Суббота , 12 июля 2025

Қазақтың ұлттық намысы ҚАШАН ОЯНАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Пай­ым  патшалығы

 

«Тәу­ел­сіздік алмай тұрған кездің өзін­де қазақ ұлты­ның алдын­да «тәу­ел­сіздік­ке жету» деген «мис­си­я­лық» бағ­дар болып еді! Ал енді тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін, қазақ ұлты ол мис­си­ядан ажы­рап, «абды­раған күй­де»» деген­ге сай келетін­дей ұлтқа айнал­ды. Сон­да тәу­ел­сіздік­ті не үшін алған­быз − «мис­си­я­сыз мешел ұлтқа» айна­лу үшін бе?».

Төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­да бел­гілі фәл­са­фа­шы-пуб­ли­цист Әбдіра­шит Бәкірұ­лы осы пай­ым төңіре­гін­де ой өрбі­те­ді. Аутор көтеріп оты­рған мәсе­ле­ге орай ой айтам деген оқыр­манға газет беті­нен орын беру­ге даярмыз.

 

Ұлт­тық намыс

дегені­міз не?

Ол өзі көз­ге көрі­нетін, қолға ұстай­тын, дәмін сезетін нәр­се ме, жоқ бол­ма­са, ада­мға тәр­бие үшін айты­ла­тын, ал күн­делік­ті өмір­де бар-жоғы білін­бей­тін идея ғана ма? Бұл жер­де пікір қақ жары­ла­ды: бір жағы­нан алып қара­сақ, ол – дәмі сезілетін-ақ нәр­се! Мыса­лы, Афи­на олим­пи­а­да­сы­ның чем­пи­о­ны ата­нып, ұлты­ның көк туын желбірет­кен қазақ бокс­шы­сы Арта­ев Бақти­яр­дың Олимп­те­гі көз жасы мен оны­мен қосы­лып «ақсар­бас, ақсар­бас!» деп жылаған мың-мың қаза­қстан­ды­қтар­дың көз жасы­ның кер­мек дәмі − ұлт­тық намыс «дәмі» емей немене? Бол­ма­са, Мало­вод­ное, Шелек, Шең­гел­ді, Ынты­мақ оқиға­ла­рын­да орын алған­дай: қарын­да­стың қор­ланға­ны­на шыда­май, зор­лы­қ­шы­ның жаға­сы­на жар­ма­са кету­ге даяр жүз­де­ген қаза­қтың өре түре­гел­генін көр­ген­де, ол – қолға ұстай­тын­дай-ақ нәр­се болып шық­пай ма?..

Кей­ін­гі кез­де біз­де ұлт­тық намыс тура­лы көп айтыл­май­тын болып кет­ті. Сірә, соған қараған­да «ұлт­тық намыс» біздің мем­ле­кеті­міздің жүр­гізіп оты­рған ұлта­ра­лық және халы­қа­ра­лық сая­са­ты­ның көп­те­ген фор­мат­та­ры­на сай кел­мей­тін­дей, тіп­тен оған қар­сы бола­тын жағ­дай­ға тап бол­са керек деп топ­шы­ла­у­ға болады.

Оның түп­кілік­ті себебі мына­да: бірін­ші­ден, Қаза­қстан­ның өзін «көпұлт­ты» деп жари­я­ла­ды. Соның әсері­нен «ұлта­ра­лық қаты­на­ста бір ұлтқа басым­дық беру ұлт­тар ара­сын­дағы досты­ққа, мем­ле­кет тұта­сты­ғы­на нұқ­сан кел­тіруі мүм­кін» деген секем­шіл сая­сат қалып­та­сты. Осы «секем­шіл сая­сат» «Қаза­қстан – уни­тар­лы мем­ле­кет, оның тари­хи егесі осы мем­ле­кет­тің пай­да болу жолын­да ең көп қасірет шек­кен, ел мен жер­ді сақтау үшін мил­ли­он­дап қыры­лған, теп­кіні де, езгіні де көр­ген ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ мем­ле­кеті болып табы­ла­ды» деген қара­пай­ым әрі ұлы ақиқат­ты мой­ын­да­уға мүм­кін­дік бермеуде.

Сөй­тіп, қазақ билі­гі өзінің ұлт­тық сая­са­тын­да жал­тақтық таны­туы арқы­лы келесі бір қай­шы­лы­қты туын­дат­ты: бір жағы­нан, Кон­сти­ту­ци­яда «Қаза­қстан – уни­тар­лы, яғни моноұлт­тық мем­ле­кет» деп атап көр­сетіл­се, екін­ші жағы­нан, іс жүзін­де – қоғам­ның кел­беті «Қаза­қстан – көпұлт­ты мем­ле­кет» деген қағи­даға сай құрылды.

Сөй­тіп, ұлт­тық мем­ле­кет­ке тән «жетек­ші, мем­ле­кет құра­у­шы ұлт­тың мем­ле­кет­тік жау­ап­кер­шілі­гі» атты қазақ ұлты­ның тари­хи мис­си­я­сы оның (ұлт­тың) мін­деті аумағы­нан шығып қалды.

Енді мына жағ­дай­ға назар ауда­рай­ық: тәу­ел­сіздік алмай тұрған кездің өзін­де қазақ ұлты­ның алдын­да «тәу­ел­сіздік­ке жету» деген «мис­си­я­лық» бағ­дар болып еді! Ал енді тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін, қазақ ұлты ол мис­си­ядан ажы­рап, «абды­раған күй­де» деген­ге сай келетін­дей ұлтқа айнал­ды. Сон­да тәу­ел­сіздік­ті не үшін алған­быз − «мис­си­я­сыз мешел ұлтқа» айна­лу үшін бе? Ал «қазақ мис­си­я­сын» алма­сты­руы тиіс «аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік» әртүр­лі әле­умет­тік теңсіздік­тің орна­уы­на бай­ла­ны­сты ояна алмауда. Тіп­тен кор­руп­ци­я­мен ұштасқан әле­умет­тік теңсіздік шие­леніс­кен сай­ын, «аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік» одан әрі әлсірей беру қау­пі бар!

Оның үстіне Қаза­қстан­ды мекен еткен өзге ұлт­тар Қаза­қстан­ды «тари­хи Ота­ны» сана­май­ды. Олар ресми түр­де «көпұлт­ты» делін­се де – Қаза­қстан­ды ең алды­мен «қазақ мем­ле­кеті» деп түсі­неді. Сон­ды­қтан өзге ұлт өкіл­дері «мем­ле­кет­тік жау­ап­кер­шілік­ті» қазақ халқы­ның мін­деті санап, өздеріне мұны мис­сия ретін­де жүк­те­мей­ді. Соның нәти­же­сін­де өзге тұр­мақ, қазақ ұлты­ның өзі «ұлт­тық намыс» шең­бері­нен тыс қалып, «мем­ле­кет­тік жау­ап­кер­шілік­ті» жат қолға өткізіп бер­ді: оның бүгін­гі қожа­сы − кор­руп­ци­я­ланған жүйе!

Ал ондай жүй­е­де қан­дай да бір «ұлт­тық намыс» болуы мүм­кін бе? Әрине, жоқ! Себебі алды­мен жеке басты ойлаған жер­де – ұлт пен мем­ле­кет мүд­десі қорған­сыз қала­ды. «Ұлт­тық намыс жоқ жер­де жау­ап­кер­шілік­ті талап ететін күш те жоқ» екенін сыбай­ласқан жүйе жақ­сы мең­гер­ді. Соны біліп, мем­ле­кет пен ел-жұрт үшін намысқа тыры­су­дың орны­на, бұл сыбай­ласқан жүйе өз есебін түген­де­умен ғана әуре. Ондай «мем­ле­кет­шілік» біздің көз алды­мы­зға «Мем­ле­кет деген – мен!» деп айтқан Людо­вик­тің сөзін кел­тіреді. Бұл жер­де «мен­нің» орнын­да жүйе тұр.

Бұл іс жүзін­де Бисмарк­тың сая­са­тын еле­с­те­те­ді. Бірақ Бисмарк әлем­де­гі ең мықты ұлт­тар­дың бірі – неміс ұлты­ның негізін қалап, оның сана­сы­на «МЕН» деген сөзді мәң­гілік­ке құй­ып кет­се, біз­де­гі жағ­дай­да бұл тек қана билік пен халы­қтың ара­сы ажы­раға­нын біл­діреді: біздің «бисмарк» пен «тамыр­ла­на алмай жатқан ұлт» еке­уі екі бағыт­та, екі мақ­сат­та өмір сүріп жатыр…

Ал «ұлт­тық намыс» қай­да? Оған бір ғана жау­ап бар: «Өзінің тари­хи мис­си­я­сы мен бағы­ты­нан ажы­рап қалған ұлт­та ұлт­тық намыс бол­май­ды» деген! Кезін­де Абай ол тура­лы «Пай­да ойла­ма, ар ойла» десе, бүгін­де  Ш. Мұр­та­за «Рухы мен намысы сөн­ген ел – өлген ел» дей­ді. Ол аз бол­са, пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­тың өзі де Абай­дың 150 жыл­дық мерей­той­ын­да сөй­ле­ген сөзін­де «Ар-намыс­сыз аза­мат өзге­лер­дің көсе­гесі түгілі, өзінің көсе­гесін көгер­те алмай­ды. Онсыз ұлт­тық сана мен ұлт­тық намыс та тұл» дей­ді. Бұл сөз­дер­де мән бар!

Өкініш­ке орай, елба­сы айтқан «көсе­гені көгер­ту» тетік­тері бүгін­де толы­ғы­мен өзінің қолын­да тұр­са да, ел басқа­ру тіз­гінін сеніп тап­сы­рған уәзір­лері ұлт­тық намысты оятуға асы­қ­пай­тын­да­рын айт­пай кете алмаймыз…

 

  • Соны­мен, «Ұлт­тық намыс» дегені­міз не? Ұлт­тық намыс деп «адам­ның өз ұлты­нан кін­ді­гі ажы­ра­мағы­нын сана­сы­на сіңіруін, сөй­тіп, Ота­ны­на деген сүй­іспен­шілік­тің, оның тағ­ды­ры­на деген жау­ап­кер­шілік­тің пай­да болуын, яғни әрбір аза­мат­тың мем­ле­кет­ті­гін сезі­нуін» айтамыз. 

Кей­біре­улер «ұлт­тық намыс» деген­де оны «ұлт­тық эго­изм» деп қабыл­дап, намыстың оянуын «фашизммен» ұшта­стыр­ды. Бұл өрес­кел бұр­ма­ла­у­шы­лық пен ұлт­шыл­ды­ққа жабалған жала, ұлт­тық намыстың оған еш қаты­сы жоқ! Керісін­ше, ұлт­тық намысы бар адам ғана өз ұлты­ның кем­шілік­тері жөнін­де ашық айта ала­ды. Ал сана­сы «ұлт­тық эго­изммен» уланған жан ондай кем­шілік­тер­ді көрудің орны­на, ұлт­тық мінездің кер­тарт­па жағын да дәріп­те­у­ге, оны жетістік­ке баға­ла­у­ға бей­ім келеді. «Ұлт­тық эго­изм» ұлт­тың дамуын әлем­дік тен­ден­ци­я­лар­мен бай­ла­ны­сты­ру­дан кен­же, тіп­тен кей­де қиял мен мифо­ло­ги­я­ның жете­гін­де жүр­ген­ді жаны қалап тұра­ды… Ал ұлт­тық намысы бар жан қиын кез бола қалған­дай бол­са − өз ұлты­ның нағыз қорға­ны­шы­на айна­ла­ды. Бірақ мұн­дай биік «ұлт­тық намыс» күн­делік­ті өмір­де айқай­лап тұр­май­ды. Алай­да ол − қоғам­ның бел­гілі бір дана­лық саты­сы­на жет­кенінің бел­гісі болып табылады.

Біз оған қашан жетеміз?..

 

Ұлт­тық намысқа

жетудің жолы – соқпақ…

Мақа­ла жазу бары­сын­да осы мәсе­ле тура­лы кім не жаз­ды екен деп іздей баста­дым. Арнайы зерт­теу жұмыста­ры кезік­пе­ді. Тек қана Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ҰУ‑і Сая­сат­та­ну кафед­рас­ы­ның про­фес­со­ры, сая­си ғылым­да­ры­ның док­то­ры Сей­іл­бек Мұса­та­ев­тың «Ақиқат» жур­на­лы­ның 2014 жылғы қыр­күй­ек­те­гі санын­дағы «Қаза­қтың ұлт­тық намысы­ның құны қан­ша?» деген мақа­ла­ны кезік­тір­дім. Тәп-тәуір жазы­лып­ты: қаза­қы намыстың пси­хо­ло­ги­я­лық, педа­го­ги­ка­лық астар­ла­ры бір­ша­ма тал­данған екен. Мыса­лы, «Кез кел­ген адам­ның ада­ми бол­мысы мен мінез-құлқын аны­қтай­тын басты пси­хо­ло­ги­я­лық қаси­ет – ар-намыс. Ол жеке адам­ның бой­ын­дағы адал­дық, әділет­тілік, шын­шыл­дық, ар, абы­рой, тек­тілік, көр­ген­ділік сияқты сапа­лық қаси­ет­тер­ді баға­лай­тын кешен­ді мораль­дық-эти­ка­лық және әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық түсінік. Намыс сан-қыр­лы қыз­мет атқа­ра­ды: ол бейне бір адам­ның ішін­де­гі көрін­бей­тін тәр­тіп сақ­шы­сы − адам­гер­шілік­ке жат іс-әре­кет­тер жаса­удан сақтап қана қой­май, пасық ниет­тер­ден ары­лу үшін де қажет» – дей келе, «жеке адам­дар­дың ар-намысы­ның жиын­тық сапа­сы, түп­теп кел­ген­де, қан­дай да бір ұлт­тың, елдің, дін­нің, әле­умет­тік топ­тың ар-намысы­ның дең­гей­ін аны­қтай­ды. Кез кел­ген ұлт өкіл­дерінің ар-намысы қан­ша­лы­қты бол­са, сол ұлт­тың ұлт­тық намысы­ның сапа­лық дең­гейі де соған сай бол­мақ» деген қоры­тын­ды шығарады.

Мен Сей­іл­бек­ті ізба­сар іні ретін­де сый­лай­мын. Алай­да оның бұл ойы­мен келі­се алмас едім. Неге дей­сіз­дер ғой? Себебі жеке адам­дар намысы жиын­ты­ғы не қосындысы еш уақыт­та «ұлт­тық намыстың» сапа­лық дең­гей­інің аны­қта­у­шы­сы­на айна­ла алмай­ды. Кезін­де дана Абай «Бас-басы­на би болған өңкей қиқым!» деп бекер айт­ты дей­сіз­дер ме? Абай айтқан «қиқым­дар­дың» кеудесін намыс (жеке) керіп кет­кені сон­ша­лық, олар өзінің емес, елінің қамын ойлаған Абай­ды таяққа жықты. Сон­ды­қтан әр «адам­ның жеке намысы ұлт­тық намысқа ұла­са­ды» деген тұжы­рым прин­ципті тұрғы­да қате пікір. Ел билі­гін­де­гі «жеке намыс» – елді азды­ра­ды, ал ондағы «ұлт­тық намыс» – оздырады!

Міне, мәсе­ленің төр­кіні қай­да?! «Жеке намыс» әрі кет­се ұлт­тық тәр­бие, әдет-ғұрып, салт-дәстүр­дің сапа­лық көр­сет­кі­ші бола ала­ды. Ол – алды­мен «қаза­қы­лы­қтың» көрінісі. Ал «ұлт­тық намыс» − елдік­тің көрінісі, әрі ол әр адам­ның мінез-құлқы­нан емес, ұлт­тың іскер­лік қабілеті­нен, бір­лі­гі­нен, білім­ге ұмты­лы­сы­нан және т.б. ізгілік­ті істер­ден көрі­неді. Мұн­дағы ең маңы­зды нәр­се деп «ұлт­тық намыстың тек қана қай­ы­рым­ды қоғам­да ғана туын­дай ала­тын­ды­ғын» айтар едік! Сон­ды­қтан «ұлт­тық намыстың» басты кри­те­рий­лерін қоғам­ның үйлесім­ділі­гі­нен, қоғам сана­лы түр­де қабыл­даған, оның бар­лық мүше­лері үшін «жазыл­маған заң­дық» күші бар «ұлт­тық идео­ло­ги­ядан» іздеу керек. Ол идео­ло­гия біздің өмірі­міздің ішкі-сыр­тқы жағын толық қам­туы тиіс.

Егер тари­хи бір кезең­де мем­ле­кет өзінің алдын­да тұрған түй­ін­ді мәсе­лені «ұлт­тық намысқа» сүй­ене оты­рып шешу қажет­ті­гіне тап бол­са, онда ол ешқа­шан «жеке намысқа» емес, өзінің ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы­на сүй­еніп әре­кет ете­ді. Өйт­кені мұн­дай жағ­дай­да ұлт­тық намысты оята­тын күш әр адам­ның сана­сын­дағы «мем­ле­кетім – менің мәр­те­бем» деген идео­ло­ги­я­лық ұста­ным болып табы­ла­ды. Ондай «ұста­ны­мы» бар мем­ле­кет­ті өте күшті мем­ле­кет десе бола­ды. Басқа­ша айтқан­да, бұл − «мем­ле­кет халы­қтың мүд­десіне орай жұмыс жасап жатыр» деген­ді біл­діреді. Егер осы­ны бас­шы­лы­ққа алсақ, онда авто­ри­та­ризм – «жеке намыс», ал халы­қты мем­ле­кет­тілі­гін сезі­нетін субъ­ек­ті­ге жете­лей­тін демо­кра­тия – «ұлт­тық намыс» болып шыға­ды, яғни еке­уінің «шығар тегі» екі бөлек екенін көреміз.

Сон­ды­қтан «ұлт­тық намыс» − ұлт­тың дамуы­мен бір­ге қалып­та­са­тын құбы­лыс − егер халық ұлт ретін­де ұйы­са алма­са, билі­гі оны ұлт ретін­де ұйы­сты­ра алма­са – бұл орта­да «мем­ле­кет­ті­гін сезі­ну» жоқ. Сон­ды­қтан қан­ша жер­ден «жеке намыс» ішті жарып бара жат­са да, ондай мем­ле­кет­тің аза­мат­та­ры өзін мем­ле­кетінің егесі деп сана­май­ды. Сөй­тіп, ұлт­тық намысы да оян­баған күй­де қала береді…

Жоға­ры­да біз «ұлт­тық намыстың» спорт, өнер және басқа сала­лар­да жет­кен табыс кезін­де өрлей­тіні тура­лы айт­тық. Бірақ өмір үне­мі жеңістер­ден құрал­май­ды. Ол жеңістер қысқа сәт­тілік − аз уақыт­тан соң ұмы­ты­ла­ды. Ал ұлт­тық намыстың оянуы мем­ле­кет­тің тұрақты өрлеу бағы­ты­мен сәй­кес келеді. Ол үшін аза­мат­тар­дың көңіл түк­пірін­де «мем­ле­кеті­мен мақта­ну» сезі­мі орны­ғуы тиіс. Өкініш­ке қарай, біз мүм­кін­ді­гі­міз бола тұра, ондай аху­алға қол жет­кі­зе алмауда­мыз. Сөй­тіп, елге іштен, не сырт­тан қауіп төнетін­дей жағ­дай кезік­се, елба­сы­ның өзі айтқан­дай, «өзге­лер­дің көсе­гесі түгілі, өзі­міздің де көсе­ге­мізді көгер­те алмай­тын» хәл­дің алдын­да тұр­мыз. Бүгін­де ұлт тағ­ды­рын ойлап жүр­ген­дер­дің бәрі осы­ған алаң­да­у­лы. Біз сер­піл­тетін, сіл­кін­діретін ата­мұ­ра демо­кра­ти­я­лық жолы­мы­зды жаңғыр­та алмай, ол кездің келуін аңса­у­мен келеміз…

Жақын­да сай­лау бола­ды деп күтілу­де. Кей­бір басы­лым­дар қазір­ден бастап, сай­ла­уды халық «біра­уы­здан қол­да­ды» деп әнде­те баста­ды. Ертең «пре­зи­дент­ті біра­уы­здан қол­дап шықты» деп тағы да жыр­лай­тын бола­ды. Бірақ «ұлт­тық намысқа» жету «біра­уы­здан» болуы ешбір мүм­кін емес. Егер біз халы­қтың сана­сы «ұлт­тық намысқа» ұлас­сын десек, онда ол «сана­ны» бесік­ке бөлеп, тер­бе­те беру­ден құты­лу қажет! Сон­да ғана халық «намысын қай­рап», өздері көз­бен көріп оты­рған әділет­сіздік ата­улы­ны қира­та бастай­ды. Бұл – күрес. Халық та осын­дай күре­сте жаны­ғып-шыны­ға­ды. Ондай халы­қты ешбір жау ала алмай­ты­ны, ондай халы­қ­пен кім де бол­са «раз­вед­каға» баруға даяр екен­ді­гі – талас­сыз шын­дық. Енде­ше бұл сай­лау қазір­гі «ұлт­тық намыстың» баро­мет­рі болға­лы тұр. Ол − айт­па­са да түсінік­ті шығар…

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн