Суббота , 12 июля 2025

НАУРЫЗ – «жарты патшалар» ТОЙЫ МА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Дина Төле­ко­ва:

Қаза­қтың бағы­на біт­кен баты­стың қара алты­ны кеше­гі боқ тасы­ған бір топ кедей-кеп­шік­тің арба­сы­на алтын құй­ды… Жал­пы­ның емес, жалқы­ның… Аман­дық бол­са, мұнай­ды өзі­міз де өңдер­міз, Қара­шы­ға­нақтың газын бүкіл қазақ игілі­гіне жара­тар күн туар… Арқа­ның асты­ғы ішкі нары­қты нан­мен қам­тып отыр… Алтын-күміс тасы бар, жезі мен мысы бар, инду­стри­яң­ды ұршы­қтай иіріп әке­тер… Оңтүстік­тің ура­ны әлем­дік экс­порт­та ура­лап тұр… Билік шын­дап кіріс­се, түгін тарт­саң, майы шығар жері­міз – бұ қаза­қты Қытай­дың «уланған» жеміс-жидек, бұрыш-күріш, көкініс, ет-сүті­нен құтқа­рып, құнар­лы өз өні­мін беру­ге даяр тұр… Окси­лар толық қуат­та жұмыс істе­се, жеңіл өнер­кәсіп­тің құлағын ұстармыз…

Шығы­стың бал шыры­ны, Мен­де­ле­ев кестесін­де­гі бүкіл эле­мент­тер мен Тар­баға­тай тау­ла­рын­дағы қол тиме­ген шөп-тамыр­лар фар­ма­цев­ти­ка мен инно­ва­ци­я­ның иінін табуға даяр…

Иә, мен біз­де­гі бар­дың бір пара­сын ғана айт­тым, тіз­бе­ле­сек, көп қой…

Алла бер­ген бәрі­міз­ге ортақ ырзы­қты кәде­ге жара­тып, сапа­лы ғұмыр кешіп, сапа­лы қазақ ата­ну – елдік мұратқа жетудің бір жолы…

Де-е-еп арман­дап келем… Так­си­летіп… Бет алы­сым – Мер­ке жақ. Алма­ты­дан менің бағы­ты­ма 300 шақы­рым… Осын­ша­ма жол­да сай-сүй­е­гі сықыр­лаған ескі бір­ді-екілі трак­тор көр­дім… Игеріл­мей жатқан алаң­да жалғыз болған­дікі ме екен, әліне қара­май оды­раң­дап қояды…

Мик­ро­ав­то­бу­ста өз қаза­ғым… Өміріне разы… Аял­да­ма­лар­да сапа­сы күмән­ді ыстық тоқаш-сам­са­лар­ды шай­мен ұрып алады…

Бір кез­де ескі авто­бу­сы­мы­здан түтін будақта­ды. Бір­деңесі үзіліп кетіп­ті. Арқан тауып, тағы бір мик­роға жалға­ды. Дауыл соққан кеме­де келе жатқан­дай, бір-бірі­міз­ге соғы­сып, тең­селіп келе­міз. Бұл көрініс­ке ешкім пішту демей­ді. Тіп­ті біре­улер аузын ашып тұрып ұйы­қтап отыр. Арқан­ның әсері бол­са керек, авто­бус шиқ етіп тоқтай қал­са, пісі­міл­ләләп қой­ып, ұйқы­сын жалға­сты­ра­ды. Әйте­уір ырға­лып-жырға­лып, 6 сағат­та жет­тік-ау… Бәрі бір сөз айт­пай авто­бу­стан түсіп, безек­тей жөнел­ді… Көп қаза­қтың кәдуіл­гі тір­лі­гін көріп, мен де көлік­тен түсіп кете бар­дым. «Айдаға­ны­мыз бес ешкі, ысқы­ры­ғы­мыз жер жара­ды»… Қазақ қашан сапа­лы өмір­ге бет бұрар екен, а‑а-а?

 

Бек­бо­лат Тілеухан:

Бір жанар­май бекеті­нен бен­зин құя­мын. Кел­ген­де «Ири­на» деген жазуы бар орыс қарын­да­сым шыға­ды. Ири­наға айта­мын: «Айна­лай­ын, қарағым, халың жақ­сы ма? Мына менің мәши­не­ме ауыз-мұр­ны­на тол­ты­рып, 92 бен­зин құй­ып бер­ші» дей­мін. Ири­на менің беті­ме бажы­рай­ып қарай­ды. Ұры­сып тастай­ын десе, ұры­са­тын­дай адам емес­пін. Мәши­нем де онша арзан емес. Сөй­тет те: «Берик, Берик, пере­ве­ди, пожа­луй­ста», – дей­ді күзет­ші жігіт­ке. Берік ауда­рып береді. «А‑а» деп құя­ды. Сосын кетем.

Келесі жолы менің төбем көрі­неді. Сол кез­де Ири­на: «Берик, Берик, қай­да­сың?» дей­ді. Босаға­да овчар­ка сияқты охра­на­да оты­рған Берік­тің табан асты беделі көтеріледі. Берік керек болып қал­ды Ири­наға. Ири­на Берік­ке мұқтаж. Мұқтаж­ды­қты­қты туды­рған менің тала­бым. Түсін­діңіз­дер ме? Енді қараңыз, сіздің алды­ңы­зға Маша кез­дес­се, Ири­на кез­дес­се, орыс­ша сөй­лей­сіз бе? Қаза­қ­ша ма? Өзіңіз­ге жау­ап беріңіз­ші. Бір адам, екі адам, он адам, жүз адам, мың адам. Осы­лай талап етсе, қазақ тілі дами­ды. Ол талап­ты жасай­тын бізбіз.

 

Мақ­сат ЖәнібеК:

Ортақ валю­таға бай­ла­ны­сты… Сай­ла­удан кей­ін осы әңгі­ме­ге ора­ла­тын сияқты­мыз. 2000 жылы евроға өту үшін, Дания мем­ле­кеті ел ішін­де рефе­рен­дум жасаған бола­тын. Халы­қтың 53 пай­ы­зы төл валю­та – кро­на­да қалуға дауыс беріп­ті. Біздің мем­ле­кет­тің демо­кра­ти­я­сы рефе­рен­дум жаса­уға еркі жетер ме екен? Әлде халық қала­у­лы­ла­ры бәрі­міз үшін дауыс бере сала ма?

 

Марат Мада­ли­мов:

Жол бойы ештеңе ішпей, наурыз көжені аңсап келіп едім. Пой­ы­здан түс­кен бет­те алаңға бар­дым. Бәрі жақ­сы сияқты. Ел-жұрт науры­зда­тып жатыр екен. Кәдім­гі­дей-ак. Алай­да алға­шқы киіз үйге барған­нан-ақ «настро­е­ни­ем нәски­ге» бір-ақ түсті – есік­тің алды­на тұрып алған әп-әде­мі келін­шек: «Т‑с-с, әкім отыр!» деп ішке жібер­мей қойды.

Келесісіне барып ем, оған да кір­гіз­беді. «Әкім отыр ма?» деп, бұл жолы өзім сыбыр­ла­дым. Сөйт­сем, бұл үйге әкім­нің аяғы әлі жете қой­мап­ты. Сон­да да кір­гіз­бей­ді: «Айна­лай­ын, тұра тұр­шы, аштан өле қой­май­тын шығар­сың, алды­мен әкім келіп кет­сін­ші!» – деп.

Қысқа­сы, «жур­на­л­ис­пін» деп күм­пиіп жүр­ген менің өзим бір­де-бір киіз үйге әкім­нен бұрын кіре алма­дым. Ал сон­да қара­пай­ым қара­ша xалық наурыз көже­ден ауыз тию үшін әкім­нің келіп-кетуін күтуі керек пе, а?

Міне, Қарағанды­дағы Жаңа жыл мен үшін осы­лай бастал­ды. Осы бір әкім деген «жар­ты пат­ша­лар­дың жыры» бол­ма­са, басқа­сы дұрыс сияқты. Неша­уа, Ұлыс оң бол­сын, ағайын!

 

Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы:

Мен өзім, шын айтқан­да, Науры­зға баруға ұяла­мын. Енді қазір министр болған соң, бас киіз үйге алып бара­ды, сырт­та тұрған халық ала көз­бен қарай­ды, неге бізді кір­гіз­бей­ді деп. Мен өзім, шын айтқан­да, ыңғай­сызда­нам. Егер біре­уіне кір­ме­сең, аудан әкі­мі өкпе­лей­ді. Сырт­та халық тұрады…

 

Ұлы­қ­бек Есдәулет:

Жақын­да Қараған­ды қала­сын­да «ММА» жары­сы өткен кез­де, оны ұйым­да­сты­ру­шы­лар спорт залға біздің көк туы­мы­зды қара кре­спен айқы­штап ілгенін Sports.kz сай­ты­нан көріп, шамы­рқа­нып отыр­мын. Бұл шек­тен шыққан заң бұзу­шы­лы­ққа ресми орын­дар әлі назар аудар­маған көрі­неді. Аталған сайт­тың жазуын­ша, тур­нир­ді ұйым­да­сты­рған­дар ресей­лік­тер екен. Қаза­қстанға жасаған өздерін­ше «Крест жорығы»-мыс. «Ресей» десе, біздің дүм­білез­дер­дің дымы құрып қала­тын болған жоқ па? Мұн­дай салғырт­ты­қтың бір жау­а­бы осын­да жатқан сияқты.

Өткен жолы Ген­на­дий Голов­кин­нің жеңісіне қуанған аза­мат өз үйіне ұлт­тық туы­мы­зды ілгені үшін «ит көр­ген ешкі көз­деніп» шыға кел­ген­дер, сотқа тар­тып, айып тар­тқы­зып, жаза­лаған «қырағы көз­дер» мына масқа­ра­ны неге көрмейді?

 

Мұх­тар Тайжан:

Кеше ұшақта қасым­да оты­рған бір орыс жігіті­мен әңгі­ме­ле­стім. Газо­вик-мұнай­шы екен, дәл қазір Урен­гой (Үренғой?) деген жер­де вах­та­мен жұмыс жасап жатыр. Бұл Ресей­дің Ямал-Ненец деген феде­рал­дік окру­гі, сол­түстік жақта. Шыным­ды айт­сам, бұл жер­лер мені бұрын­нан қызы­қты­ра­тын. Ауа райы, табиғат тура­лы сұра­дым, сосын қара­пай­ым халы­қтың өмірі тура­лы сұрай бастадым.

– Меди­ци­на жағы­нан, жал­пы әле­умет­тік инфрақұры­лым қан­дай, күшті шығар, жері бай ғой?

– И жоғ‑а! – дей­ді, – Меди­ци­на­лық көме­гі керек бол­са, тікұ­шақ­пен «үлкен жер­ге» апарады…

– Ал жер­гілік­ті халық не істеп жатыр, немен айна­лы­са­ды, тір­шілі­гі не?

– Ненец­тер сол баяғы бұғы­шы­лар, өзі­мен-өздері өмір сүріп жатыр, біз­бен ешқан­дай бай­ла­ны­ста­ры жоқ, – дейді.

Қызық, мұн­дай жера­с­ты бай жер­дің иесі сол ненец халқы емес пе? Жылы­на қан­ша мил­ли­ард дол­ларға газ бен мұнай­ды шыға­рып жатыр? Неге әле­умет­тік аху­а­лы, инфрақұры­лы­мы сон­ша­ма нашар? Отар ұлт деген осы емес пе? Ал олар­дың аху­а­лы біздің аху­а­лы­мы­зға нет­кен ұқсас. Бірақ біз дер­бес Елміз ғой, әлде қате­лесіп отыр­мын ба?

(Пікір­лер интер­нет­те­гі әле­умет­тік желілерден

алын­ды)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн