Воскресенье , 6 июля 2025

Тәшеневті ҰЛЫҚТАУ жалғасуда

Жақ­сы жаңалық

 

Баба­ла­ры­мы­здың білек­тің күші­мен, най­за­ның ұшы­мен ұрпақта­ры­на сақтап бер­ген қаза­қтың қаси­ет­ті жерін жиыр­ма­сын­шы ғасыр­дың 60 жыл­да­ры тағы да бір қатер­ден қорғап қалған ұлты­мы­здың ұлы пер­зен­ті, қаза­ққа тән қай­сар мінез таны­тқан Жұма­бек Тәше­нев­тің 100 жыл­ды­ғы­на арналған шара­лар бай­тақ елі­міздің аймақта­рын­да жалға­сын табуда.

Соның бір айқын көрінісі – Көк­ше­та­удағы Шах­мет Құсай­ы­нов атын­дағы Ақмо­ла облы­стық қазақ музы­ка­лық дра­ма теат­ры­ның, Қоста­най облы­стық дра­ма теат­ры­ның режис­сері, ҚР халық артисі Ерсай­ын Төле­убай­дың «Алдас­пан» спек­таклінің тұса­у­ке­сері. Бұл қой­ы­лым­да кеңе­стік-тота­ли­тар­лық жүй­е­де билік құрған Н.Хрущевтің тың иге­ру сая­са­ты­на орай қазақ елінің сол­түстік аймақтағы бес облы­сын Ресей құра­мы­на, мұнай­лы Маңғы­ста­уды – Түр­кі­мен­станға, сол кез­де­гі Шым­кент облы­сы­ның Бостан­дық, Мақта­арал, Киров аудан­да­рын – Өзбек­станға қосу жөнін­де­гі Мәс­кеу билі­гіне жалғыз өзі қар­сы тұрған ары­стан мінез, алып жүрек, қаза­қтың бір­ту­ар асыл аза­ма­ты, мем­ле­кет қай­рат­кері Жұма­бек Ахметұ­лы Тәше­нев­тің қай­та­лан­бас ерлі­гі баяндалады.

Спек­такль­де сол кез­де­гі солақай сая­сат­тың үстем­ді­гіне бас имей өткен Бауы­р­жан Момы­шұ­лы және өнер мен әде­би­ет­те өшпес із қал­ды­рған Іли­яс Ома­ров, Гүл­жаhан Ғали­е­ва­лар­дың өткен өмір­лері­нен сыр шертеді.

Роль­дер­ді сомдаған­дар: Ж.Тәшенев – Төле­убек Кең­бай, Бауы­р­жан Момы­шұ­лы – Қай­рат Мыр­за­бо­ла­тов, Іли­яс Ома­ров – Құмар­бек Қалқа­та­ев, Ники­та Хру­щев – Жарас Қал­да­ров, Гүл­жаhан Ғали­е­ва – Жанар Құсай­ы­но­ва. Бұл ара­да қою­шы режис­сер, әрі автор Ерсай­ын Төле­убай­дың тал­май ізден­генін, күр­делі сая­си тақы­рып­ты бүгін­гі күн­нің тала­бы­на сай көр­се­те білуі, елор­да­дан қашық жатқан облы­стар театр­ла­ры­ның шебер­лі­гі шың­да­лу үстін­де, шығар­ма­шы­лы­ғы өсу үстін­де екенін бай­қат­ты. Соны­мен бір­ге бұл – мем­ле­кет және сая­си қай­рат­кер Ж.Тәшенев тура­лы қой­ы­лған тұңғыш дра­ма­лық қой­ы­лым екенін ерекше атаған жөн.

Аста­на, Алма­ты, Ақмо­ла және Қызы­л­жар­дан арнайы кел­ген жазу­шы­лар мен жур­на­ли­стер, шақы­ры­лған қонақтар бұл қой­ы­лым­ның біздің қоғам үшін зор пай­да­сы бар екенін, осын­дай спек­такль­дің негізін­де сце­на­рий жазып, оны «Қаза­қ­фильм» кино­сы қолға алса екен деген тілек­тер айтыл­ды. Өйт­кені қан­ша ғасыр өтсе де, Жұма­бек Тәше­нев жасаған аза­мат­тық ерлік ұрпақтар сана­сын­да мәң­гі сақта­ла­ты­ны айқын.

Бүгін­гі ұрпақ Ж.Тәшенев алдын­дағы пары­зын өтеп бол­ды ма? «Ия» деп жау­ап беру­ге ешкім­нің де дәті бар­мас. Өйт­кені Аста­на­дағы ынта­лы топ­тың Ж.А.Тәшеневтің 100 жыл­ды­ғы­на орай жаса­лы­нған іс-шара­лар жос­па­ры­ның ҚР үкі­метіне тап­сы­ры­лға­ны­на бір жыл­дан артық уақыт өтті. Ол жақтан әзір­ше ешқан­дай сыбыс естіл­мей­ді. Бәрі де кезек­тен тыс ұйым­да­сты­ры­лған асы­ғыс сай­ла­удың қамы­м­ен шапқы­ла­уда. Ынта­лы топ та әліп­тің артын бағып, Алдар көсе айтқан­дай, «піс қаза­ным бес ай, оты­рай­ын он ай» деп, «қамқор­шы» үкі­меті­міз­ге жал­тақта­у­мен олар да тап­жыл­май шыдап отыр. Қашанға дейін?

Мей­рам БАЙҒАЗИН,

жур­на­лист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн