Воскресенье , 20 апреля 2025

Айгүл БАЖАНОВА: Өнерің өміршең болса, АТЫҢДЫ ХАЛЫҚ ТАНИДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Тың­дар­ма­ны әндеріне құлақ құры­шын қан­ды­рып тың­дай­тын көп­шілік қауы­мға өз есі­мі еміс-еміс естіл­се де, әні «хит­ке» айна­лып үлгер­ген… Өнер әле­мін­де өзін­дік қол­таң­ба­сы бола тұра, «таны­мал» болу­ды қала­май­тын… Туын­ды­ла­ры тың­дар­ман­ның жүре­гі­нен жол тапқан әнші.… Әндері тұнып тұрған лири­ка… Әншілер­дің өздері жаңа әндерін қояр да қой­май сұрап алатын…

Осы­ның бәрі – бүгін­гі «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның қонағы, саз­гер, әнші Айгүл Бажа­но­ваға қаты­сты өрбі­ген ойлар.

 

–Айгүл ханым, сіздің «хит­ке» айналған әндеріңіз бүгін­де ел аузын­да жүр, бірақ саз­гер ретін­де өзіңізді көп­шілік­ке таны­туға ынта­сыз сияқты­сыз – осы­ның себебі неде? Құлы­қ­сыздық па, әлде қара­пай­ым­ды­лық па?

– Жал­пы, егер қат­ты қала­саң, орын­дал­май­тын тілек бол­май­ды деген­ге сенем – тек таза көңілің­мен ниет­тен­сең бол­ды. Демек, сіз сұраған жағ­дай таны­мал­ды­лы­қты қат­ты қажет етпе­ген­ді­гім шығар. Мен үшін ең басты­сы – кір­шіксіз абы­рой­ым. Егер өнерің өмір­шең бол­са, сен қала­саң да, қала­ма­саң да, атың халы­қтың есін­де қала­ры, тың­дар­ман ғана емес, бар­ша жұр­тқа таны­мал бола­рың дау­сыз. Ондай адам­ды халы­қтың өзі «тауып алады»…

– Деген­мен, сіздің әншілік қабілетіңіз бола тұра, саз­гер­лік­ті жаны­ңы­зға жақын тар­та­тын сияқты­сыз: бүгін­де таны­мал­дық та, табыс та, атақ пен даңқ та әншінің үлесіне тиіп жатқан­да, сіздің бұл таң­да­уы­ңы­зды қалай түсі­ну­ге болады?

– Бұл да алға­шқы сұраққа бер­ген жау­а­бым­ның жалға­сы­на бай­ла­ны­сты жағ­дай: әншілік қабілет тұр­мақ, дау­сым да, «слухым» да өте жақ­сы дамы­ған. Оны мен емес, музы­ка маман­да­ры айта­ды. Сезім­тал­мын. Тек әншілік­тің қыр-cырын мең­геріп, оқуын оқып алсам, сыр­шыл әндер­дің әде­мі орын­да­у­шы­сы болып шыға келе­мін. Бірақ мен өзім­ді алды­мен саз­гер­мін деп санай­мын. Содан соң менің әндерім аса бір «той­дың әндері» емес: біре­у­ге ұнау үшін неме­се той­да биле­у­ге арнап жаз­бай­мын. Мүм­кін, содан болар, әндерім­ді жал­пы халық түсіне бер­мей­ді. «Ештен кеш жақ­сы» демек­ші, қазір­гі жұрт­тың қалып­тасқан талға­мы­на сай сұра­ны­сқа ие әндер­ді де жазып, жай­лап орын­дап жүр­ген жай­ым бар.

– Ал сіз Қаза­қстан ком­по­зи­тор­лар одағы­на мүше болуға тал­пы­ныс таны­тып көр­медіңіз бе?

– Ком­по­зи­тор­лар одағы­на мүше болу үшін кәсі­би саз­гер болуым керек, яғни музы­ка­ны нота­мен жаза­тын, музы­ка­лық сау­а­ты жоға­ры маман болуым қажет. Ком­по­зи­тор­лар одағы­на мүше саз­гер­лер мен сияқты­лар­ды мен­сін­бей­ді – «әуе­сқой» деп атай­ды. Бәл­кім, бұл дұрыс та шығар…

– Айт­пақ­шы, той­дан табыс тауып жүр­ген бір әріп­те­стеріңіз шығар­ма­шы­лық иелерінің басын қоса­тын Ком­по­зи­тор­лар одағы­нан гөрі, көл­де­нең көк атты көл­бең­деп жүр­ген бүгін­гі шоу-биз­не­сті жоға­ры баға­лай­ды екен. Бәл­кім, бұл, шынын­да да, дұрыс таң­дау шығар, қалай ойлайсыз?

– Ком­по­зи­тор­лар одағын­дағы табыстан мүл­дем хаба­рым жоқ. Алай­да Автор­лар қоға­мы­нан гоно­рар алып тұра­мын. Мен­де негізі табыс қууға деген «ептілік», «икем­ділік», «пысы­қтық» жоқ: шоу-биз­не­сте де көп қара­жат бол­маған­нан кей­ін, «лыпыл­дақ» болуың керек сияқты. Ондай қаси­ет­тер бой­ы­ма дары­маған соң, жаратқан­ның бер­генін қанағат етем. Не де бол­са, бұй­ыр­тар несі­бе­ге еңбе­гім арқы­лы жет­сем деймін.

– Елді эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жай­лап алса да, биы­лғы Қой жылы әншілер біріні­нен соң бірі Алма­ты­ның Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да кон­церт­терін беріп жатыр. Ал сіздің жеке кон­цер­тіңізді күтіп жүр­ген тың­дар­ма­ны­ңы­зға не уәж айта аласыз?

– Кон­церт беру ойым­да бар. Оған қадам жасап жатыр­мын. «Хит» болған бір әні үшін кон­церт беріп жатқан­дар­ды да көріп жүр­мін. Олар үшін мен ұяла­мын. Халық сусын­дап, руха­ни бай­ып, көңіл­дері марқай­ып, бір дем­мен бастап, бір дем­мен аяқтай­тын­дай, ғажай­ып бір көңіл-күй­де кететін­дей кеш өткіз­бе­ген соң, елдің маза­сын алып, не ұйқы­сы кел­ген­ше қинай­тын­дай кеш өткіз­ген­ше, оны өткіз­бе­ген жақ­сы. «Сабақты ине сәті­мен». Жақын ара­да кон­цер­тім­ді беретіні­ме сене­мін. Менің сахна­дағы кон­цер­тім­ді ана­шым көріп кет­се – арма­ным сол.

– Қазақ эст­ра­да­сын «жау­лап алған» «әу» деуден арғы­сы жоқ бала-шаға қазақ әнінің қадірін кетір­ген жоқ па?

– «Бала-шаға» деп, бөліп-жарғым кел­мей­ді. Бірақ, шынын­да, өнер­ді ком­мер­ци­яға айнал­ды­рып алдық. «Фейс», «фор­мат» деп жүріп, небір талант­ты жаста­ры­мы­зды жоғал­тып алып жатырмыз.

Өздерін­де қар­жы жоқ, ешкім көмек­те­скісі кел­мей­тін небір талант­ты жастар­ды көріп, қал­та­лы аза­мат­тар­дың есі­гін солар үшін қағып, солар үшін көмек сұрағым келеді.

Өнер, оның ішін­де ән өнері – елдің дәре­же­сін көте­ретін, руха­ни қуат­тан­ды­рып, мәде­ни тарихын қалып­та­сты­ра­тын бір­ден-бір дүние деп қара­сақ, өз тамы­ры­мы­зға өзі­міз бал­та шауып жатқа­ны­мы­зды түсі­нуі­міз керек. Мем­ле­кет, қоғам тара­пы­нан қамқор­лық қажет-ақ.

– Бүгін­гі әншінің бағын аша­тын, оны таны­мал ететін дауы­сы мен талан­ты емес, «әу» деуіне келе қалған әннің құдіреті деген пікір­ге қан­дай ой айтар едіңіз? Мыса­лы, «аспанға қарап жүріп» атаққа ілін­ген әншілер бар ғой…

– Ойы­ңы­зды түсін­дім… Мен ешкім жай­лы оғаш пікір айт­пай-ақ қояй­ын: өзім үшін ғана жау­ап берей­ін. Бұл қажет­тілік­тен туған құбы­лыс шығар. Қара­пай­ым халы­қтың бәрінің «слухы» жоға­ры дәре­же­де емес, музы­ка­лық қабыл­дау мәде­ни­еті әлі төмен: бүгін­гі көп­шілік жұрт «тар­сыл­дақ», тез жат­та­ла­тын, 3–4 нота­дан аспай­тын әндер­ге әуес. Сон­ды­қтан той­лар­да да ешнәр­се ойла­май, көңіл көтер­гісі келетін шығар. Әншілер де күн­көрістің қамы­м­ен сол сұра­ны­сқа сай жұмыс істей­ді. Сон­ды­қтан олар­ды қинай алмай­сың. Уақыт өте бәрінің қалып­та­са­ты­ны­на, өсетініне сенемін.

– Қазір өзі – ақын, өзі – ком­по­зи­тор, өзі – әнші «әмбе­бап­тар» қап­тап кет­ті. Соның сал­да­ры­нан әнсы­мақ әуен­дер қазақ эст­ра­да­сын «ауыл­дың алты ауы­зы» дең­гей­іне түсіріп жібер­ген жоқ па?

– Ия, ол рас. «Сатып алған­ша, өзім жазып алмай­мын ба?» – деген де пікір­лер­ді естіп, таң қал­дым. Сон­да ән жазу оп-оңай дүние болға­ны ғой. Мұн­дай сау­ат­сызды­қ­пен өспек тұр­мақ, одан ары­ға құл­ды­рап кететіні­міз анық. Менің аты­ма, жазған дүни­е­ме қызы­ғып, «мен де ән жаза баста­ма­сам» деген қыз-жігіт­тер­ді де көрдім.

Мен ән жазу­ды кеше, не бүгін бір­ден бастап кет­кен­дей көреді. Руха­ни бос кеуде­ден қан­дай ән шық­пақ сон­да? Тіп­ті маған «ән жазы­ңыз» деп, жұтаң-жұтаң өлең мәтін­дерін де тық­па­лап жата­ды. Ұнат­па­саң – жатып келіп рен­жиді. Ән сұрап тұрған өлең бол­са, ән өзі-ақ шығады.

– Ал осы әншілік, ақын­дық және саз­гер­лік тіз­гін­ді бір­дей алып жүр­ген әріп­те­стеріңіз­ден кім­дер­ді бөле-жара атар едіңіз?

– Әлбет­те, Ақма­рал Леуба­е­ва, Инди­ра Елу­ба­е­ва, Бауы­р­жан Есе­ба­ев, Жары­лқа­сын Дәу­ле­тов… Ал Роза Әлқо­жа да өлеңін өзі жаза­ды: оның ақын­ды­ғы басым.

– Қырғыз елі әнді айқай­лап айтуға тый­ым салып­ты деген әзіл шығып жүр. Себебі дауы­ста­ры қат­ты шығып кет­се, қаза­қтар естіп қой­ып, «жиен­дік» жасай­ды, әні­мізді ұрлап ала­ды деп қорқа­ды екен. Осы әзіл­дің аста­рын­да ақиқат бар ма?

– Шынын­да, қырғы­здың әндері әуезді әрі әде­мі. Көр­шілес болған соң ба, әлде этни­ка­лық ұқса­стық па екен – әндері қаза­ққа жат емес, құлаққа өте жағым­ды. Қырғыз елінің әндері сіңісті болып кет­кені өтірік емес. Оның үстіне – арзан. Ондай дай­ын дүни­е­ден кім қашсын?!

– Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін елде қан­дай өзгерістер болға­нын қалар едіңіз?

– Пәлен­дей өзгеріс бола­ды деп ойла­май­мын. Басты­сы – тыны­штық, ынты­мақ-бір­лік сақтал­са бол­ды. Әркім өз ісінің жетік мама­ны бол­са, елі үшін қыз­мет жаса­са, жастар білім алуға ұмтыл­са, намысты бол­са, Ота­нын, елің сүй­се – бәрі жақ­сы бола­ты­ны­на сенемін.

– Айт­пақ­шы, құпия бол­ма­са, сай­ла­уда сіз кім­ге дауыс бер­діңіз? Не үшін?

– Әрине, қателік шығар: мен сай­ла­у­ға дауыс беру­ге бар­ма­дым. Алдын ала шешіліп қой­ған нәр­се­ге не деп барамын?!

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн