Понедельник , 7 июля 2025

Зәуреш БАТТАЛОВА: НАЗАРБАЕВТЫҢ «СОҢҒЫ АҚҚУ ӘНІ» елге өзгеріс әкеледі деп ойамаймын

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

ДАТ!

 

Шын мәнін­де бала­ма үміт­кер­сіз өтіп жатқан пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға барып, дауыс беру-бер­меу мәсе­лесі – билік­тің сая­са­ты сар­саңға түсір­ген қаза­қты алаң­да­тып оты­рған жәйт. Алдын ала «жеңім­па­зы» бел­гі­леніп қой­ған сая­си науқан төңіре­гін­де өз ойын ашық айта ала­тын аза­мат­тар да жоқтың қасы. Ел іші билік­тің қорас­ы­нан «жем жеп», айтқа­ны­на көніп, айда­уын­да жүретін зия­лы қауым­ның жарам­сақ пікірі­нен әбден жалы­ққан. Осы рет­те қалың қаза­қтың құлағы­на өткір ойын жет­кіз­ген қоғам қай­рат­кері, экс-сена­тор Зәу­реш БАТТАЛОВАНЫҢ ашық әңгі­месін оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

 

  • Зәу­реш ханым, соны­мен нәти­же­сі алдын ала бел­гілі сай­ла­уда дауыс беру­ге сіз бара­сыз ба?

– Сай­лау бюл­ле­тенін­де «бәріне қар­сы дауыс бере­мін» деген тар­мақ бол­са, сай­ла­у­ға бара­тын едім. Биы­лғы мерзі­мі­нен бұрын өтіп жатқан науқанға қаты­су­шы үш үміт­кер­ді де қол­да­май­мын. Үше­удің бірі – пре­зи­дент Назар­ба­ев сай­ла­ну үшін емес, өзінің өкілет­тілі­гін созуға әре­кет­тен­се, еке­уі сол «жасан­ды» сай­ла­уды заң­да­сты­ру үшін қаты­сқа­лы оты­рған «қуыр­шақ» үміт­кер­лер екені бел­гілі. Сон­ды­қтан дауыс берудің қажеті жоқ деп санай­мын. Кей­бір адам­дар «дауы­сың ұрла­на­ды» деген уәж айта­ды, Тәу­ел­сіздік­тің 24 жылын­да билік өз дегенін істеп бағу­да, дауыс санау, сай­ла­удың қоры­тындыс­ын­да қан­дай пай­ы­здық мөл­шер­ді жари­я­лау – солар­дың еркін­де­гі шешім­ге айналған­ды­қтан, әдет­те­гі «ұрлы­қтан» қауіп­те­ну қажет емес. Сай­ла­у­ға бар­саң да, бар­ма­саң да, Назар­ба­ев­тың 95 пай­ы­здан астам дауыс «ала­ты­ны» алдын ала бел­гі­леніп қойған.

 

– Ал өзіңіздің жақ­та­ста­ры­ңы­зға, жал­пы сай­ла­удан үміті үзіл­ген қаза­қстан­ды­қтарға қан­дай кеңес берер едіңіз: бұл сай­ла­уда халы­қтың кім­ге дауыс бер­гені дұрыс?

– Әрбір сай­ла­у­шы кім­ге дауыс беретінін өзі шешуі тиіс. Негіз­гі мәсе­ле – кім­ге дауыс беру­мен шек­тел­ме­уі тиіс, керісін­ше, не үшін дауыс беруім керек деген мәсе­лені пай­ым­да­уы керек. Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның әле­умет­тік-тұр­мыс жағ­дайы, тұрғын үй мәсе­лесі, елді жай­лаған жұмыс­сызды­қтың дұрыс шешілуі үшін дауыс беру­ге баруы керек.

Білім беру, ден­са­улық сақтау сала­сы халы­ққа тегін қыз­мет етуі үшін дауыс берілуі тиіс. Ал мерзі­мі­нен бұрын өткі­зу әдет­ке айналған қой­ы­лым­да кім­ге «дауыс беру» керекті­гі бел­гілі болған­ды­қтан, сай­ла­у­ға бар­май-ақ, нәти­же­сі қалай бола­ты­нын біліп отыр­мыз. Ширек ғасыр­дың ішін­де қаза­қстан­ды­қтар әле­умет­тік сала­ның ешқан­дай жақ­сы­лы­ғын көр­ген жоқ. Көр­гені – жер­дің астын­дағы-үстін­де­гі бай­лық талан-тара­жға түсіп, оның қызы­ғы елді биле­ген алпа­уыт­тарға бұй­ыр­ды. Өндіріс ошақта­ры жабыл­ды, отан­дық биз­нес тұра­лап қал­ды, «жаңа» пре­зи­дент алдағы бес жыл­дың ішін­де халы­қты осы тауқы­мет­тен құтқа­рып қала­ды деген­ге кім сенеді? Ширек ғасы­рға жуық уәде­ден ел тұрғын­да­ры әбден жалықты.

 

– Дұрыс айта­сыз: біздің газет те бұл сай­ла­удың нәти­же­сі­нен бұрын, сай­ла­удан кей­ін не бола­ды деген тақы­рып­ты көбірек қау­жап жүр. Себебі Назар­ба­ев кезек­ті мерзім­ге өзінің пре­зи­дент­тік құзы­рын созып ала­ры бес ене­ден бел­гілі жәйт. Енде­ше, егер кезек­ті бес жыл – оның соңғы пер­зи­дент­тік мерзі­мі деп есеп­ке алсақ, ол өзі­нен кей­ін­гі өтпе­лі тран­зит­тік кезең­ге дай­ын­да­луы тиіс қой. Сіз қалай ойлайсыз?

– Өкініш­ке қарай, бүгін­гі билік­ке, пре­зи­дент­ке деген сені­мім жоғал­ды. Өйт­кені мем­ле­кет­тің дамуы үшін, халы­қтың жағ­дай­ын жасау үшін, қан­дай жол­мен жүретін бағыт­тар әлі күн­ге бел­гісіз. Неге дер­сіз? Себебі сол – мақ­сат айқын, бағыт бел­гілі бол­са, мерзі­мі­нен бұрын сай­лау өткізіп, әлек­ке түс­пес едік. Сай­ла­удан кей­ін­гі бес жыл­да елді жаңа­ша өзгерістер күтіп тұрған жоқ: сол баяғы қалып­пен билік бір жақта, халық бір жақта күн кешетін сыңайлымыз.

Егер пре­зи­дент Назар­ба­ев елдің жағ­дай­ы­на бір сәт мой­ын бұрып, шын жүре­гі­мен ойлай­тын бол­са, Укра­и­на­да болған жағ­дай­дың кей­пін киіп қал­мас үшін, өзі­нен кей­ін билік басы­на келетін тұлғаға қаты­сты демо­кра­ти­я­лық үрдістер­ді бүгін­гі күні заң­да­сда­сты­руы керек. Өтпе­лі кезең­де­гі пре­зи­дент­ке, «тақ мұра­геріне» қаты­сты ел ішін­де алып-қашпа әңгі­ме­лер жиі айты­лып жүр. Өз басым тран­зит­тік пре­зи­дент­ке де, тақ мұра­гер­лі­гіне де қар­сы­мын: демо­кра­ти­я­лық сай­лау арқы­лы Қаза­қстан аза­мат­та­ры сенім артқан тұлға билік басы­на кел­гені дұрыс деп санай­мын. Пре­зи­дент Назар­ба­ев елін, жерін сүй­е­мін десе, халқы­ның бола­шағы үшін «2050» деген қия­ли меже­ден гөрі, демо­кра­ти­я­лық даму жолын­дағы қада­мы бүгін­нен бастап өз қолы­мен жасап кет­кені дұрыс болар еді. Себебі оның өмірі де шексіз емес екені белгілі.

 

– Сон­да осы бес жыл ішін­де Назар­ба­ев елде кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жаса­май­ды деп ойлай­сыз ба?

– Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­дағы «жүр­гізіл­ген» рефор­ма­лар­дың саны­нан жаңы­лы­са­тын шығар­мыз. Тағы де кезек­ті бір рефор­ма жари­я­ла­на­ты­ны­на да күмән жоқ. Біз осы рефор­ма­лар­дың нәти­же­сі қан­дай бол­ды, халы­қтың еңсесін көте­ретін­дей өзгеріс болуы мүм­кін бе деген сұрақтың жау­а­бын талап ете ала­мыз ба? Әрине, жоқ! Өйт­кені ширек ғасыр уақыт­та шешіл­ме­ген қыру­ар тір­лік Назар­ба­ев­тың «соңғы рет айтар аққу әні­мен» іске аса қояды деген­ге сен­бей­мін. Себебі – кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жаса­луы мүм­кін деген ниет­ті де, мысқал­дай нышан­ды да көріп тұрған жоқпын.

 

– Кей­бір билік тара­пы­ның сая­сат­та­ну­шы­ла­ры бұл сай­лау Назар­ба­ев­тың Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ жағ­дай­ын­дағы пози­ци­я­сын нығай­ту үшін қажет деген пікір айта­ды. Ол уәж­ге ден қой­сақ, Ресей­дің Укра­и­на­дағы әре­кеті­нен кей­ін қалып­тасқан гео­са­я­си әлем­де билік басын­да әккі сая­сат­кер Назар­ба­ев­тың өзі қалуы керек екен. Сіз осы пікір­ді билік сая­сат тех­но­лог­та­ры­ның алдарқа­туы деп ойла­май­сыз ба?

– Ота­нын, елін сүй­ген бас­шы өзінің билі­гін ғана нығай­ту үшін әре­кет жаса­май­ды, керісін­ше, мем­ле­кетінің мүд­десін үстем ету­ге бар күшін жұм­сай­ды деп санай­мын. Мез­гілі­нен бұрын сай­лау өткізіп, билік­те­гі құзіретін созып алу – Назар­ба­ев­тың өзіне ғана пай­да­лы мәсе­ле. Бір ада­мың тағ­ды­ры, жеке ұста­ны­мы, дара билі­гі үшін бүкіл ел, мем­ле­кет құр­бан­ды­ққа шалын­ба­уы керек.

 

– Жеке­ле­ген сая­сат­кер­лер­дің пікіріне қараған­да, алдағы бес жыл­дың ішін­де Назар­ба­ев сырт елдер­ге кету­ге мәж­бүр еткен сая­сат­кер­лер Әке­жан Қажы­гел­дин, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Төлен Тоқ­та­сы­нов және басқа­лар­ды елге қай­та­руға қам жаса­уы мүм­кін бе?

– Егер пре­зи­дент осын­дай қада­мға бара­тын бол­са, онда елге демо­кра­ти­я­лық қағи­да­лар­ды енгізіп кету­ге әре­кет жасап жатыр деп, қуа­на қабыл­дар едім. Әрі осы қада­мын ел-жұрт та қол­дар еді. Қаза­қстан­ның бола­шағы­на үлес қосуға қабілеті бар аза­мат­тар­ды елге қай­та­руы керек. Сая­си ұста­ны­мы, сая­си көзқа­ра­сы үшін, сая­си қар­сы­лас болға­ны үшін өз елі­нен, өз жері­нен безін­діріп жібе­ру – ақсақал жасы­на жет­кен адам үшін үлкен күнә. Сон­ды­қтан Назар­ба­ев шет­те жүр­ген білі­мі мен білі­гі мықты аза­мат­тар­ды елі үшін қыз­мет ету­ге шақырт­са, елдің алдын­дағы беделі бір­ша­ма көтерілер еді.

 

– Қазір­гі депу­тат­тар кор­пу­сы жөнін­де «қал­та­дағы пар­ла­мент» деген атау тұрақты тір­кес­ке айна­лып кет­кенін білесіз. Бұл пар­ла­мент пре­зи­дент­тің «нота­ри­ал­дық кең­сесіне» айнал­ды деген сөз тағы бар. Атқа­ру­шы билік­тен түсетін заң жоба­ла­ры­на бай­ла­ны­сты қар­сы пікір айта алмай­тын депу­тат­тар ел ішін­де «иә» мыр­за­лар» ата­лып жүр­гені тағы мәлім. Арғы­сын айт­пай­ық, соңғы бес жыл­да өзінің аза­мат­тық ұста­ны­мы үшін пар­ла­мент­ті тастап кет­кен бір­де-бір депу­тат бол­маға­нын бүкіл халық біледі. Осы­ның бар­лы­ғы пар­ла­мент­те оты­рған бір қора аза­мат үшін ұят жағ­дай екенін сіз қалай бағамдайсыз?

– Жеке тұлғаға қаты­сты пікір айту­дан аулақ­пын, ал пар­ла­мент тұрғы­сы­нан кел­ген­де, Қаза­қстан мем­ле­кеті өзін демо­кра­ти­я­лық елміз деп санай­тын бол­са, Кон­сти­ту­ци­я­ның үшін­ші бабын­да билік­тің үш тар­мағын атап көр­сет­кен: заң, сот, атқа­ру­шы билік тең өкілет­тілік­пен қоға­мға, халы­ққа қыз­мет етуі керек. Бірақ Ата заң­да жазы­лған нор­ма, іс жүзін­де іске аспай жата­ды: 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­яға енгізіл­ген өзгерістер бой­ын­ша, пар­ла­мент­тің өкілет­тілі­гінің басым бөлі­гі пре­зи­дент­ке беріл­ген. Мен пар­ла­мент­ті пре­зи­дент­тің «құқы­қтық бөлі­мі» деп ата­у­шы едім, ал сіз айтқан­дай «нота­ри­ал­дық кең­се» деген атау да дұрыс екен. Пар­ла­мент­тің шешім қабыл­дай­тын нақты өкілет­тілі­гі бол­маған­ды­қтан, олар ел аза­мат­та­ры­ның мүд­десін қорғай алмай отыр.

Пар­ла­мент халы­қтың мәсе­лесін қорғай алмай­ты­ны былай тұр­сын, өзінің өкілет­тілі­гін кеңей­ту­ге де әлі жоқ. Өйт­кені басым бөлі­гі билік пар­ти­я­сы­нан жасақталған­ды­қтан, билік­тің уысы­нан шыға алмай­тын депу­тат­тың пар­ла­мент­ті тастап кету­ге дәр­мені қай­дан бол­сын? Халы­қтың қала­у­ы­мен сай­лан­баған, билік пар­ти­я­сы­ның ырқы­мен тағай­ын­далған депу­тат­тың сес көр­се­те алуы бүгін­гі таң­да адам сен­бей­тін жәйт емес пе? Олар үшін «ұят» деген ұғым­ның ауы­лы алыс қалған. Салық төле­ушілер­дің арқа­сын­да күн көріп оты­рған депу­тат­тар­дың біре­се пре­зи­дент­тің Жол­да­уын наси­хат­та­уға, біре­се пре­зи­дент­тік сай­лау науқа­нын­да әнші-күй­ші, бишілер­мен бір­ге «үгіт пой­ы­зы­на» оты­рып, ел ара­лаға­нын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Сол депу­тат­тар­ды көр­ген­де, көз алды­ңа көр­ке­мө­нер­паз­дар үйір­месінің мүше­сі елестейді.

 

– Соңғы кез­дері Кәрім Мәсі­мо­втің жария, ашық сая­сат­тан жал­та­рып жүруін­де, үкі­мет­те атқа­рып жатқан жұмыста­ры­на бай­ла­ны­сты жақ ашпа­уын­да не гәп бар болуы мүмкін?

– Билік­те­гі сая­си лау­а­зым­ды тұлға баста­ма көтеріп, бел­сен­ділік таныт­са, қуғы­нға ұшы­рай­ты­ны неме­се түр­ме­ден бір-ақ шыға­ты­ны – елдің жаңа тарихы­нан бел­гілі жәйт. Сон­ды­қтан Мәсі­мо­втың үнсіз оты­руын түсі­ну­ге бола­ды. Оның үстіне Мәсі­мов бір сөзін­де: «Мен пре­зи­дент­тің көмек­шісі­мін, көмек­шісі болып қала бере­мін» дегенін еске алсақ, көмек­ші­ден не қай­ыр, не үміт?!

 

– Деген­мен, Мәсі­мо­втің үкі­мет басы­на қай­тып келуі­нен және әсіре­се оның соңғы Қытай сапа­ры­нан кей­ін, бүгін­гі пре­мьер­ді тақ үміт­кері ретін­де сынға салу, ысыл­ды­ру, тәжіри­бе­ден өткі­зу науқа­ны басталған жоқ па?

– Біздің елде бәрі мүм­кін. Билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры таққа үміт­кер бола­ды-мыс деген бір­не­ше шене­унік­тің атын атай­ды – Мәсі­мов те солар­дың бірі. Содан соң, ел-жұрт қалай қабыл­дай­ды екен деп, құлақта­рын түреді. Бірақ табиғат бай­лы­ғы ұшан-теңіз мем­ле­кет­тің үкі­мет бас­шы­сы Қытай­дан қарыз сұрап, қай­ыр­шы­ның кей­піне түс­кеніне ел аза­мат­та­ры нара­зы екенін олар ескеріп жатқан жоқ. Ал өз басым Мәсі­мов мем­ле­кет­ті басқа­руға лай­ық тұлға деп айта алмаймын.

 

– Өзіңіздің бүгін­гі қоғам­дық қыз­метіңіздің бағыт-бағ­да­ры жөнін­де не айтасыз?

– Қаза­қстан­дағы сая­си өзгеріс тек қана бір адам­ның шеші­міне тәу­ел­ді. Сая­си шешім­нің сал­да­ры қоғам­дық қозға­лы­стар мен бір­ле­стік­тер­ге кедер­гі бола­ты­нын да атап өткім келеді. Демо­кра­ти­я­лық дамуға үлес қосуға, адам құқы мен бостан­ды­ғы­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ді қолға алған ұйым­дар қуғы­нға түсу­де неме­се жабы­лып тына­ды. Бас­па­на, тұрғын үй мәсе­ле­лері­мен айна­лы­сқан қоғам­дық ұйым­ның дауы­сы билік­ке жет­пей­ді. Қоғам­дағы сая­си күрес сая­си қуғы­нға ұласты.

Сон­ды­қтан ел аза­мат­та­ры­ның кез кел­ген мәсе­ле бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік құқын қорғау үшін заң­ды кеңес беру ісі­мен айна­лы­са­мын. Кон­сти­ту­ци­я­ның 33-бабын­да Қаза­қстан­ның әрбір аза­ма­ты мем­ле­кет­тің басқа­ру ісіне ара­ла­суға құқы бар екен­ді­гі жазы­лған. Билік халы­қты аза­мат­тық, сая­си құқы­ғы­на шек қой­ып оты­рған­ды­қтан, әле­умет­тік құқын талап ете алмай­ды. Сон­ды­қтан ел аза­мат­та­ры­на қол­дау көр­се­ту жұмысын мой­ны­ма алдым.

 

– Зәу­реш ханым, өзіңіз айтып оты­рған аза­мат­тар­дың бір тобы әле­умет­тік желі­де, ғалам­тор­да сіздің пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсуіңіз жөнін­де ұсы­ны­стар айт­ты. Бірақ ол ұсы­ны­сты қабыл көр­ме­уіңізді қалай түсін­дірер едіңіз?

– Ең алды­мен, сай­ла­у­ға түсуі­ме ниет­тес болған аза­мат­тарға рах­мет айта­мын! Екін­ші­ден, «пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер» бол­дым деген атақты мақтан тұту үшін сай­ла­у­ға түсудің қажеті қан­ша? Сон­дай-ақ билік­пен текетіресіп, сая­си ұпай жинай­мын деп, сай­ла­у­ға бару­дың қажеті жоқ: мен ондай попу­лиз­мнен аулақ адам­мын. Пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­дің басты мақ­са­ты – ел аза­мат­та­ры­ның сені­міне ие болып, сол сенім үшін сай­ла­у­ға қаты­су болуы тиіс. Елі сен­ген үміт­кер билік­ке де қасқая қар­сы тұра ала­ды. Кей­бір аза­мат­тар билік­ті сынау мүм­кін­ді­гі туған кез­де сай­лау алаңын пай­да­ла­нуы­ңыз керек еді деген ұсы­ны­сты да айт­ты. Мен осы билік­ті сай­ла­у­ға қаты­спай-ақ сына­удан ешу­ақыт­та жалы­ққан емес­пін. Бұл орай­дағы нақты ұсы­ны­ста­рым «ДАТ»-тың бетін­де үне­мі жари­я­ла­на­ды, тіп­ті менің өткір айтқан сыным­ды баса­тын жалғыз басы­лым – осы ғана.

Ал шынын айтқан­да, қаза­қстан­дық демо­кра­ти­я­лық қауым­да­сты­қтың бүгін­гі билік­ке қар­сы тұра ала­тын­дай күші де, мүм­кін­ді­гі де шек­те­улі. Оның себебі де елге мәлім: тәу­ел­сіздік­тің жиыр­ма төрт жылы­ның ішін­де билік сая­си алаң­да көш бастап жүр­ген, аза­мат­тық ұста­ны­мы­на берік аза­мат­тар­ды қуғы­нға түсіріп, абақты­ға қамап, кей­бірін атып өлтір­ді. Билік­тің қысы­мы­м­ен осын­дай сая­си мәж­бүр­сіздік қалып­тасқан шақта, бұл сай­ла­у­ға лиги­тим­ді рең беріп, оған қаты­су­дың қажеті қанша?!

Деген­мен, маған ұсы­ныс айтқан «Фейс­бук» қауым­да­сты­ғын бүкіл қоғам­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Желі арқы­лы ой айтқан 100-ге толар-тол­мас адам­ды бүкіл Қаза­қстан халқы­ның пікірі деп қабыл­дау – алдам­шы жағ­дай. Осы­ны түй­сін­бей, дал­ба­лақтап жүр­ген сая­сат­кер-сымақтарға таңым бар…

Сай­лау алдын­да сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген агент­тік­тер пре­зи­дент қан­дай адам болуы керек деген сұрақ қою­дың орны­на кім­нің пре­зи­дент болуы керекті­гін, тіп­ті бүгін­гі пре­зи­дент­ті қол­да­уы­мыз керек деп, алдын ала елдің аузы­на сөз салып бер­ді. Осын­дай сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де қаты­су – сая­си көр­соқыр­лы­қтың бел­гісі деп білем.

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн