневр жаса­уға құмар» дей­тіні де осы­дан бол­са керек!

Бұл тұста Темір­хан Медет­бек­тің ақын­дық талан­ты­на шек кел­тір­мей­тін оқыр­ман ретін­де бар бол­мысын Некра­сов айта­тын кәдуіл­гі бір: «Ақын болу, бол­мау – өз еркің, аза­мат болу мін­детің», – деп келетін нақыл таразыс­ы­на сал­сақ та, аза­мат­тық дей­тін ардың тұлға­сы кішірей­іп көр­ген емес. Бұған өзі жиі айта­тын: «Өлең – өлі мүсін емес, мынау қоғам­да, тір­шілік­те болып жатқан айқас, талас-тар­ты­спен қоян-қол­тық ара­ла­са­тын жан­ды дүние ғой», – деп келетін жақ­сы лепе­сі куә болатындай.

Оның бер жағын­да Темір­хан Медет­бек бір басы екі жары­лып, екі өмір сүр­мей­тін: өлеңі тұтас өмірінің айна­сы бола алған, ел мүд­десi, ұлт мақ­са­ты, тiл тағ­ды­ры деп шыр-пыр болған ақын деп айтуға бола­ды. Бұл үшін басқа­ның бәрін жиып, кей­біре­улер­дей он екі ерлік­ті өз «Герак­лін» жаса­маған­ның өзін­де, кеше­гі Жаңаө­зен­де­гi қан­ды оқиға тұсын­да һас батыр­дай аза­мат­тық тұлға­сы анық көрiн­дi десек – артық айтпағанымыз!

Содан болар, бір сұх­ба­тын­да «Сіз бақыт­ты­сыз ба?» деген жур­на­лист сау­а­лы­на: «Жеке өз басым өте бақыт­ты адам­мын… ал аза­мат ретін­де өзім­ді бақыт­ты­мын деп айта алмай­мын. Елдің-жер­дің жыры, оның ішін­де жемқор­лық жай­лаған, көше­де қызы сауда­ланған, шет­ке бала­сы асқан, көр­ші­ге жері саты­лып жатқан елдің аза­ма­ты бола тұра, өзім­ді қалай бақыт­ты­мын деп айта­мын», – деген еді.

Ақын­ның бұл сөзін айта­мыз-ау, ұлт­тың басы­на қара­лы күн туған 2011 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­дағы Жаңаө­зен оқиға­сын­да зия­лы­лар­дың көбісі «Әншей­ін­де ауыз жап­пас, той деген­де өлең тап­пас­тың» кебін киіп, бүге­жек­теп, бүк түсіп, бұғып қалған­да, Темір­хан ақын­ның өз пікірін бүк­пе­генін бай­тақ Қаза­қстан әлі­ге ұмы­тқан жоқ. «Азаттық» радио­сы мен «Жас Алаш» газетін­де бірін­ші болып, билік­тің Жаңаө­зен­ге жасаған қия­на­тын жасқан­бай жария еткен-ді.

Бұл жер­де Темір­хан ақын­ның өмір жолын­да бұл биік­ке жету үшін кей ақын­дарға ұқсап, қабақ бағып, табақ танып; бәй­ші­ке­ш­теніп «өспе­генін» аңға­ра­мыз. Оның үстіне ақын­ның өзі айта­тын тағы бір жайт бұл сенім­ді мүл­дем нығай­та түсетін­дей. «Мен ешу­ақта да өзім­нің отба­сым­ды өлең­мен асы­раған емес­пін. Отба­сым­ды жур­на­ли­сти­ка­мен асы­ра­дым…» – дей­тіні бар.

P.S.: Отба­сым­ды өлең­мен асы­ра­ма­дым деген­нен шыға­ды ғой: ақы­ны­на әкі­мі құр­мет­пен қара­май­тын бүгін­гі қоғам­да бұл, сірә, мүм­кін бол­ма­са керек. Оны қой­ған­да, өлең сатып, отба­сын асы­ра­маған Темір­хан­ның өмірін сарп етіп, өз қадірін­ше ұлт руха­ни­я­тын асы­раға­нын ұғын­сақ – құба-құп еді, тәйірі?!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

Ақын ойла­ры

Өмір – бәрі­міз біле­міз, күй­ініш пен сүй­іні­ш­тен тұра­ды. Нағыз ақын өзінің төрт құбы­ла­сы түгел болып тұр­са да, сол заман­ның күй­іні­ші­мен өмір сүреді. Күй­іні­шпен өмір сүр­ме­ген ақын – ақын емес. Сұл­тан­ның бала­сы Абай да, болы­стың бала­сы Мағ­жан да, стар­шын Махам­бет те азаппен, күй­іні­шпен өмір сүрген.

Бір өкіні­штісі – ел билей­тін көсем болам деушілер көп, елдің ошағы­нан күл шыға­ра­тын көсеу болам деушілер аз.

Тәт­ті қосы­лған тағам тез бұзы­ла­ды, сол сияқты тәт­ті сөзді көп есті­ген адам да тез бұзылады.

Олақтың бал­шы­ққа қаққан шегесі де май­ы­сып кетеді.

Біре­улер жымысқы­лы­қ­пен мал тауып, зыми­ян­ды­қ­пен жан бағып жүреді. Тағы да соны біл­мей­ді деп ойлай­ды. Құдай-ау, бұл қу тір­шілік­тің саңлау-тесі­гі көп қой. Иненің жасуы­нан да жөн­деп сыға­ла­саң, дүниенің жар­ты­сын көру­ге болады.

Бәрі­міз де елі­мізді, Ота­ны­мы­зды сүй­е­міз дей­міз. Шынын айтқан­да, бұл қаси­ет көбі­міздің бой­ы­мы­зда бар ма? Бірақ шын пат­ри­от болу үшін, сүю аз. Қолы­ң­нан кел­се, оны сүй­кім­ді ет. Ал бұл – көп адам­ның қолы­нан келмейді.

Менің ұққа­ным: сен жақ­сы көретін адам­ның бәрі кере­мет емес, сон­дай-ақ сен жек көретін адам­ның бәрі оңбаған емес.

Өзінің кем­шілі­гін мой­ын­да­май­тын адам біре­удің кем­шілі­гін ешу­ақыт­та кешірмейді.

Адам жаны­ның ең негіз­гі бай­лы­ғы – мей­ірім мен қай­ы­рым. Одан өткен бай­лық жоқ. Ол жоқ жер­де тіп­ті ілім-білі­міңіздің де құны көк тиын.

Ақы­лы кел­те адам билік­тің биі­гіне көтері­ле қал­са, есі кетіп, басы айна­ла­ды. Сонан кей­ін ол елдің есін шыға­рып, басын қатырады.

Теңіз өз бой­ын­да өлі денені, өлек­сені ұста­май­ды. Толқын­да­ры­мен қақ­пақыл­дап жағаға шыға­рып тастайды.

Жаны­ң­ның жара­сын сауы­сқан құсап шоқи­тын жан­дар жет­кілік­ті. Ең жама­ны, олар­ды сауы­сқан құса­тып үркітіп жібе­ре алмай­сың. Шоқи береді! Жаны­ң­ды жазыл­ма­стай қан­жо­са етеді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн