Суббота , 12 июля 2025

Талай ғасыр жаңғырар АТЫҢ ЖАҚСЫ… Герольд Карлович Бельгер!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Беу, дүние!

 

Өзі пір тұтқан ұлы хәкім Абай­ша қаза­қтың қамын жеп, оның өркен­ді сәтін жақын­да­та түсу­ге сүбелі үлес қосқан үлкен жүрек­ті аза­мат «қалың елі қаза­ғы­мен» қош айты­сып, мәң­гілік­ке атта­нып жүре бар­ды. Арқа­лы жазу­шы, май­тал­ман аудар­ма­шы, білік­ті пуб­ли­ци­стің қаза­сы қаза­ғын қай­ы­сты­рып кет­ті. Енді міне, асыл аза­мат­тан айры­лға­ны­мы­зға да 40 күн болыпты.

Гераға­ның нар тұлға­сы­на ел аза­мат­та­ры лай­ы­қты қоше­мет көр­сетіп, қастер­леп, мәй­ітін өзі өси­ет еткен Алма­ты­ның үлкен зира­ты – «Кең­сай­ға», бақи­лық болған дос-жаран­да­ры­ның қасы­на жер­лен­ді. Аза­лы жиын­да ата­лы сөз айты­лып, дуа­лы ауыз қари­я­лар бата-тілек­терін біл­діріп жатқа­нын теле­ди­дар­дан көріп, мерзім­ді басы­лым­дар­дан оқып-біліп, риза болып жатыр­мыз. Ақ ниет­терінің сау­а­бы тиіп, има­ны кәміл бол­сын дейміз.

Герольд Кар­лұ­лы қазақ деген халы­ққа мей­лін­ше адал болып, оның басын қосып, бір­лік­ке жете­лей­тін иде­яға ізденіс жаса­ды. Өзінің «Қазақ сөзі» («Казах­ское сло­во») ата­у­лы эссе-очер­кін­де қазақ тілінің сөздік құра­мы­ның ерекшелі­гі мен оның ауыл­дық бол­мысы ара­сын­дағы үйлесім­ді әлем­нің Пуш­кин – Гете – Абай сын­ды Рух алып­та­ры ұста­ны­мы негізін­де зер­де­ле­гені белгілі.

Тегі басқа бола тұра, қаза­қты Бель­гер­дей қадір­леп, бауыр тұтқан, оның бола­шағы­на үделі үлес қосқан ұлт өкілі бар ма екен біз­де?! Бол­са, бірең-сараң бар да шығар. Алай­да дәл Герағаң­дай арты­на ұлан-асыр руха­ни мұра қал­ды­рған ешкім­нің жоқ екенін бәрі біле бер­мес. Жазу­шы 53 кітап­ты тіке­лей өзі жазып, 19 кітап­тың құра­с­ты­ру­шы­сы әрі редак­то­ры, 103 жинақтың серік­тес авто­ры болып­ты. Соны­мен қатар ол неміс тілі­нен орыс тіліне – 20, қазақ тілі­нен орыс тіліне 200-ден астам про­за­лық шығар­ма­ны ауда­рып, мерзім­ді бас­па­дан 1800-ге жуық жари­я­ла­ным­ды жары­ққа шығарған екен. Нет­кен өнім­ді де жемісті іскер­лік десеңізші!

Бұл деректер­ден оның жал­пы қазақ халқы­ның ділін, тілін, салт-дәстүрін бой­ы­на терең сіңіріп, сол руха­ни қазы­на жемісін өзіне есе­лей қай­та­рып бере біл­ген ұлағат­ты тұлға екенін көре­міз. Бұны ең алды­мен – бой­ы­на туа біт­кен табиғи дарын­ның, екін­ші – алдағы істерін жүй­е­леп, жос­пар­лап жүр­гі­зуінің нәти­же­сі дер едік. Өмірінің әрбір мину­ты мен саға­ты­на, күні мен айы­на мерзім­ді жос­пар жасап, ондағы іс-шара­лар­ды үзбей, тия­нақты түр­де орын­дап оты­рған екен, жары­қтық. Бұл орай­да Абай­дың «ақы­рын жүріп, анық бас» дей­тін нақыл сөзін берік ұстанға­нын бай­қа­уға бола­ды. Осы­ны терең пай­ым­дап, өзіне машық етпе­се, осын­ша­ма ауқым­ды дүниені өмір­ге кел­ті­ре алар ме еді деп ойлайсыз.

Адам­зат бала­сы­ның өмір өлше­мін айтқан­да бұры­нғы­лар: ғұмыр «қам­шы­ның сабын­дай», «көр­ген түстей», «қас пен көздің ара­сын­дай» дей­ді екен. Ғары­шпен салы­стыр­сақ, әрине, солай бол­мақ. Ал адам өмірі, керісін­ше, оның артын­да қал­ды­рған асыл сөзі­мен, ізгі ісі­мен өлше­нетіні мәлім. «Жақ­сы­ның аты, ғалым­ның хаты өлмей­ді» деген сөз содан болар. Жаман­дық та ел жадын­да ұзақ сақта­ла­ды. Тарих­та мәң­гілік есім­дер аз емес. Бұл тура­сын­да бұдан мың жыл бұрын Жүсіп Баласұғын бабамыз:

Құр­мет­тер ел, бол­са егер

затың жақ­сы,

Талай ғасыр жаңғырар

атың жақ­сы.

Қарғы­сын естір талай

ғұмыр­лар­дың,

Есі­мі қаны қара

зұлым­дар­дың, –

деп толғаған екен. Кей­де еріксіз езу тар­тқы­зып, кей­де жігеріңді жасы­тып, өзі тәрізді «Апырай‑ә!» дегі­зетін жиған-тер­ген­дерінің дені кей­ін­гі 15 жыл бой­ын­да «ДАТ» газетін­де «Пле­те­нье чепу­хи» деген тақы­рып­пен жария етіліп кел­гені бел­гілі. Сол арқы­лы ол кей­біре­у­ге түр­пі­дей болып көрін­ген үнпа­рақты халы­ққа жақын етті. Газет те оны өз ретін­ше мақтан етіп, мәр­те­бесін өсіріп, алыс-жақын ағай­ы­нға әйгілі етті десек, артық болмас.

Ол өз есі­мін қазақ ұлты­ның тарихы­на мәң­гі жазып қал­дыр­ды. Оның «чепу­ха­ла­ры­ның» көбі қаза­қтың бүгін­гі бол­мысы мен ертең­гі бола­шағы жөнін­де толға­ны­сқа толы. Кез кел­ген әңгі­месі күн­делік­ті кәкір-шүкір­ден бастау алып, келе-келе толы­ғып, толы­сып, асау толқын­дай буы­рқа­нып барып, терең де өткір ойға ұла­са­ды. «Таза, мін­сіз асыл ой – шер қозға­са шыға­ды» – деп, Бұқар жырау айтқан­дай, халы­қтың мұң-шеріне кел­ген­де шын­ды­қты шырыл­да­та жаза­ды. Ондай кез­де нағыз сөз зер­гері дерсіз.

Оның қазақ халқы­ның асыл аза­мат­та­ры мен әйгілі ақын-жазу­шы­ла­ры жай­ын­да ой-пікір­лері жас ұрпаққа кім­нің кім екенін таны­тқан­дай. Әр нәр­се­ге жіті қарап, өзін­дік соны пікір айта­ды. Мыса­лы, дін тура­лы: «Мен дін­ді жоға­ры баға­лай­мын. Өйт­кені ол халы­қтың пәлен мың жыл бойы сана­сы­на сіңір­ген көзқа­ра­сы» – дей­ді. Қара­пай­ым сөз. Алай­да ол ұлы­лы­қтың ныша­ны іспетті.

Герольд Кар­ло­вич Бель­гер 1994 жылы Қазақ КСР‑ы Жоғарғы Кеңесінің депу­тат­ты­ғы­на Пав­ло­дар облы­сы­нан кан­ди­дат болып тір­кел­ген кезін­де мен оның сенім­ді өкілі болған едім. Гераға­ның сол кез­де ел ара­лап, халы­қ­пен кез­десіп, оның риза­шы­лы­ғы­на бөлен­ген сәт­тер­де­гі жай­да­ры жүзі әлі есім­де. Ол кезең мен үшін өте қым­бат. Осы­ны ескеріп, оның зай­ы­бы Раи­са Заки­ров­на мен қызы Ири­наға шын ниет­тен көңіл айта­мын. Сіз­дер­ді Гераға­ның ару­ағы қол­да­сын. Оның жарқын бей­несі біздің жүре­гі­міз­де мәң­гі сақталады.

Мұрат ӘБДІРАХМАНОВ,

«Қазақ тілі» қоғамы

Аста­на филиалының

жау­ап­ты хатшысы,

ҚР Жур­на­ли­стер

одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн