Понедельник , 7 июля 2025

ЗИЯЛЫ мен ЗИЯНДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Хамит Мек­те­пұ­лы:

Елба­сы ақ сұңқа­ры­на мініп алып, елді ара­лап, шауып жүр. Сай­лау алдын­дағы бағ­дар­ла­ма­сы­на мем­ле­кет құру­шы ұлт­тың қамын жасай­тын шараға орын жоқ. Оның бола­шағы, мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ны­сы қалай бол­мақ? Естіп отыр­ғанымыз: «қаза­қстан­дық ұлт», «Мәң­гілік ел». Көріп оты­рға­ны­мыз – орыс тіл­дің дә­у­ірі төр­ге дома­лап, қар­қындап бара­ды. Кір­пі­ге айна­лып, бүр­сеңдеп оты­ра­тын заман бол­ды қазақ үшін. Қаза­қтың зарын тың­дай­тын құлақ бар ма билік­те? «Пир­дың тойы» деген бел­гілі афо­ризм бар. Маған солай болып көрі­неді мынау керуен.

 

Меру­ерт Құсайынова:

Алма­ты облы­сы, Қара­сай ауда­ны­на қа­расты Ақсең­гір ауы­лы­ның маңын­да мұғалім­дер «суб­бот­ник­те» жүр (кешелі бері). Сей­сен­бі күні қан­дай «сен­білік» екенін сұрап едік, «сай­ла­у­ға дай­ын­дық, дөкей­лер осы жол­мен жүруі мүм­кін, бас­шы­лар бұй­ыр­ды, бағы­нуға мәжбүр­міз» деген сыңай­дағы жау­ап алдық… Ұстаз­дары көше сыпы­рған мек­теп­тің оқу­шы­лары тура­лы сөз етудің өзі артық шығар, сірә?..

 

Айдар Ерға­ли:

Жақын­да Үрім­ші­ге барып қай­тқам. Қы­тайда бұрын да болғам, бірақ жер­гілік­ті қаза­қтар­мен алғаш таны­сқа­ным осы жо­лы. Тама­ша адам­дар. Оқы­мысты, са­у­ат­ты, мәде­ни­ет­ті, бай­сал­ды, көр­кем мінезді адам­дар. Және тіл­дері ер­екше. Тілде­рін­де құлақты еріксіз елең еткі­зетін әде­мілік бар. Жет­кі­зу қиын. Қытай­ша судай, әри­не, бірақ өза­ра тек қаза­қ­ша сөй­ле­седі. Нағыз қазір­гі заман адам­да­ры. Аса дін­шіл де емес, бір­ақ арақ ішпей­ді. Әрине, ішкі жағ­даймен жақ­сы таныс емес­пін, деген­мен жал­пы Қытай­дағы қаза­қтар жақ­сы әсер қал­ды­ра­ды екен. Жеке теле­ар­на­ла­ры бар. Арна өте қызы­қты, дең­гейі біздің арна­лар­дан артық бол­ма­са, кем емес. Оры­стар­дың қоқы­сын айдап, ула­нып жүр­генше, осы­лар­ды неге көр­сетпейді екен біз­ге деп қала­сың. Жал­пы, Қытай­ды мақтай бер­ген­нен ау­лақ­пын, бірақ Ресей бол­ма­са, Қытай біз­ге қап­тап, жал­мап, отар­лап ала­ды деген дал­ба­са әңгі­ме еке­ніне көзім жет­ті. Ондай бол­са, Қытай­дағы қазақ­тар бая­ғыда жоқ болып кет­пес пе еді? Ал ол­ар қай­та біз­ге қараған­да қазақ болып қалған. Тіп­ті «тәу­ел­сіз» ата­жұрттан кел­геніңе ұяла­ды екенсің.

 

Заңғар Кәрім­хан:

Біз зия­лы мен интел­ли­ген­ци­я­ны шата­сты­рып жүр­міз. Интел­ли­гент – бір басы­на бір­не­ше ғылым­ды игер­ген, жан-жақты білім­ді адам. Ақыл-пара­са­ты жағы­нан да ешкім­ге дес бер­мей­ді. Бірақ мұн­дай адам­дар­да бір «но» бар. Оны­сы – жүре­гі­нің жоқты­ғы. «Ғалым – ғылым­мен ғана айна­лы­суы керек, сая­сатта шаруа­сы бол­мауға тиіс» дейтін­дер осын­дай кісілер.

Ал зия­лы бұдан бөлек. Зия­лы­ның да біл­мейтін нәр­сесі бол­май­ды, соны­мен бір­ге өз еңбе­гінің дұрыс баға­ланға­нын қалай­ды, еккен аға­шы­ның жеміс беріп, дұрыс гүл­де­генін көк­сей­ді. Ұлт тағды­рының қи­ын сәтін­де дауы­сын шыға­рып, ненің бұ­рыс, ненің дұрыс екен­ді­гін тура айта­ды. Абай хакім айта­тын «нұр­лы ақыл, ыстық қай­рат, жылы жүрек­тің» ада­мы – осын­дай кісілер. Бұл жағы­нан кел­ген­де зия­лы интел­ли­гент өкілі­нен бір бас­пал­дақ биік тұра­ды. Міне, осы еке­уінің ара­сын айы­ра біл­ме­ген­дік­тен, біз зия­лы­ны «интел­ли­гент» деп, ин­теллигентті «зия­лы» деп ауы­сты­рып айтып жүрміз.

 

(Пікір­лер интер­нет­те­гі әле­умет­тік желілер­ден алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн