Понедельник , 7 июля 2025

СВОИКТІҢ «ТОПАНСУЫ» теңгенің болашақ тағдырына сай келеді…

Болжам­дар

 

АҚШ-тың 1 дол­ла­ры­на шаққан­дағы тең­генің баға­мы 270 тең­ге бола­ды, деп санай­ды қоғам қай­рат­кері және эко­но­мист Петр Своик.

 

Ол өзінің Қаз­ТАГ-қа бер­ген түсінік­те­месін­де: «Мен осы­дан жар­ты жыл бұрын ғана таза ариф­ме­ти­ка­лық тұрғы­да тең­генің дол­ларға баға­мы 270 болуы тиіс деп есеп­те­дім», – деген екен. Ол мұн­дай болжам­ды қай­дан алып отыр? Ол қап­татқан «топан­с­у­дың» негізін­де қан­дай есеп­те­улер жатыр?

«Егер сыр­тқа тәу­ел­ді моне­тар­лық сая­сат­ты жалға­сты­ра беретін бол­сақ, онда тең­гені деваль­ва­ци­я­ла­удан басқа амал жоқ. Ол сая­сат тау­сы­лып, енді­гі одан кез кел­ген жағ­дай­да кету керек дей оты­рып…» – деп­ті Петр Сво­ик агент­тік тілшісіне.

«Сон­ды­қтан, менің пікірім­ше, ешқан­дай деваль­ва­ци­я­ны жүр­гізу­ге әсте бол­май­ды, өйт­кені ол Ұлт­тық банк пен үкі­мет­тің қауқар­сызды­ғы мен нақты сая­са­ты­ның ақтық қол­ха­ты бола­ды», – дей­ді экономист.

Бала­ма ретін­де П. Сво­ик Қаза­қстан­ның сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық қыз­меті жүріп оты­рған валю­та­ның баға­мы­на қарап тең­генің баға­мын тір­ке­уді ұсын­ды. «Бұл дегені­міз – бәрі­нен бұрын ішкі эко­но­ми­ка­ны қам­та­ма­сыз ететін валю­та баға­мын тір­кеу, яғни Қаза­қстан­ның сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық қыз­меті жүріп оты­рған валю­та­ның баға­мы­на қарап тең­генің баға­мын, яғни дол­ларға. Тең­генің дол­ларға деген әлдебір жаңа деваль­ва­ци­я­лық тепе-тең мәнін іздеп қақаң­да­май, бағам­ды, айта­лық, 180-ге 1, неме­се есеп­ке жеңіл бол­сын деп – 200-ге 1 етіп тір­кеу керек және сол тір­кел­ген бағам­мен Қаза­қстан­ның одан әрі қарай­ғы эко­но­ми­ка­лық сая­са­тын құру керек», – деп ұсы­на­ды экономист.

Петр Сво­ик­тің болжа­мын­да «жан» бар. Мәсе­лен, кеше беделі әлем­ге әйгілі Bank of America (BofA) Merrill Lynch баян­да­ма­сын­да «Қаза­қстан егер тең­генің кезек­ті деваль­ва­ци­я­сын 30%-ға жүр­гіз­бе­се, 2015 жылы елдің эко­но­ми­ка­сы рецес­си­яға жақын», деп хабар­лаған еді. Жари­я­ланған баян­да­ма­да атап көр­сетіл­ген­дей, тең­генің шынайы айыр­бас баға­мы асы­ра баға­ланған және Қаза­қстанға ұлт­тық валю­та­ның номи­нал­ды баға­мын 30%-ға төмен­де­ту­ге тура келеді. Банк­тің баға­ла­уы бой­ын­ша, ағым­дағы жыл­дың соңы­на қарай ұлт­тық валю­та­ның АҚШ дол­ла­ры баға­мы қазір­гі Т186,65/$1‑ден Т250/$1‑ге түсіп кетеді.

Мұны­мен бір­ге тал­да­у­шы­лар сая­си тұрақ­сызды­қтан қашып құтыл­мақ үшін моне­тар­лық билік деваль­ва­ци­яға 26 сәуір күніне бел­гі­лен­ген пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін ғана бара­ды деп есептейді.

«Үкі­мет­те­гі көп сарап­шы­лар бан­кілік сек­тор­да тең­генің деваль­ва­ци­я­сы­на қар­сы шығып сөз сөй­ле­уде. Тең­ге был­тыр ғана деваль­ва­ци­ядан өткен бола­тын, сон­дай-ақ осы жыл­дың басын­да Ресей­ден келетін импорт­тың дереу құл­ды­ра­уы деваль­ва­ци­я­ны қажет­сіз етіп, қаза­қстан­дық есеп айы­ры­су тең­гері­мін түзет­ті. Солай болған­ды­қтан, әле­умет­тік про­бле­ма­лар­дан қашып құты­лу үшін деваль­ва­ция бір­тін­деп орын алуы мүм­кін», – делін­ген баяндамада.

Сол сияқты кеше әйгілі Fitich агент­ті­гі де пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін қаза­қстан­дық тең­генің құн­сызда­нуы 45 пай­ыз болуы мүм­кін деген болжам айт­ты. Егер өткен қара­ша айы­нан бері және пре­зи­дент­тік сай­ла­уды «тыныш» өткізу­ге орай Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кі дол­лар­дың баға­мын зор­лы­қ­пен 185 тең­генің маңын­да ұстап тұрға­нын ескер­сек, Сво­ик­тің «топан­с­уы», расын­да да, төніп келе жатқан сыңайлы.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн