Воскресенье , 6 июля 2025

ПРОЩАЙ, «подельник»!

 

Әлдекім әредік­те: «Қарағай­ға қар­сы біт­кен бұтақты көр­сет­ші?» десе, мен оны Кәрі­шал ағаға ертіп барар едім. «Міне – ізде­ген бұтағың!» деп. Ол, әрине, егер Кәрі­шал­дың өткен-кет­кен өмірі­нен бей­ха­бар бол­са, мықы­рай­ған мей­ір­лі шалға: «Бұтағы­ң­ның түрі осы ма?» деп, мен­сін­бей қара­уы мүмкін.

Иә, кей­ін­гі он шақты жыл­дың маңын­да «адам болған» бер­тің­гі жастар Кәре­кеңді біл­ме­уі мүм­кін: сек­сен­ге тар­тқан шағын­да ден­са­улы­ғы дім­кәс тар­тып, қоғам­ның қақ орта­сы­нан жырақтап қалға­ны рас. Әйт­пе­се сонау 80-жыл­да­ры бұ халық «оппо­зи­ция» деген­нің опақ-сопақ жерін ажы­ра­та алмай­тын ала­ке­уім кез­де осы Кәре­кең сол оппо­зи­ци­я­ның нағыз «қызыл­көз пәлесі» еді. Соңғы 25 жыл­дан бері билік­ті қой қай­ы­рар том­паң торы­сы сияқты ерт­теп мініп алған Нұр­сұл­тан­ның шашы­на ақ түс­пей тұрған сол жыл­да­ры оған бірін­ші боп қар­сы шыққан тағы да осы Кәре­кең бола­тын. Қуда­ла­удың көкесін кеңе­стік кез­ден көр­ген, түр­ме­ге түсу­ден тай­сал­маған тапал тар­лан аға­мыз кей­ін­гі біз­дер­ге соғы­стан қай­тқан сол­дат­тай көрінетін.

Айт­пақ­шы, кей­ін­нен Асан-Ата атанған ағам­ның сон­дағы сой­ып салған бір мақа­ла­сын ано-о-оу жылғы «Сол­ДАТ» газетінің жал­пақ екі бетіне шыға­рып, ақы­ры сол Аса­нов­пен бір­ге мен де айда­лып кете жаз­дағам. Бүгін­гі Ақор­да­ның асқа­ры­нан қара­саң, мақа­ла­ның «ФЗУ-шник пла­не­тар­но­го мас­шта­ба» деген ата­уы айдал­мақ түгілі, атып таста­уға татыр­лық тақы­рып еді. Тіп­ті ештеңе жаз­бай-ақ, газет­ке осы тақы­рып­тың өзін кей­іп­кер­дің кер­без суреті­мен қатар сала сал­саң, боп тұрған жоқ па – арқа­лап кетер ста­тьяң дап-дай­ын?! Ал оның дәл осы маз­мұн­да жазған пуб­ли­ци­сти­ка­лық шығар­ма­ла­ры ғана қалы­ң­ды­ғы төрт елі төрт кітап екен!

Міне, «қарағай­ға қар­сы бұтақ» болған сол Кәрі­шал ағам да дүни­е­ден өтті. Бір азат адам кет­ті, орны­на екі еркін қазақ келер-кел­мес?! Артын­да өкіні­ші қал­ды ма, жоқ па – біл­медім. Білерім – қаза­қтың мүд­десі­нен басқаға түй­ір татыр­май­тын Тәше­нев­тей аза­мат ел басы­на келер күн­ді көре алмай кет­кені. Арма­ны – осы болға­ны анық. Жұма­бек Тәше­нев­тің қай­сар ғұмы­рын 15–20 жыл зерт­теп жазған кіта­бы қазақ әде­би­етін­де­гі сая­си жанр­дан тұщым­ды жалғыз еңбек шығар.

Осы­дан үш-төрт жыл­дай бұрын редак­ци­яға тағы бір мақа­ла­сын ала келіп: «Бұл менің «лебе­ди­ная пес­ням», бас газетіңе!» – дегені бар-ды орыс­ша­сын ара­ла­сты­рып. Басып бер­дім. Теле­фон шал­ды. Ауы­рып отыр екен. «Бол­дым! – деді демі­гіп. – Енді­гі шай­қа­сты сен­дер­ге қал­дыр­дым: елдің ертеңіне ес болыңдар!».

Топы­рағы той­ым­сыз Кең­сай­дың тарғыл төсіне жам­ба­сы тиер сәт­те де «қар­сы бұтақ» екенін тағы таны­тып кет­ті, жары­қтық. Кәре­кең Кең­сай­ға «келер» сол күні қапы­да қай­тыс болған қай­ран Қап­па­ро­втың жер­ле­уі қатар бол­ды. Билік­тің білек біле­ген мықты­ла­ры, үкі­мет­тің үкілі тобы, биз­не­стің небір нарқасқа нөпірі қара-құрым жиналған екен. Амал нешік, бұн­дай­ды «жас өлім» дей­ді қазақ…

Біз – Кәре­кеңді Кең­сай­дың қол­ты­ғы­на бер­ген іні-бауыр­ла­ры – оды­рай­ған отыз шақты ғана адам­быз. Асан-Атаға бұй­ы­рған ұлта­рақтай жер төмен екен: жоғарғы жер­ле­уден бұрын қай­тқан қалың қара «Мер­се­дес» аға­мы­здың беті бүр­келіп, көр­талқы­сысы оқы­лып біт­кен­ше, тар жол­ды кес-кесте­ген ошар­лы оты­здан өте алмай, тұр­ды да қал­ды. Сол қарасүлік көлік­тер­де жол­дың ашы­луын сүт пісірім уақыт күтіп оты­рған небір ноян­дар Кәрі­шал­дың құра­ны­на да еріксіз бет сипа­ды… Құранға қол жай­ып, қасым­да оты­рған балаң бауы­рым: «Асан-Атам өлсе де, «жасты­ғын бір­ге ала кет­кен» сияқты…» – деді құлағы­ма сыбыр­лап. Еріксіз күліп жібер­дім – нобайы солай болды.

…Еке­уі­міз бір­ге сот­ты болған соң, Кәре­кем мені «подель­ник» деуші еді. Кең­сай­дан кетіп бара жатқан­да, асыл ағам­ның соны­сы есі­ме түсіп: «Про­щай, подель­ник!» – дедім іштей. Енді­гі ешкім­ге зала­лы жоқ Кәре­кем том­пиған топы­рақ боп, қалың қорым­да қала берді.

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн