Суббота , 12 июля 2025

Тыныштықтағы ширек ғасыр БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Айқар­ма­да айтарым

 

«Халық жазу­шы­ларға көп нәр­сені кеші­ре ала­ды, тек өз тағ­ды­ры шешілетін кез­дер­де­гі үнсізді­гін кеші­ре алмайды».

Мак­сим Танк

 

«Тыны­штық, тыны­штық!» дей­міз-ау… Өйт­кені одан қым­бат неміз бар?..

Осы­дан жиыр­ма жыл бұрын да осы бір сөзді ауы­зға алып едік. Онда да билік пен оның сөзін іліп әкет­кен халық әртістері мен халық ақын, жазу­шы­ла­ры, ғылым, білім­нің май­тал­ман марқасқа­ла­ры, рек­тор­лар, спорт саңлақта­ры халы­ққа жалын­ды ой тастап, рефе­рен­дум­ды қол­дай­ық деп ұран­датқан болатын.

Уақыт өзгер­ді. Алай­да әлгі халы­қтың мұңы­на мұңай­ып, сөзін айт­пай­тын «әләуләй­шілер» өзгер­ген жоқ… Қаза­қстан халы­қта­ры ассам­бле­я­сы­ның ұсы­ны­сын дуыл­да­та жөнелді.

 

Бұдан 20 жыл бұрын

«Біздің пре­зи­ден­ті­міз 93–94-жылдарға дей­ін мұн­дай емес бола­тын. Халы­қты ойлай­тын. Қалай қабыл­дар екен деп олар­мен сана­са­тын. Одан кей­ін өзгер­ді ғой», – деп еді, ол кісі­мен етене ара­ла­сып, қан­дай болға­нын жақ­сы білетін бір аға­мыз. Осы ойды өмір­ден қаза­қтың нағыз жана­шыр жоқ­шы­сы болып өткен марқұм Герольд Бель­гер аға­мыз да әңгі­ме-дүкен үстін­де ауы­зға алып еді-ау! Алды­на барған кім-кім­нің де мысын баса­тын айры­қ­ша қаси­еті бар­лы­ғын тіл­ге тиек еткен. Нұре­кең, расын­да, айбын­ды, айбар­лы. Міне, осын­дай бөлек­ше бол­мысы, алғыр­лы­ғы, сөз тапқы­шты­ғы, елді өзіне үйі­ре білетін ерекшелі­гі, Алла жары­лқап, өзі секіл­ді бір-бір тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің пре­зи­дент­теріне айналған лек­тің ара­сын­да шоқты­қта­на оқша­у­ла­нып тұратын.

Сон­дай әбжіл, ширақ сая­сат­кер ел пре­зи­ден­ті атанған­да, ер жасы елу­ден енді асқан еді.

«Жел­пі­нетін жақ­сы істер мол болып – марқай­ғанға, жал­пақ әлем­ге жар салып, жады­рағанға не жет­сін! – деп жазып едім осы­дан тура 20 жыл бұрын. («Тара­зы неме­се рефе­рен­дум қар­саңын­дағы ой үрдісі­нен бір мысқал». «Халық кеңесі», 18 сәуір 1995 жыл). – Бірақ бүгін­гі өмірі­міздің ақиқа­ты бәрі­мізді көбірек мұңай­та­ты­нын кім­нен жасы­рай­ық? Оба­лы нешік, Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес деп тара­ты­лған Жоғарғы Кеңес депу­тат­та­ры қара­пай­ым халы­қтың мүсә­пір күй­де күй­бең тір­лік жасап жатқан жай­ын өз көз­дері­мен көріп кел­ген сай­ын ащы шын­ды­қты айту­дай айт­ты да. Тұй­ы­қтан шығар жол іздеді. «Үкі­мет­тің қал­та­сы неге тесік? Ақша қай­да кетіп жатыр?» – деді. Шетел­дер­ден алы­нған есеп­сіз дол­лар­дың дере­гін іздеді. Бірақ, неге екені бел­гісіз, олар­дың әңгі­ме­лерінің қауқа­ры бол­ма­ды. Әлдекім­дер елдің мүл­кіне қол сұғуын қой­ма­ды, мем­ле­кет бай­лы­ғын әкесі­нен мұра­лы­ққа қал­ды­рған дәу­лет­тей санап, иелік етті. Шашты, төк­ті, үле­стір­ді. Әйт­се де, оның соңын­да сұра­уы бар еді. Ал бірақ сұра­ла­тын адам­дар осы­лай бола­ды, солай болуға тиіс деп ойлады…

Бере­кесіздік тіз­бек­те­ле жалға­сты. Жапа-тар­мағай бөлі­су, әулет-ру, ағай­ын-жұрағат­пен билік құру белең алып, алыс ауыл­дарға дей­ін ұла­сты. «Бағы жанған» басты­қтар коман­да­сы­на көңілі жақын­дар­ды топ­та­стыр­ды. Коман­да­лық билік­тің оң нәти­же бер­ме­генін бүгін­де бәрі­міз біле­міз. Бұл – үзіл­ген бай­ла­ны­стар, жең ұшы­нан жалғасқан жеке бастың қамы, жымын біл­дір­мей жаба салу, ұялы қыл­мыстар, ұйым­дасқан бере­кесіздік­тер… Соның бәрін­де халқы­мы­здың қаны­мен қорға­лып, табан ақы, маң­дай тері­мен тір­нек­теп жиналған ен бай­лық судай шашыл­ды. Қолы жет­кен қайт­кен­де де көбірек қар­пып қалуға күш сал­ды. Ең масқа­ра­сы – осы­нау бей-бере­кет тона­удың алғы шебін­де елге жани аши­ды, жұрт­ты жары­лқай­ды деген мыр­за­лар­дың жүруі еді…

Наурыз айы­ның екін­ші онкүн­ді­гі­нен қолға алы­нып, соны сипат алған пре­зи­дент­тің пәр­мен­ді әре­кеті әр нәр­сені өз орны­на қоя баста­ды. Құқық тәр­тібін қатай­ту шара­ла­ры­ның алға­шқы әсер­лері халы­қтың жүре­гіне нұр себе­леді. Қан­ша­ма қыл­мыс ашыл­ды. Еркін­сі­ген «ерлер» тіксініп, аяғын тар­тып алды. Оған да тәу­ба дей­ік! Ылай­ым, бұл жақ­сы істер­ге жол аша­тын жосы­қты шару­а­ның басы болғай. Әйт­пе­се өзін құдай санаған­дар көбей­іп кетіп еді…

Түп­теп кел­ген­де, елба­сы­ның да көз­де­гені халы­қтың қамы ғой. Еге­мен­ді­гін жари­я­лаған Қазақ елі ерте­рек тәу­ел­сіз бол­са екен дей­ді ол. Толық тәу­ел­сіздік­ке жету үшін ең кере­гі – тыны­штық. Сол тыны­штық марқай­тқан бей­біт елдің де ертеңі­нен күтері көп. 2000 жыл­дың 1 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін пре­зи­дент­тік өкілет­тілі­гін ұзар­туға ықы­лас біл­діріп оты­рған Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы халы­қтың ойы­нан шығып, бастаған ісін баян­ды етсем деген ниет­те. Әлем мой­ын­даған Қазақ елінің еңсесі биік­те­генін көр­сем дейді.

Ал енді қара­пай­ым халық ше? Халық дегені­міз біздің әрбірі­міз секіл­ді ұлт өкіл­дері­нен – адам­дар­дан құрал­май ма? Адам бақыт­ты болу үшін көп нәр­сенің қажеті жоқ. Оған кере­гі тамақ, бас­па­на және өзі мен бала-шаға­сы­ның алаң­сыз оқып, еңбек етуі үшін тағы да тыны­штық керек. Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті осы­ның бәріне кепіл­дік беріп отыр. Мен елба­сы­мыз Н.Ә.Назарбаевтың сол сөз­деріне сене­мін. Маған да Қаза­қстан­ның кемел­ден­гені керек. Қазақ жерінің гүл­ден­гені қым­бат. Біздің үміті­міз бен өрелі ойы­мы­зды бола­шаққа ұла­сты­ра­тын жас ұрпақтың ертеңіне сенім­мен қарап, шат-шады­ман тір­лік кеш­кені қажет, – дей келіп: – …ел жұта­са – жақ­сы­лы­қтан жұтаған жоқ. Үде­ре көш­се, соған мәж­бүр еткен себебі бар, – деп жазып­пын мате­ри­а­лым­ның соңы­на салым. – Халқы­мыз мұн­дай бақыт­сызды­қтың талай­ын басы­нан кешір­ді емес пе! Ал осы бақыт­сыздық қол­дан жаса­лып отыр­са ше? Бәріне кінәлі «мықты­лар» шал­ды­ққан елдің жай­ын ойла­май, шалқып жүр­се не дейміз?

Осы келеңсіздік бұдан кей­ін де жалға­са беруі керек пе?

Мен осы­ны ойлай­мын. Киер киім­ге, ішер асқа жары­май, қатал қыстан отын­сыз, ілдәлап әрең шыққан шір­кін елдің мұңы мен ойы одан да терең, одан да ауыр. Рефе­рен­дум, міне, осын­дай шешуі қиын, әрқай­сысы елба­сы­мыз Нұре­кеңе бат­паң­дап жүк арта­тын сұрағы көп ауыр кезең­ге сәй­кес келіп отыр. Әрине, ауыр, өте ауыр. Оны бәрі­міз бір­лесіп қолға алған­да ғана, сенім арта­тын аяу­лы аза­ма­ты­мы­зға бір кісі­дей болы­сқан­да ғана жеңіл­де­те аламыз.

Мен, құдай қала­са, қаза­қстан­ды­қтар сенім көр­сет­кен елба­сы­мыз тұра­лап жатқан мем­ле­кет­тік тілі­міз­ге де демеу бола­ры­на сене­мін. Сенім­дерім ақта­ла­ды дегім келеді, ағай­ын!» – деп екпін­ді леп­пен түй­ін­деп­пін ойымды.

Мына қызы­ққа қараңыз­шы, осы­дан таба­ны күрек­тей жиыр­ма жыл бұрын, рефе­рен­дум алдын­да, бүгін­де шық­пай­тын, алай­да менің еркін­деу ойым­ды жал­пақ жұр­тқа жасқан­бай жет­кіз­ген Жоғарғы Кеңе­стің газеті «Халық кеңесінің» бірін­ші бетін­де жари­я­ланған мақа­лам­да осы­лай­ша ой толғаппын.

Енді бір мезет сол кезең­де­гі жағ­дай­ды еске алай­ы­қ­шы. Эко­но­ми­ка­лық қиын­шы­лық кеңе­стік құр­са­удан босаған елдер­дің бәрін де әбден титы­қтат­ты емес пе! Буы­рқанған елдің кәріне ұры­нып, қыспағы­на түс­кен Гру­зия мен Әзір­бай­жан пре­зи­дент­тері тақтан тай­ды­рыл­ды. Тәжік­стан, Бело­рус­си­яда, тіп­ті Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де де билік­ке басқа кісілер кел­ді. Біз­де де нара­зы­лық нышан­да­ры айқын біліне баста­ды. Сон­да пре­зи­дент­тік пәр­мені­мен құры­ла қалған Қаза­қстан халы­қта­ры ассам­бле­я­сы рефе­рен­дум иде­я­сын ұсы­нып еді.

Тағы да өткен­ге ой жүгірт­сек: 1995 жыл­дың көк­те­мі­нен бері ара­да тура 20 жыл өтіп­ті. Бұл, Қадыр ақын­ның сөзі­мен айтқан­да, қара­пай­ым халық үшін «Жаман­ды­ғы өтіп бол­май­тын, жақ­сы­лы­ғы жетіп бол­май­тын» жыл­дар бол­ды-ау, ә?..

Биыл көк туы­мы­зды желбіретіп, тәу­ел­сіз Қаза­қстан атанға­ны­мы­зға 24 жыл тола­ды. Бұл – Қазан төң­керісі­нен кей­ін құры­лып, алып елге айналған КСРО мем­ле­кеті ғұмы­ры­ның үштен бір бөлі­гі. Иә, біз де сон­дай тари­хи кезеңді бастан өткер­дік деу­ге әбден бола­ды. Қасірет-қай­ғы, жетістік, табыст­а­ры­мы­здың бәрі де өткен жыл­дар­дың еншісін­де­гі, тасқа басы­ла таң­ба­ла­нып, сана­мы­зда сай­рап тұрған айдай ақиқаттар…

Деген­мен, барын­ша тұжы­рым­дап айтар бол­сам: КСРО тара­ты­лғанға дей­ін табиғи бай­лы­ғы­мыз қисап­сыз көп, ел дәу­леті есе­леп артқан, жер көле­мі әлем наза­рын ауда­рып, төс­кейі мал мен дән­ге сый­май, сын­сы­ған ғажай­ып рес­пуб­ли­ка едік. Құдай қиып бере салған сон­дай мол­шы­лы­қ­пен, кей­бір араб елдерін­де­гі секіл­ді, біз­ге де жан раха­ты­на малы­нып, алаң­сыз өмір сүру­ге әбден болар еді. Бірақ есіл бай­лық қаза­қтың соры мен аза­бы­на бола бұй­ы­рған ба, әйте­уір тепе­рі­шті тір­лік кешу­ден көз ашпай келеміз…

НЕГЕ?

 

Жиыр­ма жыл­дан кейін

Міне, осы үлкен сұраққа қай­ы­рар жау­а­бы­мыз: біз авто­ри­тар­лық билік­ті мызғы­ма­стай етіп орна­туға күш сал­дық. Бұл бар­ша халы­қтың, соның ішін­де әсіре­се осы бай елде ала­тын еншісі бар, сол үшін сіңір­ген еңбе­гі мол қара­пай­ым халы­қтың мақ­сат-мүд­десі­мен үйле­с­пей­тін мем­ле­кет туын тік­те­дік. Нәти­же­сін­де адам­дар өз құқы­ғын қорғай алмай­тын, жемқор­лық жегі құрт­ша жай­лаған, бүкіл жүйе жазыл­маған парақор­лық заңы­на берік бай­ланған ел болып шыға келдік.

«Қалып­ты қоғам­да бай­лар қоғам­мен бір­ге бай­и­ды. Ауру қоғам­да бай­лар қоғам­ның орны­на бай­и­ды», – деп­ті Алек­сандр Лебедь. Сон­ды­қтан халқы­мы­здың көп бөлі­гі кедей-кеп­шік шыр­мауы­на матал­ды. Ал бай­ы­ған­дар­дың бай­лық көзі қай­дан, қалай құралға­ны­на кел­сек, оны бір жолы өте жетік білетінін Нұре­кеңнің өзі де ашы­на аңғарт­ты. Кілөң­кей ығай мен сығай­ла­ры – мини­стр­лер, облыс, аудан әкім­дері бас қосқан жиын­да, «мен сен­дер­дің кез кел­геніңді қыл­мыс­кер деп қама­та ала­мын, сон­ды­қтан ненің не екенін, кім­нің кім екенін білің­дер, көз­деріңді кеңірек ашы­ң­дар» деген­дей зіл­ді ойла­рын мил­ли­он­даған БАҚ арқы­лы ашы­қтан-ашық естір­тіп айт­ты. Сон­да мем­ле­кет­тік қыл­мысқа жол аша­тын, оның туын желбірет­кен­дер­ді ел басқа­руға тағай­ын­дап, халы­қты тезек­тей теп­кілетіп қой­ған қоғам­ның көн­бісті­гіне, қай­ран­сызды­ғы­на еріксіз налу­мен болып едім.

«Ең үлкен қыл­мыстар олар­ды жасай­тын­ды­қтан емес, оларға шыдай­тын­ды­қтан жүзе­ге аса­ды», – дей­ді Роберт Музиль. Шыдам шір­кін­ді де жара­ту­шы­мыз біз­ге асқан жомарт­ты­қ­пен үйіп-төгіп бере салған екен. Бүгін­де билік­тің халы­қтың ерік-жігерін тап­тап, басы­нға­ны сон­ша­лы­қты, жөн­сіздік­ке қар­сы нара­зы­лық митин­гісін өткі­зуі былай тұр­сын, тіп­ті көше­ге жеке­леп шыға алмай­тын – тала­бы қатал, ауыр, қыспақты кезең­де өмір сүру­де­міз. Еркін тұр­мысты көк­сеп, елі­міздің еңселі болуын көз­деп, баба­лар мұра­лы­ққа қал­ды­рған ұлан-ғай­ыр өңір­дің бар қызы­ғын енді бала-шаға, үрім-бұтақ, қаза­ғы­мы­з­бен қатар көре­міз деп аңсап жет­кен­де­гі алды­мы­здан күт­кен «қуа­ныш пен бақыт» осы болды…

Шұрай­лы жер­лері­мізді оли­гарх­тар мың, ондаған мың гек­тар­лап бөліп алды. Ет пен сүт­ті сырт­тан тасы­мал­дай­тын, тіп­ті алтын асты­қты да ірге­міз­де­гі Ресей­ден сатып ала­тын, халі мүш­кіл елге айнал­дық. Бұл тәу­ел­сіздік тіз­гіні тиісі­мен жаны­ға кірісіп, сана­лы түр­де жаны­ға жүр­гіз­ген эко­но­ми­ка­лық «сара» сая­са­ты­мы­здың бер­ген жемісі. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын тұра­ла­тып, күй­рет­тік. Жүз­де­ген елді мекен қаңы­ра­ды, ондағы ақшаңқан үйлер­дің орнын­да төбе­шік-төбе­шік болып үйін­ділер қал­ды. Одан аман өткен­дерін кей­ін­гі үкі­мет басқа­ру­шы­лар «бола­шағы жоқ» ауыл деген бір­деңені ойлап тауып, соның тізі­міне енгізіп, санат­тан бір­жо­ла сызып тастады.

Енді өнер­кәсібі­міз тура­лы тіл­ге тиек етсек: оның ауы­ры да, жеңілі де жоқтың қасы. Бәрі өте қысқа мерзім­де, қауырт жүр­гізіл­ген «мем­ле­кет иелі­гі­нен алу» науқа­нын­да-ақ қол­ды болып, оның қожа­сы атанған кәсіп­кер­лері­міз бар маши­на, тех­ни­ка ата­улы­ны бор­ша­лай бөл­шек­теп, металл сыны­қта­ры­на айнал­ды­рып Қытай­ға асы­рған. Сөй­тіп, елді жап­пай жұмыс­сыздық жайлаған…

Сон­да өркен­деп, қанат жай­ды дей­тін неміз бар?

Бұған да жау­ап бере кетей­ік: арақ-шарап пен темекі өнді­ру сала­сы әбден дамы­ды. Бірақ мем­ле­кет­ке мил­ли­он­дап кіріс әке­лу­ге тиісті бұл кәсі­по­рын­дар да жеке­ле­ген алпа­уыт­тар­дың иелігінде.

Содан кей­ін гүл­ден­гені – мей­рам­ха­на­лар мен базар шару­а­шы­лы­ғы. Елге үрей дауы­лын үде­ме­летіп келе жатқан мына эко­но­ми­ка­лық кри­зис олар­дың да шырқын бұзып, шырай­ын кетіретін сыңай­лы. Өйт­кені Ресей жақтан жет­кен ақпа­рат­тар ағы­ны амал­сыз солай дегізеді…

Соғыс кезін­де ашы­лып, ғылым­ның қай сала­сын да дамы­туға үлес қосқан Ғылым ака­де­ми­я­мыз жабы­лған. Өйт­кені оны қар­жы­лан­ды­ру мем­ле­кет­ке үлкен жүк бол­ды. Осы­лар­дың бәрін ой еле­гі­нен өткі­зе келіп, тәу­ел­сіз ел бол­дық деп дуыл­да­та өткіз­ген 24 жылы­мы­зда нен­дей табыст­арға қол жет­кіздік деген­де, тара­ту, жою, сату, жоқ ету­ге бай­ла­ны­сты «табыст­а­ры­мы­здың» тасқын­даға­нын «ауыз тол­ты­рып» айтуға мәжбүрміз…

Әрине, ғылым­ның соңғы жаңа­лы­ғы мен жетіл­діріл­ген тех­но­ло­ги­я­сы­на негіз­дел­ген алып өндірістер, алақай­лаған­да айқайы жер-жаһанға жетіп, лен­та­сы қиы­лған кәсі­по­рын­дар­дың көп­ті­гі сон­дай, сана­ма­лап шығу­дың өзі оңай емес. Алай­да «қай­сысы қалай жұмыс істеп тұр, эко­но­ми­ка­мы­зды ілгеріле­ту­ге қан­дай сүбелі үлес қосып жатыр?» деген нақты мәсе­ле­ге кел­ген­де көз­дерін жыпы­лы­қта­тып, тасаға тезірек тығы­луға тыры­са­тын мини­стр­лер де, әкім­дер де жете­ді. Олай бола­ты­ны әлгі өндіріс ошақта­ры сал­та­нат­пен ашы­ла сала түтіні сөніп, үнсіз жабы­лу­мен бол­ды… Алай­да «неге олай?» деп ызы-қиқу хабар­лар жасап, шу көте­ретін, жоға­ры­дағы­лар­дың құлағы­на жазып, жет­кі­зетін басы­лым­дар да, элек­трон­ды ақпа­рат құрал­да­ры да ұшыраспады.

«Елді топас­тан­ды­ру сая­са­ты ашы­қтан-ашық, кең ауқым­да жүр­гізіліп жатыр» деп жазып еді күн­делі­гін­де Гераға­мыз. Дәл солай! Қай теле­ар­на­ны ашып қал­саңыз да, көретініңіз ресей­лік хабар­лар­дың сәт­сіз жасалған көшір­ме шоула­ры, солар­дың идео­ло­ги­я­лық ықпа­лы­нан аса алмай­тын хабар­лар, орыс­ша шүл­дір­ле­ген қаза­қтар… жастар­ды жауы­зды­ққа, азғын­ды­ққа итер­ме­леп, бау­ли­тын кино­лен­та­лар, қаза­қты ұлт­тық мәй­е­гі­нен айы­рып, алшақта­та­тын сери­ал­дар. Жас ұрпаққа үлгі ететін иде­ал­дар қал­ма­ды. Тәр­тіп­тен тіз­гін кет­кен тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры жасөс­пірім­дер «рэкет» болуға құмарт­са, енді ән айтып, тезірек жұл­ды­зға айна­луға ынты­ға­ды. Одан сәл асқа­ны кеден­ші, сот, про­ку­рор, салы­қ­шы болуға ұмты­ла­ды. Өйт­кені олар­да ақша көп. Бәрі арам ақша­ны молы­нан қар­мап, тез ара­да шылқы­ған бай болып кет­кісі келеді…

Бүгін­гі үлкен­дер­дің де, кішілер­дің де ойла­рын­дағы бар діт­те­гені – баю, тек қана баю! Міне, осын­дай «адам­гер­шілік» белесіне көтеріл­дік, заман­даста­рым. Сіз­дер келіс­сеңіз­дер де, керіс­сеңіз­дер де, әңгі­менің айдай ақиқа­ты – осы.

Ақша­ның өктем­ді­гі жүріп, дес бер­мей тұрған нұр­лы қоға­мы­м­ы­зда дәрі­гер­лік қыз­мет көр­се­ту тәсілі де өзгер­ген. Құдай ешкім­ді ауыр­та көр­месін! Бірақ оны кім сұрап ала­ды дей­сіз. Ал ауы­ра қал­саңыз, қал­таңы­зда қат­таған ақшаңыз бол­сын, әйт­пе­се ауру­ха­на есі­гі­нен аттай алмай­сыз. Дәрі­гер­лер «өлсең – өле бер» демей­ді, бірақ іс-әре­кет, пиғыл-пай­ым­да­ры­мен дәл осы­лай жасай­ды… Оның үстіне пара­лап оқы­тып, «пәш­кілеп» шығарған дәрі­гер­лері­міздің дені сау­ат­сыз. Солай болған­ды­қтан, ауруы­на ауру қосқан неме­се мез­гіл­сіз ажал құшқан­дарға құлағы­мыз үйренді…

Елге қорған болу, ұлтын сүю, пат­ри­о­тизм жөнін­де де айтар сөзі­міз ауыр­лау. Ат десе – атып тастай­тын, сат десе – әп-сәт­те сатып кететін опа­сыздар көбей­ді. Ондай­ларға кере­гі – ақша. Міне, сон­дай «аза­мат­тар» қаза­қтың қамын жей­тін, халы­қтың жағ­дай­ы­на қабы­рға­сы қай­ы­са­тын, өске­лең ұрпақта­ры­мы­здың бола­шағы үшін деп бәрі­нен безіп, өмірін күрес­ке арнаған ары­ста­ры­мы­здың талай­ын ұрды, соқты, қор­ла­ды… Тіп­ті ажал құштыр­ды. Соның әбден шыған­даған көрінісі Жаңаө­зен мен Шет­пе­де тура 2011 жылы Тәу­ел­сіздік мере­кесі күні жүзе­ге асты. Қазір әскері­міз өз халқы­мы­зға қару кезе­неді, поли­ци­я­мыз елге қорған болу орны­на – қорқы­тып, үркі­тетін, сот­та­ры­мыз жазы­қ­сыз жаза­лай сала­тын «тама­ша» дәуірдеміз…

Зей­нет­кер­лік жасы ұзар­ты­лған. Бәріне себеп­кер – қу қар­жы­ның тап­шы­лы­ғы. Ол билік­те­гілер­дің, солар­ды төңірек­те­ген­дер­дің тона­уы­на жетіп-арты­ла­ды да, ал халы­ққа деген­де тақыр­ла­нып кете­ді. Солай болған­ды­қтан, енді бірер жыл­дан соң әйел­дер қауы­мы ерлер­ге теңесіп, нағыз теңдік зама­ны орнай­ды. Қара халық көресіні сон­да көреді-ау, әсте. Осын­дай шешім­ді ойлап тапқан, айт­са – айтқа­ны­нан шық­пай­тын пар­ла­мен­тіне қабыл­датқан билік­те­гілер­ге де кере­гі – елдің өз-өзі­мен қырқы­сып, әлек болға­ны шығар…

 

Енді жылай­мыз ба, күле­міз бе?

Елі­міз әлем­де­гі еле­улі елу елдің сана­ты­нан сыты­лып шығып, енді озық жүретін оты­зды­ққа ілі­гуді мұрат етті. Сон­дай таңға­жай­ып кезең­де сай­лау дүбірі естіліп, жала­уы желбіреді. Ел Нұр­сұл­тан Әбі­шұлын алма­сты­ра­тын ешкім жоқ деуші еді. Ойбай-ой, бар екен. Көп екен! Тура осы дода­ны күт­кен­дей шеті­нен ышқы­нып шықты-ау, бір…

Бірақ халы­қтың көңілін көн­ші­тетін бірі бол­сай­шы! Ширек ғасыр бойы билік биші­гін қолын­да берік ұстаған, бүгін­де шау тар­тқа­ны­на қара­май, қай­рат­та­нып, құл­шы­нып тұрған Нұре­кеңнің шире­гіне де кел­мей­ді. Деген­мен, ойла­ры аспан­да. Айға ұмты­лып тұр­мыз демей­ді. Қай-қай­сысы да өздерінің пре­зи­дент бола алмай­ты­нын, бол­дыр­ма­сы бол­дыр­май­ты­нын өте жақ­сы біледі. Біле тұра…

Апыр­май, енді оларға не дей­ік?.. Олар­дың ой-өре­лерінің жет­кен жері солай неме­се жоғарғы жақ­пен келіс­кен мәсе­ле бой­ын­ша «бақ сынап», өтірік білек сыбан­ды. Әйт­пе­се ел ішін­де бас бола­тын нар тұлға­лы аза­мат­тар бар ғой, бар! Олар мұн­дай сай­ла­удың қой­ы­лы­мы қалай бола­ты­нын бұрын да көр­ген. Мәсе­лен­ки, 2005 жылғы сай­ла­уда ерлік­ке бара-бар батыл­дық жасап, сай­ы­сқа түс­кен Жар­ма­хан Тұяқ­бай сын­ды аға­мыз «дикий арман­дар­дың» тас атқы­ла­у­ы­на тап болып, был­шыл­даған была­пыт сөз­дерін есті­ген. Сон­да бүгін­гі­дей түсініксіз қоғам­да ала­бө­тен билік құра­тын адам­ның алды­нан шығу­дың тіп­ті мүм­кін еме­сті­гін, оған қаты­сып еш абы­рой тап­пай­ты­нын біліп, ұмыт­пас­тай өмір­лік сабақ алған… Бірақ билік жақтан сон­дай тір­лік үшін ұят жаса­дық-ау, әлем алдын­да абы­рой­ы­мыз айран­дай төгіл­ді-ау деген бір кісінің қысы­лып-қым­ты­ры­лған үні естілмеді…

Міне, ақыл­ды бәсе­ке­лес бел­сеніп шық­са, ит қосып қуа­лай­тын сон­дағы­дай тағы бір кезек­ті ойын­ды қызы­қта­уға кірісіп кет­тік. Ондай­ға көзі көн­дік­кен Иран-Ғайып:

Не –

Жоқ дей­сіз,

Әлем­де:

Құпия-Тыл­сым –

Жос­пар­лы,

Халы­қа­ра­лық –

Көлем­де,

«Спек­такль» –

Бастал­ды! –

деп өлең­де­те қар­сы алды. Әлбет­те, мұн­дай дүр­мек­тің қан­дай есеп­пен екшеліп, кім үшін өткізілетінін бәрі­міз де анық біле­міз. Ақын аға­мыз да оған қанық. Сон­ды­қтан кан­ди­дат болып құл­шы­нған­дарға келе­меж­ді күл­кі­мен қарай­ды. Ит-әуре­ге түсіп те, басқа­ла­ры­мы­зға күй­зеліп, күй­ініп те кере­гі жоқ деген­ді ұқты­ра келіп:

«Кім –

Бола­ды

Келесі –

«Алтын Тақтың» –

Қонағы?!»:

Өй,

Көр­ген­сіз,

О,

Несі?!

…Әрине,

«Өзі» –

Бола­ды!» – дейді.

«Әрине, бола­ды!» дей­міз біз де. Өйт­кені солай болуға тиіс екенін бір біз ғана емес, айдай әлем көріп-біліп, қызы­ға бақы­лап отыр. «Еге­мен Қаза­қстан» газеті әр нөмірі сай­ын қос-қос, тіп­ті бес-бес бет­тен арнап, жалы­нып, жал­ба­ры­ну­шы­лар­дың, жағым­паз­дар­дың «жырын» тал­май жет­кізді. «Сіз бол­ма­саңыз, күні­міз түн болып кете­ді», «Қаза­қстан сіздің арқаңы­зда ғана Қаза­қстан болып қалқай­ып тұр, әйт­пе­се тепе-теңді­гі­міз бұзы­ла­ды», «Нұре­ке, сіз әлем­дік дең­гей­де­гі лидер­сіз, бүкіл дүние-ғалам­ның ынта-ықы­ла­сы сіз­ге ауған. Сіздің нұр­лы дида­ры­ңыз кере­мет, күш-қай­ра­ты­ңыз сарқы­лған жоқ. «Өткел­де көлік ауы­сты­руға бол­май­ды». Өзіңіз баста­ды­ңыз, енді аяғы­на дей­ін жет­кізіңіз, әйт­пе­се мына келе жатқан әлем­дік эко­но­ми­ка­лық апат жал­мап-жұтып қояды…» деген секіл­ді, не күлеріңді, не жыла­ры­ң­ды біл­мей оқи­тын «әле­уләй­лар» тасқы­ны, ой, бір лекілдеді-ау!..

Тіп­ті ара­сын­да «елі­мізді таны­ма­стай құл­пырт­ты­ңыз, қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лаған заман осын­дай-ақ болар» деген­дер де ұшы­рас­ты. Сек­сен­нің сең­гіріне қарай сел­кіл­дей ұмты­лға­ны, тоқ­сан­ның төріне тоңқаң­дап жыл­жы­ға­ны бар – айту­лы аға­ла­ры­мыз бен әйгілі апа­ла­ры­мыз бірі­нен-бірі ой асы­руға, тәт­ті сөз­дерін талғап, тама­ша етіп жет­кізу­ге жұлқын­ды. Өңе­ш­терін аямай созғы­ла­ды, тамақта­ры­ның кеп­кеніне, қаң­сы­ға­ны­на қара­ма­ды. Елге ата­лы сөз айта­ды дей­тін ақсақал­да­ры­мы­здың ара­сы­нан ең бол­ма­са біре­уі шығып:

«Айна­лай­ын Нұр­сұл­тан інім, Қаза­қстан тарихын­да өшпе­стей атың қалған адам­сың, тұңғыш пре­зи­ден­ті­міз­сің. Мем­ле­кеті­міздің бүкіл құры­лы­мын жасап бер­дің, елі­мізді әлем таны­ды. Бұл мен­мін деген кім­нің де қолы­нан келе бер­мей­тін ауыр мін­дет еді, сен соны абы­рой­мен атқар­дың. Бір пре­зи­дент үшін бұдан артық не керек? Бірер айдан кей­ін жет­піс бес­ке толға­лы отыр­сың. Бұл – үлкен жас. Уақыт қашан­да дегенін жасай­ды. Мұн­дай кез­де адам­ның қуа­ты тіліне ауа­ды. Жастарға жөн сіл­теп, ақыл-кеңес айта­тын уақыт бұл. Шүкір, өзің бастаған игі істеріңді мін­сіз алып кететін ізба­сар інілерің жетер­лік. Бәрін әбден сын-сынақтан өткіздің, жақ­сы­лап тәр­би­е­ледің. Анау Иманға­ли мен Мұх­тар да, Бер­ді­бек пен Қырым­бек те, Қасым­жо­март, Кәрім де тати­тын тұлға­лар. Оның сыр­тын­да біз сана­ма­лап шыға­тын аза­мат­тар да бар­шы­лық. Енді солар­дың елге абы­рой­лы қыз­мет етуін тілей­тін кез кел­ді. Солар­дың біре­уіне «сен бол, сенің орның» демей-ақ, бәріне сай­ла­у­ға қаты­суға ерік бер­сек, халық өз қала­у­лы­сын таң­дап алар еді. Бұл ертең­гі ұрпаққа өне­ге етер­лік дәстүр сабақ­та­сты­ғы­ның басы болып қалар еді» демеді…

Әрине, ел үшін де, мына мен үшін де өкіні­шті бол­ды бұл өзі. Шераға­мыз айта беретін, нағыз «бір кем дүниенің» нақ өзі болды…

…Иә, құр­мет­ті оқыр­ман­да­рым менің, соны­мен әбден толға­тып жазған мақа­лам­ның түй­ін­дей­тін бөлі­гіне кел­дім. Оны өзім бір жер­ден оқып, көңілі­ме тоқып қалған тәм­сіл­ге сүй­ей барып бітірер болсам:

…Бір пат­ша біл­гір қарт­тан: «Қия­мет-қай­ым қашан бола­ды?» – деп сұрап­ты. Сон­да көре­ген кісі көп ойла­нып жат­пас­тан: «Сен өліп, арты­ң­дағы уәзір­лерің тағы­ңа таласқан күні бола­ды», – деп жау­ап беріп­ті дейді.

Құдай кәріне ұшы­рат­паған қазақ едік. Ондай қасірет­тен аман қыл­сын, аулақ болай­ық дей­мін мен…

Біз­ге кере­гі – тыны­штық және тыны­штық! Сон­ды­қтан: «Е, Алла, біз үшін үлкен бай­лық та, бақыт та – сол тыны­шты­қта. Момын қаза­ғы­мы­зды, келе­ше­гі кемел елі­мізді бей­біт өмір бесі­гін­де тер­бе­те бер» деп тілеймін…

 

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,

пуб­ли­цист-жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн