Суббота , 12 июля 2025

Жарқын Сәленұлы: «Электронды киіз үй» – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ таптырмас құралы

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

 

ХХІ ғасыр – элек­тро­ни­ка­ның ғасы­ры. Тіп­ті тұтас ұлт­тар­дың күн­делік­ті тұр­мыс-сал­ты, мен­та­ли­теті, қоғам­дық орта­дағы тыныс-тір­шілі­гі элек­тро­ни­ка­ла­нып бара­ды. Міне, сол жаңа заман­ның ағы­мы­м­ен қаза­қтың өзін­дік бренд­ті – «Элек­трон­ды қазақ үйі» пай­да бол­ды. Жас ұрпақты бола­шаққа, зама­на­уи үрдіс­ке бау­ли­тын әзір­ге қаза­ққа таң­сық құрал­дың жау­ап­ты редак­то­ры, жур­на­лист Жарқын Сәленұлын «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­на шақы­рған едік.

 

–Жарқын мыр­за, соңғы уақыт­та интер­нет желісін­де «Элек­трон­ды қазақ үйі» (ЭҚҮ) жоба­сы жай­лы түр­лі пікір­лер айты­лу­да. Бұл әңгі­ме­ден хаба­ры аз жұрт­шы­лық үшін осы жоба­ның пай­да болуы жөнін­де қысқа­ша баян етіп берсеңіз?

– Сұрағы­ңы­здың жаны бар. Әрине, жұрт­тың хабар­сыз екенін күні кеше ғана Наурыз мере­кесін­де қала­ның әр жерін­де өткізіл­ген көр­ме­лер­де бай­қа­дық. Біздің өнім тура­лы ақпа­рат ғалам­тор­да және сай­ты­мы­зда айты­лған. Алай­да, сұрағы­ңы­зға орай, жобаға кеңірек тоқтал­сақ, бұл өнім­нің авто­ры – «АйТи» тех­но­ло­ги­я­сы­ның мама­ны, өнер­та­пқыш Ғалым­бек Қызыр­бекұ­лы. Ол 20 жасын­да алғаш рет Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­зға арнап, төте жазу­дың ком­пью­тер­лік оқулы­ғын құра­с­ты­рған. Осы­дан төрт жыл бұрын Ғалым­бек мыр­за мені осы жоба­ны бір­лесіп жүр­гізу­ге шақырды.

Содан біз жоба­ның сыр­тқы фор­ма­сын дай­ын­дап, бел­гілі сурет­ші-дизай­нер­лер­ге көр­сет­тік және оның макетін мүсін­шілер­ге дай­ын­дат­тық. Сөй­тіп, үш ком­пью­тер­лік жоба­сын дай­ын­дап, Ғалым­бек үш зауы­тқа апа­рып, үш түр­лі жоба­сын жаса­тып, оны қалып­тан құй­ғы­зды. Мұның өзіне бір жыл­дай уақыт кет­ті. Бір жыл­дан кей­ін ең жетік нұсқа­сы таң­да­лып, ішіне бір­не­ше ән салын­ды. Басты назар аударға­ны­мыз – қазақ ерте­гілері болды.

Мүм­кін­ді­гін­ше жас бала­ның тәр­би­есіне сай, таным­дық-тағы­лым­дық қыз­мет атқа­ра­тын 150 ерте­гіні ірік­теп, олар­ды кәсі­би дик­тор­ларға оқыт­тық. Бұл орай­да Қазақ радио­сы­ның арда­гер дик­то­ры Сауық Жақа­но­ва мен Әуе­зов атын­дағы ака­де­ми­я­лық театр­дың актері Айдос Бек­те­мір­дің үлесі айтар­лы­қтай бол­ды. Ерте­гілер­дің дыбысын өңдеу жұмысы да едәуір уақыт алды.

Осы­лай­ша, ерте­гілер­ден бөлек, ән-күй, тер­ме-жыр­лар­ды, яғни 1200 шығар­ма­ны шама­мы­здың кел­генін­ше жинақтап, ірік­теп алдық. Бесік жыры­нан баста­лып, бала­лар әндерін, күй, тер­ме, толғау, халық және халық ком­по­зи­тор­ла­ры­ның әндерін, хакім Абай­дың 45 қара сөзін енгізіп, бала­лы­қтан дана­лы­ққа бау­ли­тын, қазақ ауыз әде­би­етінің музы­ка­лық мұра­сы сана­ла­тын бар­лық жауһар­лар топ­та­сты­рыл­ды. Біз бұл өнім­ді қаза­қтың жаңа «брен­ді» ретін­де таны­туға күш сал­дық. Сол үшін 2014 жылы Аста­на­да мем­ле­кет­тік дең­гей­де арнайы тұса­уы кесіліп, көп­шілік қауы­мға таныстырдық.

– Жаңа оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на хре­сто­ма­ти­я­лық құрал ретін­де енгі­зу үшін, Білім мини­стр­лі­гіне де ұсы­нған екен­сіз­дер. Одан қан­дай да бір жау­ап бар ма?

– Жау­а­бын күтіп отыр­мыз. Бірақ соған қара­ма­стан, ЭҚҮ жоба­сы Қаза­қстан­ның үлкен­ді-кішілі қала­ла­рын­да, мек­теп­ке дей­ін­гі меке­ме­лер­де кең көлем­де қол­да­на баста­ды. Аста­на­дағы «Нұр­сұл­тан» оқу-әдісте­мелік орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Гүл­жан Төле­п­бай­қы­зы жоба­мы­здың алға­шқы қызы­ғу­шы­ла­ры­ның бірі бол­ды. Кей­ін осы жоба бала­бақ­ша­лар­да қол­да­на­тын кез­де кәсі­би әдіс­кер­лер мұның әдісте­мелік кітап­ша­сын құра­с­тыр­ды. Бүгін­гі таң­да ол кітап­ша бас­па­дан шықты. Алдағы уақыт­ты ЭҚҮ-мен бір­ге мек­теп­ке дей­ін­гі меке­ме­лер­де пай­да­ла­ну­дың әдісте­мелік кітап­ша­ла­ры бір­ге жүреді. Менің бай­қа­уым­ша, бұл жоба мек­теп­ке дей­ін ғана емес, мек­теп­те де қосым­ша хре­сто­ма­ти­я­лық құрал ретін­де пай­да­ла­нуы керек. Қазір Білім және ғылым мини­стр­лі­гі бұл жобаға қызы­ғу­шы­лық таны­тып жатыр, алдағы уақыт­та стан­дар­тқа сай оқы­туға рұқ­сат бер­се, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгін­гі таң­да көп­те­ген баста­уыш сынып­тар­да «Элек­трон­ды қазақ үйі» сөй­леп тұр.

Айта кетей­ін, бұл «үй» арқы­лы оқу­шы­лар­дың білі­мін жаңа талап­тар дең­гей­ін­де кеңей­туіне, халық музы­ка­сы­на деген сау­а­тын арт­ты­руы­на қыз­мет ете­ді. Бір­де мына­дай оқиға бол­ды. Мен бір мек­теп­ке барып, осы жоба­ны көр­сетіп оты­рып, оқу­шы­ларға бүкіл қаза­ққа кең таны­мал болған күй ата­сы Құр­манға­зы­ның «Сары­арқа» күй­ін қой­дым. Оты­рған 20 шақты оқу­шы­ның бір­де-біре­уі күй­дің авто­ры мен атын таба алма­ды. Сосын мен мұғалім­ге: «Сіз­дер қазақ елінің жерін­де, қазақ мек­тебін­де оты­рып, қаза­қтын клас­си­ка­лық күй өнерінің ең таны­мал тұлға­сын және ең таны­мал күй­інің авто­ры мен атын біл­ме­сеңіз­дер, бүгін­гі беріп жатқан білім­деріңіз­ден не қай­ыр?» – деп, рені­штік таныт­тым. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – тәу­ел­сіз қазақ елін­де өскені­міз рас бол­са, өзі­міздің төл туын­ды­ла­ры­мыз бала­бақ­ша­дан бастап, терең­детіліп оқы­ты­луы керек. Бұл мақ­сат­та осы «үй» сияқты зама­на­уи тех­ни­ка құрал­да­рын пай­да­ла­ну – үлкен нәти­же беретініне сенімдімін.

– Айт­пақ­шы, сіз­дер­дің бұл жоба­ла­ры­ңы­зды Қыды­рәлі Бол­ма­но­втың «Бал-бала» қуыр­шағы­мен үндес, ұқсас дей­тін­дер де бар…

– Осы уақы­тқа дей­ін мұн­дай уәж­дер айты­лған. Жал­пы, бала тәр­би­есіне бай­ла­ны­сты қаза­қы дүни­е­лер­ді атаған­да, «Бал-бала» баста­у­шы болға­ны рас. Сол себеп­ті біз бүгін­де «Бал-бала» серік­те­сті­гі­мен тығыз қарым-қаты­на­ста жұмыс жасай­мыз. Бірақ кей­біре­улер бұл өнім­ді Қыды­рәлінің ком­па­ни­я­сы шығар­ды деп ойлай­ды. Бұл мүл­де олай емес. Біз бала тәр­би­есіне, оның таным-түсіні­гіне көмек беретін мұн­дай тех­ни­ка­ны көп­теп және әртүр­лі ком­па­ни­я­лар­дың бәсе­ке­ле­сті­гі жағ­дай­ын­да шыға­ру­мыз керек. Сон­да оның сапа­сы да жақ­са­ра түседі. Бала­ларға арналған интел­лек­ту­ал­ды өнім­дер шыға­ра­тын ком­па­ни­я­лар көп болып, тұты­ну­шы­лар өзіне сай келетін дүниені таны­мы­на, ақша­сы­на қарай сатып алуы керек. Сон­да бәсе­ке пай­да болып, заттың саны мен сапа­сы арта­ды. Сон­ды­қтан мен айтар едім – Қыды­рәлі­мен бәсе­ке­лес емес­піз, серік­тес­піз, доспыз.

– Тіп­ті бұл жоба шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зға ұлт­тық әде­би­ет пен өнер­ге, руха­ни бай­лы­ққа сусар жұрт­тың құра­лы­на айна­лып, тіп­ті сонау Аме­ри­ка­дан қазақ бала­ла­рын асы­рап алған отба­сы­лар да арнайы тап­сы­ры­спен алдыр­тып жатыр деген сөз бар көрінеді…

– Бұл жағ­дай­ды жақ­сы бай­қаған екен­сіз. Рас, біз­де­гі қазақ бала­ла­рын асы­рап алған шетел­дік бес отба­сы біздің өнім­ді пай­да­ла­ну­ды жөн санап­ты. Оған біз өте қуан­дық. Өткен жылғы мау­сым-шіл­де айла­рын­да – Түр­ки­яда, қыр­күй­ек айын­да – Моңғо­ли­я­ның Баян-Өлгей аймағын­да қаза­қтар жиі қоны­станған жер­лер­де «ЭҚҮ»-ні таны­сты­ру рәсі­мі өтті. Сон­да бай­қаға­ным – шетел­де жүр­ген қан­даста­ры­мыз «Бүкіл Қаза­қстан көшіп кел­ген­дей» бол­ды деп, қат­ты қуан­ды. Өйт­кені олар осы сияқты интел­лек­ту­ал­ды өнім­ді аңсап, сусап, сағы­нып отыр. Түр­кия мен Моңғо­ли­яда ғана емес, Еуро­па мен Аме­ри­ка­дағы, Оңтүстік Коре­я­дағы қан­даста­ры­мы­зға бұл өнім бел­гілі бола баста­ды. Енді осы өнім­ге қаза­қтар ғана емес, басқа ұлт өкіл­дері қызы­ғу­шы­лық таны­тып, оры­стар, ағы­л­шын­дар, түрік­тер баға­сын сұрап, бір­ден сатып алуда.

– Осы рет­те жас ұрпақты тәр­би­леу мәсе­лесін­де­гі кіна­рат­тар­ды айтар бол­сақ, сіздің маман­ды­ғы­ңыз жур­на­лист екенін ескеріп, елде­гі теле­жә­шік­те көтерілетін жастар тақы­ры­бы жөнін­де­гі ойы­ңы­зды білсек…

– Мен теле­ар­на­лар­дағы бар­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды қарап, бақы­лап, көріп жүр­мін деп айта алмай­мын. Десек те, көзі­ме шалы­нған­да­ры ара­сын­да менің таным-талға­мы­ма сай келетін бағ­дар­ла­ма­лар сана­у­лы ғана. Жал­пы, теле­ар­на­лар бағыт-бағ­да­рын жастарға арнап, жастар мәсе­лесін күн­де неме­се күна­ра көтеріп жатыр деп, ауыз тол­ты­ра айта алмай­мын. Жастарға қаты­сты мәсе­лені Қазақ радио­сы мен «Шалқар» радио­сы тәп-тәуір көтеріп жүр­генін ести­мін. Әйт­пе­се осы күн­гі теле­ар­на­лар­дың бағ­дар­ла­ма­ла­ры ток-шоуға арна­лып, сал­мақты сарап­та­ма­лық дүни­е­лер аз болға­ны­на жур­на­лист ретін­де қынжыламын.

– Қоғам­да орын алып жатқан түр­лі-түр­лі сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­ларға, мәсе­лен, қамы­ты қысы­лып бара жатқан қым­бат­шы­лы­ққа сіздің көзқа­ра­сы­ңыз қандай?

– Иә, кым­бат­шы­лық арқа­мы­зға аяз­дай бата­ды. Соған сай жалақы өсіп жатқа­ны да шама­лы. Тек мұн­дай жағ­дай біздің елде ғана болып жатыр деген­нен аулақ­пын. Қазір әлем­дік сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ларға, Ресей-Укра­и­на қақты­ғы­сы­на, мұнай баға­сы­ның құл­ды­ра­уы­на бай­ла­ны­сты қиын­ды­қтар тууда.

Менің ойым­ша, осы жағ­дай­да отан­дық өнім­ді өнді­ру мүм­кін­дік­терін ары қарай жолға қоюға, әсіре­се шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті дамы­туға күш салу қажет. Шетел­ден келіп жатқан тау­ар­лар­дың оры­нын өз өнім­дері­міз баса­тын­дай жағ­дай туды­ру – дағ­да­ры­стан шығу­дың бір жолы деп білем. Кәсі­би эко­но­мист-маман бол­ма­сам да, қара­пай­ым тұты­ну­шы ретін­де тұты­ну тау­ар­ла­ры­ның қым­бат­та­уы­на өз басым қын­жы­ла қарай­мын. Мұны өзі­міз­де­гі басты өндірістің бол­мауы­нан деп санай­мын. Өз елі­міз­де өндіріс бол­са, оған қажет­ті шикі­заттың қай түріне де кен­де емес­піз. Алай­да шикі­затты өндей­тін өндіріс жоқтың қасы. Бұл жай­ды мем­ле­кет ойлап, елі­міз­де­гі орта және шағын кәсі­по­рын­дар­ды қағаз жүзін­де­гі әре­кет­тер­ден ары­л­тып, іс-жүзін­де жүзе­ге асы­ру керек.

– Ал сәуір айын­да өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­удан қан­дай қай­ыр күтесіз?

– Біз­де­гі пре­зи­дент­тік сай­лау бұры­нғы­дай бірқа­лып­ты үрдіс. Сон­ша­лы­қты жаңа­лық, сон­ша­лы­қты күтіл­ме­ген дүни­е­лер бола­ды деп ойла­май­мын. Бұған дей­ін­гі мем­ле­кет­тің сая­са­ты қалай бол­са, кезек­ті сай­ла­удан кей­ін де солай жалға­са береді деп ойлай­мын. Аяқ асты елдің эко­но­ми­ка­сы мен сая­са­тын­да күт­пе­ген жаңа­лы­қтар бола қой­мас. Бүгін­гінің аржақ-бер­жағын­дағы өзгерістер­ден басқа ештеңенің иісі сезілмейді.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн