Суббота , 12 июля 2025

«Отан соғысы» – ҚАЙ СОҒЫС?

 Абза­лы, қаза­қты самарқау, ұйқы­дан оянғы­сы кел­мей­тін ынжық, жалқау деп күста­на­лау – бекер. Сен­бе­сеңіз, жәй қита­бан қаза­ққа да, ұлт­тық мәсе­ле, қазақ мәсе­лесі деген­нен ана­дай­дан аулақ жүретін, ішкен-жегеніне мәз, атқа­мі­нер қаза­ққа да пәленін­ші жылы пәлен деген жер­де пәлен­ше­кеңнің пәлен жыл­дық мерей­тойы, пәлен­бай деген рудың өмірі атын адам есті­ме­ген пәлен­бай деген баты­ры­ның бетон атқа мініп, бетон най­за, бетон қылыш ұстаған ескерт­кі­шінің ашы­лу сал­та­на­ты бола­ды екен деп түн орта­сын­да шақыр­саңыз, ұйқы­лы көзін сипа­лап, таң ала­ке­уім­нен жетіп кел­ме­се – маған келіңіз.

Неме­се тағы да бір онжыл­дық, жиыр­ма жыл­ды­қтың стра­те­ги­я­лық жос­па­рын жаса­дық, соны орын­да­уға жұмы­ла кірі­сей­ік деп ұран тастаңыз­шы. Нағыз ұлы дүбір, ду-думан­нан, жұмыс орын­да­рын­да қызу талқы­ланған митин­гілер­ден көз аша алмай қаласыз.

Ал егер сол қаза­ққа өзінің тек ұлт­тық мәсе­лесін, мыса­лы, «бір мем­ле­кет­тік тіл­ді 24 жыл­дан бері өз биі­гіне көте­ре алмай-ақ қой­дық, Қаза­қстан­дағы бүкіл теле­ар­на күн­діз-түні орыс­ша сай­рап тұр, сот­тар­дағы, бүкіл құқық қорғау орган­да­рын­дағы іс-қағаз­да­ры түп-түгел әлі күн­ге орыс­ша, мұны қолға ала­тын уақыт жет­ті ғой. Ау, біздің ешбір елге, ешкім­ге тәу­ел­сіз ел деген аты­мыз бар ғой» десеңіз ғана – «асы­қ­пау керек», «асы­қ­паған арба­мен қоян ала­ды» деп баяғы ұйқы­лы-ояу мәң­гір­ген қал­пы­на түседі де кете­ді. Тіп­ті сен оры­сты қор­лап тұр­сың деп өзіңе тап беруі де мүмкін.

Сол қазе­кем той-тома­лақ­шыл­дық, мерей­той­шыл­дық ұранқай­лы­ғын осы­дан тұп-тура бір жыл бұрын «1941–1945 жыл­дар­дағы Ұлы Отан соғы­сы­ның 70 жыл­ды­ғы­на даяр­лы­қ­пен» тағы бір көр­сет­ті. Дәл бір осы соғыс тура­лы 70 жыл­дан бер­гі жазы­лған мил­ли­он­даған кітап, мақа­ла, сурет­те­ме, очерк, кино, кино­жур­нал­дар аз болған­дай, біз енді Қаза­қстан­ның әр облы­сы өз аймағы­нан соғы­сқа аттанған­дар­дың аман қай­тып кел­ген­дер­ден бастап хабар-ошар­сыз кет­кен­дер­дің тізі­мін түген­де­ген кітап­тар шыға­руға кіріс­кені­міз­ге де жыл болып қал­ды. Мұн­дай кітап­тар бұдан бұрын осы соғы­стың 50–60 жыл­ды­қта­ры кезін­де де шыға­ры­лған еді. Мынау солар­дың жалға­сы неме­се соны қай­та­ла­удың жаңа бір түрі. Жер-жер­де осы 70 жыл­ды­ққа даяр­лық бары­сы тура­лы жиын­дар өткізілу­де. Радио мен теле­ха­бар­лар өз алдына.

Біз бұл жер­де мұн­дай іс-шара­лар­ды өткіз­беу керек деп оты­рған жоқ­пыз. Өйт­кені, бақи­лық болған ару­ақты сый­ла­маған адам тірі жұр­тын да сый­ла­май­ды. Бірақ әр нәр­сенің шет-шегі, мөл­шері бола­ты­ны сияқты той-думан­ның да, мей­рам-мере­кенің де өзіне лай­ы­қты өлше­мі болуы керек. Әйт­пе­се 70 жыл­дан бері үзбей той­ла­нып келе жатқан осы мере­ке­ге бұры­нғы обком сек­ре­тарь­ла­ры, рай­ком сек­ре­тарь­ла­ры мен облыс, аудан әкі­мі болып зей­нет­ке шыққан­дар­ды бас қылып, ел ішін­де­гі ақсақал-қара­сақал­ды жинап, бір жыл бұрын ебіл-себіл болып, оған сон­ша­ма қыру­ар қар­жы бөлудің қажеті бар ма? Бұл бірін­ші ойла­на­тын мәселе.

Екін­ші­ден, 1941–1945 жыл­дар­дағы соғы­сты «Отан соғы­сы» деп ата­уға қаты­сты пікір­дің екі­ге айры­лға­ны­на да талай жыл бол­ды. Оны бүгін­гі ұрпақтан жасы­рам деу және сол айты­лып келе жатқан өтірік-шыны ара­лас күй­ін­де тарих­та қал­ды­рам деу – құр әуре­шілік. Оны Отан соғы­сы деп ата­уға қар­сы­лар ол кез­де бүкіл 15 рес­пуб­ли­ка бір ғана Ресей­дің, яғни Мәс­кеу Крем­лінің коло­ни­я­сы болға­нын, оның құра­мын­дағы қазақ, өзбек, әзір­бай­жан, түр­кі­мен, тәжік, татар, башқұрт және басқа­ла­ры әскер­ге зор­лы­қ­пен, күш­теп алы­нға­нын көл­де­нең тар­та­ды. Олар­дың сөзінің жаны жоқ дей алмайсыз.

Сол қырғын соғыс баста­лар­дан 4–5 жыл бұрын ғана кеңес халқы небір қуғын-сүр­гін­ді бастан өткеріп, зәре­зап болып қалған еді. Сонау 1925 жылғы тәр­кілеу кезеңі­нен бастап, біре­се халық жауы, біре­се бай-құлақ, біре­се Аме­ри­ка­ның не Жапон­ның тың­шы­сы деген сұм­дық «таза­ла­удан» өтіп, әбден үрге­дек боп қалған халық ара­сы­нан бұл соғы­ста «Отан үшін», «Ста­лин үшін», «Москва үшін» деп шыққан­дар, әрине, аз болған жоқ. «Отан үшін отқа түс, күй­мей­сің» деген ора­шо­лақтау мәтел де сол кездің «туындысы». Соның алдын­да ғана ұлт тағ­ды­ры­ның оңы мен солын, пай­да­лы­сы мен залал­дыс­ын елеп-екшеп, ұлтқа дұрыс жол сіл­тей ала­тын көзі ашық, ойы орда­лы, «қаза­ғым» десең, кеудесін­де асқақтап соғып тұрған жұды­ры­қтай жұмыр етті жұлып беру­ге даяр және соны­сы үшін Мәс­кеу таң­дап жүріп қына­дай қырған, қыр­маға­ны түр­ме­ге тығы­лған бүкіл ұлт­шыл аза­ма­ты­нан айры­лған қазақ ұлты бұл кез­де әрі сая­си сау­а­ты өте төмен, оң-солын, дұрыс-бұрыс жолын таң­дап ала алмай­тын, әрі әр нәр­се­ден шошы­нып қалған жас бала сияқты еді.

Оның үстіне Кеңес үкі­метінің елді бай мен жар­лы, ескі­шіл мен жаңа­шыл, дін­дар соқыр мен көзі ашық аза­мат деп қызды-анаға, ұлды атаға қар­сы қой­ған сай­қа­лы сая­са­ты да қара халы­қты әбден есең­гіретіп тастаған-ды. Бұл кезең­де боль­ше­вик­тік-ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның жүр­гіз­ген жұмысы өте жой­қын бол­ды. Соның бәрі тоғы­са кел­ген­де адам­дар­дың, әсіре­се қазақ ұлты­ның сана­сы­на жер бетін­де­гі жұмаққа жете­лей­тін жалғыз жарық жұл­дыз Мәс­кеу деген соқыр сезім­ді мықтап орнат­ты. Ұрыс дала­сын­да неше алу­ан газет­тер­ге өтірік ерлік­тер­ге, жалған мағлұ­мат­тарға толы мақа­ла­лар жари­я­ла­нып жат­ты. Кеудесін оққа тосу­шы­лар, амбра­зу­ра­ның аузын төсі­мен жауып, артын­дағы­ларға «Ста­лин үшін!», «Москва үшін жан пида!» деп айқай­лай­тын­дар тура­лы лепір­ме мате­ри­ал­дар көп­теп басыл­ды. Әр рес­пуб­ли­ка­дан сол Мәс­ке­уді, Ста­лин­ді, Ленин­град­ты, Кремль­ді, орыс халқын мақтап жыр­лай­тын қарт ақын­дар қол­дан жасал­ды. Кім қалай десе де, біз әлі күн­ге шей­ін сана­мы­здағы сол кезеңнің соқыр сені­мі­нен ары­ла қой­ған жоқпыз.

Әрине, бәрі­міздің де әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз сол қан соқтаға, дәлірек айт­сақ, орыс мем­ле­кеті мен неміс мем­ле­кетінің ара­сын­дағы қан­ды қырғы­нға қаты­сқа­ны рас. Бірақ сол марқұм­дар­дың ара­сын­да сол кез­де өздерінің кім үшін, не үшін ажалға қара­ма-қар­сы барға­нын ақыл-ой таразыс­ы­на салуға сана-сезі­мі жет­пе­ген­дері де, өкі­мет­тің зор­лы­қ­пен қой­ша жинап апа­рып соғы­сқа салған­да­ры да, соғы­стан қашқан­да­ры да (дезер­тир­лер), ұзақ жылға сот­та­лып неме­се атуға бұй­ы­ры­лып, түр­ме­ден әкелін­ген­дер де мың­дап, жүз мың­дап сана­ла­тын еді. Бүгін ғана емес, осы­дан 20 шақты жыл бұрын-ақ сол соғы­ста көр­сетіл­ген талай «ерлік­тің» өтірі­гі шығып, бас­пасөз бетін­де ара-тұра бол­са да жари­я­ла­нып тұр­ды. Атақты пан­фи­лов­шы­лар диви­зи­я­сы­ның, осы күні Алма­ты­да ескерт­кі­ші тұрған 28-пан­фи­лов­шы­лар­дың қол­дан жасалған, ойдан шыға­ры­лған өтірік екені жақын­да ғана бас­пасөз бетін­де тағы да жари­я­лан­ды. Әрине, өткен­ді қаз­ба­лай беруді ешкім жөн демей­ді. «Сөз қуған бәле­ге жолы­ға­ды», бірақ бұл жер­де әңгі­ме бәле қуу­да емес, әңгі­ме біздің аға ұрпақтың, ата ұрпақтың сол заман­да душар болған Мәс­ке­у­ге табы­ну­шы­лық пен құл­шы­лық сана­сы бүгін­гі азат елі­міздің жас ұрпағы­ның сана­сы­на әлі де сіңіріліп келе жатқа­нын­да болып отыр. Оны көзі­міз күн­де көріп те отыр. Күй­ін­ген адам не демей­ді, сондайда:

Көте­ре алмай кеудесі нала жүгін,

Ақта­рып-ақ жат­са да дала мұңын

Арса­лаң­дап жетесіз жет­кін­шек жүр

Бірі – қызыл, бірі – көк балағының.

 

Ұрпағы­ң­ның азай­са азбағаны

Жаның қай­тіп, халқым-ау, жаз болады?

Саңы­лау­сыз, сана­сыз сол ұрпағым

«Мер­се­деске» мін­ген­ге мәз

Айта бер­сем тау­сыл­мас қай­ғым тағы,

Мен ескексіз қай­ы­қ­пын айдындағы

«Ес кір­гіз, – деп, – Еліме!»

Бір Алла­дан

Тілек еттім қос қол­ды жай­дым-дағы, – деп, бей­күнә бүгін­гі жастар­ды күста­на­лаға­ны­ң­ды да бай­қа­май қала­ды екен­сің. Ұты­ры кел­ген­де айта кетей­ік, біз «Ұлы Отан соғы­сы» деп аспан­да­тып, атой­лап жүр­ген бұл соғыс тура­лы екі жақты пікір­ді сонау Кеңес зама­нын­да да талай естігенбіз.

Ал бүгін ше? Бүгін­де осы соғы­ста жеңіп шықтық деп мақта­на­тын орыс пен қаза­қтан басқа­лар бар ма, жоқ па – біл­мей­міз. Бір білетіні­міз – біздің қазе­кең ата-дәстүрін, тілін, ділін, басқа да бүкіл тір­лі­гін түзетіп алып, енді сол ғана қалған­дай-ақ, сонау жыл­да­ры «гене­рал Сабыр Рахи­мов қазақ екен, өзбек­тер өзбек қып алды, оны қай­та­рып алуы­мыз керек» деп, әлдеқа­шан марқұм болған адам­ның әру­ағын қай­та-қай­та тебірен­те бер­ді. Сол соғыс кезін­де де, одан кей­ін де «Русия билән Гер­ман­ның ұры­шы біз­гә немә­га керек?!» дей­тін өзбек ағай­ын­дар КСРО құла­сы­мен, сен­дер­ге кере­гі осы ма деген­дей, Таш­кент мет­ро­сын­дағы бір бекет­тен де, тағы бір аудан­нан да С.Рахимовтың есі­мін алды да таста­ды. Укра­и­на мен Бал­тық елдері 9 Мамыр күн­гі «Жеңіс тойы» деп ата­ла­тын мере­кені мүл­де атап өтпейді.

Иә, біз желөк­пе­лік­тен, атой­шыл, ұран­шыл­ды­қтан алды­мы­зға жан сал­май­мыз. Әсіре­се Мәс­ке­у­ге, Ресей­ге адал, шын жүрек­тен беріл­гені­мізді дәлел­дей­тін әр сәт­ті қалт жібер­мей­міз. Біздің ақсақал­да­ры­мы­з­бен де, қыр­ма­сақал қар­та­мыста­ры­мы­з­бен де пікір­та­ла­сты­ра қал­саң, қаза­қты адам қылған орыс деп, қызы­л­ше­ке бола­тын­дар әлі көп. Әсіре­се осын­дай құл­мі­нездік біз Ресей­ден азаттық алған 1991 жыл­дан бер­мен туған жастар ара­сын­да да кез­де­сетініне жаның күйеді.

Әрине, оның екі түр­лі себебі бар: Бірін­ші­ден, оларға мек­теп­те де, ЖОО-да да ата тарихы­мыз әлі де баяғы Ком­пар­ти­я­ның ресей­шіл пиғы­лы­мен жазы­лған нұсқа­сы онша көп өзгер­тіл­ме­ген күй­ін­де оқы­ты­ла­ды. Олар­ды оқы­ған жас ұрпақ ата-баба­мы­здың бүкіл тарихын­да жоңғар, яғни қал­мақ деген бір ғана сой­қан дұшпа­ны болған екен деп ойлай­ды. Олар оқи­тын тарих оқулы­қта­рын­да Ресей­дің сонау 1592 жылы каза­че­ство деген­ді құрған­нан бастап, қазақ дала­сын, қазақ ауыл­да­рын қан­ша­ма рет қанға бояп кел­гені, батыс өлке қаза­қта­ры­ның оларға қар­сы ерлік шай­қаста­ры тура­лы дәнеңе де айтыл­май­ды. Ал Кеңе­стік Ресей кезін­де­гі қуғын-сүр­гін, қай­та-қай­та әдейі жасалған ашар­шы­лық, қаза­қты қырып-жою­дың өзге де шара­ла­ры тура­лы не айтыл­май­ды, не атүсті қысқа­ша ғана тоқтап өтіледі.

Екін­ші себеп – бүгін­гі жас ұрпақ жаңағы біз айтып оты­рған ана тіліне көзқа­ра­сы кере­нау, ұлт­тық тәр­би­е­ден мақұ­рым, сая­си сау­а­ты да ортақол, сөй­те тұра өзге­ге елік­те­гіш, ресей­құ­мар атқа­мі­нер­лер­ден есті­генін көкей­іне құй­ып алады.

Деме­ген­де қай­тесің, сол атқа­мі­нер­лер мен әртүр­лі дүбәра­лар «Жеңіс той­ы­ның» өзін той емес, қаза­қты шоқын­ды­руға татыр­лық дүр­бе­лең­ге айнал­ды­рып жібер­се! Сен­бе­сеңіз – қараңыз: әне­бір жолы аты дар­дай «Ақ жол» пар­ти­я­сы 9 мамыр күні сары­а­ла қоңы­здың қабы­ғы­нан аумай­тын жібек тас­па­лар-лен­та­лар тара­тып, қаза­қты қарық қыл­ды. Ол «Даңқ лен­та­сы» деп ата­ла­ды. Ресей­де «Геор­гий лен­та­сы» деп ата­ла­тын бұл тас­па­ны қазе­кем­нің атқа­мі­нер­лері осы­лай­ша даңққа айнал­дыр­ды. Бұл пат­ша­лық Ресей­де хри­сти­ан дінін­де­гілер әулие деп атай­тын Геор­гий­дің құр­метіне бекітіл­ген Геор­гий кресінің үстің­гі жағын­да қара мен сары түс ара­лас тас­па бола­тын. Оны о заман­да бұ заман қазақ кеудесіне тақ­пақ түгілі, ұстап көр­ме­ген, ондай награ­даға (мара­патқа) ешқа­шан қазақ ұсы­ны­лған емес. Рас, ана­сы қазақ ақ пат­ша­ның гене­ра­лы Кор­ни­лов осы орден­ді тағып жүріпті.

Сон­да бұл не жаңа­лық? Әлде сол «жиені­мізді» еске алу ма? Сол тас­па өткен жылы Алма­ты­да да қар­дай борап кет­ті. Кей­бір әулекі қазе­кем­дер оны көлі­гінің алды-арты­на тағып алып, қашан қара күз түс­кен­ше таста­май желбірет­ті де жүр­ді. Біз бұл жер­де «Жеңіс той­ын» той­ла­май­ық, дегелі оты­рған жоқ­пыз. Алай­да әрбір сана­лы, көзі ашық қазақ Геор­гий лен­та­сы мен кресі Ресей­дің импе­ри­я­лық сая­са­ты­ның жалға­сы екенін түсі­нуі керек. Оны біре­се кеудесіне, біре­се көлі­гіне бай­лап, желбіретіп жүр­ген қазе­кем көр­шілес, дін­дес, тіл­дес бауыр­ла­ры­мы­зға күл­кі болып жүр­генін бай­қа­мауы да мүм­кін. Оларға тіп­ті орыс ағай­ын­дар да іштей мырс-мырс күлуі әбден ықтимал.

Бұл лен­та, яғни тас­па орыс-түрік соғы­сы (1768−1774) кезін­де Ресей импе­ри­я­сы­на шын беріл­ген­ді­гін, ерлі­гін, ақыл-кеңесін көр­сет­кен­дер­ге арнап, 1769 жылғы қара­ша­ның 26-жұл­ды­зын­да ІІ Ека­те­ри­на пат­шай­ым­ның пәр­мені­мен (бұй­ры­ғы­мен) бекітіл­ген. Оның куәлі­гін­де «Ресей­ге көр­сет­кен қыз­меті мен ерлі­гі үшін» деген жазу болған. Оның иесі өмір бойы жалақы алып тұрған, ол бақи­лық болған соң, бұл мара­пат пен жалақы оның ұрпағы­на беріліп оты­рған. Бұл тас­па пат­ша әскерін­де­гі Геор­гий туы­на, теңіз әскер­лерінің күнқағар­сыз (без­ко­зыр­ка) бас киі­міне, үздік полк­тар мен кеме­лер­дің туы­на тағы­лған. Оның ең тұңғыш иегері Ресей фельд­мар­ша­лы Миха­ил Куту­зов еді. Ұты­ры кел­ген­де айта кетей­ік, Куту­зов – Ресей­дің қол­дан кемең­гер етіп жасалған қол­бас­шы­сы. Ол бір­де-бір соғы­ста өз так­ти­ка­сы­мен жеңіс­ке жет­кен жан емес.

Тағы да ұты­ры кел­ген­де айта кетей­ік, осы­дан бірер жыл бұрын Укра­и­на халқы­ның көзқа­ра­сы екі­ге бөлі­нуіне де осы Геор­гий лен­та­сы себеп болған еді. Сон­да сол тас­па­ны желбіретіп жүр­ген қазе­кем­нің көр­ші елдер­ге күл­кі бол­маған несі қал­ды?! Оны Кеңес өкі­меті құлаған соң, импе­ри­я­шыл ауруы қай­та­дан қозған Ресей бас­шы­ла­ры 1992 жылы Әулие Геор­гий ордені және Геор­гий кресі етіп қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ді. Ал 1942 жыл­дан бастап, яғни біз айтып оты­рған 1941–1945 жыл­дар­дағы соғыс кезін­де КСРО бас­шы­ла­ры Геор­гий тас­па­сы­ның дәстүр­лік жалға­сы ретін­де «Гвар­ди­я­лық тас­па» деген­ді бекіт­ті. Ол кей­ін 1943 жыл­дан бастап «Даңқ» ордені мен «Гер­ма­ни­я­ны жең­гені үшін» медалінің төс­бел­гілеріне (колод­ка) пайдаланылды.

Яғни, түрік­тер­мен соғы­сқан пат­ша­лық Ресей де, Гер­ма­ни­я­мен соғы­сқан, құдай жоқ деп ұран­датқан кеңе­стік Ресей де өздеріне қыз­мет еткен адам­ды өз дінінің әули­есінің аты-жөні жазы­лған мара­пат­пен «жары­лқай­ды» екен. Сон­да мұның арғы жағын­да импе­ри­я­шыл­дық, шови­ни­стік жымысқы­лық жоқ дей ала­сыз ба? Енде­ше Ресей бас­шы­ла­ры өз әскерінің құра­мын­да соғы­сқан бұра­та­на халы­қтарға олар­дың ұлт­тық батыр­ла­ры­ның, мыса­лы, қаза­қтарға Сар­тай, Қабан­бай, Бөген­бай батыр­лар атын­дағы, башқұрт­тарға Сала­у­ат Юла­ев, қырғы­здарға Манас атын­дағы, түр­кі­мен­дер­ге Жөней­іт батыр атын­дағы сияқты мара­пат­тар­ды тағай­ын­дау есіне кел­меді дей ала­сыз ба? Жоқ. Бұл жер­де тек Ресей мүд­десі ғана бар деп батыл айтуға әбден болады.

Екін­ші бір мәсе­ле «Жеңіс той­ы­на» бай­ла­ны­сты. Бұл соғы­ста екі жақтың әрбірі­нен ондаған мил­ли­он бей­күнә пен­де опат бол­ды. Бей­күнә дей­тін себебі­міз – іші­на­ра бол­ма­са, олар­дың көп­шілі­гі өз өкі­метінің алдап-арбап, не зор­лы­қ­пен айдап салуы­мен соғы­су­шы­лар-тұғын. Олар­дың ешқай­сысы ана құр­сағы­нан қанқұ­мар, қані­шер болып туған жоқ. Олар адам өлі­гін, адам қанын соғы­сқа келіп көр­ді. Олар егер қар­сы жақтың ада­мын әуелі өлтір­ме­се, ол өзін өлтіретінін үйрен­ді. Сәл арты­қтау бол­са да, мысал кел­ті­ре кетей­ік. Менің әкем сол соғы­стан аман оралған­дар­дың (жара­ла­нып) бірі. Кен­же бала болған­ды­қтан, ата­дан үйрен­ген әдетім­мен «Ата, неше неміс өлтір­дің?» деп сұраған сай­ын: «Қой, ә‑ә! Неғы­лам жазы­қ­сыз адам­ның қанын төгіп?! Олар да адам бала­сы. Олар да біз секіл­ді басты­қта­ры­ның айда­уы­мен жүр­ген­дер ғой. «Әгөн!», «Істір­ләй­те!» деген сәт­те басым­ды төмен иіп, көзім­ді жұмып, атып-атып жібе­ретін­мін», – дей­тін марқұм.

Ал екін­ші бір шал­дарға ондай сұрақ қой­саң, қоқи­ла­нып пәлен неміс өлтір­дім деп, өтірік-шыны ара­лас сөзді төгіп-төгіп тастай­тын еді. Мұны айтып оты­рған себебім – қазір­гі ұрпақтың да сол соғы­сқа көзқа­ра­сы осы екі шал­дың пікірін­дей десек те бола­тын шығар. Иә, 9 мамыр күн­гі «Жеңіс той­ы­нан» Укра­и­на мен Гру­зия әлдеқа­шан бас тарт­ты. Өзге­лер дәл біздің қазе­кем­шілеп бір жыл бұрын қауырт іске кірісіп жатқан жоқ. Бұл мере­ке Гер­ма­ни­яда қара­лы күн ретін­де атап өтіледі. Сон­да бір жұрт­тың қара­лы күнін, екін­ші жұрт ұлы мей­рам деп қыру­ар қар­жы жұм­сап, ұлан-асыр той той­ла­уы дұрыс дей ала­мыз ба?

Ау, әшей­ін­де қай­ғы да, қуа­ныш та бүкіл адам­за­тқа ортақ дей­тіні­міз қай­да? Әлем­нің небір ойшыл­да­ры жал­пы «Жеңіс той­ын той­лау» деген­ді үлкен қателік деп біл­ген. Неге десеңіз, сол Жеңіс жолын­да, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, мил­ли­он­даған бей­күнә пен­де апат бол­ды. Бұл солар­дың өлі­міне, төгіл­ген қанға қуа­нып, шат­та­ну­мен бір­дей дей­ді сол ойшыл­дар. Ал ислам дінін­де қан­ша­ма мей­рам, мере­ке болға­ны­мен «Жеңіс тойы» деген той жоқ. Ең қаси­ет­ті де, ең киелі діні­міз­де ол күнәһар­лық болып есеп­те­леді. Діні­міз­ге дұшпан кей­бір мем­ле­кет­тер қан­ша жер­ден кім жасаға­нын өздері ғана білетін жары­лы­стар­дың бәрін «ислам тер­ро­ри­стері», «исла­ми­стер жаса­ды» деп, дүниені дүр­лік­тір­гені­мен, ислам діні нахақтан қан төгу­ге, олар айтқан­дай «өзін-өзі жарып жіберіп», шаһид ата­нуға қар­сы және оны зор күнә деп есеп­тей­тінін ешқа­шан естен шығар­мауы­мыз ләзім. Қысқа­сы, өткен ғасыр­дың 1941–1945  жыл­дар ара­лы­ғын­да болған соғы­сты қаза­қтар да Ұлы Отан соғы­сы деуі керек пе жоқ па «Жеңіс той­ын» сон­ша­ма дүбір­летіп той­лау дұрыс па деген пікір­лер қазір екі­ге жары­лып тұрға­нын ешкім­нен де жасы­ра алмай­сыз. Оның қай­сысы дұрыс, қай­сысы бұрыс екенін Алди­яр-Тарих өзі әлі-ақ айтады.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

пуб­ли­цист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн