«Общественная позиция»
(проект «DAT» №17 (288) от 29 апреля 2015 г.
Қазақтың қарғысы тиді…
Еуразиялық интеграция алғашқы ауыр қиындыққа тап болды. Біздің әріптесіміз Ресейдің «валюталық соғысына» Қазақстан жағы «сауда соғысымен» жауап берді. Ал Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжал мен Қырымның Ресейге оралуы, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы интеграциялық үдерістердің тереңдеуі мен жеделдету болашағы көмескілене бастады.
Қазақстандағы бизнес-қауымдастықтардың өкілдері бірнеше рет ескерткен жағдай орын алып отыр. Қазақстан Ресейден келетін сүт, кәмпит, май, тауық еті және басқа да ет өнімдеріне тыйым салды. Тауық етін импорттау мәселесі ресейлік қана емес, беларусьтік өндірушілерге де әсерін тигізді. ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдегендей, бұл шара уақытша сипатқа ие. Бір ғана тауық еті бойынша тыйым салынған тізімге тек «Смолевичи Бройлер» беларусьтік кәсіпорнының ғана кіргені қызық. Қалғандарының бәрі ресейлік: «Приосколье», «Майкопский птицекомбинат», «Курский агрохолдинг» және «Урал-Бизнес». Тек осы айтылған компанияларға ғана емес, КСРО көлемінде дүрілдеп тұрған Микоян ет комбинаты, «Данон», «Юнимилк» және «Вимм-Билль-Данн» да бар. Кондитерлік бұйымдар да шетте қалмаған: «Русский бисквит», «Красный Октябрь», «Рошен», «Яшкино» және «Марс». Тіпті майонездерге де жетіпті: «Саратовский 67%» және «Махеевъ».
Қазақстан тіпті мұнымен тоқтамақ емес. Жақын арада бұл тізімге ресейлік шырындар, ұн мен жұмыртқа да кіруі мүмкін. Тыйым салынған заттарға берілетін ресми түсініктер ресми сипатқа ие, ал кейбіреуі тіпті, былайша айтқанда, құлақтарынан сүйреп кіргізілгендей.
Алайда осы арада экономикалық сұрақ туындайды: егер бас санитар тізбелеп берген бұзушылықтар болған болса, онда неге дәл қазір тыйым салынып отыр және жаппай түрде? Неге ол Кеден одағы (КО) іске кіріскеннен кейін немесе оған дейін жасалмаған? Неге бұған дейін ресейлік мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынбаған? Мемлекеттік тілде таңбалау болмады ма? Міне, осындай «негелер» толып жатыр.
Жандарбек Бекшин тізбектеп берген бірқатар Ресей өнімдерінің импортына тыйым салу себептері ресми сипатқа ие, деген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев қаңтар айының аяғындағы мәлімдемесінде. Сол кезде ол Қазақстанда ресейлік импортқа шектеу салу мүмкіндігінің қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Және санитарлық нормалар мен тілі туралы заңды ресейлік тараптың сақтамауының бұл жерде еш қатысы жоқ.
Неге Қазақстан ресейлік тауарларға Кеден одағы аясында фритредерлік адалдықтан ашық қолдампаздық үстемдікке көшті? Жауабы айқын: былтыр қатты құнсызданған ресейлік рубль теңгенің оған сай келмейтін әлсіздігінен қазақстандық өндірушілерді бір сәтте бәсекеге қабілетсіз етті, оларға қалайда аман қалу керек болды. Жалпы, Аль Капоне айтқандай: «артық ештеңе жоқ, тек бизнес».
Бірақ қалай болғанда да, Ресей жауап ретінде кейбір өңірлерде «Айс-Плюс» айранына, «ДЕП» сүтіне, «Лидер-2010» өнімдеріне, қызылша мен қауынға тыйым сала отырып, өз есесін жіберген жоқ. Ал егер осыған ресейлік санкцияларға тап болған елдердің Беларусь және Қазақстан арқылы реэкспорттайтын өнімдерімен байланысты жанжалды қосатын болсақ, онда Кеден одағының іргесі сөгілді деуге негіз бар.
Осылайша ешқандай асыра сілтеусіз біз еуразиялық интеграция аясында алғаш рет «валюталық соғыстың» қалайша «сауда соғысына» айналатынына куә болдық. Оған қоса осының бәрі КО, БЭК және ЕАЭО аясындағы шағын ұлттық құрылымдардың төмен тиімділігін меңзейді, өйткені осыған ұқсас қашып құтыла алмайтын қарама-қайшылықтардың барлығын өкілеттік бар кезінде әлгілердің беймәлім фазадан ашық түрге ауыспай тұрғанға дейінгі сәтінде шешуге олар қабілетсіз болды.
Оның үстіне бұл ЕАЭО валюталық одағының келешегіне үлкен күмән туғызады, ол туралы жақында ресейлік президент қайтадан сөйледі де. «Серіктестермен монетарлық саясаттарды үйлестіруді жалғастырамыз деп келістік. Алдағы уақыттта валюталық одақ құру мүмкіндігі жайлы да сөз қозғайтын уақыт келді деп ойлаймыз. Иық түйістіріп жұмыс жасай отырып, сыртқы қаржылық-экономикалық қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету, біздің бірлескен нарығымызды қорғау жеңілірек», – деді сонау 20 наурызда Владимир Путин Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің үшжақты кездесуінен кейін.
Бірақ ресейлік мемлекет басшысының мәлімдемесі ықылас-тілекті ақиқат ретінде ұсынуға талпынуды еске түсіреді. Және міне неліктен? Басталған «сауда соғысы» «валюталық соғыстың» салдары болды, ол ең жоғары мінбелерден келісілген ақшалай-несиелік және валюталық саясатты жүргізу қажеттілігі туралы декларациялық мәлімдемелерге қарамастан, мұны жасауға деген қабілетсіздік пен тілектің жоқтығына нұсқайды. Әрі бірінші кезекте ресейлік рубльдің бағамын одақтағы өз серіктестерінің мүдделері есебінсіз ғана емес, сонымен бірге Қазақстан мен Беларусьтің дәл сондай құрылымдарымен келісусіз-ақ еркін жүзуге жіберген ресейлік Орталық банк тарапынан.
Айтпақшы, осы жайлы жақында ҚР Ұлттық банкінің экс-басшысы Григорий Марченко «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында ескертті. «Біз қазір (валюталық одаққа – ҚазТАГ) дайын емеспіз, тіпті жуықтамаймыз да, макроэкономикалық параметрлер тұрғысынан да, іс-қимылды үйлестіру тұрғысынан да. ЕАЭО елдерінің орталық банктері девальвация жүргізу кезінде одақтағы серіктестерінің мүдделерін ескермейді. Себебі Ресейде желтоқсан айында девальвация орын алды, Беларусьте 30% салық енгізді, ал Қазақстан бағамды өзгеріссіз сақтап қалды. Қаржы секторында И. Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян» мысалынан басқа жақсы иллюстрация табу мүмкін емес», – деп түсіндірді өз позициясын Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы.
Сол себепті де Қазақстан мен Ресейдің арасындағы «сауда соғысының» фонында Ресей президентінің «монетарлық саясаттарды үйлестіруді жалғастыруға» келісу туралы мәлімдемесі парасатты мағынаны әжуалау секілді естіледі. Өйткені тіпті шындап басталмаған нәрсе қалайша жалғасуы мүмкін? Егер де Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуын ескеретін болсақ, онда ендігі жалғыз валюталық одақтың ғана емес, бүкіл ЕАЭО келешегі өте-мөте бұлыңғыр көрінеді. Сондықтан енді ғана жүзуге кетіп үлгере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі бар форматында еуразиялық интеграцияның «Титанигін» көбірек еске сала бастады. Және кім біледі, Ресейдің былтыр тұтандырған және ішкі себептерге орай оған Қазақстанның «сауда соғысымен» жауап берген «валюталық соғыс» өрті ЕАЭО үшін дәл сол басқаруға көнбейтін сәтсіз айсберг болып шықпай ма екен?
ҚазТАГ