Понедельник , 7 июля 2025

«БИЛІКТІ БАҒАЛАЙ БІЛМЕЙТІН» жазушы ағамен мерейтой мезетіндегі сұхбат

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Мерей­той мүйісі

 

Елге етене таны­мал қарым­ды қалам­гер, ақиқат­шыл аза­мат, әділет­тің ақ жолы­нан жаңыл­маған аға, еліне еңбе­гі сіңер інілеріне жана­шыр ақсақал, қаза­ққа да, қоға­мға да қай­ы­рым­ды қай­рат­кер… Тұлға­сы­на тең осын­дай теңе­улер тір­кесін тізе бер­сең, газет­тің жар­ты бетін алар жақ­сы­лы­ғы жай­саң Ғаб-ағам – Ғаб­бас Қабы­шұ­лы 80-ге келді.

 

– Ғаб­бас аға, соны­мен, «80» деген елдің сең­гірі мен­мұн­да­лап қалған екен: алды­мен мерей­той құт­ты болсын!

– Рах­мет! «Сел­кіл­де­тем!» деп жет­кен шығар, көре­рмін. «Жел­кеңе шыға­мын!» деген 70 те пәлен жер­де қалға­лы 10 жыл болды.

– Өмір ғой, аға, «құт­ты бол­сы­н­мен» бір­ге Кәрі­шал құр­да­сы­ңы­здың алды­нан жары­лқа­сын деудің қатар кел­генін айтсаңызшы!..

– Әділ­дік үшін жара­ты­лған Аза­мат еді-ау Кәре­кем! Сыр­лас бол­дық. Мен сәлем­де­суді: «Ей, жас жігіт!» деп бастай­ты­н­мын. «Осы атың маған ұнай­ды» дей­тін еді ол. Жаны жән­нәт­та болғай!

– Ғабе, осы сіздің 70 және 75 жыл­дық мерей­той­ы­ңыз Өске­мен жақта ата­лып өтіп пе еді? Анау-мынау емес, Алтай­дан шыққан аз жазу­шы­ның бірі едіңіз – ел-жұр­ты­ңыз елеп-ескеріп пе еді дегенім ғой… Оны да сұрап оты­рға­ным – бір­де Орал­хан (Бөке­ев) марқұм Жүр­сін досы­на (Ерма­нов) айтқан екен: біздің жақ оры­ста­нып кет­кен халық қой – итпісің-кісі­місің деп елей­тін­дей дағ­ды дағ­да­рып қалған деген екен…

– Ақын жол­да­сым Сабыр­хан Аса­нов: «Көк­тем оңтүстік­тен баста­ла­ды» деп өлең жазған­да, мен: «Әй, бож­бан! Менің Шығы­сым­нан күн шық­па­са, сенің Оңтүсті­гіңе көк­тем көк­тен түсе ме?» – деп едім. Ал солай пер­зент­тік сезім­мен мақтанған Шығыс өзінің топы­рағын­да туып-өскен ақын-жазу­шы, ғалым ата­улы­ның бәріне дер­лік шырай таны­тқан емес. Әкім-қара­сы­ның кең­сесі қай­да екенін біліп алған бірен-саран інілері­міз бол­ма­са, басқа­лар – «Алма­ты асып кет­кен саяқтар­мыз». Орал­хан шын­ды­қты айтты.

Менің жасым 70-ке тақалған­да, бір күні Өске­мен­нен теле­фон соғыл­ды. Бала күн­нен досым – жур­нал­шы Тоқан Берға­ли­ев екен. Есен-сау­шы­лық сұра­сып бола бере: «Ғаб­ке, мен кеше обләкім­дік­ке барып, әуелі әкім­нің мәде­ни­ет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі орын­ба­са­ры­мен, одан кей­ін әкім­нің өзі­мен сенің юби­лей­ің тура­лы сөй­ле­стім, 60 жасын­да атаған жоқ­пыз, енді 70 жасын­да елеп-еске­рей­ік дедім. Әй, ұят­сыздар-ай, еке­уі де: «Ол – оппо­зи­ци­о­нер! Жо-жоқ, шақы­ра алмай­мыз!» деп азар да безер бол­ды. Енді кім­ге айту керек, Аста­наға хат жазай­ық па?» – деді.

Мен күл­дім де: «Әй, Тоқа, крес­ло­сын әкесін­дей, порт­фелін шеше­сін­дей көретін ол бай­ғұстарға бекер барған­сың. Мен саған: «Бар, сөй­лес» дедім бе? Деген жоқ­пын. Енде­ше кем­пөш­кеңнің жанын­да тыныш қана отыр. Аста­на­ны да есің­нен шығар, ондағы­лар да – сенің әкім-сәкі­мің сияқты­лар», –  дедім. 75 жасым­да да Шығы­сы­мыз сол «сая­са­ты­нан» ауы­тқы­ған жоқ. 80 жасым­да да солай «ұстам­ды» бола­тын­да­ры сөзсіз.

– Басқа­сын қай­дам, ал өзіңіздің төл қара шаңы­рағы­ңыз – Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы сіздің 80 жасы­ңы­зды атап өтер­лік қам жасап жатқан шығар? «Шығар» деп, күлбіл­те күдік­тің кебін кел­тіріп оты­рға­ным – соңғы 20 жыл­да билік­тің шым­бай­ы­на тиетін біраз сөз айт­ты­ңыз: Ақор­даға жал­тақтаған одақтағы бауыр­ла­ры­ңыз осы­ңы­зға оды­рай­ып жүр­мей ме дегенім ғой…

– Иә, қалам­гер­лер­дің қара шаңы­рағы­на 1966 жыл­дың көк­те­мін­де жас жазу­шы болып еніп, одан 1996 жыл­дың жазын­да зей­нет­кер болып шығып, содан бері отба­сым­да неме­ре-шөбе­ре­лерім­нің ата­сы қыз­метін атқа­ру­да­мын. Өткен айдың орта шенін­де Одағы­мы­здағы бас­шы інілерім­нің бірі (аты-жөнін айт­пай-ақ қояй­ын) теле­фон шалып: «Ғаб-аға, сіздің 80 жыл­ды­ғы­ңы­зды алды­мы­здағы 1 апрель­де Күл­кі күні­мен орай­ла­сты­рып өткіз­сек деп отыр­мыз», – деді. Мені жас әзіл-сықақ­шы­лар­дың орта­сы­на аппақ шашым ұйқы-тұй­қы күй­ім­де оты­рғы­зып қой­мақ­шы-ау деп іштей мырс етіп, жасым 70-ке, 75-ке толған­да, ләм-мим деме­ген­дері есі­ме түсіп: «Мен сати­рик қана екен­мін ғой… рах­мет, «атап өте­міз» деп әуре бол­май-ақ қой­ы­ң­дар!» – дедім. Рен­жі­ген жоқ­пын. Мен­де «мерей­той­ға» әуе­стік болған емес. 7 сәуір­де Одақ ұжы­мы шақы­рып, төраға­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Ғалым Жай­лы­бай інім иығы­ма шапан жап­ты, бар­ша­сы құт­ты­қта­ды – соған ризамын.

– Аға, осы 80-нің биі­гі­нен қара­саңыз, кей­ін­гі жақта қара­уы­тып, жады­да жат­та­лып қалған не көрі­неді? Өткен өмір­де өркеш-өрке­ш­теніп өкініш көп қал­ды ма, жан­ды жады­ра­тар жақ­сы жол-жылға­лар сай­рап жатыр ма?

– Ден­са­улы­қтың арқа­сын­да жыл­да бірер облы­сқа жол тар­тып, үлкен-кіші туы­ста­ры­ма, күз­гі жапы­рақ бола бастаған дос-жол­даста­ры­ма барып қай­та­мын. Көбі ауыл­дар­да тұра­ды. «Табақтағы тары­ға» қарық бұқа­ра­лық ақпа­рат­тар күн­діз-түні алақай­лап, құла­штап жазып жатқан «Эко­но­ми­ка­лық дамуы әлем­ді қызы­қты­рып оты­рған, демо­кра­ти­я­сы әлем­дік дең­гей­де гүл­деніп тұрған Қаза­қстан­ның» бел­гісі, мыса­лы, кеше­гі кең тыны­сты 100 ауыл­дың 90-ында жоқ.

Арт­та қалып жатқан жол­дарға қараған сай­ын, әлгі анау суайт Ники­та Хру­щев­тің: «Совет адам­да­ры­ның бүгін­гі ұрпағы 1980 жылы ком­му­низмде өмір сүретін бола­ды», – деген сан­ды­рағы есі­ме түседі. Біз сол «ком­му­низм­ге» аял­да­ма­стан ағып өте шығып, шын мәнін­де не екенін өзі­міз де біл­мей­тін бір «измде» отыр­мыз. Айна­ла­мыз – жел­көбік сөз. Соның тап бүгін­гісі – «Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гер­леріне ерекше қамқор­лық». Иә, оларға сый-сыя­пат көр­сетілер, қар­жы­лай жәр­дем жаса­лар. Пәтер беріліп жатқан көрі­неді. Жақ­сы делік. Бірақ бүгін­де аман-есен­дерінің жасы ең кішісі 90-ға толған ол арда­гер­лер­дің ондаған жыл­дар бойы пәтер тауқы­метін тар­тқан­да­рын үкі­мет, облыс, қала, аудан бас­шы­ла­ры биыл ғана біл­гені қалай? Белі бүгіл­ген қарт жауын­гер­ге пәтер кіл­тін беріп, сурет­ке түсіріп, ай-хой­лап газет­ке жазып, «айды аспанға шығарған­да­ры­на» айы­зда­ры қана­тын бол­са керек.

– Аға, кезін­де сіз басқарған «Ара» жур­на­лы жөнін­де сұра­ма­сақ, айып болар: сол кез­де­гі пар­ти­я­ның Орта­лық коми­теті әр санын сын садағы ретін­де қабыл­дай­тын жур­нал­ды бүгін­гі қазақ билі­гі көзіне ілмей­тіні несі?

– Заман өзгеріп, заң бұзыл­ды ғой. Бүгін­гі ерік­ті екі ауы­здың бірі еліріп жаман­дай­тын Кеңес өкі­меті кезін­де шын­шыл, батыл, бас­пасөз бедел­ді бол­ды. Олар­дың әділ сыны­нан жал­тарғы­сы кел­ген­дер­ге: пар­тия, кәсі­по­дақ, ком­со­мол ұйым­да­ры, Халы­қтық бақы­лау коми­теті, Пар­ти­я­лық бақы­лау коми­теті, Пар­ти­я­лық комис­сия тосқа­уыл қоя­тын. Біз, газет-жур­нал редак­тор­ла­ры, дау-дамай­да солар­дың төрелі­гіне жүгініп, әрқа­шан жеңіп шыға­тын­быз. Сол әділет­шіл ұжым­дар­дың бәрі Кеңес өкі­меті­мен бір­ге мұрағатқа кет­ті де, бас­пасөздің тағ­ды­ры әкім­дер­дің қолын­да қал­ды. Сын сем­серінің орны­на шүбе­рек қам­шы ілін­ді. Өзің айта қой­шы, газет беті­нен «фелье­тон» деген жанр­ды көр­ме­геніңе неше жыл болды?..

– Шынын айт­сам, есім­де жоқ. Шама­сы, ол «эпо­сқа» айналған жанр­лар­дың бірі болға­ны рас, енді…

– «Ара» десек, ол «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның қала­у­ы­мен «Айқын» газетінің айы­на екі шыға­тын қосым­ша­сы бол­ды. Пәтер­де тұрған сту­дент сияқты пәтер иесінің қабағын бағу­да. Жур­нал болуын сұраға­ны­мы­здан дәнеңе шықпады.

– Ал Еура­зи­я­лық одаққа қосы­лып, кеңе­стік кездің жұрт­та қалған жыр­тық шапа­нын жел­бе­гей жамы­лған бүгін­гі қаза­қты жарам­сақ жағ­дай­ға душар еткен сая­сатқа айтар сөзіңіз қан­дай болмақ?

– Тоқ етерін айт­сам: Ресей­ді билеп-төстеп тұрған, әу деп пре­зи­дент болы­сы­мен: «Жер бетінің кез кел­ген нүк­тесін­де­гі орыс жәбір көре қал­са, біз оған қорған бола­мыз!» – деп ерші­ге­ш­тен­ген, сол пиғы­лы­мен Укра­и­наға қар­сы ресми соғыс ашып, дүниені дүр­лік­тіріп оты­рған Путин­нің аула­сы­нан шыға алма­сақ, алда талай орға тап бола­мыз. Путин мен пре­мьер-министр Мед­ве­дев «табан­ды­лы­қта­ры­нан» тар­тын­ба­са, Ресей биы­лғы жыл­ды мүл­де қау­сап аяқта­уы әбден мүмкін.

– Ежел­гі ақсақал­дар бас көте­ру­ге лай­ық ел бала­сы­на жана­шыр болу­шы еді. Сіз де заман зықы­сын шығарған сол дана­лар­дың сыны­ғы сияқты боп, Әке­жан мен Ғалым­жан інілеріңіз­ге шыр-пыр сауға сұраған сана­у­лы зиы­лы­ның бірі едіңіз: енді олар­дың және Талап­кер Иман­ба­ев, Мұх­тар Әбі­ля­зов, Болат Ата­ба­ев, Төлен Тоқ­та­сы­нов сияқты аза­мат­тар­дың елге қай­тар күні­нен күдеріңіз үзіл­ген жоқ па?

– Жоқ! Алай­да, өкініш­ке қарай, Әке­жан мен Ғалым­жан­ның қоғам мүд­десіне адал, әділ, жан-жақты білім­ді, алғыр тұр­пат­та­ры­нан сес­кен­ген, сон­ды­қтан жазы­қ­сыз жала жауып, елден кету­ге мәж­бүр еткен бүгін­гі билік арқы­рап тұрған­да, ол екі Аза­мат­тың елге ора­луын өз басым қала­май­мын. Себебі – Заман­бек пен Алтын­бек­тің тағ­дыр­ла­ры көз алдым­да. Ал Талап­кер Иман­ба­ев­ты ойла­сам, арақ ішкен сой­қан құты­лып, оның бөтел­кесін тап­сы­рған бей­бақ тұты­лған сияқтанады.

– Бұны сұрап оты­рға­ным – пре­зи­дент­тік сай­лау өтіп жатыр: 26 сәуір­ден кей­ін күні­міз оңа­ла ма, жұлы­мыр заман­ның бой­ы­на жылы­мық сіңіп, елдің көші түзе­ле ме деген үміт­тен құр алақан емес шығар­сыз, аға?

– Қазе­кем: «Үміт­сіз – шай­тан» демеді ме. Тір­лік керу­ені­міздің түзу жүруі­нен мен де үміт­ті­мін. Тек үміті­міз, Қожа­на­сыр әпен­ді айтқан­дай, «тамақтың иісі мен ақша­ның сыңғы­ры» болып қала бермесе.

– Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан ініңіз сіз­ден тура бес жас кіші екен: бұй­ырт­са, сіздің сек­сеніңіз­ге кел­ген­де, оның да кезек­ті пре­зи­дент­тік құзіреті түгесіледі. «База­рдан қай­тқан» жасы бар бауы­ры­ңы­зға нен­дей елдік тілек айтар едіңіз?

– Нұр­сұл­тан інім­нің бұл сай­ла­уда да 100 пай­ы­зға жуық дауыс ала­ты­ны шәксіз. Ал соңғы секірісін жасаған­нан кей­ін, оңа­ша­ла­нып, ойла­нып-толған­са, өткен жол­да­ры­на көз сал­са, ол жол­да өзінің біліп-біл­мей жасаған қателік­терінің сал­да­ры­нан болған кедір-бұдыр, айқыш-ұйқыш барын көр­се, жалған намысты ысы­рып қой­ып, шын­ды­қты қару етіп, өткен­нің өкіні­шін түзе­у­ге батыл кіріс­се, «бәре­кел­ді!» дер едім. Кезек­ті мерзі­мі қан­дай ағат­ты­қтан бол­сын ары­луға жете­ді. Егер Нұр­сұл­тан өзін сай­лаған халы­қтың соңғы сені­мін ақтағы­сы кел­се, арам табыст­ың тамы­ры­на бал­та шаба алар, «бар­дак» үкі­мет­пен ымы-жымы бір озбыр-обыр моно­по­ли­стер­дің оңай олжа­сы­на, арзан қал­жа­сы­на айна­лып, уақ-уақ есе­ле­нетін қым­бат­шы­лық қақ­па­ны­на тап болған көп­шілік­ті тұр­мыс аза­бы­нан құтқа­ра алар мүм­кін­ді­гі мол, тек ықы­ла­сы болсын.

– Жә делік, аға­сы. Соңғы сұрақ: Сіз – әзіл-сықақ­шы ғана емес, сан қыр­лы жазу­шы­сыз. Осы тұғы­ры­ңы­здан қараған­да қазір­гі қазақ әде­би­етінің бет-беделі қандай?

– «Бет-бедел…». Күт­пе­ген сұраққа күл­кі­ге сай­ды­ра жау­ап берей­ін. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да, Сәбит Мұқа­нов аға­мыз айтқан­дай, екі «тап» бар. Бірі – жері­міздің асты-үсті бай­лы­ғын ухит­тап-сухит­тап мил­ли­ар­дер болып алған: Мит­тал, Ким, Өте­мұра­тов, ерлі-зай­ып­ты Құлы­ба­ев­тар… тобы. «Семей поли­го­ны­нан зардап шек­кен­дер­ге керек жәр­дем­нің бәрін жасай­мыз!» деп, 10 мил­ли­ард дол­лар­дан астам қар­жы жинап алып, одан семей­лік­тер­ге 1 дол­лар да бер­ме­стен өза­ра бөліс­ке салған: Шоди­ев, Маш­ке­вич, Ибра­ги­мов… тобы. Соңғы­лар – Олжас Сүлей­ме­нов құрған «Нева­да-Семей» қозға­лы­сы акци­о­нер­лік қоға­мы­ның арна­у­лы қоры­ның «қай­рат­кер­лері» – мұны айтқан сай­ын әйгілі Жазу­шы-Аза­мат Әну­ар Әлім­жа­но­втың 1989 жылғы шіл­де айын­да Семей қала­сын­да болған халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­ядағы мына бір сөзі ойы­ма ора­ла­ды (түп­нұсқа­сын оқып берей­ін): «И, если мы хотим, что­бы борь­ба про­тив ядер­ных взры­вов не затух­ла, орга­ни­за­ция фон­да и откры­тие рас­чет­но­го сче­та – это пра­виль­ный шаг, но необ­хо­ди­мо зара­нее выра­бо­тать план рас­хо­да средств на этом сче­ту. День­ги на пра­вое дело долж­ны пра­виль­но рас­хо­до­вать­ся. Вер­хом циниз­ма было бы про­стое наг­лое выби­ва­ние денег из наро­да, и без того хлеб­нув­ше­го горя. Нель­зя допу­стить неце­ле­вое рас­хо­до­ва­ние! Сред­ства долж­ны быть в чистых руках!..».

Пай­ғам­бар­лық, көре­ген­дік сөз ғой?!. Солай бол­ды да шықты! Ар-ұяты арзан ала­яқтар тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да ең бірін­ші ұйым­дасқан жемқор­лы­қты жаса­ды, бірақ ешқай­сысы­ның мұр­ты да қисай­ған жоқ, керісін­ше, бүкіл Қаза­қстан­ды жары­лқаған­дай-ақ шалқып, сый-сыя­патқа кенеліп жүр.

Екін­ші «тап» – адал еңбе­гіне сеніп, алда­нып қалған жүз­де­ген мың жұмыс­сыздар; азан­нан ақша­мға дей­ін төк­кен тері далаға кетіп, дастарқа­ны асқа тол­май жүр­ген­дер; аңғал-саңғал ауыл­дар­дың қыла­яғы ауыз­суға жары­май оты­рған шара­сыз тұрғындары.

Ал әде­би­еті­міздің бет-беделі десек… бүгін­де ойла­нып сөй­ле­уді қой­ған екінің бірі екі­леніп жаман­дай­тын Кеңес дәуірін­де жазу­шы­лар қауы­мы­на лай­ы­қты құр­мет бол­ды. Аудан, облыс орта­лы­қта­ры­на бара қалған қалам­гер­лер­ді аудан­ның, облы­стың бас бас­шы­ла­ры­ның бірі қабыл­дап, хал-аху­ал сұра­сып, әде­би­ет, халық шару­а­шы­лы­ғы жай­ын­да ықы­ла­сты әңгі­ме, еркін пікір­ле­су бола­тын. Жер­гілік­ті бас­шы­лар әде­би­ет­ті, оның өкіл­дерін қадірлейтін.

Сол руха­ни дәстүр­дің жоға­лып бара жатқа­ны­на жақын­да, 21 наурыз күні, Алма­ты облы­сы­ның Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны орта­лы­ғын­да еріксіз куә бол­дым. Тұман­бай Мол­даға­ли­ев­тың туға­ны­на 80 жыл толуы атап өтіл­ді. Алма­ты­дан он шақты ақын-жазу­шы шақы­ры­лып бар­дық. Тұман­бай­мен көп жыл дос-жол­дас, қыз­мет­тес болған үлкен-кіші: Ора­за­қын Асқар, Ахмет­жан Аши­ри, Кәдір­бек Сегіз­ба­ев, Рафа­эль Нияз­бе­ков (Чешен­стан­ның Баты­ры) және басқа­лар. Ара­мы­зда Қадыр Мыр­за Әлидің жұбайы Сал­та­нат бол­ды. Аудан­ның бас­шы­ла­ры біз­ге ең бол­ма­са: «Қош кел­діңіз­дер!» деген сиы­қта­рын да көр­сет­пе­ді. Төрт көзі түгел барған әкім-қара­лар­мен қол­ты­қ­та­сып, біз­ден бөлек жүр­ген Одақ бас­шы­ла­ры әде­би­ет­ті сый­ла­уды біл­ме­ген шене­унік­тер­ге руха­ни дәстүрі­міз тура­лы бір ауыз сөз айт­паған бол­ды. Той жар­шы­сы да, сөй­ле­ген­дер де: Қадыр мен Тұман­бай – қазақ поэ­зи­я­сы­ның қос қана­ты, деп жіл­пін­се де, ешқай­сысы Сал­та­нат­ты елеп-ескер­меді, тым құры­са бір шоқ гүл ұсын­ба­ды… 1994 жылы «өз күніңді өзің көр» деп шетқақ­пай­ланған әде­би­еті­міздің ажа­ры қашан оңа­ла­рын біл­мей­мін. Менің білетінім – жоға­ры­ға жол­та­пқы­штар­дың кітап­та­ры жыл сай­ын том-том болып та шыға­ты­ны, «билік­ті баға­лай біл­мей­тін» менің кітап­та­рым шықпайтыны.

– Енді «80-ге кел­ген осы шал­ды алдап-сулай­ы­қ­шы» деп, бір кіта­бы­ңы­зды шыға­рып берер – ол үміт­ті де үзбей­ік, аға! Тоқ­санға кел­геніңіз­де тағы бір осы­лай «тоқай­ла­суға» жаз­сын, аман болыңыз!

 

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн