Среда , 28 мая 2025

Қазақтың жері ШӨЛГЕ айналып барады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Қатер қай­дан демеңіз

 

Ұлы клас­сик Әуе­зо­втың «Абай жолы­нан» ерекше әсер алған шетел­дің бір сая­хат­шы­сы оқы­ға­нын көзі­мен көру­ге құмар­тып, қаси­ет­ті Абай топы­рағы­на кел­ген екен. Жиде­бай қоны­сын­дағы Абай кесе­несінің биі­гін­де тұрып, шет­сіз-шексіз өлі тыны­шты­қтың құр­са­уын­да жатқан меңіреу далаға қарап: «Мен Әуе­зов сурет­те­ген ғажай­ып табиғат­ты көр­мей тұр­мын» деп­ті… Ол табиғат Абай­дың жыр­ла­ры мен Мұх­тар­дың туын­ды­ла­рын­да ғана қалға­нын қай­дан білсін?!

 

Сан ғасыр шире­гін­де елі­міз­бен бір­ге жұмыр жері­міз де қасірет­тің талай­ын шек­ті. Адам­заттың әре­кеті­мен және тіке­лей табиғат­тың әсері­мен Қаза­қстан­ның ланд­шаф­ты басы­нан сан түр­лі өзгерісті кешір­ді. Семей ядро­лық поли­го­ны, басқа да жасы­рын әске­ри сынақ орын­да­ры, Арал теңізінің суа­луы жер бедерін бір­ша­ма өзгерт­кен. Қазір қазақ дала­сы­на жап­пай құрғақ­шы­лық пен шөл қатері төніп келе жатқа­ны­на маман-ғалым­дар ғана даб­ыл қаққа­ны бол­ма­са, басқа жұрт бұған әзір­ге алаң емес сияқты.

Жал­пы, елі­міздің алып жатқан гео­гра­фи­я­лық орны орман, дала, шөлейт, шөл сын­ды төрт аймақты қам­ти­ты­ны бел­гілі. Алай­да бүгін­де сол аймақтар­дың шека­ра­ла­ры үлкен өзгеріс­ке ұшы­раған. Яғни, шөлейт­ті зона­лар «құла­шын кең­ге жай­ып», топы­рағы құнар­лы аймақты «ығы­сты­ра» баста­ды. Дүние жүзі ресур­стар инсти­ту­ты Қаза­қстан аумағы­ның 99 пай­ы­зы құрғақ­шы­лы­ққа бей­ім екенін атап, бүгін­нің өзін­де жер­дің     66 %-ы түр­лі дең­гей­де­гі шөлейт­те­ну­ге айналға­нын мәлім­деді. Оның ішін­де негіз­гі аймақтар ретін­де Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Семей өңірін, Балқаш көлінің маңын, Қызы­лор­да облы­сын, Маңғы­стау, Қараған­ды облы­ста­ры ата­ла­ды. Бұл аймақтар­дың бірін­де топы­рақ тұз­да­нып, сор­таңға айна­лып жат­са, бірін­де эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың әсері­нен жарам­сыз болып жатқан күйі бар.

Асты­қтың мекені сана­ла­тын сол­түстік өңір­дің өзін­де жер­дің 30%-ы жарам­сызданған екен. Ал Батыс Қаза­қстан­дағы мұнай-газ кәсі­по­рын­да­ры­ның қал­ды­қта­ры ауа­мен қатар топы­рақ қаба­тын да ластап, құнар­сыз ету­де. Көл­шік­ке айналған Арал­дың қасіреті айт­па­са да түсінік­ті. Осы маң­нан ұшқан тұз­дар алыс-жақын аймақтың эко­жүй­есін орны тол­мас өзгеріс­ке ұшы­рат­ты. Бұл өлке­де 2 млн. гек­тар жер шөл­ге айналған.

Ал ғалым­дар­дың зерт­те­уі бой­ын­ша, Мой­ы­нқұм, Балқаш, Ала­көл аймағы судың тап­шы­лы­ғы сал­да­ры­нан жер­дің тозуы­на әкеп соқты­ра­тын құрғақ кли­мат­ты зонаға айна­лып бара­ды. Шығы­сқа ойы­са­тын бол­сақ, мұн­дағы жағ­дай да мүш­кіл. Кен­ді Алтай­дың кені өзге жұрт­ты қуан­тып жатқа­ны­мен, жер­гілік­ті халы­қты улан­ды­рып, топы­рақ қаба­тын ластап жатыр. Өске­мен қала­сы­на жасаған бір сапа­рын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мем­ле­кет­тің бола­шағы үшін бұл қала­ны құр­бан ету­ге бел буға­нын да жасыр­ма­ды (500 мың­нан астам тұрғын­дар­дың бола­шақ тағ­ды­рын осы­лай өзі шешті).

Эко­жүй­есі ең көп зардап шек­кен аймақ – Семей өңірі екенін жал­пақ жұрт жақ­сы біледі. 40 жылға созы­лған ядро­лық сынақ ради­о­нукле­ид­тері ауа, су, топы­рақ құра­мын ғана ластап қой­май, жер­ді бір­не­ше мың­даған кило­метр тереңдік­ке дей­ін айы­қ­пас дерт­ке шал­ды­қтыр­ды. Ядро­лық сынақтар­дың кесірі­нен 20 мил­ли­он гек­тар жер жарам­сыз күй­де жатыр.

Ланд­шаф­тық кар­таға үңілетін бол­сақ, елі­міз­де құм­ды шөл­дер алып жатқан аумақтың үлкен­ді­гіне көз жет­кі­зе­міз. Қызы­лқұм, Мой­ы­нқұм, Қарақұм, т.б. құм­ды аймақтар мың­даған жыл бұрын болған өзен-көл­дер­дің орны. Мұны­мен қатар, Үстірт, Бет­пақ­да­ла сын­ды саз­ды шөл­дер, Сары­арқа­ның оңтүсті­гін­де кіші­гірім тасты шөл­дер де бар. Ал рес­пуб­ли­ка­мы­здағы орман­ның ала­тын аумағы бар-жоғы 4,6% ғана құрай­ды. Бұл бұта­лы тоғай­лар­ды, сек­се­уіл­ді жер­лер­ді қоса есеп­те­ген­де­гі көрсеткіш.

Дала­ның шөлейт­ке, шөлейт­тің шөл­ге айна­луы қоғам­ның бар­лық сала­сын­да үлкен қорқы­ныш туды­ра­ды. Бар­лық 188 млн гек­тар жай­ы­лым­дық жері­міздің 26% құрғақ­шы­лық сал­да­ры­нан жыл­дан-жылға азып-тозып бара жатқан­ды­қтан, егістік айна­лы­мы­нан шыға­ры­лған жер көле­мі жыл санап артып келеді.

Эко­ло­ги­я­лық тепе-теңдік­тің бұзы­луы жүз­де­ген мың адам­дар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ын төмен­дет­ті. Сон­дай-ақ шөлейт­те­ну­ге ұшы­раған өңір­лер­де адам өлі­мі өте жоға­ры. Жарам­сыз ауыз су, шаң­ды әрі тұз­ды дауыл­дар жүрек-қан тамыр­ла­ры, жүйе ауру­ла­ры­на, қан азды­ғы­на шал­ды­қты­рып, әсіре­се бала­лар өлі­мін арт­ты­рып келеді.

Осы орай­да елі­міз­де шөлейт­те­ну­ге қар­сы күрес қалай жүр­гізіліп жатыр деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды. Оның жау­а­бын іздеу бары­сын­да бекітіл­ген бағ­дар­ла­ма мен бөлін­ген бюд­жет­тің бар екен­ді­гіне ғана көз жет­кі­зесің. Біз­де тіп­ті шөлейт­те­ну­мен үздіксіз күрес жүр­гі­зетін маман­дан­ды­ры­лған инсти­тут 90-жыл­дарғы жеке­ше­лен­ді­ру дауы­лы сал­да­ры­нан жабы­лып қалған екен. Бүгін­гі таң­да жер­дің, топы­рақтың құра­мын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да жұмыс істей­тін білік­ті мели­о­ра­тор-маман­дар да жоқтың қасы. Себебі білім беру сала­сын­да мели­о­ра­ция маман­ды­ғы ескерілмейді.

Осы бір олқы­лы­қтың кесірі­нен қыру­ар қар­жы жұм­сап, шетел маман­да­ры­на жүгі­ну­ге тура келеді. Мәсе­лен, Йенс Каль­коф есім­ді австри­я­лық эко-архи­тек­тор елі­міз­де­гі дегре­да­ци­яға ұшы­раған өңір­лер­дің топы­рақ қаба­тын қалы­пқа кел­тірудің жаңа нұсқа­сын ұсы­нған бола­тын. Алма­ты­дан 160 шақы­рым­дай қашы­қты­қта орна­ласқан, шөлейт­теніп бара жатқан 8 мың гек­тар жер­ді нысанға алған шетел­дік маман­дар 2012 жыл­дан бері «Буғы­ты­дағы ну орман» атты жоба­ла­рын жүзе­ге асы­рып келеді. Жоба аясын­да 22 жасан­ды көл мен орман алқап­та­ры пай­да бол­мақ. Сумен тол­ты­ры­лған көл­дер­дің маңы­на ылғал­ды ұстап тұру мақ­са­тын­да тал­дар егілу­де. Бұл істі қолға алған маман­ның айтуы бой­ын­ша, жоба­ның мақ­са­ты – ағаш оты­рғы­зып қана қою емес, Қаза­қстан­ның өзгеріс­ке ұшы­раған ланд­шаф­тын қалы­пқа кел­тірудің озық үлгісі екенін көр­се­ту. Қаза­қстан жерінің аумағы 280 млн.гектар болға­ны­мен, оның 210 млн.гектары дегре­да­ци­яға ұшы­раған, яғни жарам­сызданған. Демек, табиғи ланд­шаф­ты­мы­зға төн­ген қауіп­ті өзі­міз­ден бұрын өзге­лер аңғаруда.

Жер бетінің 70%-ын су алып жатқа­ны­мен, адам­заттың да 70%-ы суға зәру. Шөлейт­те­ну про­цесінің қарқын­ды жүруіне су тап­шы­лы­ғы­ның да әсері мол екені бел­гілі. Мәсе­лен, Қаза­қстанға Қытай­дан 24 өзен ағып келеді. Оның жете­уі Қара Ертістің саға­сы. Қытай­дың өндіріс орын­да­рын, қыру­ар халқын қам­та­ма­сыз ететін Ертістің ласта­ну дең­гейі айт­па­са да түсінікті.

Шөлейт­те­ну, су тап­шы­лы­ғы сын­ды бүкіл әлем­ді алаң­да­та­тын про­бле­маға бүгін­гі қалып­тасқан ланд­шаф­тық орта­сы­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан екі есе қорқы­ны­шпен қара­уы тиіс. Шөлейт­те­ну про­бле­ма­сы бүгін де, ертең де, бола­шақта да алды­мы­здан шығып оты­ра­ды. Сон­ды­қтан оған қар­сы күрес үздіксіз әрі мәң­гі екенін түсі­нуі­міз керек.

Жази­ра АЛТАЙ,

сту­дент-тәлім­гер

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн