Понедельник , 7 июля 2025

Бізге ұлттық-демократиялық ПАРТИЯ ҚҰРУ КЕРЕК

Пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға қаты­су­дан бас тар­тқан «Жұл­ды­здар отба­сы» және «Аңыз Адам» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Жары­лқап Қалы­бай дүй­сен­бі күні бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, Қаза­қстан қоға­мы­на жаңа сая­си пар­тия құру қажет­ті­гі жөнін­де мәлім­де­ме жаса­ды. Төмен­де қай­рат­кер-жур­на­ли­стің мәлім­де­месі ықшам­да­лып жари­я­ла­нып отыр.

 

Мен шекем қызған­нан ел пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер болған жоқ­пын. Халқы­мы­здың бой­ын­дағы құл­дық пси­хо­ло­ги­я­ның сеңін бұзып, Алла­ның бер­ген Тәу­ел­сізді­гі­нен айы­ры­лып қал­мау үшін, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шаңы­рағын шай­қалт­пай, кере­гесін кеңей­тіп, уығын бекі­те түсу мақ­са­тын көз­дедім. Қазақ елі бір адам­ның жеке мен­ші­гі емес, осы елде­гі әрбір аза­мат­тың «Бұл – менің де елім!» деп ойлай­тын ортақ үйі екенін дәлел­де­мек болып, мем­ле­кет­шіл­дік сана­ның қалып­та­суы­на үлес қос­сам, билік­тің демо­кра­ти­я­лық жол­мен ауы­суы­на аз да бол­са жол ашсам дедім.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ширек ғасыр бойы жас мем­ле­кет­тің іргесінің қала­нуы­на, оның бей­біт өмір кешуіне көп үлес қосты. Бірақ ол қоғам­дағы тұрақты­лық пен билік­тің мызғы­ма­сты­ғын қам­та­ма­сыз ету жолын­да мем­ле­кет­тің негізін қалап оты­рған қазақ ұлты­ның мүд­десін бодан­дық дәуір­де­гі­дей өзге елдің мүд­десінің көлең­кесін­де қал­дыр­ды. Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар еңсесін көтер­меді, қазақ тілі қаға­жу көру­ден көз ашпа­ды, «Қаза­қ­сыз Қаза­қстан» құру иде­я­сы кеңе­стік кезең­де­гі­дей басым­ды­ққа ие болуын тоқтат­па­ды. Өз елін­де тұрып, қаза­қтың қолы − теңдік­ке, тілі − бәсе­ке­ле­стік жағ­дай­ға жетпеді.

Елі­міз­де 25 жыл бұрын 17 мил­ли­он халық бар бол­са, қазір де сол дең­гей­ден аспа­дық. Бір-екі мил­ли­он неміс, грек, орыс тари­хи ота­ны­на қоныс аудар­са, олар­дың орнын – шетел­ден кел­ген қан­даста­ры­мыз тол­тыр­ды. Табиғи өсім болған жоқ. Ал осы мерзім­де көр­ші өзбек елінің саны жеті-сегіз мил­ли­онға өсті.

Елі­міздің халқы бай мен кедей­ге, оры­стіл­ді және қаза­қтіл­ді әлем­ге бөлін­ді. Бес Фран­ци­яға тати­тын кең бай­тақ аумақты мекен­деп оты­рып, қала маңы­нан жеті сотық жер учас­кесін алуға зар бол­дық. 20–30 жыл пәтер кезе­гін сары­ла күт­кен­дер саны қан­ша­ма?! Мұнай мен газ және түсті металға бай жер­де тұрып, Қытай­дың бір қала­сын­дағы­дай 17 мил­ли­он халы­қтың аузын аққа, киі­мін көк­ке жет­кі­зу – қол жет­пес арманға айнал­ды деген­ге кім сенеді? 24 жыл­да шикі­заттан басқа бір­де-бір өнім өндір­ген жоқ­пыз. Ақы­сыз жұмыс істей­тін ауру­ха­на мен мек­теп жоқтың қасы, ал бар бол­са, пара беру­ге мәж­бүр­сің. Бала­ны бала­бақ­шаға беру де, оқуға, қыз­мет­ке орна­ла­сты­ру да, сот­та­су да – ақы төле­усіз неме­се пара­сыз шеші­мін тап­пай­тын про­бле­ма. ЖЕМҚОРЛЫҚ пен ЖАҒЫМПАЗДЫҚТЫ жой­ып, адал өмір сүру мүм­кін еме­стей көрі­неді. Мұның бәріне нара­зы­лық біл­діріп, көше­ге шығып, шеру жаса­уға рұқ­сат жоқ. Сөз бостан­ды­ғы мен ой еркін­ді­гі шектелген.

Зия­лы қауым аза­мат­тық бел­сен­ділік таны­туға, елі­міздің сая­си-эко­но­ми­ка­лық, ұлт­тық-руха­ни мүд­десін қорға­уға ресей­шіл, авто­ри­тар­лық билік алдын­да шара­сыз болған­ды­қтан, ДӘРМЕНСІЗДІК депрес­си­я­сы­на ұшы­ра­ды. Соның бір бел­гісі ретін­де жастар ара­сын­да өзіне-өзі қол салушы­лы­қтан әлем бой­ын­ша алды­ңғы қатарға шықтық. Үлкен­дер жағы ештеңе­ге жаны ауыр­май­тын салғырт­тық, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ дер­тіне шал­ды­қты. Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар аяқ асты қалып, жаста­ры­мыз дәстүр­сіздік пен ада­су­шы­лық жолы­на бет бұр­ды. Қазақ болу­дан арла­на­тын, бірін-бірі мен­сін­бей­тін, тіп­ті жек көретін адам­дар­дың қата­ры көбейді.

Елде ширек ғасыр­дан бері ЖАСАНДЫЛЫҚ пен КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ кеңі­нен етек жай­ды. Өтірік ұран­дар мен көз­бо­я­у­шы­лық рефор­ма­лар көбей­ді. Жасан­ды сай­ла­у­лар елдің жасам­паз қоғам құруға деген, әділет­тілік орна­туға деген сені­мін шай­ып жібер­ді. Бар­лық сала­дағы рефор­ма­лар жар­ты­кеш жүр­гізіл­ді. Бар­лық аза­мат заң алдын­да тең бола­тын, толы­ққан­ды демо­кра­ти­я­лық ашық қоғам құра алма­дық. Мем­ле­кеті­міздің сая­си-эко­но­ми­ка­лық, ақпа­рат­тық тәу­ел­сізді­гі қай­та­дан Кремль­дің қан­жы­ға­сы­на бай­ла­нып бара жатқан жоқ па деген үрей туды. Ел мүд­десі мен ұлт мүд­десін емес, қара басы­ның қамын жей­тін жемқор, жағым­паз жан­дар жоға­ры баға­ла­нып, ал ел қорға­уға тыры­сқан мем­ле­кет­шіл, еркін ойлы, адал адам­дар – «экс­тре­мист», «ұлт­шыл» ретін­де жазы­қ­сыз қуда­ла­у­ға ұшырады.

Кеңе­стік заман сая­са­ты қай­та орнаған­дай хал­ге жет­тік. Ком­пар­тия орнын «Нұр Отан» алма­стыр­ды. Саны бар, сапа­сы жоқ жалған пар­ти­я­лар көбей­ді. 90-жыл­дар­дың басын­дағы «Азат» пар­ти­я­сы мен 2000 жыл­дар­дың басын­дағы шынайы «Ақ жол» («Нағыз Ақ жол») пар­ти­я­сы авто­ри­тар­лық билік­тің қысы­мы­нан өз жұмысын тоқтат­ты. Қазір­гі «Ақ жол» мен ЖСДП-ның «оппо­зи­ци­я­лық ойы­ны­на» көп­шілік қауым сенбейді.

Қысқа­сы, қоры­та айт­сақ, қазір­гі таң­да Қазақ елінің көгін­де бұдан жүз жыл бұры­нғы «Алаш» пар­ти­я­сы секіл­ді шынайы ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық пар­тия құру «елесі» кезіп жүр. Билік­тің тоқ­пағы­на төтеп бере алмай, жік-жік­ке бөлініп кет­кен сая­си топ­тар­ды бір тудың асты­на бірік­тіретін уақыт пісіп жет­ті. Олай етпе­сек, Ресей билі­гі Қазақ елінің тәу­ел­сізді­гін қай­та­дан көк­парға сала­тын түрі бар. Мұн­дай пар­ти­я­ның керекті­гін жетін­ші мәр­те қай­та сай­ла­най­ын деп оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев аға­мыз да, көпұлт­ты отан­даста­ры­мыз да түсі­нетін шығар. «Менен кей­ін күл бол­ма­саң, бүл бол!» («после меня хоть – потоп!») дей қоймас.

Жары­лқап ҚАЛЫБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн