Суббота , 12 июля 2025

Сержан Молдасанұлы: «ӘН МЕН ӘНШІ» бағдарламасын ТОҚТАТАМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Әншіні жұл­дыз ететін кім? Сахна мен теле­ди­дар­дың қадірін түсіріп жүр­ген кім­дер? Дәстүр­лі қазақ әндеріне жаңа­ша «жан бітірудің» жолы қай­сы? Осы және басқа да сахна өнеріне қаты­сты сұрақтарға «Қоңыр» тобы­ның про­дю­сері Сер­жан Мол­да­санұ­лы «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­рын­да жау­ап бер­ген еді.

 

–Сер­жан мыр­за, «әу» дей­тін қазақ сияқты қара­пай­ым әншіні бүгін­де «жұл­дыз» қыла­тын, әндерін «хит­ке» айнал­ды­ра­тын бір­ден-бір құдірет – про­дю­сер деген сөз бар. Осы қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жана­са­тын пікір?

– Бұл пікір­мен келі­сер-келіс­пес екі жағ­дай бар: Бірін­ші­ден, келіс­пей­тінім – про­дю­сер­дің көме­гін­сіз, өздері шыққан әншілер аз емес. Ал келі­сер тұсым – егер про­дю­сер әнші­мен түбе­гей­лі жұмыс жасап, оның «жарып шығуы­на» жанын да, барын да сал­са, еңбе­гіңнің еш кет­пей­тіні шын­дық. Әншінің мүм­кін­ді­гін, бола­шақ бағыт-бағ­да­рын болжай алса, про­дю­сер­дің еңбе­гі жер­де қалмайды.

– Ал өзінің «жұл­ды­зын» жарқы­ра­ту үшін, сахна мен теле­ди­дар мәде­ни­етін ұмы­тқан про­дю­сер­лер тура­лы не айтар едіңіз?

– Менің­ше, сіз сөз қылған «әу» дей­тін­дер­дің де зама­ны өтіп бара жатқан сияқты. Мәсе­лен, қазір­гі жағ­дай өте түсініксіз, оны өзім де түсін­бей­мін: сахна­ны ботқаға айнал­ды­рып, тың­дар­ман талға­мын тас-талқан еттік. Сон­ды­қтан бүгін­гі тың­дар­ман­ның талға­мын тәр­би­е­леу – өте өзек­ті мәсе­ле. Эфир­ге шық­пай­тын дүни­е­лер­дің бар­лы­ғы теле­жә­шік­ті жау­лап алды. Кезін­де біз көше әндерін ойын-сауық кеш­тер­де, өз орта­мы­зда ғана айт­тық. Оны үлкен­дер ән екен деп қабыл­даған да жоқ. Бозба­ла, жастық шақтан ұзай бастаған­да, сөз жоқ, талға­мы­м­ыз өзге­ре бастай­тын. Өйт­кені есейе келе үлкен­дер­ге елік­тей­тін­біз. Олар, әлбет­те, сал­мақты дүниенің тың­дар­ман­да­ры. Алай­да бүгін­гі жылт еткен «жұл­ды­здар» соның бәрін тың­дар­манға тық­па­лап әлек. Жасы­ра­ты­ны жоқ, «Аспанға қарай­мын», «Мария-Маг­да­ле­на» сияқты әндер­ді «супер хит»деңгейіне жет­кіздік. Бұл – үлкен өнер үшін тра­ге­ди­я­лық жағ­дай. Бұрын мұн­дай­ға құлақ аспай­тын аға-әпке­лері­міз бүгін­де осы әндер­ге шашын жұлып тұрып билей­ді. Көп­ке ілесіп өзіңнің де жүр­геніңді бай­қа­май қала­сың. Неге? Өйт­кені мұның бәрі эфир­дің құдіреті. Сол құдірет­тің кері әсері бары­на да әбден көз жетті.

Елі­міз­де өнер­дің қадірін, сахна мен теле­ди­дар­дың құнын түй­сі­нетін про­дю­сер­лер­дің қата­ры артуы керек, бұл кәсіп барын­ша дамуы керек. Әсіре­се музы­ка­лық про­дю­сер­дің кәсі­би дең­гейі жоға­ры болуы керек. Ал эфир­ді таза­лау өз алды­на үлкен әңгіме.

 

– Бүгін­де про­дю­сер болу үшін басты шарт не: ақша ма, іскер­лік пе, өнер­ге жақын­дық па, әлде қаза­қи пысы­қтық па – қайсы?

– Про­дю­сер болу үшін, ең алды­мен ақша және мін­дет­ті түр­де талант керек. Сіз айтқан пысы­қты­қтың қаза­қи я басқа­ша түрі бола­ты­нын біл­мей­мін. Пысы­қтық – мен үшін іскер­лік. Қан­дай іскер бол­саң да, ақша­ны талан­тқа сал­ма­саң, жеміс бер­мей­тін аға­шқа су құю­мен тең. Ол ағаш ең гүл­дей­тін шағын­да жеміс бер­ме­се, тек өткен кет­кен­ге сая, көлең­ке ғана бол­са, төк­кен терің далаға кет­ті деген сөз. Сон­ды­қтан про­дю­сер­дің кәсібін­де мін­дет­ті түр­де ақша, талант және іскер­лік қатар жүруі тиіс.

 

– Қаза­қстан эст­ра­да­сы­ның при­ма­дон­на­сы Роза Рым­ба­е­ва бір сұх­ба­тын­да: «Қазір­гі біздің про­дю­сер­лері­міз әнші дай­ын­дап, оны той­ға сату­мен айна­лы­са­тын адам» деген пікір айтқан екен. Осы­мен келі­сесіз бе?

– Роза апай­ы­мыз тура­сын айтып отыр: басқа қай­да сат­пақ? Бүкіл әлем­нің про­дю­сер­лері өз «өні­мін» кон­церт­тер­ге, кор­по­ра­тив­тік шара­ларға сата­ды. Солар үшін жоба жасай­ды. Біз­де­гі аху­ал мүл­дем бөлек. Шара­ның дені той болған соң, біз не істей­міз – той­ға сата­мыз. Сұра­ныс сол – басқа нарық бол­ма­са, амал нешік? Шығарған ән жинағы­нан тиын табу – біз үшін ерте­гі. Баты­стағы тың­дар­ман үшін торап­тан тар­тып алған өнім ұрлық деп есеп­тел­се, біз үшін мүл­дем басқа.

Бүгін­гі өрке­ни­ет­те «әлем­дік эфир» деген ұғым бар. Сол эфир­ге кім­нің қолы жете­ді – сол әлем­ге шыға­ды. Ал біздің қол­да ондай мүм­кін­дік жоқ. Енді қараңыз: елі­міздің әншілерін сол әлем­нен кім тани­ды? Тани­ты­ны – Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Қарақал­пақстан. Әзір­ге біздің жет­кен жері­міз – осы ғана.

 

– Бір кез­дері қазақ эст­ра­да­сын көте­ру үшін, бар­лық про­дю­сер­лер бірі­гіп, одақ құру керекті­гі айты­лған еді. Одақ құрыл­са бол­ды, эст­ра­да дами жөне­леді деген­ге ила­на­сыз ба?

– Жоқ! Одақ құру бел­гілі бір мақ­сат­тың төңіре­гін­де айты­лған болар. Әйт­пе­се біздің елде қан­ша­ма шығар­ма­шы­лық одақ болға­ны­мен, әзір­ге тау қопа­рып тастаға­нын есті­меп­пін. Менің­ше, одақтың дәу­рені өтіп, бәсе­ке­ле­стік­тің зама­ны туған секіл­ді. Одақ құру – бел­гілі бір ұсы­ны­стар­ды құзыр­лы органға жет­кі­зу, жан-айқай­ы­ң­ды естір­ту үшін керек шығар. Жал­пы, шоу-биз­не­сте­гі жеке тұлға­лар үшін одақ құру­дың кере­гі жоқ. Біз одаққа жұмыс істей­міз бе, жоқ одақ біз­ге жұмыс істей ме?

 

– Дұрыс айта­сыз, про­дю­сер бола­мын деген адам алды­мен өз есі­мі үшін қыз­мет ете­ді, кей­ін про­дю­сер­дің аты өзіне қыз­мет жасай­ды деген пікір бар. Бірақ көре­рмен мен тың­дар­ман қауым, мәсе­лен, сіздің аты­ңы­здан бұрын, «Қоңыр» тобын жақ­сы білетіні неліктен?

– Бұрын­да­ры «беделің» үшін қыз­мет жаса, кей­ін «беделің» өзіне қыз­мет жасай­ды деген пікір бола­тын. Бірақ мен сол бедел үшін өзім­ді жар­на­ма­ла­у­ға құштар емес­пін. Көп­те­ген ток-шоуларға, бағ­дар­ла­ма­ларға шақы­ры­ла­мын. Бедел­ді жария ететін жар­на­ма қажет бол­са, осы­лар­дан қал­мас едім. Бірақ мен солар­дың көбіне бара бер­мей­мін. Шақы­ры­лған хабар­ларға барып, бір ой айту­дың өзіне де уақыт керек қой. Екін­ші­ден, айта­рың бол­ма­са, сопай­ып несіне бара бересің? Оның үстіне әр жер­ден көріне беру – кей­де арты­қтау болып көрі­неді. Біре­улер­ге ол жара­са­ды, енді біре­улер жыл­ты­ң­дай бер­гені үшін күл­кі­ге қалады…

Сон­ды­қтан мен өз-өзім­ді жар­на­ма­ла­у­ға құштар емес­пін. Ашы­ғын айтай­ын – мен «жасаған» әншілер­дің біра­зы таны­мал бол­ды. Оны өздері де айта­ды. Менің жар­на­мам – солар. Енді сіз­дер­дің газет­теріңіз арқы­лы ресми түр­де жария етей­ін: бұдан былай «Ән мен әнші» бағ­дар­ла­ма­сын тоқтат­пақ­пын: аттай қалап сұраған кісі­ге бер­мек­пін. Тура­сы – сат­пақ­пын. Бүгін­ге дей­ін сұра­ны­стан түс­пе­ген бұл жобаға жаңа тыныс керек, алсын, жастар жаса­сын. Кешті жүр­гізіп беру­ден де бас тар­тып отыр­мын. Осы­лай бір­ша­ма бей­нет­тен құтыл­мақ­пын. Себебі өнер­дің қадірі қашып бара­ды. Бұрын актер – актер, әнші – әнші, биші – биші, музы­ка пәнінің мұғалі­мі – мұғалім бола­тын. Бүгін­де екінің бірі әнші. Қазір қарап тұр­саңыз – бәрі әнші. Бір қызы­ғы – бұлар­дың бәрі үлкен сахна­дан көрін­гісі келеді. Неге? Өйт­кені өздері дең­гей­ле­стер­ден де жұл­ды­здар шығып жатыр. Олар да бағын сынап көр­мек. Шын­ды­ғы керек – өңкей опыр-топыр­дан жұрт жалы­ға бастады.

Өзі­ме «Қоңыр» тобы қым­бат. Құдай­ға шүкір, «Қоңыр­дың» сапа­лы тың­дар­ман­да­ры бар. Сон­ды­қтан алды­ңғы қатар­да өнер көр­сетіп жүр­гені заң­ды. Мен «Қоңыр» тобы­ның про­дю­сері екен­мін деп айғай­лап, анда-мұн­да барып жар­на­ма­лау қажет емес. Білетін жұрт – біледі: тиесілі өз баға­мы­зды таным­ды тың­дар­ман­нан алып жатыр­мыз деген ойда­мын. Оған өзім­нің көңілім толады.

 

– Қаза­қстан­дағы көп топ­тар­дың ара­сын­да осы «Қоңыр­дың» дара көрі­нетінін қалай түсіндіресіз?

– Клас­си­ка­лық музы­ка қашан да халы­қ­пен бір­ге өмір сүретіні анық. Біз ешқа­шан өлмей­тін қаза­қтың клас­си­ка­лық дәстүр­лі әндерін наси­хат­та­уды мақ­сат еттік. Басын­да «хит» болып, соңы­нан жоқ болып кететін жеңіл-жел­пі әндер біз­ге мұра бола алмай­ды. Сон­ды­қтан «Қоңыр­дың» қоңыр үні қаза­қи құлаққа жағым­ды бола­ты­ны зандылық.

 

– Иә, бүгін­де қазақ сахна­сын­да дәстүр­лі әнді «Қоңыр» тобы­ның үлгісі­мен наси­хат­та­уға бола­ты­ны­на көз жет­ті. Деген­мен, енді­гі жер­де осы «Қоңыр­ды» түр­кі әле­міне таны­туға күш салу ойы­ңы­зда жоқ па?

– Иә, маған өнер­ді түсі­нетін ағай­ын­дар түр­кі әле­мін­де өткізіліп жатқан бай­қа­у­ларға «Қоңыр» тобы бару керекті­гін айтып жата­ды. Шыны керек, бұл бай­қа­уға қалай бару­дың жолын біл­мей­мін. Оған қаты­су­шы­ны кім ірік­тей­ді, кім жол­да­ма береді? – Бәрі мен үшін жұмбақ.

 

– Көгіл­дір жәшік­ті жау­лаған әншілер­дің шоу-думан шуы­лы халы­қты шар­шат­ты дедіңіз. Ал жеңіл-жел­пі, жалт-жұл­ты көп, айта­ры аз теле­бағ­дар­ла­ма­лар көре­рмен­ді руха­ни сана­сызды­ққа жетек­теп бара жатқан жоқ па?

– Рас, сен­бі, жек­сен­бі күн­дері дем ала алмай­тын хал­ге жет­тік. Қоңы­рау шалып: «Не болып кет­ті, осы­лар­дан басқа халық жоқ па?!» дей­тін аға-әпке­лер бар. Теле­жә­шік­те­гі ток-шоулар­ды тол­ты­рып жүр­ген­дер көп­тің көзін шар­ша­тып біт­кені рас. Бір-біріне ұқсас бағ­дар­ла­ма­лар­дың бәрін­де – солар. «Елге бедел­ді жазу­шы­ла­ры­мыз қай­да, ақын­да­ры­мыз қай­да, ғалым­дар қай­да, басқа талант­тар қай­да, сен­дер­ден басқа адам жоқ па?!» дей­тін­дер көп-ақ. Теле­жүр­гі­зу­ші – әнші, актер – әнші, биші де әнші, әділ қазы болып оты­рған­дар – тағы да әнші. Шар­ша­маған­да қай­тесің?! Бір жалы­ққан нәр­се­ден бетің қай­тып қала­ды. Сіз айтқан руха­ни сана­сызды­қтың бір аста­рын­да осы жағ­дай жатқа­ны рас.

 

– Өтіп жатқан пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін қан­дай үміт күтесіз: елге әлдебір жылы­мық әке­летін өзгеріс бола­ды деп ойлай­сыз ба?

– Әрине, сай­ла­удан үміт күте­мін. Жал­пы, мен үміт­пен өмір сүр­ген­ді жақ­сы көре­мін. Апта­ның қай күні бол­ма­сын, өткен күн­мен салы­сты­ра­мын. Себебі – ешкім алдын нақты біліп, болжа­у­мен өмір сүре алма­сы анық. Ал өткен күн­мен салы­сты­рып, ой еле­гі­нен өткізіп, жасаған игі істер­ге «шүкір­шілік» айта­сың. Кей­де жан-жақта болып жатқан дүр­бе­лең оқиға­лар­ды көріп, «тәу­ба» дей­сің. Осын­дай жағ­дай­лар­да өз елі­міздің тыны­шты­ғы­на «шүкір» деп оты­руы­мыз керек.

 

– Айт­пақ­шы, сай­ла­уда дауыс беру­ге бара­сыз ба, жоқ әлде бұл ойын сахна­дағы ойын-сауы­қты шаң қап­тыр­ды деген­дер­дің қата­рын­да­сыз ба?

– Бара­мын…

 

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн